Параграф 1. Аспаптарды газдармен және сұйықтықтармен толтырушы, 2-разряд
25. Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым термометрлердің дайындамаларын толтыру: механикалық вакуумды сорғыларды қолданумен немесе қолмен қойма, ванна, бөлмелік термометрлік сұйықтықпен немесе сынаппен;
дайындамалардың барлық түрлерін кептіру шкафтарында кептіру;
кассеталарды спиртпен сүрту, дайындамаларды кассетаға салу және оларды толтырғаннан кейін түсіру;
дайындамаларды капиллярлардың партиялары, диаметрі және микроскопиялық нөмірі бойынша іріктеу;
толтырылмаған дайындамаларды іріктеу, оларды жартылай автоматтарға салу және тасу;
дайындамалардан шыны үрлеуші жанарғының, электр серіппенің көмегімен, сондай-ақ капиллярды дәнекерлеумен соратын қылқанымен артық термометрлік сұйықтықты немесе сынапты төгу.
26. Білуге тиіс:
механикалық сорғылардың жұмыс істеу қағидасы;
кептіру шкафтарында температуралық режимі;
ауаны сорып шығару және термометрлердің қарапайым дайындамаларын сұйықтықпен немесе сынаппен толтыру технологиясы;
толтырғыштарды сүзу ережесі;
дайындамаларды тиеу және түсіру ережесі.
Параграф 2. Аспаптарды газдармен және сұйықтықтармен толтырушы, 3-разряд
27. Жұмыс сипаттамасы:
жоғары қысым қондырғысында термодайындау капиллярында сынап үсті кеңістікті азотпен, аргонмен немесе басқа инертті газбен толтыру;
май және бусынап сорғының көмегімен сынап үсті кеңістігінен ауаны сорып шығару;
кейіннен дәнекерлеп жапсырумен жоғары қысымды қондырғының цилиндрға дайындамасын дәнекерлеу;
капиллярдан газдың қысымын манометрмен өлшеу;
қарапайым және орта күрделі термометрлерді механикалық вакуумды қондырғыда және қолмен сынаппен және сұйықтықтық толтырғыштармен толтыру;
дайындамалардан дәл мөлшерлеу жартылай автоматында және капиллярды күйдірумен қолмен артық сынап пен термометрлік сұйықтықты төгу;
газдық шыны үрлейтін жанарғыда және арнайы аппаратта капиллярды кесу және дәнекерлеу, нөлдік нүктесін белгілеу;
арнайы құрылғының көмегімен сынап ауыстырып қосқышта контактілердің тұйықталу және тарқау бұрыштарын, сынаптың мөлшерін айқындау.
28. Білуге тиіс:
сынапты төгуді дәл мөлшерлеу жартылай автоматының және жоғары қысымды қондырғының, май және бусорап сорғысының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;
аспаптарды газдармен толтыру технологиясы, сынаптың физикалық-химиялық қасиеттері;
дайындамаларды қар ваннасында немесе термостатта ұстау режимі;
ауаны тазарту және аспаптарды толтыру режимі;
термометрлерді дайындау технологиясы, техникалық шарттарға сәйкес сынап ауыстырып қосқыштың тұйықталу және тарқау бұрыштарын орнату тәсілдері;
физика мен электр техникасы бойынша негізгі мәліметтер.
Параграф 3. Аспаптарды газдармен және сұйықтықтармен
толтырушы, 4-разряд
29. Жұмыс сипаттамасы:
терең суытуды қолданумен сутегі қондырғысында сынап ауыстырып қосқыштарын және контактілік термометрлерді сутегімен және инертті газдармен толтыру;
электр пештерінде алдын ала қыздырумен жоғары вакуумдық қондырғыда қысқаша толтыру циклімен күрделі термометрлердің дайындамаларын сынаппен толтыру;
жоғары вакуумды қондырғыны жөндеу және қызмет көрсету. Өлшеу аспаптарын бақылау.
30. Білуге тиіс:
сутегі қондырғысының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы, ауыстырып қосқыштарды дайындау технологиясы;
газдардың қасиеттері, ауаны сорып шығару режимі, сынаптың физикалық және химиялық қасиеттері, оны тазарту әдістері;
жоғары вакуумды қондырғының, электр пештерінің құрылысы сызбасы;
электр пештерінде дайындамаларды ұстау режимі, термометрлердің барлық түрлерінің максималды құрылғыларының әрекет ету қағидасы;
электртехникканың негіздері, сұйықтықтық және деформациялық өлшеу аспаптарының әрекет ету қағидасы.
Параграф 4. Аспаптарды газдармен және сұйықтықтармен толтырушы, 5-разряд
31. Жұмыс сипаттамасы:
қосалқы резервуарымен және қашықтан басқарумен автоматты қондырғыда толтырудың ұзақ циклімен ерекше күрделі термометрлердің дайындамаларын сынаппен толтыру;
арнайы аспаптың көмегімен жоғары вакуумның тереңдігін айқындау;
вакуум қондырғыларды жөндеу;
осциллографтар мен тестерлердің жұмысын бақылау.
32. Білуге тиіс:
қашықтан басқаруы бар қондырғының сызбасы, диффузиялық сорғылардың жұмыс істеу қағидасы;
жоғары вакуумды алу тәсілдері;
электрондық және ионизациялық аспаптардың құрылысы және олардың жұмыс істеу қағидасы, электроника негіздері.
5. Аэрозольшы
Параграф 1. Аэрозольшы, 3-разряд
33. Жұмыс сипаттамасы:
кейіннен электр пеште қыздырумен термотөзгіш шыныдан тоқ өткізетін қабыршақтың қабатын қолмен салу;
шынының бетін дайындау.
34. Білуге тиіс:
электр пештің құрылысы;
қызмет көрсетілетін жабдықты пайдалану ережесі;
шынының құрамы, тоқ өткізетін қабыршақтың қабатын салу ережесі;
шыныдан бұйымдарды қыздыру ережесі.
Параграф 2. Аэрозольшы, 4-разряд
35. Жұмыс сипаттамасы:
аэрозолдық қондырғыда шыныға тоқ өткізетін қабыршақтың қабатын және мықты кварц шыны бұйымдарына электр контактілері қабатын салу;
аэрозоль және кептіру қондырғыларының жұмысын әр түрлі режимдерде реттеу;
шынының бетіне қабат жағу үшін коллоидты ерітінділер дайындау.
36. Білуге тиіс:
аэрозоль және кептіру қондырғыларының құрылысы;
кварц шынының қасиеттері, газдық қыздыратын элементтерді сынау ережесі мен әдістері;
ақауды түзету тәсілдері.
6. Балқыту қышқылымен шыны өрнекші
Параграф 1. Балқыту қышқылымен шыны өрнекші, 1-разряд
37. Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым шыны бұйымдарын өңдеу және анағұрлым жоғары білікті балқыту қышқылымен шыны өрнекшінің басшылығымен шыныны ваннаға батыру арқылы балқыту қышқылымен белгілеу.
38. Білуге тиіс:
балқыту қышқылымен қарапайым шыны бұйымдарын өңдеу тәсілдері;
қышқылдар мен қорғайтын лактардың қасиеттері, қышқылдармен жұмыс істеу ережелері;
ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.
39. Жұмыс үлгілері:
1) қарапайым шыны бұйымдар – маркаларын, таңбаларын, штрихтерін, бөлгіштерін, сандары мен басқа да белгілерін өрнектеу;
2) оптикалық және электрвакуумдық бөлшектерде қалыңдығы 100 микроннан артық штрихтер - өңдеу.
Параграф 2. Балқыту қышқылымен шыны өрнекші, 2-разряд
40. Жұмыс сипаттамасы:
күрделілігі орташа шыны бұйымдарын балқыту қышқылымен өңдеу және ваннаға батыру жолымен белгілеу.
41. Білуге тиіс:
күрделілігі орташа шыны бұйымдарын балқыту қышқылымен өңдеу тәсілдері мен оларды белгілеу;
қышқылдар мен қорғайтын лактардың қасиеттері, қышқылдармен жұмыс істеу ережелері;
ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.
42. Жұмыс үлгілері:
1) қышқылға төзімсіз және қауіпті сорттар мен кедір-бұдырлықтың IV-V кластық қатарына жататын шыныдан жасалатын оптикалық бөлшектер – химиялық өңдеу;
2) күрделілігі орташа және көлемді шыны бұйымдары – маркаларын, таңбаларын, штрихтерін, сандары мен басқа да белгілерін өрнектеу;
3) оптикалық және электрвакуумдық бөлшектерде қалыңдығы 30 микрон және одан көп штрихтер - өңдеу.
Параграф 3. Балқыту қышқылымен шыны өрнекші, 3-разряд
43. Жұмыс сипаттамасы:
өңдеу, күрделі шыны бұйымдарын химиялық жылтырату және балқыту қышқылынан немесе пастадан дайындалған қышқыл ваннаға батыру жолымен белгілеу;
өрнек ерітінділерін дайындау.
44. Білуге тиіс:
күрделі шыны бұйымдарын өңдеу тәсілдері мен олардан белгілеу, қышқылдар мен қорғайтын лактардың қасиеттері;
дайындалатын өрнек қоспасының рецептурасы, қышқылдармен жұмыс істеу ережелері;
ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.
45. Жұмыс үлгілері:
1) алюминий қабықпен жабылған айна - өңдеу;
2) шыны бұйымдары: бюреткалар, микробюреткалар, мановакуумметриялық құбырлар – шеңбер бөлгіштерді өрнектеу;
3) шыны бұйымдар- көпжоспарлы күңгірт жамылғысы бар суреттерді өрнектеу;
4) металл жамылғысы бар оптикалық бөліктердегі фигуралар -өрнектеу;
5) хрусталь – химиялық жылтырату;
6) оптикалық және электрвакуумдық бөлшектерде қалыңдығы 6-30 микроннан артық штрихтер - өңдеу.
Параграф 4. Балқыту қышқылымен шыны өрнекші, 4-разряд
46. Жұмыс сипаттамасы:
балқыту қышқылынан немесе пастадан дайындалған қышқыл ваннаға батыру жолымен контурлы балауыз қабатымен жабылған аса күрделі тематикалық суреттерді, портреттерді, композицияларды, пейзаждар мен ұлттық оюларды өрнектеу.
47. Білуге тиіс:
шыныдан аса күрделі бұйымдарды өрнектеу тәсілдері;
қышқылдар мен қорғайтын лактардың қасиеттері, дайындалатын өрнек қоспасының рецептурасы, қышқылдармен жұмыс істеу ережелері;
ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.
48. Жұмыс үлгілері:
1) аса күрделі конфигурациялы шыны бұйымдары - өңдеу;
2) күрделі бейінді кварцты шыныдан құбырлар мен кварцты жарма - өңдеу;
3) оптикалық және электрвакуумдық бөлшектерде қалыңдығы 6 микронға дейін штрихтер - өңдеу.
7. Басу мен суретті аударушы
Параграф 1. Басу мен суретті аударушы, 1-разряд
49. Жұмыс сипаттамасы:
шыны бұйымдарын мүсәтір спиртінің және канифольдың ерітіндісімен жабу;
шыны бұйымдарына деколь парақтарын жабыстыру;
жабыстыру жерінен қағазды алу;
бұйымдарды мүсәтір спиртінің ерітіндісінде бұйымдарды жуу.
50. Білуге тиіс:
шыны бұйымдарына деколь парақтарын жағу ережесі.
Параграф 2. Басу мен суретті аударушы, 2-разряд
51. Жұмыс сипаттамасы:
филигрленген қағаздан шыны бұйымдарына басуды аудару;
филигрленген қағазды басуға дайындау.
52. Білуге тиіс:
филигрленген қағазды басу және алу тәсілдері;
басылған жазуларға қойылатын техникалық талаптар;
басуды аудару кезінде ақаудың алдын алу бойынша шаралар.
8. Бұйымдарды қыздыруға салушы
Параграф 1. Бұйымдарды қыздыруға салушы, 2-разряд
53. Жұмыс сипаттамасы:
жағуларды жұмысқа дайындау;
шыны бұйымдарын күйдіруге пешке салу;
берілген температуралық режимді сақтау;
шыны бұйымдарының жағуларды күйдірілуін қадағалау
54. Білуге тиіс:
пештердің құрылысы, шынының физикалық қасиеттері;
шыны бұйымдарын күйдіруге пешке салу ережесі;
күйдірудің температуралық режимі
9. Бұраулар даярлаушы
Параграф 1. Бұраулар даярлаушы, 2-разряд
55. Жұмыс сипаттамасы:
престелген плиталардан циркулдық арамен немесе басқа жабдықта берілген мөлшерлі бұралулар кесу;
үлдір - бутафольдың қалдықтарынан бұраулар дайындау;
престе және термостатта бұрауларды престеу;
престеу процесінің температуралық режимі мен қысымын реттеу;
сәйкес шыны бұйымдарына бұраулардың бастапқы шығын есебін жүргізу.
56. Білуге тиіс:
бұраулардың белгіленуі және олардың сапасына қойылатын талаптар;
бұрауларды кесу тәсілдері;
үлдір-бутафольдың қалдықтарынан бұрауларды престеу тәсілдері;
циркулдық араны, престі, термостатты және басқа жабдықты пайдалану ережесі.
Параграф 2. Бұраулар даярлаушы, 3-разряд
57. Жұмыс сипаттамасы:
станокта бұраулар дайындау;
вольфрам сымын дайындау және оны берілген мөлшерлер бойынша кесу;
алюминий фольгасын кесу, оны майсыздандыру;
бұрауларды буландырғыштарға орнату, фольганы бұрауларға салу.
58. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу ережесі;
вольфрам сымын және фольганы майсыздандыру технологиясы, бұраулардың сапасына қойылатын талаптар;
фольганы салу және буландырғыштарды дайындау тәсілдері;
ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.
10. Вакуум соратын механизмдер мен құрылғылардың операторы
Параграф 1. Вакуум соратын механизмдер мен құрылғылардың операторы, 3-разряд
59. Жұмыс сипаттамасы:
шыны табақтарын кейінгі операцияларға беруге арналған вакуумсоратын механизмдердің жұмысын басқару: кесу үстелдеріне, жуатын машинаға, конвейерге, орауға, қорға және тағы басқа;
қосу аппаратын басқару;
шыны табақтарын конвейердің үстелдерінен алуға арналған қысылған ауаның берілуін реттеу;
шыныны қолмен щеткамен гипстің қалдықтарынан тазалау.
60. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және пайдалану ережесі;
шыныны тасу ережесі;
қол және автоматты режимдерде механизмдердің жұмысын реттеу ережесі.
Параграф 2. Вакуум соратын механизмдер мен құрылғылардың операторы, 4-разряд
61. Жұмыс сипаттамасы:
шынының табақтарын технологиялық процесс сатылары бойынша тасу кезінде кранның жұмысын басқару;
барлық механизмдердің: рольгангтың, вакуумсорғының, соратын крандардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және жөндеу;
қысылған ауаның қысымын реттеу;
механизмдерді дайындау, тазарту және майлау.
62. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың, аппаратураның және кран- қойғыштың вакуумдық жүйесінің құрылысы және пайдалану ережесі;
қызмет көрсетілетін жабдықтың циклдығы және әр түрлі режимдерде жұмыс істеу қағидасы;
шыны ақауының түрлері, майлайтын майлардың марклары.
11. Винипластшы
Параграф 1. Винипластшы, 3-разряд
63. Жұмыс сипаттамасы:
винипласт бұйымдарын дәнекерлеу шыбықтарымен дәнекерлеу;
винипласт бұйымдарын дәнекерлеуге дайындау;
оларды ылғал мен майдан тазалау;
жүзін станокта немесе егеудің көмегімен алу;
шаблон бойынша жүзін тексеру;
дәнекерлеуге дайындалған бөлшектерді арнайы құрылғыларға орнату.
64. Білуге тиіс:
винипласт бұйымдарын пісіруге дайындау ережесі;
пісіретін жіктің пішіні және пісірудің негізгі технологиялық тәсімдері.
12. Гильоширшы
Параграф 1. Гильоширшы, 2-разряд
65. Жұмыс сипаттамасы:
гильоширшы машинаның немесе пантографтың көмегімен шыны бұйымдарына суреттер, әріптер салу.
66. Білуге тиіс:
гильоширшы машина мен пантографтың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;
қорғаныш мастиканың құрамы мен қасиеттері;
шыны бұйымдарына суреттер, әріптер салу тәртібі;
ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.
13. Дәнекерлер салу машиналарындағы оператор
Параграф 1. Дәнекерлер салу машиналарындағы оператор, 5-й разряд
67. Жұмыс сипаттамасы:
шыны бұйымдарына бекіткішті, анодтық шығаруларын және басқа бөлшектерді дәнекерлеп салу жартылай автоматтарда дәнекерлеу процесін жүргізу;
шыныны металдармен және балқымалармен дәнекерлеу;
қызмет көрсетілетін жабдықты жұмысқа дайындау: тораптар мен механизмдерді, жұмыс позицияларын берілген жұмыс режимдеріне реттеу;
дәнекерлер салу жартылай автоматтарын қосу және қызмет көрсету: агрегатты, вакуум сорғыларды, пештің қуаттандырғыштарын қосу, сөндіру; газды беру;
электрвакум шынысының бұйымдарына дәнекерлеп салынатын анодтық шығарулар мен басқа бөлшектерге қатысты орналасуларын тексерумен бұйымдарды тіреулерге, ұяшықтарға орнату.
68. Білуге тиіс:
дәнекерлер салу машиналарының құрылысы және белгіленуі, сәйкес металдармен және балқымалармен электрвакуумды шынылардың берілген топтарын алу технологиясы;
өңденілетін бөлшектердің маркалары және белгіленуі;
қызмет көрсетілетін дәнекерлер салатын жартылай автоматтардың ақаулықтарын жою тәсілдері;
бақылау-өлшеу аспабын пайдалану ережесі;
ақау түрлері және оны жою ережесі.
Параграф 2. Дәнекерлер салу машиналарындағы оператор, 6-разряд
69. Жұмыс сипаттамасы:
шыны бұйымдарына бекіткішті, анодтық шығаруларын және басқа бөлшектерді дәнекерлеп салу жартылай автоматтарда дәнекерлеу процесін жүргізу;
электр вакуумдық шынылардың, металдар мен балқымалардың әр түрлі топтарын дәнекерлеп салу;
температура режимдерін реттеу;
қызмет көрсетілетін жабдықты, құрылғыларды және құралды жұмысқа дайындау;
әр түрлі құрылымды, түрлі және модельді дәнекерлеп салу автоматтарында жұмыстың едәуір өнімді режимдерін таңдау және орнату;
әр түрлі конфигурациялы бұйымдарды өңдеуге қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу және қайта жөндеу;
құралды ауыстыру;
тораптарды, жұмыс позицияларын агрегаттардың жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін ұтымды технологиялық режимдерге және техникалық шарттардың талаптарына реттеу;
бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен дәнекерлеу сапасын анықтау;
ақаудың түрлерін анықтау және жою.
70. Білуге тиіс:
алуан түрлі және модельді дәнекерлеп салу машиналарының құрылымы, дәнекерлеп салу автоматтарын жұмыстың қажетті және едәуір ұтымды режимдерін жөндеу және қайта жөндеу ережесі;
бекіткішті, анодтық шығаруларды және басқа бөлшектерді дәнекерлеп салу технологиялық процесі және техникалық шарттар;
дәнекерлеп салу машиналары мен автоматтардың олқылықтарын жою тәсілдері;
қолданылатын топтар үшін шынылардың, металдар мен балқымалардың негізгі қасиеттері;
маркалары мен технологиясы, арнайы бақылау-өлшеу аспабының белгіленуі және пайдалану ережесі.
14. Домалатып жазу машинасының машинисі
Параграф 1. Домалатып жазу машинасының машинисі, 3-разряд
71. Жұмыс сипаттамасы:
домалатып жазу машинасының анағұрлым жоғары білікті машинисінің басшылығымен берілген режим бойынша шыныны домалатып жазу процесін жүргізу;
домалатып жазу машиналарын қосу мен май құю бойынша жұмыстарға қатысу;
оны күйдіру пешіне бере отырып, шыны лентасының қозғалысын қадағалау;
күйдіру пешінде жылу және ауа режимін реттеу;
тасымалдаушы құрылғыларға, кесу және сындырып алу механизміне қызмет көрсету;
қызмет көрсетілетін механизмдердің жұмысындағы ақаулықтарды жою.
72. Білуге тиіс:
шыны дайындау технологиясы;
домалатып жазу машинасының құрылысы, шыныны домалату учаскесінде ауа, газ, су коммуникацияларының сызбасы;
шыныны күйдіру режимі.
Параграф 2. Домалатып жазу машинасының машинисі, 5-разряд
73. Жұмыс сипаттамасы:
берілген режим бойынша шыныны домалатып жазу процесін жүргізу;
домалатып жазу машинасын қосу және май құю және оны шынының берілген қалыңдығына баптау;
берілген жылу режимін шыны лентасының қозғалыс аймақтары бойынша ұстау;
қалыптаушы құрылғыны орнату және жөндеу;
майлау және суыту жүйелерінің жұмысын қадағалау;
шынының қалыпталатын лентасы ақауының пайда болуын тудыратын себептерді жою;
қызмет көрсетілетін жабдықты мүлтіксіз күйде ұстау.
74. Білуге тиіс:
домалатып жазу машиналарының құрылысы және пайдалану ережесі, домалату шынысын дайындау технологиясы;
су, газ және ауа коммуникацияларының сызбасы;
бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;
шынының сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 3. Домалатып жазу машинасының машинисі, 6-разряд
75. Жұмыс сипаттамасы:
термотөзгіш және пішінді шыныны дайындау және күйдіру процесін жүргізу;
домалатып жазу машинасын дайындау және қосу;
машинаның жылдамдығын және лента қалыңдығын реттеу;
қалыптаушы құрылғыны орнату және жөндеу;
лентаны қалыптаушы құрылғыға дайындау, пісірілетін шыныпрофилиттің жігін реттеу;
қалыптаушы құрылғыны істеп тұрған кезінде ауыстыру;
қызмет көрсетілетін жабдықты мүлтіксіз күйде ұстау;
домалатып жазу машинасының анағұрлым төмен білікті машинистеріне басшылық ету.
76. Білуге тиіс:
домалатып жазу машинасының құрылысы және пайдалану ережесі;
қалыптаушы құрылғының құрылысы, пайдалану және баптау, термотөзгіш шыныны дайындау және күйдіру технологиясы;
су, газ және ауа коммуникацияларының сызбасы, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;
шынының сапасына қойылатын талаптар.
77. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта кәсіптік) білім талап етіледі.
15. Жапқыштарды сылаушы
Параграф 1. Жапқыштарды сылаушы, 2-разряд
78. Жұмыс сипаттамасы:
жапқыштарды сылау;
құмыраны құйғаннан кейін құмыра пештерінің жапқыштарын сылау үшін балшық қоспаларды дайындау.
79. Білуге тиіс:
құмыра пешінің құрылысы;
қолданылатын балшықтың түрлері мен қасиеттері.
16. Иризаторшы
Параграф 1. Иризаторшы, 2-разряд
80. Жұмыс сипаттамасы:
иризациялық камераларда шыны бұйымдарын иризациялау;
иризациялық камераларға шыны бұйымдарды салу, оларды қыздырудың температуралық режимін реттеу;
иризациялаудан кейін шыны бұйымдарын иризациялық камерадан түсіру.
81. Білуге тиіс:
иризациялық камераның құрылысы, шыны бұйымдарын иризациялық камераға тиеу тәсілдері;
иризация процесінің мәнісі, қолданылатын реактивтердің құрамы;
шыны бұйымдарын қыздырудың температуралық
17. Карусель машинасындағы от жағушы
Параграф 1. Карусель машинасындағы от жағушы, 2-разряд
82. Жұмыс сипаттамасы:
карусель түріндегі от жағатын машинада шыны бұйымдарын жылыту;
машинаны жұмысқа дайындау, жанарғыларды сөндіру және жағу;
от жағатын машинада бұйымдарды орнату;
от жағатын машинаның жанарғыларының жұмысын реттеу;
карусель түріндегі от жағатын машинадан балқытылған шыны бұйымдарын түсіру.
83. Білуге тиіс:
карусель түріндегі от жағатын машинаның құрылысы;
әрекет ету қағидасы және реттеу ережесі;
ақау түрлері және оны жою ережесі.
18. Кварц балқытушы
Параграф 1. Кварц балқытушы 4-разряд
84. Жұмыс сипаттамасы:
кейіннен термиялық өңдеумен және суытумен берілген мөлшерлер бойынша салмағы 20 килограм (бұдан әрі – кг) дейін кварц шыныдан блоктарды балқыту;
салмағы 1 кг дейін оптикалық кварц шыныны балқыту;
балқыту машинасы мен газдық желіні жұмысқа дайындау;
балқыту машинасына жанғыштар мен қуаттандырғыштарды орнату;
балқыту машинасының қуаттандырғыш бункеріне кварц тозаңын тиеу;
балқыту режимін реттеу;
«Жемді» және оны балқыту машинасында орнатуды дайындау;
жылу сақтайтын муфельді құру;
төс етекті дайындау және орнату және оған кристаллит себу;
балқыту журналын жүргізу.
85. Білуге тиіс:
балқыту машинасының құрылысы және пайдалану ережесі;
төс етекті, «жемді» дайындау процесі және олардың белгіленуі;
кварц шыныны балқытудың технологиялық режимі, жылу сақтайтын муфельді орнату тәсілдері;
бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы және пайдалану ережесі.
Параграф 2. Кварц балқытушы, 5-разряд
86. Жұмыс сипаттамасы:
салмағы 20-дан 40 кг дейін кварц шыныдан блоктарды балқыту;
салмағы 1 кг артық оптикалық кварц шыныны балқыту;
газ желісін және кварц шыныны балқыту мен престеуге арналған қондырғыларды реттеу және жөндеу жұмыстарын басқару;
балқыту режимдерін таңдау.
87. Білуге тиіс:
кварц шынының әр түрлі сорттарын балқыту және вакуум-компрессиялық пеште қайта балқыту технологиялық процесі;
балқыту режимдері және шихтаның құрамына байланысты оларды өзгерту;
кварц шынының құрамы, қасиеттері мен ерекшеліктері;
орындалатын жұмыстар көлемінде электртехниканың негіздері.
Параграф 3. Кварц балқытушы, 6-разряд
88. Жұмыс сипаттамасы:
қуатты жаранғылармен жабдықталған арнайы кварц балқытатын машиналарда салмағы 40 кг артық кварц шыныдан жасалған блоктарды балқыту;
температура мен тозаңды блоктың шеткі бетімен біркелкі бөлуді қамтамасыз ету мақсатында жанарғыларды баптау;
балқыту режимін айқындау;
балқыту процесінің параметрлерін реттеу бойынша автоматиканың жұмысын бақылау;
барлық жүйенің арнайы кварцбалқытатын машиналарын жөндеу.
89. Білуге тиіс:
кварц шынының құрамы, физикалық –химиялық қасиеттері кварц балқытатын машиналардың құрылысы, басқару және жөндеу ережесі;
Достарыңызбен бөлісу: |