көп орындық престеулерді қолмен шығыршықпен кесу;
арнайы құрылғыларды және кесетін сайманды, көзілдіріктің астигматикалық линзаларын пайдалана отырып сопақ және тік бұрышты шаблондар бойынша әр түрлі кварц бұйымдары мен кесектерді кесу;
кварц бұйымдарын ортасы бойынша тексере отырып, станок столына орнату;
бормашинаның көмегімен немесе қолмен кварц бұйымдарының беттерін құмнан немесе көрінетін ақаулардан тазарту;
кесетін машиналар мен станоктарды жөндеу;
алмас және болат шығыршықтарды түзету.
308. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және пайдалану ережесі;
шынының физикалық қасиеттері туралы негізгі түсініктер, кварц бұйымдарының ішкі және сыртқы қабырғаларын тазалау тәсілдері;
кварц бұйымдарын кесу режимдерін таңдау, қуыс шыны бұйымдарын кесуге қойылатын техникалық талаптар;
көзілдірік линзаларын кесу және сындырып алу тәсілдері, ақаудың себептері мен түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар;
көтеру механизмдерінің көмегімен кварц бұйымдарының орнынан ауыстыру тәртібі мен ережесі.
309. Жұмыс үлгілері:
1) барлық мөлшердегі ұсақ моншақтар және шыны түтіктер - шыны ойыншықтарына арналған бөлшектерге кесу (жұлдызшалар, шаналар, фонариктер, ұшақтар және тағы басқа);
2) ванналар, кварц ыдыстары, муфельдер және басқа бұйымдар - бетін кесу және тазалау;
3) шыны қайнатушы кварц құмыралар - кесу;
4) диаметрі 150 мм дейін дайындамалар (блоктар) - кесу және тазалау;
5) аспашамдарға салпыншақтар, графиндарға, флакондарға тығындар - кесу және тазалау;
6) шыны түтіктері мен капиллярлар – нихром жібімен кесу;
7) цилиндрлар, стақандар, мензуркалар және басқа; - кесу;
8) трмометрлерге арналған сүт шынысынан жасалған шкалалар - кесу;
9) диаметрі әр түрлі қатарлар - кесу.
Параграф 3. Шыны бұйымдарын кесуші, 3-разряд
310. Жұмыс сипаттамасы:
айна шағылдырғыштарына арналған дайындамаларда шынының жиектерін станокта кесу;
ыдыстарға шағылдырғыштардың дайындамаларын жапсыруға арналған мастиканы дайындау;
ультрадыбыстық, электр ұшқындық және басқа қондырғыларды жөндеу;
кескеннен кейін шынының жиектерін тазалау;
оправаның шеңбер пішініне сәйкес келетін үлгі бойынша алмаспен арнайы станокта стигматикалық линзаларды кесу;
линзаның рефракциясын тексеру және кесетін станокта орнату;
станоктарда абразивті шығыршықтың көмегімен колбаларды кесу;
жеке тапсырыстар кезінде кесу тармағы бойынша линзаны сындырып алу;
линзаның мөлшері мен жиілігін тексеру;
алмасты кесетін станоктарға орнату.
311. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және пайдалану ережесі;
шыныны кесу және мастика дайындау тәсілдері;
кварц шынының маркалары, кварц шыныдан дайындамалар мен бұйымдарды өңдеу режимін;
тәсілін таңдау және техникалық шарттар, көтеру механизмдерінің көмегімен кварц бұйымдарын орнынан ауыстыру ережесі;
стигматикалық линзаларды кесуге қойылатын техникалық талаптар, рефракция туралы негізгі мәліметтер;
линзаларды ортаға келтіру және олардың рефракциясын тексеру тәсілдері;
диоптрөлшеуішті, ортаға келтіру аппаратын пайдалану ережесі;
алмастарды орнату, кесетін станокты майлау және жөндеу тәсілдері;
кесу кезіндегі ақаудың себептері, оны табу және жою тәсілдері.
312. Жұмыс үлгілері:
1) диаметрі 150 мм артық дайындамалар (блоктар) - кесу;
2) кварц ыдыстар, муфельдер және басқа ұқсас бұйымдар - кесу;
3) шыныдрот - станоктарда арнайы техника бұйымдары үшін дайындамаларға арнап кесу.
66. Шыны бұйымдарын күйдіруші
Параграф 1. Шыны бұйымдарын күйдіруші, 2-разряд
313. Жұмыс сипаттамасы:
берілген температуралық режимдер бойынша қарапайым шыны бұйымдарын күйдіру процесін жүргізу;
күйдіру пештерін жұмысқа дайындау;
ыстық шыны бұйымдарын кесуден, өңдеуден кейін қабылдау, оларды күйдіру пешіне ауыстыру және тиеу;
муфельді пештерде дроттан сувенирлерді күйдіру;
күйдіру пештерінен күйдірілген шыны бұйымдарын сұрыптау.
314. Білуге тиіс:
күйдіру пештері мен муфельді пештердің әрекет ету қағидасы;
ыстық шыны бұйымдарын пайдалану ережесі;
шыны бұйымдарын күйдіруге тиеу және салу, күйдірудің температуралық режимі.
315. Жұмыс үлгілер:
1) конфигурациясы жағынан қарапайым престелген бөлшектердің дайындамалары - тұрпайы күйдіру;
2) плиткалар, конденсаторлар және басқа ұқсас шыны бұйымдары - күйдіру.
Параграф 2. Шыны бұйымдарын күйдіруші, 3-разряд
316. Жұмыс сипаттамасы:
берілген температуралық режимдер бойынша орта күрделі шыны бұйымдарын күйдіру процесін жүргізу;
күйдіру пештерін жұмысқа дайындау: белгілі бір температураға дейін қыздыру, траспортер лентасын, газсоратын жүйені қосу;
шыны бұйымдарын күйдіру пешіне тиеу;
арнаның ұзындығы бойынша күйдіру температурасын, отын мен ауаны беруді реттеу;
күйдірілген шыны бұйымдарын күйдіру пештерінен түсіру;
күйдірілетін шыны бұйымдарына техникалық құжаттаманы рәсімдеу.
317. Білуге тиіс:
күйдіру пештері мен муфельді пештердің құрылысы;
шыны бұйымдарын салу және түсіру ережесі;
шыны бұйымдарының маркалары, күйдірудің температуралық режимі, жылу өлшейтін аспаптарды пайдалану ережесі;
ақау түрлері және оны жою ережесі.
318. Жұмыс үлгілері:
1) аппараттар мен аспаптарға бөлшектер - күйдіру;
2) сүт шынысынан термометрдердің және шкала ауыстырып қосқыштарының дайындамалары - күйдіру;
3) призмалар, пластиналар - күйдіру;
4) шыны бұйымдары, мүсін өнері - күйдіру;
5) техникалық, химиялық контактілік, метеорологиялық термометрлер – жасанды тозу;
6) электрондық-сәулелік түтіктеріне арналған экрандар мен конустар - күйдіру.
Параграф 3. Шыны бұйымдарын күйдіруші, 4-разряд
319. Жұмыс сипаттамасы:
берілген температуралық режимдер бойынша күрделі шыны бұйымдарын күйдіру процесін жүргізу;
күйдіру пештерін жұмысқа дайындау;
күйдіру температурасын және күйдіру пешіне ауа мен отынның түсуін реттеу;
күйдірілетін шыны бұйымдарын күйдіру пешіне тиеу мен түсіруге қатысу;
техникалық құжаттаманы ресімдеу.
320. Білуге тиіс:
күйдіру пештерінің құрылысы, шыны бұйымдарын күйдіргеннен кейін шыны бұйымдарын күйдіру, түсіру камераларына салу ережесі;
шыны бұйымдарының маркалары, күйдірудің температуралық режимі.
321. Жұмыс үлгілері:
1) астрономиялық дискілер- күйдіру;
2) френель линазалары, жарық техникалық шыныдан бұйымдар - күйдіру;
3) түрлі-түсті теледидарға арналған экрандар мен конустар - күйдіру.
67. Шыны бұйымдарын қоршаушы
Параграф 1. Шыны бұйымдарын қоршаушы, 2-разряд
322. Жұмыс сипаттамасы:
бекітудің қатты және нүктелік әдістерімен астигматикалық және стигматикалық линзалар үшін дайындамаларды қоршау;
икемді және қатты әдістермен оптикалық шыныдан қарапайым және сфериялық бөлшектерді қоршау;
сфериялық айналарға арналған шынылар дайындау;
қоршау және қажетті температураға дейін қыздыру үшін корпустардың беттерін дайындау;
шыны бұйымдарын қоршауға арналған көмекші материалдарды дайындау;
оптикалық бөлшектерді, линзаларға арналған дайындамаларды және бітейтін массаны қыздырудың температуралық режимін реттеу;
линзаларды өңдеуден кейін бітеу, тазарту және сүрту;
линзаларды рефракция бойынша салу;
оптикалық бөлшектерге бір қабаттық шайыр жастықтарды қолмен немесе арнайы станокта дайындау және жапсыру;
оптикалық бөлшектерді құралға жапсыру;
жабыстырылған блоктарды жоғары жиілікті тоқпен қыздыру, блоктарды суыту және құралдан шешіп алу;
бөлшектерді гипстауға арналған блокты құрастыру;
гипс ерітіндіні дайындау және блоктарды құю;
оптикалық бөлшектердің механикалық немесе термиялық тәсілмен қоршауын және гипсін алып тастау;
оптикалық бөлшектерді, қолданылатын құралды шайыр мен гипстан тазарту;
электр плиталарды, электр пештерді, термостаттарды және суыту шкафтарын пайдалану кезінде қолданылатын оптикалық бөлшектерді және құрылғыларды қыздыру және суыту температурасын анықтау және реттеу.
323. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы, линзаларды қоршауға қойылатын техникалық талаптар;
көзілдірік линзаларының дайындамаларын қоршау тәсілдері мен тәсімдері және қоршауын шешу тәсілдері;
линзалардың қисықтығы бойынша радиуспен қоршау үшін корпусты іріктеу ережесі, шыныны сүрту және қорғаныш лак қабатын салу ережесі;
оптикалық бөлшектерді иілімді және қатты қоршау және гипстеу әдістері;
оптикалық бөлшектерді құрылғыларда ұтымды орналастыру тәсілдері, қолданылатын қоршау массасының құрамдары, оптикалық бөлшектерді иілімді қоршау кезінде қолданылатын негізгі және көмекші материалдардың тізімі мен белгіленуі;
оптикалық бөлшектердің түрі мен мөлшеріне байланысты қоршауға арналған құрылғыларды таңдау ережесі;
қыздыру және суыту процестерін реттеу әдістері;
оптикалық бөлшектерді өңдеу параметрлері туралы негізгі мәліметтер, бұйымдардың ақау түрлері мен себептері және оның алдын алу бойынша шаралар.
Параграф 2. Шыны бұйымдарын қоршаушы, 3-разряд
324. Жұмыс сипаттамасы;
астигматикалық және стигматикалық линзалар үшін иілімді әдіспен дайындамаларды қоршау;
қоршалатын дайындамалардың қисықтығы радиусына сәйкес келетін, қоршау үшін корпустар іріктеу;
қоршауға дейін құрылғылардың корпустарын қыздыру және бекітілген дайындамалармен блоктарды суыту;
корпустың бетінен қоршау массасының артықтарын қоршауға арналған құрылғыны алып тастау;
бифокалды көзілдірік шыныларын дайындау үшін линзаларды қоршау;
оптикалық бөлшектерді мөлшерлер бойынша жиынтықтау;
түйісу пластиналарын таңдау;
оптикалық бөлшектерді және түйісу құралдарын майсыздандыру және тазалау;
оптикалық бөлшектердің түйісетін жерлеріне қорғаныш лакты жағу;
оптикалық түйісуден бөлшектерді алу;
қыздыру және суыту режимін қадағалау.
325. Білуге тиіс:
дайындамалардың көзілдірік линзаларына арналған қоршау тәсілдері;
оптикалық шыныдан бұйымдарды қоршаудың технологиялық операцияларының реттілігі, әр түрлі рефракциялы линзалардың дайындамаларын қоршауға арналған корпустарды іріктеу ережесі;
қоршау массаларының құрамы мен температурасы;
оптикалық бөлшектерді қоршау тәсілдері мен шарттары, оптикалық шынының негізгі түрлері, маркалары мен қасиеттері;
оптикалық шыныдан бұйымдарды қоршауға және қоршауын алуға қойылатын техникалық талаптар;
қоршалған бөлшектерді бақылау тәсілдері, ақаудың себептері мен түрлері, оның алдын алу шаралары.
Оптикалық шыны мен кристалдардан жоғары тоқты бөлшектерді иілімді, қатты және түйісу әдістерімен қоршау кезінде - 4-разряд.
68. Шыны бұйымдарын қиыстырып келтіруші
Параграф 1. Шыны бұйымдарын қиыстырып келтіруші, 3-разряд
326. Жұмыс сипаттамасы:
банкаларға, графиндарға, парфюмерлік флакондар мен басқа шыны бұйымдарына мойын қылтасына тығындарды қиыстырып келтіру станогында қиыстырып келтіру;
қиыстырып келтіретін шыны бұйымдарын бекітуге арналған құрылғыларды орнату және қиюластыру кезінде олардың ортаға дәл келуін анықтау;
қиыстырып келтіру станогын жөндеу.
327. Білуге тиіс:
қиыстырып келтіру станогының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;
әр түрлі абразивті материалдарды қолдана отырып, қиыстырып келтіру тәсілдері;
ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.
69. Шыны бұйымдарын қышқылмен өңдеуші
Параграф 1. Шыны бұйымдарын қышқылмен өңдеуші, 3-й разряд
328. Жұмыс сипаттамасы:
сорттық ыдысты жартылай механикаландырылған қондырғыларда қышқылдардың ерітінділерімен өңдеу;
сорттық ыдыстың ұсақ бұйымдарын қолмен өңдеу;
күкірт пен балқытушы қышқылдан немесе балқытушы қышқылдың ерітінділерінен өідеу- қышқыл ерітінділерін дайындау;
әр түрлі шыны бұйымдары үшін өңдеудің оңтайлы режимін анықтау;
өңдеу сапасын бақылау.
329. Білуге тиіс:
шыны бұйымдарын химиялық өңдеу үшін жартылай механикаландырылған қондырғының құрылысы;
бұйымдарды өңдеу технологиясы, қолданылатын қышқылдардың қасиеттері;
өңдеу режимі, өңделген шыны бұйымдарының сапасына қойылатын талаптар;
химиялық өңдеу кезінде ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.
Параграф 2. Шыны бұйымдарын қышқылмен өңдеуші, 4-разряд
330. Жұмыс сипаттамасы:
сорттық ыдысты шыны бұйымдарын химиялық өңдеуге арналған автоматты басқарумен механикаландырылған қондырғыларда өңдеу;
өңдеу режимі мен уақытын сақтау.
331. Білуге тиіс:
шыны бұйымдарын химиялық өңдеу үшін жартылай механикаландырылған қондырғының құрылысы және пайдалану ережесі;
қолданылатын қышқылдардың қасиеттері, өңдеу режимі;
өңделген шыны бұйымдарының сапасына қойылатын талаптар, химиялық өңдеу кезінде ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.
70. Шыныны бұйымдарын тегістеуші
Параграф 1. Шыны бұйымдарын тегістеуші, 2-разряд
332. Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым шыны бұйымдарды қолмен тегістеу;
шеңберлі тегістеуіш пен жалпақ тегістеуіш станоктарда салалық және жалпақ дайындамаларды дөрекі және орта тегістеу;
сыртқы жырашықтарды, шприцты цилиндрлердің беті мен кесілген жерін тегістеу, шыны поршеньдердегі өзектерін тегістеу;
хрусталь аспаларының дайындамаларын шыны кесектерінен кесіп алып, кейіннен қыр салып тегістеу;
абразивті шеңберлерді қайрау;
тегістеу машиналары мен станоктардағы шыны бұйымдарының қылтасын, түбін, жиектері мен беттерін құю;
тегістелген шыныны жуып шаю.
333. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және пайдалану ережесі;
өңделінетін бұйымдарды тегістеу станогына орнату және шешіп алу ережесі;
шыны бұйымдарының ассортименті және сәндік әшекейлердің түрлері;
өңделінетін шыны бұйымдарына арналған техникалық шарттар;
шыныны тегістеу үшін қолданылатын абразивті ұнтақтардың маркалары мен құрамдары;
шыны бұйымның ішкі бетін тегістеу тәсілдері;
бақылау-өлшеу аспабын пайдалану ережесі;
тегістеу кезінде ақаудың себептері мен түрлері, оның алдын алу бойынша шаралар.
334. Жұмыс үлгілері:
1) цилиндрлі шеңберлі ампулалар – тегістеу мен жалтырату;
2) графитті анодтар - тегістеу;
3) баллондар мен баллондағы белбеулер- сыртқы диаметр бойынша тегістеу;
4) медициналық шприцтерге арналған борттар мен конустар - құю;
5) химиялық құйғыштар - ұштау;
6) асханалық (сорттық) ыдыс, парфюмерлі, кіші және орта мөлшерлі шаруашылық ыдыс, консервілік ыдыс бұйымдардың қылтасын, түбін, жиектері мен беттерін - тегістеу;
7) әр түрлі конфигурациялы кварцты бұйымдар - тегістеу;
8) шыны колбалар - тегістеу;
9) газды анализатордың екіжүрісті крандары - тегістеу;
10) болат пен шойында көміртектің үлесін анықтау үшін кішкентай шыны сауытқа теңестірілген аппараттың крандары - тегістеу;
11) астигматикалық көзілдірікті линзалар - тегістеу;
12) аспаптардың анодтық кішкене аяқтары – кесіктерін кесу мен тегістеу;
13) қыр саны 12 дейін таңбалы дайындамалардан аспалы хрустальдар – оюлар мен тегістеу;
14) шприцті поршеньдер – кесіктер мен өзекшелерін тегістеу;
15) саңыраулы тетіктер мен таяқшалар - ұштау;
16) шприцті цилиндрлер – сыртқы жырашықтарын тегістеу.
Параграф 2. Шыны бұйымдарын тегістеуші, 3-разряд
335. Жұмыс сипаттамасы:
шыны бұйымдарының жазықтарын тегістеу мен жалтырату;
арнайы тегістеу жолымен, яғни алмасты қырлаумен жай және түсті шыныдан жасалған бұйымдарға, айналарға әшекейлер салу;
тегістеу станоктары мен жартылай автоматтардағы шыны бұйымдарының қылтасын, түбін, жиектері мен беттерін құю;
шыны құбырлары мен үлгі бөліктерін тегістеу;
белгілі қалыңдыққа дейін айна шағылыстырғыштардың дайындамаларын сыдыру;
астигматикалық және стигматикалық көзілдірік линзаларды тегістеу арқылы дайындамаларды тегістеу және жетілдіру;
тегістеу үшін пішіндерді іріктеу және оларды станокқа орнату;
феррастың жайғасуының қажетті дәлдігін сақтай отырып, тегістеу дискіге шойын феррастарды бекіту мен іріктеу;
тегістеудің түрлі өткелдеріне сәйкес номерлі абразивті ұнтақтарды іріктеу;
жұмыс процесінде линза қалыңдығын бақылау;
тегістеу тетіктерін орнату мен іріктеу;
өңдеудің берілген дәлдігін тексеру;
хрусталь аспаларының дайындамаларын шыны кесектерінен кесіп алып, кейіннен қыр салып тегістеу;
шприцты цилиндрлердің ішкі бетін алдын ала тегістеу.
336. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдық пен құрылғылардың құрылысы және оларды реттеу ережесі;
өңделінетін шынылардың қасиеттері, шыны бұйымдарын тегістеу үшін қолданылатын абразивтердің маркалары;
шыны бұйымдарының ассортименті және олардың сәндік әшекейлерінің түрлері, абразивті шығыршықтармен тегістеу станогының құрылысы;
абразивті шығыршықтардың сапасына қойылатын талаптар және оларды егеу ережесі;
феррастарды ротациялық аппараттардың тегістеу дисктеріне іріктеу және бекіту ережесі мен тәсілдері, фокустық қашықтықты анықтау тәсілдері;
өлшеу құралын пайдалану тәсілдері;
шыны бұйымдарының ішкі бетін тегістеу тәсілдері;
оправкаларды пайдалану ережесі;
бұйымдардың сынуы мен ақауының алдын алу бойынша шаралар
337. Жұмыс үлгілері:
1) кварцты кішкентай ванналар, ыдыстар, муфельдер және басқа күрделі емес бұйымдар – сыртқы тегістеу;
2) жарық техникалық бұйымдар (жарықтандыратын арматураға арналған қалпақтар) - тегістеу;
3) сортты ыдыс, парфюмерлік ыдыс, Петри шынаяғы, ірі пішінді медициналық бұйымдар мен жарық техникалық және техникалық шыныдан жасалған бұйымдар - құю;
4) күрделілігі 1 және 2 топтарға жататын суретті сортты ыдыс – алмасмен қыр жасап тегістеу;
5) диаметрі 30 мм дейін конустар мен муфталар - тегістеу;
6) бюретты және микробюретты крандар - тегістеу;
7) стигматикалық көзілдірікті линзалар – дайындамаларды өңдеу және тегістеуге жеткізу;
8) ситалды пластиналар – екі жазықтықты жылтырату мен тегістеу;
9) саны 12 артық 36 дейін қыры бар және «пигі» ұзындығы 400 мм дейін тік төртбұрышты және қисықсызықты пішінді таңбаланған дайындамалардан жасалған хрустальды аспалар – қыр жасау мен тегістеу;
10) шприц поршеньдері мен тығындары - орталықсыз тегістеу станоктарында алдын ала тегістеу;
11) шашыратқыш және диаметрі 200 мм дейін жарық фильтрлер;
12) шыны құбырлар мен үлгі бөлшектер - тегістеу;
13) шприцты цилиндрлер – ішкі бетін алдын ала тегістеу.
Параграф 3. Шыны бұйымдарын тегістеуші, 4-разряд
338. Жұмыс сипаттамасы:
арнайы тегістеу жолымен, яғни алмаспен қыр салу арқылы түссіз, түсті және хрусталь шыныдан жасалған күрделілігі орташа бұйымдарға сәндік әшекей салу;
тегістеу – дайын құрылғылардың бетін жылтырату;
кварцты керамикадан жасалған бұйым үлгілерін станокта жолақтарға кесу, металл плитаға жолақтарды төсеу, оларды бекіту мен гипстеу;
жалпақ тегістеуіш станокта жазықтар мен жолақ қырларын дәлдікпен тегістеу, фацетті шайбада жетілдіру, гипс ерітіндісін жою;
кварцты керамикадан жасалған дайындамалардың ішкі және сыртқы беттерін алмас шеңберімен немесе көшіру арқылы тегістеу;
микрометрмен шыны бұйымдарының өлшемдерін мерзімді өлшеу;
шприцты цилиндрлардың ішкі бетін ақырғы тегістеу;
өзара алмастырғыш шприцтың поршеньдерін тегістеу;
қызмет көрсетілетін жабдықты жөндету;
технологиялық журналда жазба жүргізу.
339. Білуге тиіс:
шыныны тегістеу және өңдеу әдістері мен тәсілдері, шынының, кварцты қыш пен гипстің физикалық қасиеттері;
абразивті шығыршықтармен және шайбалармен тегістеу станогының құрылысы;
белгілі бір диаметрлі абразивті шығыршықтың және шайбаның айналымдар санын орнату ережесі;
цилиндрдің бетін тегістеу ережесі;
кесілетін және жылжытылатын оправкаларды іріктеу ережесі;
шыны ақауларының тереңдігін анықтау тәсілдері;
шыны бұйымдарының ассортименті және олардың сәндік әшекейлерінің түрлері;
жағылатын алмас қырға сәйкес шығыршық жиегінің ұшын шығару бұрышының мөлшері;
бақылау-өлшеу аспабын пайдалану ережесі;
өңделінетін шыны бұйымдарына техникалық шарттар, ақау түрлері.
340. Жұмыс үлгілері:
1) газ өндіруге арналған аппараттар (Киппа) - тегістеу;
2) майларды бөліп алатын аппараттар - тегістеу;
3) колбаларға арналған баллондар (кистрондар үшін) – тегістеу мен жылтырату;
4) барлық сыйымдылықтағы Блинов бюреткалары - тегістеу;
5) сыйымдылығы 500 мл жоғары колбалар - тегістеу;
6) диаметрі 30 мм артық конустар мен муфталар - тегістеу;
7) кварцтан жасалған конустар мен муфталар - тегістеу;
8) медициналық шприцтер мен поршеньдерге арналған цилиндрлар конустары – тегістеу мен жетілдіру;
9) дерягин крандары, шарлы құйғыштар - тегістеу;
10) френель линзалары - тегістеу;
11) микроаппаратура мен Бурлаков аппараттары - тегістеу;
12) хрустальды шыныдан жасалған рюмкалардың, бокалдардың, ваза мен басқа да бұйымдардың кішкентай аяқтары – жалпақ қырларды тегістеу;
13) екіжүрісті краны бар бөлімшелері жоқ тамшуырлар - тегістеу;
14) саны 36 артық қырымен және «пигі» ұзындығы 400 мм артық тік төртбұрышты және қисық сызықты пішінді таңбаланған дайындамалардан жасалған хрустальды аспалар – қыр жасау мен тегістеу;
15) шашыратқыш және диаметрі 300 мм дейін жарық фильтрлер - тегістеу;
16) шыны бұйымдар – күрделілігі 1, 2 және 3 топқа жататын алмас қырының суреттері бар өсімдік және геометриялық оюларды абразивті шеңберлермен ойып істеу;
17) күрделілігі 3 және 4 топқа жататын суреттері бар сортты ыдыс, анағұрлым жоғары топтарға жататын суреттердің бөлек элементтері – алмаспен қыр салып тегістеу;
18) генератор лампаларының табақшалары - тегістеу;
19) шприцты цилиндрлар - ішкі бетін ақырғы тегістеу;
20) сфералық тегістер – жетілдіріп тегістеу;
21) электронды-сәулелі тетіктерге арналған шыны экрандар – тегістеу мен жылтырату.
Параграф 4. Шыны бұйымдарын тегістеуші, 5-разряд
341. Жұмыс сипаттамасы:
арнайы тегістеу жолымен, яғни алмаспен қыр салу арқылы түссіз, түсті және хрусталь шыныдан жасалған күрделі бұйымдарға сәндік әшекей салу, хрусталь бұйымдардың кішкене аяқтарына жалпақ қыр салу;
түссіз және түсті (жапсырмалы) шыныдан жасалған ірі бұйымдарға жазық пен тістер салу;
арнайы оправаларды қолданумен тегістеу станоктарында цилиндрлік шприцтың ішкі бетіне пасталармен жылтырату мен соңғы рет жетілдіру;
өзара алмастырғыш шприцтың поршень бетін соңғы рет жетілдіру;
алмас қайрақпен кварцты керамикадан жасалған дайындамалардың сыртқы бетін соңғы рет нақты тегістеу мен жетілдіру.
342. Білуге тиіс:
тегістеу жабдығының құрылысы және пайдалану ережесі;
абразивті шығыршықтар мен шайбалардың сапасына қойылатын талаптар;
өңделінетін шынының, абразивті материалдардың және пасталардың қасиеттері;
шыны бұйымдарының ассортименті және олардың сәндік әшекейлерінің түрлері, сурет салу ережесі;
өңделетін шыны бұйымдарға арналған техникалық шарттар, тегістеу кезінде ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.
343. Жұмыс үлгілері:
1) күкіртке арналған Штроллейн аппараттары - тегістеу;
2) қысым астында күшті газдарды сақтауға арналған газ өлшеуіш - тегістеу;
3) электронды-оптикалық құралдарына арналған жазық шынылардың дайындамалары - тегістеу;
4) АГО аппараттардың крандары- тегістеу;
5) вакуумдық крандар – тегістеу;
6) альвиола аппаратқа арналған крандар- тегістеу;
7) линзалар - жылтырату;
8) бес иінді нитромерлер - тегістеу мен жылтырату;
9) хрусталь шыныдан жасалған рюмкалардың, бокалдардың, вазалардың және басқа да бұйымдардың кішкене аяқтары – жалпақ қырларды тегістеу;
Достарыңызбен бөлісу: |