Ќазаќстан республикасыныѕ ЕЅбек жјне халыќты јлеуметтік ќорєау министрлігі



жүктеу 2,44 Mb.
бет6/10
Дата17.01.2018
өлшемі2,44 Mb.
#7566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

10) электронды-оптикалық құралдардың ерітінділері мен нысаналардың шыны пластиналары - тегістеу мен жылтырату;

11) шыныдан, кремнийден және басқа кристалдардан жасалған призмалар - тегістеу;

12) диаметрі 300 м артық шашыратқыштар мен жарық фильтрлары - тегістеу;

13) шыны бұйымдар – күрделілігі 4, 5 және 6 топқа жататын белгіленген алмас қырының суреттері бар өсімдік және геометриялық оюларды ойып істеу және шыныны тазалаумен бірге ойма жасайтын станоктарда үлгіден немесе сызбадан бұйымдарға сурет түсіру;

14) күрделілігі 5, 6 және 7 топқа жататын суреттері бар сортты ыдыс – алмаспен қыр салу;

15) барлық типті мөлшердегі түсті теледидарға арналған кинескоптардың қабықша конустары мен экран кесіктері – тегістеу мен жылтырату;

16) электронды-сәулелі тетіктер - жылтырату;

17) медициналық шприцтер – 5 микронға дейін дәлдікпен жетілдіру;

18) барлық типті мөлшердегі түсті теледидарға арналған кинескоптардың қабықша экрандары мен бөлшектері – тегістеу мен жылтырату.

Параграф 5. Шыны бұйымдарын тегістеуші, 6-разряд


344. Жұмыс сипаттамасы:

арнайы тегістеу жолымен, яғни алмаспен қыр салу арқылы хрусталь шыны мен түсті шыныдан жасалған аса күрделі бұйымдарға теңдесі жоқ көрме суреттерін салу;

оптикалық, сынамалы шыныларды және бұйымдарды тегістеу.

345. Білуге тиіс:

шынының физикалық қасиеттері, шыны бұйымдарының ассортименті және олардың сәндік әшекейлерінің түрлері;

тегістеу жабдығының құрылысы және пайдалану ережесі;

абразивті шығыршықтардың сапасына қойылатын талаптар, күрделі сурет салу тәсілдері;

өңделінетін бұйымдарға арналған техникалық шарттар;

ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.

346. Жұмыс үлгілері:

1) калибр астына оптикалық бөлшектер (сынамалы шыны) - дайындау;

2) математикалық теңдеумен немесе шаблон бойынша берілген асфериялық беті бар линзалар - дайындау;

3) хрусталь шыныдан сортты ыдыс – кең қырын тегістеу;

4) күрделілігі 8, 9 және 10 топқа жататын суреттері бар сортты ыдыс – алмаспен қыр салу;

5) рентгенооптикалық қайта құрушылар үшін экрандар мен стакандарды – тегістеу мен жылтырату.

Жеке өңдеудегі хрусталь және жапсырма шыныдан жасалған көркемділігі жоғары бұйымдарға ерекше көрме суреттерін салу кезінде - 7-разряд

71. Шыны бұйымдарын үрлеуші
Параграф 1. Шыны бұйымдарын үрлеуші, 3-разряд
347. Жұмыс сипаттамасы:

шағын мөлшерлі шыны бұйымдары үшін банкаларды үрлеу;

металл түтікке шыны массасын жинау;

шыны массаны плитада, домалатқышта банканың қажетті пішініне сәйкес орау;

банканы қажетті мөлшерлерге дейін үрлеу, оны кейінгі операцияға беру.

348. Білуге тиіс:

шыны маркалары, әр түрлі мөлшерлі және салмақты шыны бұйымдарын үрлеуге арналған үрленіп істелген түтікке шыны массасын жинау ережесі мен режимдері;

дайын банка домалату, суыту және беру ережесі;

банканың қисықтығының алдын алу тәсімдері.

Параграф 2. Шыны бұйымдарын үрлеуші, 4-разряд


349. Жұмыс сипаттамасы:

шыны бұйымдарының шыны массасымен қарапайым қалыптарды үрлеу, орта және ірі мөлшерлі шыны бұйымдары үшін банкаларды үрлеу;

ұсақ және орта шыны бұйымдары үшін құйғышты үрлеп тазарту;

дайындалатын шыны бұйымдарының мөлшері мен салмағына сәйкес келетін мөлшерде банкаға немесе үрленбелі түтікке шыны массасын жинау;

банканы домалатқышта орау, шыны бұйымдарын одан әрі операция үшін үрлеу және жіберу;

шыны бұйымдарын жасап шығару үшін шыны массасының жарамдылығын анықтау.

350. Білуге тиіс:

шыны өндірісі технологиясының негіздері, пластмассаның қасиеттері;

үрлейтін түтіктің құрылысы, құрал мен құрылғыларды пайдалану ережесі;

шыны бұйымдарын үрлеу әдістері мен тәсімдері, даярланатын бұйымдарға мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;

шыны бұйымдарының ақауының алдын алу және жою шаралары.

351. Жұмыс үлгілері:

Үрлеу:

1) диаметрі бойынша 2 миллиметр (бұдан әрі - мм) артық мүмкін шегімен қатты дрот (штабиктер);



2) жазуға және кристалдауға арналған колбалар;

3) домалақ түпті және жайпақ түпті колбалар;

4) түрлі-түсті шыныдан жасалған бұйымдарға арналған құйғыштар;

5) сортты ыдыс бұйымдарына арналған алғашқы және екінші қайтара банкалар;

6) плафондар, қалпақтар, 200 мм дейін диаметрімен шарлар;

7) штанглазды, көрмелік, инъекциялық ерітінділерге арналған тубуспен медикаменттерге арналған шыны сауыттар мен банкалар, биохинолдар, тамызғыштар және 1 литр дейін сыйымдылықпен ұқсас бұйымдар;

8) химиялық стақандар;

9) 3 л дейін сыйымдылықпен шаруашылық ыдыстың шыны бұйымдары;

10) иіссу мен әтірлерге арналған қарапайым пішінді флакондар;

11) биологиялық дақылдарға арналған және бактериялық дақылдарды өсіруге арналған кристаллизациялық шыныаяқтар (Кохо және Петри).

Параграф 3. Шыны бұйымдарын үрлеуші, 5-разряд
352. Жұмыс сипаттамасы:

орта күрделі конфигурациялы және ірі шыны бұйымдарын шыны массасынан үрлеу.

353. Білуге тиіс:

шыны өндірісі технологиясының негіздері, пластмассаның қасиеттері, құрал мен құрылғыларды пайдалану ережесі;

орта күрделі және ірі шыны бұйымдарын үрлеу әдістері мен тәсімдері, үрленетін шыны бұйымдарына байланысты шыны массасын мөлшерлеу әдістері;

даярланатын бұйымдарға мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар, ақаудың пайда болу себептері және оның алдын алу мен оны жою бойынша шаралар.

354. Жұмыс үлгілері:

Үрлеу:


1) қайнатпаға, кремге, печеньеге, гүлдерге арналған құмыралар, салат салуға арналған ыдыстар және орта мөлшерлі басқа бұйымдар;

2) 150 мм дейін диаметрімен зертханалық құйғыштар;

3) 2 мм дейін диаметрімен мүмкін шегімен қатты дрот (штабиктер);

4) 20 мм дейін диаметрімен түтікті шынылы дрот;

5) диаметрге 1 мм артық мүмкін шегімен барлық түрлі және мақсаттағы капиллярлар;

6) сүзуге арналған колбалар;

7) барлық мөлшерлі қалыпты тегістерге колбалар;

8) радиолампаларға арналған шыны колбалар;

9) 200-ден жоғары 450 мм дейін диаметрімен қақпақтар мен шарлар;

10) несепқабылдағыштар;

11) үштіктердің бұрулары және оларға ұқсас шыны құбырларға арналған фасондық бөлшектер;

12) 200 мм дейін диаметрімен қарапайым конфигурациялы себушілер; күрделі конфигурациялы 150 мм дейін диаметрімен себушілер;

13) рюмка, фужерлер, кемінде 70 мм биіктігімен аяғын вакуумдық қалыптастырумен бокалдар;

14) рюмка, фужерлер, стакандар және 250 миллилитр (бұдан әрі - мл) дейін сыйымдылықпен оларға ұқсас шыны бұйымдары;

15) аккумулятор ыдыстары, химиялық баллондар, бочата және 10 л-ге дейін сыйымдылықпен оларға ұқсас шыны бұйымдары;

16) өлшеуге арналған стақандар (бюкстар);

17) түбінің қалыңдығы 10 метрге дейін (құюмен) және сыйымдылығы 300 мм дейін стақандар;

18) лампы шынылар, «Ұшатын тышқан» түріндегі діңде екі шыныдан тұратын үлгі шамдарға арналған шынылар;

19) шахталық шынылар;

20) жарық техникалық шыны бұйымдары;

21) шаруашылық ыдысының шыны бұйымдары және сыйымдылығы 3-тен жоғары 10 л дейін ұқсас шыны бұйымдары;

22) медикаменттерге, байлау материалдарына арналған шыны банкалар, сыйымдылығы 1 л-ден артық банкалар және штанглазды шыны сауыттар;

23) иіс су мен әтірлерге арналған күрделі конфигурациялы флакондар;

24) анатомиялық цилиндрлар;

25) диаметрі 200 мм дейін түрлі- түсті және жапсырмалы электр шынысы.

Параграф 4. Шыны бұйымдарын үрлеуші, 6-разряд


355. Жұмыс сипаттамасы:

шыны массадан күрделі конфигурациялы шыны бұйымдарын үрлеу.

356. Білуге тиіс:

құрал мен құрылғыларды пайдалану ережесі;

ірі габаритті бұйымдарды және ірі конфигурациялы бұйымдарды үрлеу әдістері мен тәсімдері;

дайындалатын шыны бұйымдарына мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттар;

ақаудың пайда болу себептері және оның алдын алу мен оны жою бойынша шаралар.

357. Жұмыс үлгілері.:

Үрлеу:

1) газдарды өндіруге арналған Кипп аппараты;



2) тищенко және Лысенко аппараттары;

3) жеміс-жидектерге, гүлдерге арналған құмыралар, күбілер, графиндар, табандықтар және ірі мөлшерлі басқа шыны бұйымдары;

4) диаметрі 150 мм артық зертханалық құйғыштар;

5) диаметрі 200 мм артық түтікті шынының дроты;

6) 1 мм диаметрге дейін рұқсат етілетін шегімен барлық түрері және тағайындаудағы капиллярлар;

7) эмаль жолағы бар массивті капиллярлар;

8) генератор лампаларына арналған колбалар;

9) дьюар азық- түлік термостары мен ыдыстарына арналған колбалар;

10) диаметрі 200 мм артық қарапайым конфигурациялы шашыратқыштар; диаметрі 150 мм дейін күрделі конфигурациялы шашыратқыштар;

11) рюмка, фужерлер, сыйымдылығы 250 мм артық ұқсас шыны бұйымдары;

12) қант салғыштар, креманкалар;

13) аккумулятор ыдыстары, химиялық баллондар, бочата және сыйымдылығы 10 л артық оларға ұқсас шыны бұйымдары;

14) түбінің қалыңдығы 10 м артық (құюмен) және сыйымдылығы 300 мм артық стақандар;

15) бір діңде төрт шыныдан тұратын лампы шынылар және бір діңде үш-үштен «Ұшатын тышқан» түріндегі шамдарға арналған шынылар;

16) шаруашылық ыдысының шыны бұйымдары және сыйымдылығы 10 л жоғары ұқсас шыны бұйымдар;

17) су өлшейтін, мұнайөлшейтін, барлық мөлшерлі барометрлік, аэрометриялық, крандық және шприцтік түтіктер;

18) түрлі-түсі шыныға арналған холявалар;

19) өлшейтін цилиндрлар және мензуркалар;

20) тығын астына табандықтағы цилиндрлар;

21) диаметрі 450 мм жоғары шарлар, қақпақтар;

22) май өлшегіштер мен термометрлерге арналған жалпақ шкалалар;

23) диаметрі 200 мм және одан артық түрлі-түсті және жапсырмалы электр шыны.

Параграф 5. Шыны бұйымдарын үрлеуші, 7-разряд
358. Жұмыс сипаттамасы:

пішіні жағынан ерекше күрделі шыны бұйымдарын үрлеу.

359. Білуге тиіс:

шыны өндірісі технологиясының негіздері, ерекше күрделі конфигурациялы және ірі габаритті шыны бұйымдарын үрлеу әдістері мен тәсімдері;

жасап шығарылатын өнімге қойылатын талаптар;

ақаудың пайда болу себептері және оның алдын алу мен оны жою бойынша шаралар.

360. Жұмыс үлгілері:

1) аяғының биіктігі 70 мм артық хрусталь шыныдан жасалған бокалдар, рюмкалар, фужерлер;

2) екі және үш түрлі шыныдан жасалған гутендік бұйымдар;

3) диаметрі 300 мм дейін жапсырма шашыратқыштар; диаметрі 250 мм артық күрделі конфигурациялы шашыратқыштар;

4) қиқымнан жасалған шыны бұйымдар, құмыралар, графиндар, диаметрі 250 мм артық жеміс-жидектерге арналған құмыра.

Бірегей шыны бұйымдарын үрлеу кезінде - 8-разряд.

361. Жұмыс үлгілері:

1) аяғының вакуумдық биіктігі 85 мм артық сыраға арналған бокалдар;

2) құмыралар: биіктігі 400 мм артық гүлдерге арналған, шараптарды, шампанды суытуға арналған, финкосульфидті шынылардан жасалған жеміс-жидектерге арналған;

3) жабыстырылған тұтқасы бар себеттер;

4) екі, үш түрлі шыныдан жасалған суға арналған жиынтықтар;

5) диаметрі 300 мм артық түрлі-түсті шыныдан жасалған жапсырма шашыратқыштар және табақтар;

6) екі, үш түрлі-түсті шыныдан жасалған жәдігерлік бұйымдар.

72. Шыны бұйымдарының вакуумшысы


Параграф 1. Шыны бұйымдарының вакуумшысы, 3-разряд
362. Жұмыс сипаттамасы:

термостаттарда вакуумдық жүйенің шыны тарақтарына қол газ жанарғысының термостық колбаларының қосалқыларын дәнекерлеу;

колбалардың қабырғааралық кеңістігінен вакуумдық сорғылармен ауаны сорып шығару;

вакуум деңгейін жоғары жиілікті тоқтармен тексеру;

вакуумдау процесінің температурасы мен қысымын реттеу;

триплекс пакеттерін салуға арналған резеңке қаптардан ауаны сорып шығару;

триплекс пакеттерін олардың максималды толтырылуын ескерумен резеңке қаптарға салу;

резеңке қаптарды қою, вакуумдау және қымтап бекіту;

триплекспен резеңке қаптарды арнайы рамаға ілу (арбаға) және автоклавқа престеуге беру.

363. Білуге тиіс:

шыны бұйымдарын вакуумдаудың технологиялық режимі, вакуум деңгейін анықтау үшін жоғары жиілікті тоқтарды;

аз жылытқыштарын пайдалану ережесі, резеңке қаптарды триплекс пакеттерімен ұтымды толтыру ережесі;

термостық колбалардың, резеңке қаптардың герметикалығын тексеру ережесі.

Параграф 2. Шыны бұйымдарының вакуумшысы, 4-разряд


364. Жұмыс сипаттамасы:

жабыстырылған шыны пакттерді, шыны блоктарды реезңке қаптарға және термостатқа салу;

резеңке қаптарды вакуумдау;

вакуумдау процесінің температурасын және қысымын реттеу.

365. Білуге тиіс:

вакуумдық қондырғының құрылысы және бөлшектерді резеңке қаптар мен термостаттарға салу ережесі;

бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.

73. Шыны мен шыны бұйымдарын алушы


Параграф 1. Шыны мен шыны бұйымдарын алушы, 2-разряд
366. Жұмыс сипаттамасы:

созғыш машиналардан ыстық шынықұбырлар мен дроттарды түсіру;

жазық конвейер торынан бұйымдарды түсіру мен олардың қақпағын кесу немесе ыдысқа орнату үшін конвейерге тиеу;

күйдіргіш пештерге шыны бұйымдарын орнату;

кесілген шыны табақтарын салу мен түсіру;

оларды бумаға орнату;

моллирлеу үшін шыны табақтарын қалыпқа салу, қалыптан түсіру және сапасын бақылау орнына орнату;

суыту үшін шыны табақтарын пирамидаға орнату;

мөлшері мен ассортименттері бойынша суытылған шыны табақтарын топтау, жарамды дроттарды іріктеу мен оларды бір байламға буып түю;

жұмыс орнына жәшіктер мен лотоктарды әкелу;

бекітілген орындарға бұйымдарды тасымалдау.

367. Білуге тиіс:

шынының қасиеттері, температура режимдерінің шыны мен шыны бұйымдарының қасиеттеріне әсері;

ыстық бұйымдарды пайдалану ережесі және оларды күйдіру мен ыдысқа салу;

шыныны мөлшерлері бойынша топтау ережесі;

ақау түрлері және оны жою ережесі.

Параграф 2. Шыны мен шыны бұйымдарын алушы, 3-разряд
368. Жұмыс сипаттамасы:

жартылай автоматтағы термоотырғызғыш пленкаға шыны бұйымдарын жинау, орнату мен орау процестерін жүргізу;

қайтып айналған шыны бұйымын жинау және жартылай автомат үстеліне орнату;

жоғарғы және төменгі пакет тігістерін дәнекерлеу;

термоотырғызғыш камераға пакетті салу және ондағы температура режимін реттеу;

пакетті алып тастап, түбіне орнату;

шыны бұйымдарын үрлеушісінен немесе үрленген бұйымдарды ажыратушыдан ыстық шыны бұйымдарын қабылдау және оларды лер торына орнату;

шыны бұйымдарын конвейерден лер торына қайта қою;

шыны табақтарымен пирамиданы қабылдау;

қалыңдығы, мөлшері мен сорты бойынша шыныларды топтау;

табақтарды қарау мен қайтып айналысқа буып-түюге орнату;

түсірілген бұйым сапасын көзбен бақылау.

369. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы, шешіп алынатын бұйымдарға қойылатын талаптар, шыны табақтарын тиеу, түсіру және қайта қою тәсілдері;

шыны табақтарын қалыңдығы, мөлшері мен сорты бойынша топтау тәсілі мен ережесі;

орау материалының шығын нормалары, шыны табақтарымен пирамидаларды тасу мен қайта қою кезінде краншыға сигналдарды беру ережесі.

Параграф 3. Шыны мен шыны бұйымдарын алушы, 4-разряд
370. Жұмыс сипаттамасы:

пакеттеуші автоматпен жабдықтандырылған технологиялық тармақтағы термоотырғызылғыш пленкаға шыны бұйымдарын орау процесін жүргізу;

желіні жұмысқа дайындау;

пакеттеуші автомат үстеліне бұйымның берілген санын орнату;

пакеттерге буып-түю бойынша келесі операцияларға шыны бұйымдарының автоматты түрде жіберілуін қосу;

пакет ұштарының балқу температурасын реттеу;

пакетті түсіру мен оны түбіне орнату;

орау сапасын бақылау;

қызмет көрсетілетін тармақта жұмыс істеу барысындағы ақауларды жою.

371. Білуге тиіс:

технологиялық тармақтың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

пакеттеуші автоматтарды пайдалану ережесі;

шыны бұйымдарын салу мен орауға арналған нормативтік құжаттар;

ақау түрлері және оларды жою тәсілдері.

74. Шыны және шыны бұйымдарына белгі қоюшы
Параграф 1. Шыны және шыны бұйымдарына белгі қоюшы, 2-разряд
372. Жұмыс сипаттамасы:

берілген шектерді ұстаумен барлық мөлшерлі және мақсаттағы айна шағылдырғыштарына және басқа шыны бұйымдарына арналған шыны табақты шаблоны бойынша белгілеу;

сортты ыдыс бұйымдарында, алмас әшекейлеумен хрусталь бұйымдарында бормен, бояумен суреттің сызықтарын белгілеу;

табақ шыныны кесу алдында белгілеу;

шынының ақаулары бойынша сорттын анықтау;

шыны табақтарын кесу үстеліне транспортер жоқ болған кезде салу.

373. Білуге тиіс:

белгі қоятын және өлшейтін құрал мен аспаптардың құрылысы және пайдалану тәсілдері;

шыныны сорттары бойынша пішу ережесі, қолданылатын суреттер;

шыны бұйымдарында сурет сызықтарын белгілеу тәсілдері;

табақтың шынының және шыны бұйымдарының сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Шыны және шыны бұйымдарына белгі қоюшы, 3-разряд


374. Жұмыс сипаттамасы:

кесу алдында сапалық белгілері бойынша өңделген сөре, силикат шыныға белгі қою;

ыстық шыныда табақтың қалыңдығы мен иілуін өлшеу.

375. Білуге тиіс:

белгі қоятын және өлшейтін құрал мен аспаптардың құрылысы;

өңделген, сөре және силикат шыныға арналған мемлекеттік стандарттар;

шыныны сорттары бойынша пішу ережесі.

75. Шыны және шыны бұйымдарын жиынтықтаушы


Параграф 1. Шыны және шыны бұйымдарын жиынтықтаушы, 2-разряд
376. Жұмыс сипаттамасы:

шыныны, шыны бұйымдарын және бөлшектерді берілген қалыңдық пен мөлшерлер бойынша жиынтықтау;

шыны бұйымдарын оптикалық параметрлері бойынша тексерумен ассортименті, мөлшерлері бойынша топтаумен және оларды орау.

377. Білуге тиіс:

шыны бұйымдарын жиынтықтау ережесі, шығарылатын өнімге қолданылатын мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттар, бақылау-өлшеу аспаптарын және құрылғыларды пайдалану ережесі;

жиынтықтау кезіндегі ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.

Параграф 2. Шыны және шыны бұйымдарын жиынтықтаушы, 3-разряд
378. Жұмыс сипаттамасы:

нормалары мен атаулары бойынша ажырата отырып, берілген қалыңдығы, мөлшерлері, түсі бойынша өңделген және түрлі-түсті шыныдан жасалған күрделі бұйымдарды жиынтықтау.

379. Білуге тиіс:

шыны бұйымдарын жиынтықтау ережесі, қарапайым және оптикалық шыныдан жсалған бұйымдарға арналған мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттар;

оптикалық, бақылау-өлшеу аспаптарын және құрылғыларды пайдалану ережесі;

жиынтықтау кезіндегі ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.

Параграф 3. Шыны және шыны бұйымдарын жиынтықтаушы, 4-разряд
380. Жұмыс сипаттамасы:

жабыстыруға қалыңдығы бойынша оптикалық бөлшектерді жиынтықтау. И38 түріндегі аспаптарда оптикалық бөлшектердің қалыңдығын өлшеу;

объективтерді қалыңдығы бойынша жиынтықтау;

жиынтықталатын өнімнің және ілеспе құжаттаманың есебін жүргізу.

381. Білуге тиіс:

жиынтықталатын өнімге арналған нормативтік құжаттар, бұйымдарды ассортименті және оптикалық параметрлері бойынша іріктеу және жиынтықтау ережесі;

аспаптарды оптикалық параметрлерінің өлшемі бойынша пайдалану ережесі;

жиынтықталатын өнімнің есебін жүргізу ережесі.

76. Шыны және шыны бұйымдарын өңдеуші
Параграф 1. Шыны және шыны бұйымдарын өңдеуші, 3-разряд
382. Жұмыс сипаттамасы:

шыны бұйымдарын өңдеу;

ағаш, киіз, тығынды және басқа өңдейтін шеңберлерде сызаттарды және басқа ақауларын өңдеу, алу;

өңдейтін- жуатын машинада айнаны өңдеу процесіне қызмет көрсету;

өңдейтін жабдықтарды орнату;

өңдейтін суспензияларды беруді реттеу;

шеңберлерге (шайбаларға) май құю;

өңделген беттің сапасын бақылау;

қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу.

383. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және пайдалану ережесі;

қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу ережесі;

шыны бұйымдарын механикалық өңдеудің технологиялық процесі;

шыны бұйымдарының ақауы мен сынуының алдын алу және жою бойынша шаралар.

384. Жұмыс үлгілері:

Өңдеу:


1) графиндердің мойны, тығындардың сабақтары;

2) жоғары рефракциялы және бифокалды астигматикалық және стигматикалық линзалар;

3) периметрі 3 м дейін тік бұрышты шынылар.

Параграф 2. Шыны және шыны бұйымдарын өңдеуші, 4-разряд


385. Жұмыс сипаттамасы:

шыны және шыны бұйымдарын ротациялық аппараттарда және әр түрлі жеке станоктарда өңдеу;

қызмет көрсетілетін жабдықты жұмысқа дайындау;

өңдеуші суспензияны беруді, шыныға өңдеушілердің қысымын реттеу;

өңделінетін беттің сапасын бақылау;

өңдегіштерді, байка мен станоктарды тазалау;

қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу.

386. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және пайдалану ережесі;

шыны бұйымдарын механикалық өңдеу технологиялық процесінің негіздері;

шынының, өңдейтін супензияның қасиеттері және олардың сапасына қойылатын талаптар;

өңделген шыныға техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар, өңдеу ақауының түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар;

қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу ережесі.

387. Жұмыс үлгілері:

Өңдеу:

1) электрондық – сәулелік түтіктерге арналған экран линзасы;



2) диаметрі 900 мм дейін айна шағылдырғыштар;

3) күрделі алмас өңдеулер;

4) периметрі 3 м және артық тік бұрышты шынылар.

Параграф 3. Шыны және шыны бұйымдарын өңдеуші, 5-разряд


388. Жұмыс сипаттамасы:

шыныны бір жақты және екі жақты өңдеу конвейерлерінде және ерекше күрделі конфигурациялы шыны бұйымдарын әр түрлі станоктарда өңдеу процесін жүргізу;

қызмет көрсетілетін жабдықты жұмысқа дайындау. Өңдеуші құрылғыларды орнату;

өңдеуші суспензияны беруді, шыныға өңдеушілердің қысымын реттеу;

шеңберлерді (шайбаларды) дайындау;

өңделінетін беттің сапасын бақылау;

өңдегіштерді тазалау;

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды жою.

389. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

әрекет ету қағидасы пайдалану ережесі;

әр түрлі конвейерлерде және станоктарда шыныны өңдеудің технологиялық процесі;

өңдеу ақауының түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар;

өңдейтін суспензиялардың қасиеттері, өңделінетін бұйымдарға және қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар.

390. Жұмыс үлгілері:

Өңдеу:


1) диаметрі 900 мм артық айна шағылдырғыштар;

2) хрусталь және бастырма шынының бұйымдарында алмас өңдеулер;

3) дайын аспаптардың экрандары.

Параграф 4. Шыны және шыны бұйымдарын өңдеуші, 6-разряд


391. Жұмыс сипаттамасы:

ротациялық аппараттарда ерекше күрделі конфигурациялы шыныны өңдеу процесін жүргізу;

қызмет көрсетілетін жабдықты жұмысқа дайындау;

үстел мен феррасаларды жұмыс күйіне орнату;

өңдеуші суспензияны беруді реттеу;

шынының өңделген бетінің сапасын тексеру;

феррастың киізін шаю.

392. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

шыны өңдеудің технологиялық процесі, өңдейтін суспензиялардың қасиеттері және олардың сапасына қойылатын талаптар;

өңделген шыныға мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттар, суспезияны феррасқа беру біркелкілігі мен бір уақыттылығын реттеу ережесі;

өңделінетін беттің сапасын бақылау әдістері мен тәртібі, өңдеу ақауының түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.

393. Жұмыс үлгілері.

Өңдеу:


1) хрусталь және бастырма шынының бұйымдарында күрделі алмас өңдеулер.

77. Шыны лентасын қалыптау операторы


Параграф 1. Шыны лентасын қалыптау операторы, 4-й разряд
394. Жұмыс сипаттамасы:

шыны лентасын қалыптайтын анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен шыны лентасын екі сатылы қалыптау технологиялық қондырғысына қызмет көрсету;


жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау