Хитарова Алия Сафиоллақызы



жүктеу 464,68 Kb.
Дата24.05.2018
өлшемі464,68 Kb.
#16824

Хитарова Алия Сафиоллақызы,
№42 «Ақ ниет» гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
БҚО, Орал қаласы

Мақсаты: Оқушыларға Президентіміз Н.Ә.Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасының кітаптары, суреттері, слайд беттері.
Түрі: әдеби- шығармашылық
Сынып сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.

І. Қызығушылықты ояту.

-Елбасы туралы сіздер не білесіздер?

-Елбасы қандай адам?

  • Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Мұғалімнің сөзі:

2004 жылы Астанада ҚР-ның Тұңғыш Президентінің музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының бірегей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары қойылған.


Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Балалық шағымның аспаны» атты фильм түсірілді. Бұл кинода Елбасының балалық шағынан азаматтық жасына дейінгі өмір жолын қамтиды.

Көркем фильмнен үзінді көрсету.



ББҮ кестесін толтырды.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы Алматы обл. Қаскелең ауданы Шамалған жерінде дүниеге келген. Жары Сара Алпысқызы.Үш қызы бар.

Мектепте қалай оқыды? Оның достары кімдер болды?




ІІ. Мағынаны тану.

Топқа берілген тапсырмалар:

І топ. Елбасының балалық шағы туралы дайындалады.

ІІ топ. Елбасының қызмет еткен жерлері.

ІІІ топ. Шығармашылық жұмыс (5 жолды өлең, РАФТ, өлең шығару не ойтолғау жазу)

ІҮ топ.Елбасының еңбектері мен атақтары, марапаттаулары.

Әр топ ұсынылған тапсырмалары бойынша презентация жасап айтуға, сызба, кесте не сурет арқылы жеткізе алады.

І топ. Елбасының балалық шағы

Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 4 шілдеде Алматы обылысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келді. Балалық шағы таршылық заманда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын құрмет тұтты.


Нұрсұлтанның өмірге келуі: Ата – анасы біраз жыл перзент сүймей жүріп, Райымбек бабаның басына екі күн түнеп, түнде анасы түс көреді. Түсінде теңізге түсіп кеткен екен. Судың түбінде демі тарылмай, кәдімгідей жүре беріпті. Теңіздің түбінен аппақ темірден жасалған ұзын мылтық көріпті. Мылтықты мойнына іліп алып, жүзіп жағаға шығыпты. Таңертең шырақшы түсін жорып, ұл бала табасың, балаң мықты, жасы ұзақ болады, сенің мақтанышың, ел қорғайтын адам болады депті. 
Нұрсұлтан ән айтқанды жақсы көреді. Ол саман кірпіш құйып, тапқан ақшасына гармон сатып алады. «Үшқоңыр», «Елім менің», «Шұбарат», «Сарыарқа» өлеңдерін жұрт сүйсініп тыңдап жүр.
Мектепті бітірген соң, Украинадағы Днепродзержинскі қаласының технологиялық училищесінде оқып, болат құюшы мамандығын алды. Еңбек жолын жұмысшы болып бастап, өзінің шешендігі, ұйымдастырушылық қасиеті арқасында жоғары лауазымдарға ие болды.
Жұбайы – Сара Алпысқызы Назарбаева, халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Үш қызы бар: Дариға – саясат ғылымдарының докторы, Динара – Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Әлия – бизнеспен айналысады.
Н.Ә.Назарбаев – бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді. Ол үшін саясатшы болу – бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

ІІ топ. Елбасының қызмет еткен жерлері.

1960-69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969-73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1969-73 жж. Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1990 ж. Ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.  1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР Президенті.

10 қаңтарда ҚР Президентін сайлау болды. Тұнғыш рет баламалы негізде демократиялық үрдіспен өткен бұл сайлауда ҚР-ның Президенті болып Н. Ә.Назарбаев қайта сайланды.

ІІІ топ. Шығармашылық жұмыс (5 жолды өлең, РАФТ, өлең шығару не ойтолғау жазу).

Оқушылардың шығармашылығы:


- Бес жолды өлең.

Елбасы.


Еңбекқор, әділ.

Еңбектенеді, ерінбейді, жалықпайды.

Елбасы елін, жерін сүйеді.

Ел басшысы.



  • Елбасы туралы жазған оқушырдың ой толғаулары тыңдалды.

ІҮ топ. Елбасының кітаптары мен атақтары, марапаттаулары.

Президент дипломдары, ордендері, атақтары туралы айтып өту.


Аса мәртебелі құрмет-атақтардың бәрі – Елбасының мемлекет басқарудағы іскерлігіне, әлемде бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақсартудағы зор еңбегіне, үлкен саясаткерлігіне көрсетілген құрмет.

  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы (Ұлт көшбасшысы). 

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы. 

  • Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы. 

  • Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы. 

  • Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы. 

  • «Нұр Отан» партиясының төрағасы. 

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы. 

  • ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің төрағасы. 

  • Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы. 

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы. 

  • Назарбаев Университеті Жоғары қамқорлық кеңесінің төрағасы. 

Елбасының кітаптары:

«Еуразия жүрегінде», «Ой бөлістім халқыммен», «Өзекжарды ойлар», «Бейбітшілік кіндігі», «Туған елім – тірегім», «Қазақстан-Ресей қатынастары», «Қалың елім, қазағым», «Сындарлы он жыл» ,«Тарих толқынында».

 Оқушылар әзірлеп келген презентацияларын қорғайды.

Мұғалімнің түсіндіруі:

Елбасының оқыған мектебі туралы, Елбасының сыныптан -сыныпқа көшу табельдері, бірге оқыған сыныптастары, алғашқы мұғалімі туралы айтылды.



ІІІ. Толғаныс кезеңі.

Не үйрендік? Үйренгендерін жазады.



«Егерде мен Президент болсам ……»
Оқушылардың ой-пікірін тыңдау.
Қорытындылау.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз. Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті


сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн,
Артта қалды бодан болған азап күн.
Елім, жерім қазағым деп тебіренем,
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
жүктеу 464,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау