Ќазаќстан республикасыныѕ ЕЅбек жјне халыќты јлеуметтік ќорєау министрлігі



жүктеу 2,44 Mb.
бет8/10
Дата17.01.2018
өлшемі2,44 Mb.
#7566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5) төс етектерге арналған пластиналар, дөңгелек дайындамалар (линзалар мен дискілер) - шыны массасының жинағы;

6) дөңгелек ампула-деңгейлерге арналған стақандар - шыны массасының жинағы.

Параграф 2. Шыны массасын жинаушы, 4-разряд


440. Жұмыс сипаттамасы:

шыны қайнатушы пештен немесе құмырадан түтікке немесе «темірге» ірі мөлшерлі бұйымдарды үрлеуге арналған белгілі бір тұтқырлықты шыны массасының қажетті мөлшерін жинау;

жинақты жартылай үрлеу автоматының операторына беру, сондай-ақ шыны массасының жинағын престеуге арналған қалыпқа беру;

шыны массасын темір шыбықтан тарту;

престеуге арналған шыны массасының дайындығын анықтау.

441. Білуге тиіс:

пластмассаның қасиеттері, әр түрлі бұйымдарды дайындауға арналған шыны массасын жинау және мөлшерлеу тәсілдері;

дайындалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар, шыны массасын жинау кезінде туындайтын ақаудың түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.

442. Жұмыс үлгілері:

1) баллондар, калибрленген мойын қылтасы бар үлкен бөтелкелер, бұрандалық мойын қылтасы бар және жонып тығыздалған тығыны бар флакондар, фигуралық шөлмектер және шампан шөлмегі, банкілер және штанглазды ыдысқа кішкентай шыны сауыттар - жартылай автоматта шығаруға арналған шыны массасын жинау;

2) электрондық-сәулелік түтіктерге арналған конустар - шыны массасын жинау;

3) призмалар, Френельдің әр түрлі линзалары, конденсаторлар, престеуге арналған шыны масса шағылыстырғыштар - жинау;

4) көп орынды нысандардағы тығындар, мүсінді тығындар және ұқсас бұйымдар - шыны массасын жинау;

5) тұз сауыттар, қайнатқышқа арналған табақшалар, күл сауыттар, бір орынды нысандардағы тығындар, салпыншақтар, дәрі ішуге арналған кішкене стақандар, косметикалық ыдыс және ұқсастар бұйымдар - престеуге арналған шыны массасын жинау;

6) шыны түтіктер (дроттар) - керу үшін шыны массасын жинау;

7) экрандар және диагоналы бойынша 47 сантиметр (бұдан әрі – см) дейін электрондық - сәуле түтіктерге арналған конустар - престеуге арналған шыны массасын жинау.

Параграф 3. Шыны массасын жинаушы, 5-разряд
443. Жұмыс сипаттамасы:

ірі мөлшерлі сортты ыдыс бұйымдарын үрлеуге арналған шыны массасын жинау;

шыны қайнатушы құмырадан шыны массасын вакуум- жинайтын машинаға жинау және оны престеуге арналған қалыпқа беру;

машинаның вакуум- жинағын орнату және баптау;

бұйымдарды дайындаудың температуралық режимін, вакуумның деңгейін, берілетін су мен ауаның мөлшерін реттеу;

шыныны арасластыру кезеңінде араластырғыштың айналымдарының қажетті санын айқындау;

электрондық- сәулелік түтіктердің бөлшектерін престеуге арналған шыны массасын жинау.

444. Білуге тиіс:

пештің ұшу ортасы бойынша вакуум- жинау машинасының құрылғысы, электр қайнату негіздері;

шынының құрамы мен қасиеттері;

дайындалатын шыныға қойылатын техникалық шарттар;

шыны массасының сапасын айқындау тәсілдері;

шыны бұйымдарының пішіні мен мөлшеріне байланысты шыны массасын жинау ережесі;

жиналатын шыны массасындағы ақауларды айқындау әдістері.

445. Жұмыс үлгілері:

1) түрлі-түсті шыныдан жасалған дискілер мен линзалар- престеу үшін шыны массасын жинау;

2) арнайы ЭЛП арналған конустар- шыны массасын жинау;

3) жарық техникалық шынылар - шыны массасын жинау;

4) сорттық ыдыс – аяқтағы бұйымдар, салат салғыштар, табақтар және ірі мөлшерлі басқа бұйымдар;

5) диагоналы бойынша 47 см артық электрондық- сәулелік түтіктердің экрандары мен конустары.

Параграф 4. Шыны массасын жинаушы, 6-разряд
446. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі-түсті бейнесі бар электрондық- сәулелік түтіктерге арналған тәжірибелі және сынақ бұйымдарын дайындауға арналған шыны массасын жинау.

447. Білуге тиіс:

шыны массасының техникалық қасиеттері, жинау мен өңдеу ережесі мен тәсілдері;

ақау түрлері және оларды жою тәсімдері;

берілген шектерде пресс-қалыпты жалпақтығы бойынша бөлудің қажеттігін құруды ескерумен пресс-қалыпқа «тамшыны» салу әдісі.

448. Жұмыс үлгілері:

1) барлық типтегі мөлшерді түрлі-түсті теледидарға арналған кинескоптардың қабыршақтарына арналған экрандар мен конустар-шыны массасын жинау.

83. Шыны массаны құюшы
Параграф 1. Шыны массаны құюшы, 3-разряд
449. Жұмыс сипаттамасы:

ванна пешінен шыны массасын құю процесін жүргізу;

шыны массасын флюстарға ұсақтау;

құйғыш машина мен транспортердің жұмысын қадағалау;

шыны массасының ағысын суытуға арналған суды беруді реттеу;

құйғыш машинасын тазалау.

450. Білуге тиіс:

құю процесін жүргізу және шыны массасын ұсақтау ережесі;

құйғыш машина мен транспортердің құрылысы;

шыны массасының ағысын суытуға арналған суды беруді реттеу.

84. Шыны өндірісін бақылаушы
Параграф 1. Шыны өндірісін бақылаушы, 3-разряд
451. Жұмыс сипаттамасы:

мемлекеттік стандарттардың талаптарына және техникалық шарттарға сәйкес арнайы аспаптардың және өлшеу құралының көмегімен сыртқы түрі, мөлшері мен нысаны бойынша шыны бұйымдарының сапасын бақылау;

технологиялық процесс сатылары бойынша өткен кезде қарапайым және орта күрделі конфигурациялы жартылай фабрикатты және шыны бұйымдарын бақылау, бракқа шығару және қабылдау;

технологиялық операцияларда ішінара бақылау, күйдіруден кейін шыны бұйымдарын бақылау;

берілген мөлшерлерге және табақтар мен түтіктердің қалыңдығына сәйкес шыны тартатын машиналардан шынының шығуын қадағалау;

шыныны қысқартып кесуді, сындырып алуды тексеру;

түзетілетін және түзетілмейтін ақауды анықтау;

бақылау сынамалары мен үлгілерді іріктеу;

одан әрі өңдеу үшін жартылай фабрикаттардың жарамдылығын анықтау;

шыны және шыны бұйымдарын механикалық қысыммен беріктікке, термотөзгіштікке және тұмшалауға төзімділікке сынау;

бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен алдын ала дайындалған қондырғылар мен құрылғыларда (шкафтарда, камераларда) күрделі шыны бұйымдарына сынақ жүргізу және өлшеу нәтижелерін есепке алу;

бұйымдарды ассортименті, сорттары бойынша сұрыптау, ариткулдары мен бағалары бойынша таңбалау;

ақау түрлерін жіктеумен жартылай фабрикаттың, жарамды және ақауға шығарылған өнімнің есебін жүргізу;

жарамды шыны бұйымдарына және ақауға құжаттаманы ресімдеу;

жартылай фабрикаттар мен дайын шыны бұйымдарын қабылдау және тапсыру;

шыны бұйымдарын таңбалаудың, салу мен қатарластырып жинаудың дұрыстығын бақылау.

452. Білуге тиіс:

шыны дайындау технологиясының негіздері, шынылардың маркалары, сорттылығы, тобы, сапасы, шыныны тігінен тарту машиналарының жұмыс істеу қағидасы;

шыны табақтарын кесуге, борттауға және кесіп алуға арналған механизмдер мен құрылғылардың құрылысы, бақыланатын өнім өндірісінің технологиялық процесінің негіздері;

шыны және шыны бұйымдарын механикалық қысыммен және вакуумда беріктікке, термотөзгіштікке және тұмшалауға төзімділікке сынауға арналған барлық жүйелер қондырғыларының құрылысы;

дайындалатын шыны және шыны бұйымдарына арналған мемлекеттік стандарттар, бақылау-өлшеу аспаптарын және құрылғыларды пайдалану ережесі;

ақау түрлері, оның пайда болу себептері және оларды жою шаралары.

453. Жұмыс үлгілері.

1) ампулалар – дөңгелек және цилиндр деңгейлерді сызықтық мөлшерлері бойынша және сезімталдылыққа бақылау;

2) барлық мақсаттағы ареометрлер – бақылау;

3) консерві банкалары, бутылкалар, парфюмерлік ыдыс – бақылау;

4) бюреткалар – бақылау;

5) капиллярлы вискозаметрлер – мөлшерлері мен сапасы бойынша бақылау;

6) колбалар және химиялық стақандар – көзбен бақылау; арнайы электрондық- сәулелік түтіктерге арналған колбалар – бақылау;

7) микробюреткалар – бақылау;

8) бөлгіштері бар пипеткалар – бақылау;

9) тығыз қиюластырылған тығынға арналған ыдыс – бақылау;

10) медициналық араластырғыштар, флакондар, банкалар, шыны сауыттар және дәрі- дәрмектерге арналған ыдыс – бақылау;

11) зертханалық, термотүйісу, мұнай, өнеркәсіптік, техникалық, ауылшаруашылық, инкубаторлық термометрлер - бақылау;

12) термостар, өлшейтін колбалар, шыны изоляторлар, дәріханалық ыдыс, шыны құбырлар, шыны пакеттер, сортты ыдыстың жартылай фабрикаттары және ұқсас бұйымдар - бақылау;

13) түтіктер (дрот)- ішкі және сыртқы диаметрлерді бақылау;

14) шприцтарға арналған цилиндр, медициналық шприцтар – мөлшерлік параметрлерін бақылау және шынының ақауларын табу;

15) штабиктер, шыны ұнтақтарынан таблеткалар - бақылау.

Параграф 2. Шыны өндірісін бақылаушы, 4-разряд
454. Жұмыс сипаттамасы:

мемлекеттік стандарттардың талаптарына және техникалық шарттарға сәйкес күрделі шыны бұйымдарының сапасын бақылау;

дайын өнімнің қабылдау- тапсыру сынауларын жүргізу;

бақылау сынамалары мен үлгілерін іріктеу;

аспаптарды сынаулар жүргізуге дайындау;

шикізатты, материалдарды, шыны бұйымдарының қалыптарын дайындау, желімдеп жапсыру, құрастыру, сіңдіру, орау технологиялық процестерін, орау ыдысының жиынтықтылығы мен өңдеу сапасын бақылау;

ерекше жоғары берікті және арнайы есептеулерді қажет ететін шыны бұйымдарын сынау;

электр қыздыратын аспаптар мен термореттеуіштерді сынау;

бұйымдарды жарық өткізушілікке сынау;

технологиялық регламентпен белгіленгенген өндіріс параметрлерінің сақталуын операция бойынша бақылау;

сынаулардың сызбасын құру және режимдерді іріктеу;

стенділер мен аспаптарды берілген сынаулар режиміне баптау;

бақыланатын шикізаттың, материалдардың, ақау түрлерін жіктей отырып, ақауға шығарылған және жарамды өнімнің саны мен сапасының есебін жүргізу;

бақылау нәтижелерін журналға жазу.

455. Білуге тиіс:

бақыланатын өнім өндірісінің технологиялық процесінің негіздері, шынының маркалары және оның физикалық –химиялық қасиеттері;

шыны бұйымдарының сапасына қойылатын талаптар, бақыланатын технологиялық режимдерге, шыны бұйымдарына, жартылай фабрикаттарға, жиынтықтайтын бұйымдарға, шикізат пен материалдарға қойылатын мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттар, шыны және шыны бұйымдарының ішкі және сыртқы ақауларының түрлері;

шыны бұйымдарының әрбір түрін сынау циклі, қысым және кернеу астындағы қондырғыларда қауіпсіз жұмыс ережесі;

сынау кезінде қолданылатын қондырғылардың, жабдықтың және құрылғылардың құрылысы, термометрия негіздері;

ақау түрлері, оның туындау себептері мен жою тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдың, сайманның құрылысы және пайдалану ережесі.

456. Жұмыс үлгілері:

1) күрделі аппараттар мен аспаптар (Гейслер - Эдман, Ромбок – Мор) - соңғы тексеру;

2) күміс жабыны бар фотоэлементтерге арналған бөлшектер – бақылау;

3) сәнделген, алмас қыры бар айналар және кең фацеті бар айналар – бақылау;

4) түссіз, түсті және саптама шыныдан, қарапайым суреттермен сәнделген, алмас қыры бар, алтыны бар бұйымдар - бақылау;

5) сирек кездесетін тотықтармен боялған бұйымдар – бақылау;

6) жарық техникалық күрделі бұйымдар (форвакуумдық вакууметрлердің колбалары, саптама шыныдан мүсінді) – бақылау;

7) микроскопия – бақылау;

8) диаметрі 400-ден жоғары 1000 мм дейін айналы шағылдырғыштар – бақылау;

9) метеорологиялық, зертханалық (бірдей бөлінген) термометрлер– бақылау.

Параграф 3. Шыны өндірісін бақылаушы, 5-разряд
457. Жұмыс сипаттамасы:

ерекше күрделі және жоғары көркем шыны бұйымдарының, ерекше дәл құралдардың, арнайы мақсаттағы шынының сапасын мемлекеттік стандарттардың талаптарына және техникалық шарттарға сәйкес бақылау;

жиынтықтаушы бұйымдарды, дайындамаларды механикалық өңдеудің сапасын, ылғалқорғаныш жабынның технологиялық режимін бақылау;

жаңа технологияны, өнімнің жаңа және тәжірибелі түрлерін меңгеру кезінде технологиялық процесс параметрлерін бақылау;

тәжірибелі және ұсақ сериялы өндірістің шыныдан және кварц қыштан күрделі бұйымдарын соңғы қабылдау және оларды тапсырысшыға тапсыру;

шыны бұйымдарына технологиялық паспорттарды толтыру, қабылдау- тапсыру және тиеу құжаттарын ресімдеу;

поляриметрлерге, полярископтарға, микроскоптарға және қондырғыларды тексеруге арналған басқа құралдарға юстировка жасау;

дайын өнімнің орауы мен таңбалануын бақылау;

жарамды және ақауға шығарылған өнімнің есебін жүргізу;

ақау түрлерін жіктеу.

458. Білуге тиіс:

ерекше күрделі шыны бұйымдарын, аспаптарды, тораптар мен бөлшектерді бақылау әдістері мен тәсілдері;

арнайы және әмбебап құралдың құрылысы, әрекет ету қағидасы және пайдалану ережесі;

бақыланатын аспаптар мен бұйымдардың номенклатурасы, белгіленуі, техникалық шарттар және қойылатын талаптар;

өнімге, жартылай фабрикаттарға, жиынтықтайтын бұйымдарға, шикізат пен материалдарға мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттар.

459. Жұмыс үлгілері:

1) диаметрі 1000 мм артық айналы шағылдырғыштар – бақылау;

2) ерекше дәл шыныдан жасалған бұйымдар– бақылау;

3) жарық техникалық және арнайы мақсаттағы техникалық шыны- сапасын, мөлшерлерін бақылау.
85. Шыны өндірісіндегі күйдіруші
Параграф 1. Шыны өндірісіндегі күйдіруші, 2-разряд
460. Жұмыс сипаттамасы:

қыш және шыны бөлшектерді пештерде күйдіру;

материалдарды жүгіргіштерде тарту, елеуіш арқылы елеу, қыш шихтасын ылғалдау және құрастыру.

461. Білуге тиіс:

бұйымдарды тиеу және түсіру ережесі;

қыш және шыны бөлшектерді күйдіру режимі;

электр оқшаулау қыштың шихтасына арналған массаның құрамы мен мөлшерлемесі.

462. Жұмыс үлгілері:

1) оұшаулағыштар, моншақтар, тығындар және басқа қыш бөлшектер - күйдіру;

2) электростерилизаторларды, моншақтарды, тығындарды дайындауға арналған масса - дайындау.

Параграф 2. Шыны өндірісіндегі күйдіруші, 3-разряд
463. Жұмыс сипаттамасы:

сорттық ыдыс бұйымдарының бетіне арналған бояулардың, алтынның әр түрлі құрылымдарын күйдіру пештерінде күйдіру;

темір купоросты, көмірқышқыл темірді, котрельді шаңды және крокус дайындауға арналған басқа материалдарды тиеу;

крокусты күйдіру процесін жүргізу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша күйдірудің температуралық режимін реттеу;

бұйымдарды тиеу мен түсіруді қадағалау.

464. Білуге тиіс:

күйдіру пештерінің құрылысы, сорттық ыдыс бұйымдары мен крокус үшін күйдіру режимі;

бақылау-өлшеу аспаптарының белгіленуі және олардың көрсеткіштері бойынша күйдіру процесін реттеу ережесі;

күйдіру процесіне қойылатын техникалық талаптар;

ақаудың себептері мен түрлері, оның алдын алу бойынша шаралар.

465. Жұмыс үлгілері:

1) шынылы, эмальданған тақталар (қаптау)- күйдіру;

2) қорғасын жосасы- қорғасын глетіне дейін күйдіру;

3) шприцті цилиндрлар, градусталған шкаламен жағылған бояуымен май өлшеуіштер – бояуды күйдіру;

4) қыш электростерилизаторлар - күйдіру.

Параграф 3. Шыны өндірісіндегі күйдіруші, 4-разряд
466. Жұмыс сипаттамасы:

кварц қыштан бұйымдарды күйдіру және шыны өндірісінде анағұрлым жоғары білікті күйдірушінің басшылығымен кезеңдік әрекеттегі электр пештерінде сіңдіру қабатын күйдіру процесін жүргізу;

бұйымдарды электр пештеріне орнату, пешті құммен герметикалау;

электр пештің және бақылау-өлшеу аспаптарының күйін тексеру;

температуралық күйдіру режимін қадағалау;

бұйымдарды электр пештен алу.

467. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының және құралдың құрылысы және пайдалану ережесі;

бұйымдардың сіңдіру қабатын күйдіру режимдері;

бұйымдарды электр пешіне орнату және оларды пештен алу ережесі;

күйдіру кезінде бұйымдардың ақауының пайда болу себептері және оның алдын алу бойынша шаралар.

Параграф 4. Шыны өндірісіндегі күйдіруші, 5-разряд


468. Жұмыс сипаттамасы:

кварцты қыштан жасалған бұйымдарды күйдіру және кезеңдік әрекеттегі электр пештерінде сіңдіру қабатын күйдіру процесін жүргізу;

талдаулар нәтижелері бойынша бұйымдарды күйдірудің ең үлкен температурасын түзету;

бөлудің берілген біркелкілігін және электр пешінде температураның көтерілу жылдамдығын қамтамасыз ету;

электр пешіндегі бұйымдардың күйін және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін бақылау;

бұйымдарды қоюды өлшеу және есептеу;

өнімді бақылаушыға тапсыру;

технологиялық журналды жүргізу және техпаспорттарды толтыру.

469. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы, күйдірілетін бұйымдардың ассортименті;

бұйымдарды күйдіру режимдерін есептеу әдістемесі;

бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы және пайдалану ережесі.

86. Шыны пакеттер мен шыны блоктарды өңдеуші
Параграф 1. Шыны пакеттер мен шыны блоктарды өңдеуші, 1-разряд
470. Жұмыс сипаттамасы:

шыны пакеттерін, шыны блоктарды, триплексті өңдеу:

майлықтарды, жабысатын құрамды, мастиканы, резеңкені және басқа материалдарды дайындау;

шыны блоктарына бөз майлықтарды жапсыру;

шыны бұйымдарының беті мен шетін мастикамен жабу және оларға қалқаншалар жапсыру;

сусальдық алтынның, күмістің және басқа металдардың табақтарын смальт дайындау кантореласына жапсыру;

шыны блоктарының бетіне экрандаушы қабатты жағу;

пакеттердің шеттерін майлау құрамымен жағу және қабыршықтың шеттерін резеңкемен жапсыру;

триплекс шынының тесігін ылғалға төзімді мастикамен толтыру;

шыны блоктарының бетін балауыз мастикамен жабу;

шыны пакеттерін қағаз төсей отырып салу;

байкаларды үстелдерден алу;

үстелдердің беттерін конвейерден тазарту;

үстелдерді тазартуға арналған қондырғыны реттеу.

471. Білуге тиіс:

бөз майлықтарды, шыны бұйымдарына сусальдық материалды жапсырудың, шыны пакеттердің шеттерін майлаудың, мастика жағудың әдістері мен тәсімдері;

экрандаушы сұйықтықты, мастиканы және балауыз массасын дайындау ережесі;

шыны пакеттері мен шыны блоктарын өңдеуге қойылатын талаптар, лактың қасиеттері;

үстелдерді тазалау қондырғысын пайдалану ережесі;

резеңке мен бутафолды желімнің сапасына қойылатын талаптар, шыны жиегі мен резеңкенің арасындағы саңылаулардың алдын алу тәсімдері;

ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.

Параграф 2. Шыны пакеттер мен шыны блоктарды өңдеуші, 2-разряд


472. Жұмыс сипаттамасы:

шыны пакеттерін және шыны блоктарды өңдеу;

қабыршықты және жабыстыратын құрамды дайындау;

ерітінді, мастика, эмаль дайындау;

шыны пакеттеріне және шыны блоктарына қорғаныш шыны мен қорғаныш қабыршықтарды жапсыру;

қуаттандырғыштарды құммен және экрандаушы сұйықтықпен зарядтау;

форсункаларды баптау, үстелдің бұрылысын қосу, позицияны блоктармен сала бастау, форсункаларды қосу;

шыны блоктарын үстелден алу;

шыны блоктарын кептіру транспортеріне беру;

жабыстырылған шыны блоктарын (жиектрін) мұнай битумды мастикамен, эмальмен, лакпен бояу;

триплекстің шетінен шығып тұратын қабыршықты кардты дисктік щеткамен өңдеу;

триплексі шынысының күйдірілген тесіктерін өңдеу;

бөлшектер мен бұйымдарды қабыршықтың қалдықтарынан тазалау;

целлулоидты бөлшектің бүкіл параметрі бойынша жағу;

электр пышақты орнату;

шынының саңылауын бітеу;

саңылауды күйдіру сапасын тексеру;

триплексті пирамидаға орнату.

473. Білуге тиіс:

шыны блоктары мен шыны пакеттерді қорғағыш қабыршықпен жапсырудың әдістері мен тәсілдері;

жабыстыратын құрамды және экрандаушы сұйықтықтың ерітіндісін дайындау тәсілдері;

майлау үстелінің және көмекші жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

шыны блоктарды мұнай битумды мастикамен, эмальмен, лакпен қайнату тәсілдері;

мастика мен эмальдың қасиеттері, кардтық дисктік щетканың және электр пышақтың құрылысы және пайдалану ережесі;

триплекстің саңылауларын өңдеу және тазалау тәсілдері;

бұйымдарды өңдеу сапасына қойылатын талаптар.

87. Шыны пакеттерді престеуші
Параграф 1. Шыны пакеттерді престеуші, 2-разряд
474. Жұмыс сипаттамасы:

плитада шыны пакетті қыздыру;

резеңке шығыршықтарды шыны пакетке салу;

шыны пакетті престе берілген режим бойынша алдын ала престеу.

475. Білуге тиіс:

шыны пакеттерді престеу ережесі;

престеуден кейін бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Шыны пакеттерді престеуші, 3-разряд


376. Жұмыс сипаттамасы:

термостатты дайындау;

шыны пакеттерін резеңке төсемдермен термостаттың кареткасына салу;

шыны пакеттерін термостатқа тиеу;

ауданы 1 м2 дейін, шынының қалыңдығы 12 мм дейін шыны пакеттерді берілген режим бойынша престеу;

герметикті дайындау және шыны пакеттерінің шеттерін герметикпен құю;

құйғаннан кейін шыны пакеттерінің шеткі жақтарын кесу;

престе өңделген «өкшелерді» престеу;

«Өкшелердің» жиектерін өңдеу.

377. Білуге тиіс:

термостатты және престерді пайдалану ережесі;

герметикті дайындау рецептурасы және сапасына қойылатын талаптар;

шыны пакеттерді престеу режимдері;

престеуден кейін ақау түрлері және оның алдын алу шаралары.

Параграф 3. Шыны пакеттерді престеуші, 4-разряд
378. Жұмыс сипаттамасы:

ауданы 1 м2 артық және қалыңдығы 12 мм артық шыны пакеттерді берілген режим бойынша престеу.

379. Білуге тиіс:

термостатты және престерді пайдалану ережесі;

престеуден кейін бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

88. Шыны пісіруші


Параграф 1. Шыны пісіруші, 2-разряд
480. Жұмыс сипаттамасы:

шыныны пісіру үшін силикат- кесекті дайындау: автоклавтың ыдыстарын, қазандықты және басқа аппараттарды жуу және силикат кесекпен және сумен толтыру;

анағұрлым жоғары білікті пісірушінің басшылығымен шыныны пісіру;
481. Білуге тиіс:

автоклавты, қазандықты және шыны пісіретін басқа аппараттарды пайдалану ережесі;

сұйық шыныны пісіруге жіберетін негізгі компоненттердің қасиеттері;

бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.

Параграф 2. Шыны пісіруші, 3-разряд
482. Жұмыс сипаттамасы:

автоклавта, қазандықтарда және басқа аппараттарда шынны пісіру процесін жүргізу;

сұйық шыныны пісіру және суыту режимдерін қадағалау және реттеу;

сұйық шынының үлес салмағын айқындау;

сұйық шынының параметрлерін шыны бұйымдарын дайындау үшін қажетті деңгейге дейін жеткізу;

дайын сұйық шыныны ыдыстарға тартып ағызу.

483. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

шыны пісірудің технологиялық процесі;

шыны пісіру үшін қолданылатын негізгі материалдарға және дайын өнімге қойылатын талаптар;

қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды техникалық пайдалану ережесі;

ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.


89. Шыны салушы


Параграф 1. Шыны салушы, 2-разряд
484. Жұмыс сипаттамасы:

ротациялық аппараттардың клингерлері мен дюранстарын төсеу;

жіктерді гипс ерітіндімен бітеу;

конвейерлік қондырғыларда және ротациялық аппараттарда тегістеу мен өңдеу үшін шетін ұштаумен шыны табақтарының пластиналарын гипстау;

өңдеу кезінде шынының беріктігін қамтамасыз ету;

блоктық пластиналарды қалыңдығы бойынша іріктеу;

пластиналарды кассеталарға салу;

гипс ерітіндіні дайындау;

пластиналарды гипс ерітіндімен құю;

кассеталардың гипсын алу;

бұйымдарды тазалу және жууға тасу.

485. Білуге тиіс:

гипс қондырғысының құрылысы және пайдалану ережесі;

гипстің қасиеттері, шынының табақтарын гипстеу тәсілдері, кассеталарды гипспен құю және бұйымдарды ротациялық үстелге салу ережесі;

гипс балшығының қасиеті, жіктерінің сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Шыны салушы, 3-разряд


486. Жұмыс сипаттамасы:

ротациялық аппараттардың үстелдеріне байканы алдын ала төсеумен конвейердің үстелдеріне шыны табақтарын төсеу;

блоктық пластиналарды қалыңдығы бойынша іріктеу;

жіктерді гипс балшығымен бітеу;

шыны табақтарын кері жағына қою;

үстелдер мен байканы тазалау;

шыныны жууға апару.

487. Білуге тиіс:

шыны табақтарының қалыңдығы мен қисықтығына шектер;

гипстің қасиеттері;

әр түрлі мөлшерлі шыны табақтарын төсеу тәсілдері;

төселген шынының сапасына қойылатын талаптар.

90. Шыны сұрыптаушы
Параграф 1. Шыны сұрыптаушы, 1-разряд
488. Жұмыс сипаттамасы:

іріктеп таңдалған тығынды бұйымға байлай отырып сүрту алдында шыны бұйымдарының мойын қылтасына тығынды іріктеу;

смальт үшін жарамдылық деңгейі бойынша сусалды металды іріктеу;

түймелерді престеу үшін шыныны түстері мен мөлшерлері бойынша іріктеу;

ротациялық аппараттың ауданы бойынша шыны жинақтарын таңдау.

489. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, әрекет ету және пайдалану қағидасы, шыныны іріктеу ережесі;

ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.

91. Шыныны тарту машиналарының машинисі
Параграф 1. Шыныны тарту машиналарының машинисі, 3-разряд
490. Жұмыс сипаттамасы:

шыныны тігінен керу машиналарында созылатын лентаның ернеуінің күйін қадағалау;

шыны лентасында соғуды таңдауға қатысу;

тастарды білікшелердің бірінші және екінші жұбы арқылы өткізу;

шыныны тігінен керу машиналарын қосуға дайындау және қосуға қатысу;

жұмысқа қажетті құралды дайындау;

машина арнасымен алаңшаны соғудан тазарту.

491. Білуге тиіс:

шыныны тігінен керу машиналарының және жасау арнасының құрылысы;

табақтық және түтікшелі шыныны механикаландырылған дайындау қағидасы;

шыны лентасының үзілуін тудыратын себептер және олардың алдын алу тәсілдері.

Параграф 2. Шыныны тарту машиналарының машинисі, 5-разряд


492. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті шыны тарту машинисінің басшылығымен табақтық шыны мен түтіктерді дайындау;

қызмет көрсетілетін машиналарды қосуға дайындауға, қосуға және тоқтатуға қатысу;

шыны және шыны бұйымдарының лентасын тарту барысын қадағалау;

шыныны тарту машинасының шахтасында жылу режимін реттеу және температураның шыны лентасының енімен біркелкі таралуын қамтамасыз ету;

тарту кезінде шыны лентасының және түтік діңінің бұзылуларының алдын алу;

шыны лентасының «соғылуын» жою;

түтік қабырғаларының диаметрі мен қалыңдығының берілген мөлшерлерге сәйкестігін қадағалау;

қайықтар мен басқа құрылғыларды ауыстыру және тазалау.

493. Білуге тиіс:

шыныны тарту машинасының құрылысы;

қызмет көрсетілетін машиналарды пайдалану ережесі;

шыныны тарту машиналарында тігінен тарту әдісімен шыны бұйымдарын дайындау технологиясының негіздері;

көлденең тарту машиналарында түтіктерді дайындау технологиясы;

даярланатын бұйымның сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 3. Шыныны тарту машиналарының машинисі, 6-разряд


494. Жұмыс сипаттамасы:

табақтық шыны мен түтіктерді дайындау;

табақтық шыны мен түтіктерді тарту машиналарын қосу және тоқтату;

берілген қалыңдықты шыныны тарту жылдамдығын реттеу;

газдың, ауаның машина арнасына түсуін және қайық тесігіндегі шыны массасының деңгейін қадағалау;

қайықтың тесігін тегістеу;

дайындау арнасында белгіленген жылу режимін ұстау;

кюльдесактардан, шыны массасын шығару, шыны массаны қыздыратын камерада хальмалау;

шыны тартудың анағұрлым төмен білікті машинистеріне басшылық ету;

қайықтар мен басқа құрылғыларды ауыстыру және тазалау.

495. Білуге тиіс:

табақтық шыны және шыны бұйымдарын машиналық дайындау технологиясы;

табақтық шыны мен түтіктерді тарту машинасының құрылысы және пайдалану ережесі;

лентаның ені бойынша шынының қалыңдығын теңестіру тәсілі;

өңделетін өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

Қалыңдығы 3 мм дейін, сондай-ақ қайықтың ені 2,5 м артық болған кезде шыныны тарту процесіне қызмет көрсету кезінде - 7-разряд.

92. Шыныны тегістеуші
Параграф 1. Шыныны тегістеуші, 3-разряд
496. Жұмыс сипаттамасы:

тегістеп жылтырататын станоктарда диаметрі 500 мм дейін шағылыстырғыштарды тегістеу;

тегістеу үшін қажетті зімпараларды таңдау;

құмды қоректендіретін тетіктерді жөндеу.

497. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

шынының маркалары, сорттары мен қасиеттері, шынының ақаулары;

қолданылатын абразивті материалдардың қасиеттері және олардың маркалануы;

өңделінетін шыныға техникалық шарттар.

Параграф 2. Шыныны тегістеуші 4-разряд


498. Жұмыс сипаттамасы:

көлемі 1 м2 шыны бетін, диаметрі 500 мм артық 900 мм дейін айна шағылыстырғыштарды тегістеу машиналарда, жартылай автоматтарда, шайбалар мен шеңберлерде және тағы басқа тегістеу;

өңдеуді берілген дәлдікке тексеру;

тегістеу тетіктерді жөндеу, орнату, іріктеу.

499. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

әрекет ету қағидасы және реттеу ережесі;

бұйымдарды тегістеу бойынша жұмыс тәсілдері;

шынының және абразивті материалдардың негізгі физикалық қасиеттері;

бақылау-өлшеу аспабын пайдалану ережесі;

бұйымның тегістелген бөлігіне қойылатын техникалық талаптар;

бұйымдардың сынуы мен ақауының алдын алу бойынша шаралар.

Параграф 3. Шыныны тегістеуші, 5-разряд
500. Жұмыс сипаттамасы:

көлемі 1 м2 шыны бетін, диаметрі 900 мм артық айна шағылыстырғыштарды, техникалық шыныдан жасалған бөлшектерді біржақты және екіжақты тегістеу конвейерлерде, ротациялық аппараттарда тегістеу;

абразивті материалдардың берілуін және шыныға әсер ететін олардың қысымын реттеу;

тегістелген шынының сапасын тексеру.

501. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

әрекет ету қағидасы және пайдалану ережесі;

шыныны тегістеу технологиялық процесінің негіздері;

шынының, абразивті материалдардың негізгі физикалық қасиеттері және олардың маркалары, «шикі» және тегістелген шынының сапасына қойылатын талаптар;

тегістеу кезіндегі ақаудың түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар;

жабдықтың автоматты режимде жұмыс істеу ережесі.

93. Шыны түтіктері мен дротты өндіру бойынша тартушы


Параграф 2. Шыны түтіктері мен дротты өндіру бойынша

тартушы, 2-разряд


502. Жұмыс сипаттамасы:

дрот шынысын тарту үшін жапсырма дайындау;

жапсырманы жиынтыққа қосу;

шыны түтіктері мен каппилярлардың шыны бұйымдарын үрлеушімен бірігіп тарту.

503. Білуге тиіс:

жапсырма дайындау мен жиынтыққа қосу тәсілдері;

диаметрі мен қабырға қалыңдығы бойынша түрлі мөлшерлі капиллярлар мен шыны түтіктерін тарту процесі;

шынының негізгі маркалары.

Параграф 2. Шыны түтіктері мен дротты өндіру бойынша

тартушы, 4-разряд


504. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті шыны түтіктері мен дротты өндіру бойынша тартушының басшылығымен тартатын машинада кварцты түтіктерді тарту;

шыны блоктарын (дротты) тартатын әртүрлі жүйелі машиналарға қызмет көрсету;

графит бөлшектер мен элементтерді және пешті құрастыру үшін футерлеуді дайындау;

кварцты блоктар дайындау және пешке тиеу;

мундштукқа құйылатын шыны массасының температыурасын бақылау;

мундштуктың айналу жылдамдығы мен тартатын машинаның жүрісін реттеу;

шыны түтіктерін тарту процесінде әртүрлі көмекші операцияларды орындау;

тартатын машиналарын жөндеуге қатысу.

505. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

кварц түтіктері мен дротты тартудың технологиялық процесі;

мундштуктың айналу жылдамдығын, ауаны беруді және тартатын машинаның жүріс жылдамдығын реттеу тәсілдері;

бақылау-өлшеу аспаптары және құралды пайдалану ережесі;

ақау түрлері оның алдын алу тәсілдері.

Параграф 3. Шыны түтіктері мен дротты өндіру бойынша

тартушы, 5-разряд
506. Жұмыс сипаттамасы:

ішкі диаметрі 100 мм дейін шеңбер бейінді қалың қабырғалы түтіктерді кварцты блоктардан тарту;

кварцтың жалпақ тілімдері мен бітеу таяқшаларды тарту;

пешті, салқындату жүйесін, ауа мен азоттың берілуін жұмысқа дайындау;

шыны түтіктерін тартатын әртүрлі жүйелі машиналарға қызмет көрсету;

шынының қызу жүйесін анықтау;

пештің қызу режимін және берілген мөлшердегі түтіктерді тарту үшін пештің ыстық зонасына түтіктерді тиеу жылдамдығын реттеу;

тартпаларды, мундштуктар мен шиберлерді ауыстыру бойынша жұмысты басқару.

507. Білуге тиіс:

түтіктер мен дротты тартуға арналған пештердің құрылысы және қызмет көрсету ережесі;

әр түрлі маркалы шынының қасиеттері, кварц шынының қасиеттері;

түтіктерді тартудың технологиялық процесі, шыны түтіктерін, бітеу таяқшаларды (штабиктер) және қалың қабырғалы түтіктерді дайындауға арналған техникалық шарттар;

бақылау-өлшеу аспаптарын және құралды пайдалану ережесі мен белгіленуі;

ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.

Параграф 4. Шыны түтіктері мен дротты өндіру бойынша

тартушы, 6-разряд


508. Жұмыс сипаттамасы:

диаметрі 40 мм артық және 1,0 мм бастап 0,5 мм дейін рұқсат етілетін шыны түтіктерін тарту;

ішкі диаметрі 100 мм артық шеңбер бейінді қалың қабырғалы және жұқа қабырғалы түтіктер мен басқа бейінді түтіктерді (квадратты, тік төрт бұрышты, сопақ және басқ.) кварцты блоктардан тарту;

тарту режимін іріктеу;

сәйкес диаметрлі түтіктерді тарту үшін бастапқы мәліметтерді есептеу;

пешті құрастыру және берілген режимге шығару;

көміртек графитті материалдардан жасалынатын бөлшек пішіндердің геометриялық мөлшерін (матрицаларды, пуансондарды) іріктеу.

509. Білуге тиіс:

кварц түтіктерін тартуға арналған пештердің құрылысы;

әрекет ету қағидасы және қызмет көрсету ережесі, әр түрлі пішінді құбырларды тартудың технологиялық процесі;

шынының маркасына және бұйымның түріне байланысты тарту режимін іріктеу ережесі;

берілген өнімді дайындауға тартатын машиналарды жөндеу ережесі;

пешті жасау ережесі және оны жинауға кететін материалдардың қасиеттері;

бақылау-өлшеу аспаптарының және құралдың әрекет ету қағидасы және құрылысы;

ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.

Параграф 5. Шыны түтіктері мен дротты өндіру бойынша

тартушы, 7-разряд
510. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық процесті автоматты басқару жүйесінің пештерінде рұқсат етілетін диаметрі 0,5 мм артық және одан аз медициналық тағайындаудағы химиялық және термиялық берік шынының шынылы массасынан шыны түтіктерін тарту;

тарту режимін іріктеу;

шыны құрамы мен бұйым ассортиментіне байланысты дайындалатын шыны түтіктерінің технологиялық параметрлерін есептеу;

қызмет көрсетілетін жабдықтың жөнделуі;

пештердің «ыстық» және «суық» жөнделуіне қатысу мен берілген режимге шығару.

511. Білуге тиіс:

технологиялық процесті автоматты басқару жүйесінің әрекет ету қағидасы және пайдалану ережесі;

бұйымның түріне байланысты созудың технологиялық параметрлерін таңдау ережесі;

берілген диаметрлі және пішінді шыны түтіктерін дайындауға тартатын машиналарды жөндеу тәсілі;

пешті құрастыру және жабдықтау үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері;

ақау түрлері және оны жою ережесі.

512. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта кәсіптік) білім талап етіледі.

94. Шыны ұнтақтан бұйымдарды престеуші


Параграф 1. Шыны ұнтақтан бұйымдарды престеуші, 3-разряд
513. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі престерде әр түрлі құрамды шыны ұнтақтарынан қарапайым және орта күрделі пішінді шыны бұйымдарын престеу;

шыны ұнтақты престерде брикеттеу;

шыны бұйымдарын аса қарапайым өлшеу құралымен үлгі немесе шаблон бойынша тексеру;

шыны ұнтақты мөлшерлегішке және қалыпқа тиеу;

құрал мен құрылғыларды (қаңылтыр таба) жұмысқа дайындау;

престің механизмдерін басқару және оларды майлау.

514. Білуге тиіс:

автоматты, жартылай автоматты және қол престерінің әрекет ету қағидасы, жұмыс құрамы мен аспаптардың белгіленуі және пайдалану тәсімдері (штампыларды, жастықтарды, пуансондарды, ұстаушыларды, қаңылтыр табаларды, сақтандыратын құрылғыларын және бақылау - өлшеу аспапты);

шыны ұнтақты сақтау ережелері;

шыны ұнтақтың және олардан жасалған шыны бұйымдарының сапасын анықтау тәсілдері.

515. Жұмыс үлгілері:

1) брикеттер - престеу;

2) кинескоптарға арналған оқшаулағыштар - престеу;

3) шыны таблеткалар - престеу.

Параграф 2. Шыны ұнтақтан бұйымдарды престеуші, 4-разряд


516. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі престерде әр түрлі құрамды шыны ұнтақтарынан прецезиялық және тәжірибелік күрделі шыны бұйымдарын престеу;

дайындалған шыны бұйымдарын әмбебап өлшеу құралымен тексеру;

штамптарды орнату, алу, баптау және құралды ауыстыру;

қызмет көрсетілетін жабдықты реттеу;

шыны бұйымдарының және шыны ұнтақтың сапасын анықтау;

шыны ұнтақты құрастыру.

517. Білуге тиіс:

жабдықтың, құрылғылардың және шыны ұнтақты және олардан шыны бұйымдарын жасауда қолданылатын құралдың құрылысы мен белгіленуі;

әр түрлі құрамды шыны ұнтақты дайындау рецептілері;

шыныұнтақтарының және шыны бұйымдарының сапасын анықтау тәсілдері;

шикізат материалдардың қасиеттері.

518. Жұмыс үлгілері:

1) прецизиялық және тәжірибелік таблеткалар - престеу;

2) тәжірибелік штабиктер - престеу.

95. Шыны үгітушісі


Параграф 1. Шыны үгітушісі, 2-разряд
519. Жұмыс сипаттамасы:

шыныны жартылай автоматтарда үгіту;

үгітетін жартылай автоматтарды тиеу және түсіру;

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын қадағалау және үгітілген шыны бөлшектерді бақылау.

520. Білуге тиіс:

шыныны ыстық күйінде үгітетін қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс істеу қағидасы;

өңделінетін бөлшектердің түрлері мен белгіленуі.

521. Жұмыс үлгілері:

1) шарлық және цилиндрлік колбалар – кесу және үгіту;

2) конустар – қолмен престеумен жартылай автоматта жазу;

3) бірыңғай түрдегі тәрелкелер – көппозициялық жартылай автоматтарда созу.

Параграф 2. Шыны үгітушісі, 3-разряд


522. Жұмыс сипаттамасы:

қолмен, машиналарда және газды қыздыруы бар құрылғыларда шыныны үгіту;

үгіту кезінде газдың жалынын өз бетімен реттеу.

523. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, газ жанарғыларының жүйесін пайдалану ережесі;

өңделінетін шыны бұйымдарының түріне байланысты газ жанарғыларының жалынын реттеу ережесі;

әр түрлі құрамдағы шыныларды жұмсарту температурасы;

шыны бұйымдарын үгіту тәсілдері.

524. Жұмыс үлгілері:

1) аспаптарға арналған баллон – үгіту;

2) шеткі есептеуіштердің колбалары – шыныны «зеңбірек» жанарғысымен қыздырумен бір шпиндельді қол машинада бортты айналдыру;

3) монометрлік лампаларға, катодтық пышақтарға және басқа бұйымдарға арналған тәрелкелер – иінтіректік басқаруы бар құрылғыларға созу, «зеңбірек» жанарғысымен қыздырумен қолдық айналмалы шпиндельде айналдыру.

96. Шыны үлдірді даярлаушы
Параграф 1. Шыны үлдірді даярлаушы, 3-разряд
525. Жұмыс сипаттамасы:

шыны лентадан және үрленбелі шыны көпіршіктерден микрон қалыңдығы 3-тен 4 дейін шыны үлдірлерін керу;

әр түрлі маркалы шыны үлдірінің металмен дәнекерін алу;

шығыршыққа тартылған шыны үлдірілерін дәнекер сапасы, қалыңдығы, механикалық және термиялық қаттылығы бойынша сұрыптау;

шыны үлдірін шыны массасының ақаулары бойынша көзбен сұрыптау.

526. Білуге тиіс:

шынының әр түрлі сорттарын жұмсарту температурасы, шыны мен металды кеңейту коэффициенттері;

дәнекердің беріктігін қамтамасыз ететін металмен әр түрлі маркалы шыныны біріктіру ережесі мен тәсілдері;

арнайы бақылау-өлшеу құралының белгіленуі және пайдалану тәсілі.

Параграф 2. Шыны үлдірді даярлаушы, 4-разряд


527. Жұмыс сипаттамасы:

керу және дәнекерлеу қондырғысында қалыңдығы 1,2-ден 3 микронға дейін шыны үлдірін алу процесін жүргізу;

сынап шамымен жарық беру кезінде интерференциялық жолақтарды түсі бойынша орнату камерасында қажетті температураны ұстау;

металл шығыршықтар үшін эмаль жабынын дайындау;

үлдірді металл шығыршыққа дәнекерлеу;

тор үлдірдің тораптарын жинау және шыны үлдірлердің арақашықтықтарын өлшеу;

қызмет көрсетілетін қондырғыны жөндеуге қатысу;

болуы мүмкін ақаудың себептерін айқындау және жою.

528. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін қондырғының құрылысы, шынының әр түрлі сорттарын жұмсарту температурасы;

металмен әр түрлі маркалы шыныны дәнекерлеу ережесі мен тәсілдері, қолданылатын материалдардың маркалары;

тор үлдірдің түйіндерін құрастыру және шыны үлдірдің қашықтықтарын өлшеу тәсілдері;

үлдірді керу бойынша ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.

Параграф 3. Шыны үлдірді даярлаушы, 5-разряд


529. Жұмыс сипаттамасы:

керу және дәнекерлеу қондырғысында қалыңдығы 0,5-тен 1,2 микронға дейін шыны үлдірін алу процесін жүргізу;

қондырғы жұмысының едәуір өнімді режимдерін таңдау және айқындау;

ротаметрлердің көмегімен орнату камерасына қалыптасушы газды беруді реттеу;

хроматографтың көмегімен қалыптасушы газ ортасында сутегі мен оттегінің мөлшерін айқындау;

сұйық сынапты, электрометрлік күшейткішті және әмбебап көпірді пайдаланумен шыны үлдірінің электрлік параметрлерін өлшеу;

қызмет көрсетілетін қондырғыны жөндеу.

530. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін қондырғының құрылымы мен жөндеу ережесі, азот-сутегі қоспасын дайындау процесі;

шыны үлдірдің электрлік параметрлерін өлшеу әдістері;

арнайы бақылау-өлшеу аспабының белгіленуі және пайдалану ережесі.

97. Шыны үрлеуші


Параграф 1. Шыны үрлеуші, 2-разряд
531. Жұмыс сипаттамасы:

кварцты және қарапайым шыныдан газ және газ оттегі жанарғының жалынымен үрлеу арқылы қарапайым бұйымдар мен бөлшектерді дайындау;

люминоформен жабылған дроттан бір немесе екі бұрышты түзу газ-разрядты құбырларды, шыныны металлмен жай дәнекерлеп жапсыру, сынап-кварцты лампаларды жинақтау үшін қосалқы орнатқыштарды және сынап лампалардың жанарғылары үшін орнатқыштарды дайындау.

532. Білуге тиіс:

барлық жүйелердің газ жанарғыларын пайдалану ережесі;

шыныны өңдеу мен күйдірудің әртүрлі сатыларында жанарғылардың жалынын реттеу тәсілдері, металдарды (вольфрамды, молибденді, мысты) қыздыру температурасы, шыныны металмен дәнекерлеу ережесі мен тәсілдері;

кварцпен жұмыс істеген кезде қорғаныш құралдарын пайдалану ережесі;

бақылау-өлшеу аспабын пайдалану ережесі.

533. Жұмыс үлгілері:

1) диаметрі 24 мм дейін деңгей ампулалары – дайындау;

2) аппараттарға құйғыштар - дайындау;

3) диаметрі 1 мм дейін металл шығарулар – сұйық шыны жіппен орау;

4) сұйық қоспаны айдауға арналған шарлы дифлегматорлар (Линеман) - дайындау;

5) төрт тәсілден тұратын түсті шыны дроттан жасалған сувенир бұйымдар - дайындау;

6) вакуумдық қондырғыларды электрмен қуаттандыруға арналған оқшаулағыштар - дайындау;

7) термометрге, вискозиметрлерге және сынап барометрлерге арналған капиллярлар - дайындау және күйдіру;

8) электрвакуумдық аспаптардың әр түрлі түрлеріне арналған колбалар - дайындау;

9) колбалар – күмбезді қалыптаумен, саңылауын үрлеумен, штенгельді дәнекерлеумен дайындамалардан әр түрлі маркалы шынылар дайындау;

10) сыйымдылығы 25-50 мл өлшенбейтін колбалар - дайындау;

11) есептеуіштердің колбалары – катодтық ұшын дәнекерлеу;

12) жиналған есептеуіш колбалар (жағылған катодтық қабатпен және дәнекерленіп жабыстырылған анодтың ішкі түтігімен) – мойнын қалыптау;

13) люминоформен жабылмаған дроттан диаметрі 1,3 м дейін шығыршықтар – электродтарды шынылау;

14) ДРП лампалары - шынылау;

15) люминоформен жабылған дроттан тура лампалар - дайындау;

16) көз күрекшелері, катушкалар, көрнекті құралдарына арналған мысқалдар және күрделілік жағынан басқа ұқсас бұйымдар - дайындау;

17) штенгельді металкерамика шамдарының жалғамалары - даярлау және дәнекерлеу;

18) тиратрондарға арналған анод пышақтар - дайындау;

19) өсінділер, түтіктер – тесіктерге дәнекерлеп жапсыру;

20) сұйықтықтардың салыстырмалы салмағын анықтауға арналған пикнометрлер (Реньс) - даярлау;

21) индикаторларды және басқа сұйықтықтарды сақтауға арналған тамызғыштар (Строшейн) - дайындау ;

22) диаметрі 16-дан 30 мм дейін шыны түтіктер - дайындау;

23) баяу балқитын шыныдан пулькалар - дайындау;

24) май өлшеуіштерге арналған кішкене етіктер - дайындау;

25) есептеуіш анодтардың ішкі түтіктері - дайындау;

26) диаметрі 2 мм артық дроттық шыныдан оқшаулау түтіктері - дайындау;

27) шырша әшекейлері: Аяз Ата, ірі шарлар, зырылдауық, бас жақтары, дара зымырандар және күрделілігі жағынан оларға басқа ұқсастар - дайындау;

28) 2-ден 4 бұрышқа дейін құрайтын дроттан қарапайым түзу сызықты пішіндер - дайындау;

29) сүт емізіктерінің, резеңке емізіктердің, муфталардың қалыптары - дайындау;

30) шарлар, колбалар, түтіктер - тесіктерді үрлеу;

31) ареометрлердің штенгельдері, сынапқа арналған резервуарлар, термометрлердің кішкене бастары, құм сағаттар - дәнекерлеу.

Параграф 2. Шыны үрлеуші, 3-разряд
534. Жұмыс сипаттамасы:

кварцты және қарапайым шыныдан жасалған газ және газ оттегі жанарғысының жалынымен үрлеу арқылы қарапайым бұйымдар мен әртүрлі конфигурациялы бөлшектерді дайындау;

құрылғыларға мықты вакуумды дәнекерлемесі бар кварц бұйымдарын құрастыру;

бұйымнан алдын ала ауаны тартып шығарып, электродтарды кварц бұйымдарына дәнекерлеу;

шыны бұйымдарын алдын ала өңдеу, шыны және металл тораптары мен бөлшектері бар шынының герметикалық дәнекерін дайындау.

535. Білуге тиіс:

кварц шыныдан әр түрлі конфигурациялы қарапайым бұйымдар мен бөлшектерді дайындау технологиясы;

газ оттегі жанарғыларының және тартып шығаратын қондырғылардың құрылысы және олармен жұмыс істеу ережесі;

электродтарды кварц бұйымдарына дәнекерлеп салу ережесі мен тәсілдері, шынының әр түрлі маркаларының қасиеттері;

дәнекерлемелерді өңдеу мен кесу үшін әр түрлі маркалы шыныны жұмсарту температурасы, металдарды қыздыру температурасы және оларды кеңейту коэффициенті;

шыны мен металды шыныға дәнекерлеп жапсыру тәсілдері мен тәсімдері;

шыны жасытуын қабылдау ережесі;

әр түрлі бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.

536. Жұмыс үлгілері:

1) диаметрі 24 мм артық деңгей ампулалары - дайындау;

2) барлық тағайындаудағы ареометрлер - дайындау;

3) салмағы 30 кг аспайтын сынап колбалардың баллондары - жөндеу;

4) люминоформен жабылмаған дроттан шабылған және шеңбер шрифты әріптер мен сандар - дайындау;

5) 25-100 мл олив ыдыстағы бюреткалар - дайындау;

6) жапсырмалар – ауысымды шынымен жабу, сорғылау мен түбін қалыптастыру;

7) волюметрлер (Шателье-Кондло) - дайындау;

8) диаметрі 50 мм дейін құйғыштар, крандар мен шлифтер - дайындау;

9) мөлшері 5 мм дейін әртүрлі типтегі тығындар - дайындау;

10) вакуум кестелерінің бөлшектері, тарақтар, шарлар - дайындау;

11) бес нәрседен тұратын түсті дроттан жасалған сувенир бұйымдар - жасау;

12) шприцтерге канюльдер - дайындау;

13) колба тәрізді тамызғыштар - дайындау;

14) сүт қышқылын анықтау үшін аспаптарға арналған тамызғыштар (Тернер) - дайындау;

15) строшейн тамызғыштары, Паскаль аспаптары, Флоринский құйғыштары, талшыққа арналған құйғыштар - дайындау;

16) барлық термометрлерге арналған капиллярлар - қашау;

17) капиллярлар мен қайықтар - дайындау;

18) жоғары вольтты есептеуіш колбалар - дайындау;

19) электр-сәулелі құбыр үшін колба конустары - шыны аяқтық бүйір шығаруларын қайнату;

20) люминоформен жабылған диаметрі 1,3 м дейін дротты шеңберлер - дайындау;

21) люминоформен жабылмаған диаметрі 1,3 м дейін дротты шеңберлер - дайындау;

22) төменгі вакуумға сынап манометрлерінің кюветтері, төменгі және жоғарғы вакуум үшін вакуумдық коммуникациялар - дайындау;

23) электрод конструкцияларына калибрлі шыныдан жасалатын кішкентай аяқтар - дайындау;

24) күрделі емес химиялық ыдыс - дайындау;

25) капиллярлар мен маңдайшалы кілем шығулары бар электрвакуумды аспаптар - дайындау;

26) диаметрі 30 мм артық барлық тағайындаудағы шыны түтіктер - дайындау;

27) центрифугалы шыны түтіктер - дайындау;

28) қасиет беретін, бейнелі және капиллярлы ыдыстар – дайындау;

29) көлемі 25х35 мм - 30х45 мм таразылауға арналған (бюкстер) стакандар, медициналық қоспалауыштар - дайындау;

30) қарапайым қоспалары бар вакуум кестелері – бөлек бөлшектерін ауыстырып және вакуумын тексеріп жөндеу немесе құрастыру;

31) ГС-60 типтегі есептеуіштер – анод жібін дәнекерлеу және орталықтандыру, қылтаны қалыптау;

32) терезе, ванна, жасанды ұрықтандыруға, сүтке және тағы басқа арналған термометрлер - дайындау;

33) тубустар – колбаны балқыту және кесу;

34) шырша әшекейлері – күрделі бұйымдар - дайындау;

35) үш ішкі шардан тұратын тоңазытқыштар - дайындау;

36) қалыпты шлиф астына қажет және тұмсықты өлшем цилиндрлер - дайындау;

37) сынап-кварцты пен кварц-йодты шамдарды шайқау үшін штенгельдер - дайындау.

Параграф 3. Шыны үрлеуші, 4-разряд
537. Жұмыс сипаттамасы:

кварцты және қарапайым шыныдан газды және газ оттегі жанарғының жалынымен үрлеу арқылы күрделілігі орташа бұйымдар мен әртүрлі конфигурациялы бөлшектерді дайындау;

сыртқы дәнекерлемелерді орындау;

балқыту, ақауларды жою, кварцты шыныдан көпіршіктерді күйдіру, барлық ұзындық бойымен кварц құбырын біркелкі созу және үрлеу;

үрлеуге жарайтын шыны салмағын теріп және қажетті қабырға қалыңдығын ала отырып құбырларды дәнекерлеу;

газды және газ оттегі жанарғының жалынын реттеу;

ұлғайтудың әртүрлі коэффициенттері кезінде шыныға металды дәнекерлеу;

қарапайым шыны бұйымдарының ішкі дәнекерлемелерін орындау;

газды жанарғының жалынымен дайындалатын бұйымдарды күйдіру.

538. Білуге тиіс:

қарапайым және кварцты шыныдан орта күрделі үрлеу жұмыстарының өндіріс технологиясы;

шынының әр түрлі маркаларының құрамы мен қасиеттері;

дайындалатын бұйымдардың жекелеген бөліктерін дәнекерлеу ережесі;

газдық жанарғыларды және бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

ақаудың түрлері мен себептері және оның алдын алу мен жою әдістері.

539. Жұмыс үлгілері:

1) Гейслер-Эдман аппараттары - дайындау;

2) 10 шарлы бром әдісімен күкіртті анықтау үшін аппараттар (Лунге-Мейер-Литто) - дайындау;

3) аппараттар (Рорбок-Мор) - дайындау;

4) теңіз суына арналған ареометрлер - дайындау;

5) салмағы 30 кг артық сынап колбалардың баллондары – герметикалық өңдеу мен ақауларды жою;

6) люминоформен жабылған дроттан шабылған және шеңбер шрифты әріптер мен сандар - дайындау;

7) кнефлер бюреткалары - құрастыру;

8) сұйықтарды өлшеу мен сақтауға арналған екіжүріс және үшжүріс кранды бюреткалар – дайындау;

9) диаметрі 50 мм артық құйғыштар - дайындау;

10) диаметрі 5 мм артық барлық типтегі тығындар - дайындау;

11) микроаппараттар гильзалары - дайындау;

12) сүт, кілегей, процезиялық май өлшеуіштері – шкаласы бар корпусты дәнекерлеу;

13) бес қабылдаудан тұратын кварцты шыныдан кәдесый бұйымдар - дайындау;

14) алты қабылдаудан тұратын түсті шыны дроттан жасалған сувенир бұйымдар, қысым ықпалымен жұмыс істеуге арналған шыны фильтрі бар уылдырық құйғыштар - дайындау;

15) электродты изоляторлар - дайындау;

16) түсті шыныдан электрвакуумды аспаптар үшін колбалар - дайындау;

17) арнайы шыныдан колбалар - дайындау;

18) сынап-кварцты шамдарға арналған кварцты колбалар - дайындау;

19) жапсырма шыныдан бейнелі колбалар - дайындау;

20) вакууметрлердің форвакуумды колбалары, күрделі конфигурациялы арнайы кюветтері мен сынап ажыратқыштар - дайындау;

21) терезесі тартылған фотоэлементтердің колбалары - дайындау;

22) екі фурадитті шыны аяқтар балқытылған электронды көбейткіш колбалар –дайындау;

23) электр-сәулелі құбырлар конустары – цилиндрді балқыту;

24) екі және үшжүрісті крандар, кесте үшін торлар мен май аулағыштар - дайындау;

25) люминоформен жабылған диаметрі 1,3 м артық дроттан шеңберлер, сыйымдылығы 50, 100 мл пикнометрлер – дайындау мен құрастыру;

26) сыйымдылығы 5 мл дейін микробюреткалар -дайындау;

27) қалыпты шлифтері бар аспаптарға саптамалар -дайындау;

28) суы сорғалап ағатын сорғыштар - дайындау;

29) сынап-кварцты шамдардың кішкене аяқтары - дайындау;

30) сұйық және сынапты ауыстырылғыш қосқыштар - дайындау;

31) сұйық пен қаттыны жұтуға арналғанбір шарлы пипеткалар (Темпель) – дайындау;

32) кварцты шыныдан күрделі химиялық ыдыс -дайындау;

33) көз протездері – 3-ке дейін «ширатылуын» қолданып дайындау;

34) барлық түрдегі көз протездері – «ширатылуды» дайындау;

35) вакуумды кестелер – 3 кранға дейін қондырғысы бар 30 мм дейін диаметрімен құбырларды дайындау мен құрастыру;

36) термоконтакторлар - дайындау;

37) термометрлер: минималды, максималды медициналық резервуарларды қалыптастыру кезінде цилиндрлерге шайбаларды дәнекерлеу;

38) савинов термометрлері, бұлақтық, нан пісіруге арналған -дайындау;

39) бұрмалауынсыз күйдірілетін құбырлар - дайындау;

40) кварцты құбырлар – қабырға диаметрі мен қалыңдығы бойынша қатты калибрлеу және қабырғаны қорғаныш бүркеумен қалыптау;

41) сигналды оттарға арналған бейнелі оюлар, буындар, сөздер, жазықтық шиыршықтар, арнайы шамдар - дайындау;

42) 5-10 шары мен дәнекерленген құбыры бар тоңазытқыштар - дайындау;

43) барлық термомертлерге арналған шайбалар - дәнекерлеу.

Параграф 4. Шыны үрлеуші, 5-разряд


540. Жұмыс сипаттамасы:

кварцты және қарапайым шыныдан күрделі бұйымдар мен әртүрлі конфигурациялы бөлшектерді үрлеп дайындау;

кварцты шыныдан әртүрлі диаметрлі құбырларды, бұйымдардың бірнеше бөлшектерін дәнекерлеу;

ішкі дәнекерлемелерді орындау;

ұлғаюдың әртүрлі коэффициенттері кезінде металды шыныға дәнекерлеу;

жанарғылар жалынын реттеу.

541. Білуге тиіс:

аспаптар мен аппараттар үшін әртүрлі конфигурациялы қарапайым және кварцты шыныдан күрделі бұйымдар мен бөлшектер дайындау технологиясы мен тәсілдері;

әртүрлі жүйелі газды жанарғыларды қолдану ережелері;

әртүрлі маркалы шынылар мен оларға дәнекерленетін металдар құрамы мен қасиеттері, шынының ұлғаю коэффициенттері;

шыны мен кварцтың механикалық және термиялық қасиеттері;

кварц шынысын өңдеудің әртүрлі сатысында жанарғылар жалынын реттеу тәсілдері;

сызбаларды оқу ережесі;

ақау түрлері мен оның алдын алу тәсілдері.

542. Жұмыс үлгілері:

1) литто аппараттары - дайындау;

2) БТИ-2 барбатерлері, сыйымдылығы 5 мл артық микробюреткалар –дайындау;

3) кравезинский бюреткалары - дайындау;

4) Мак-Леод типті вакуумметрлер – калибрлеп дайындау және капиллярлар дайындау;

5) күмістеу мен вакуумға арналған тарақтар, майлы сорғыштарға арналған орталық, форвакуумды камералар, микроманометриялық дозаторлар құбырлары, Коппо-Супергар автоматикалық пипеткалар Коппо-Супергара және іштей дәнекерленген басқа да күрделі бұйымдар – дайындау;

6) дефлагматорлар - дайындау;

7) кварцты лампалар дайындамалары – дайындау;

8) 7 және одан да көп қабылдаудан тұратын түсті шыны дроттан кәдесый бұйымдар- дайындау;

9) түсті кинескоптар - күрделі бөлшектер мен тораптарды дайындау мен құрастыру;

10) күрделі, саны 3-ке дейін қосымша бұтақтары бар электрвакуум аспаптары үшін сынақ колбалар, сынап-кварцты шамдарға шарлы колбалар - дайындау;

11) коллекторлар - дайындау;

12) жоғары вольтты тиротрондар үшін анодтық кішкене аяқтар - дайындау;

13) үш шарлы сұйық пен қаттыны жұту үшін тамшуырлар (Темпель) – дайындау;

14) сынап-кварцты құрылғылар - цилиндрлік катодтарды балқыту және күйдіруді іске қосу;

15) флоринский құрылғылары (ФЛ-3; ФЛ-4) - дайындау;

16) екі қабырғалы көз протездері – 4 және 5 «ширатылуды» қолданып дайындау;

17) күрделі нысанды көз протездер – дәрігер рецебімен дайындау;

18) вакуум жүйелерін құрастыру мен бөліктеуге арналған диаметрі 60 мм дейін шарлы қосындылар - дайындау;

19) сыйымдылығы 2,5 л аспайтын шарлы Дьюар ыдыстар - дайындау;

20) вакуумды кестелер - 3 краннан көп қондырғысы бар диаметрі 30 мм артық құбырларды дайындау мен құрастыру;

21) метостатикалық, метаофологиялық термометрлер - дайындау;

22) экспирациялық психрометрлерге (Асман) арналған топырақ бетінің температурасын анықтау үшін минималды, максималды термометрлер - дайындау;

23) микроаппараттар үшін бұрмалаумен күйдіруге арналған құбырлар - дайындау;

24) бұратын газ тазалайтын құбырлар - дайындау;

25) тоңазытқыштар – шлифтері бар батпырауық және қайтымды - дайындау;

26) майды айыруға арналған аппараттың тоңазытқыштары мен экстракторлары - дайындау;

27) темір кенінде мышьяк құрамын анықтауға арналған аппараттың тоңазытқыштары (Лебедура) – дайындау;

28) корра ұяшықтар - дайындау.

Параграф 5. Шыны үрлеуші, 6-разряд


543. Жұмыс сипаттамасы:

кварцты және қарапайым шыныдан үрлеп аса күрделі бұйымдар мен әртүрлі конфигурациялы бөлшектер дайындау;

бірнеше ішкі және сыртқы дәнекерлемелер орындау;

бітеу таяқшаларды қолданып кварцты шыныдан қалың қабырғалы бұйымдарды дәнекерлеу және екі газ оттегі жанарғылармен дәнекерленген бұйымды бірден балқыту мен қалыптау;

бірнеше ішкі дәнекерлемелерді орындау;

люминоформен жабылған жыпықтатқыш газ-разрядты мөлдір тетіктерді дайындау;

жанарғының жалынын реттеу.

544. Білуге тиіс:

кварцты және қарапайым шыныдан аса күрделі бұйымдарды дайындау технологиясы;

кварцты шыныдан жасалған бұйымдарды өңдеуге арналған жабдық құрылымы, сызбалар мен нобайлардың оқылу ережесі;

түрлі маркалы шынылар мен оларға дәнекерленетін металдардың құрамы мен қасиеттері;

түрлі маркалы шынылардың ұлғаю коэффициенттері;

ақаулардың түрлері мен себептері, олардың алдын алу мен жою тәсілдері.

545. Жұмыс үлгілері.

1) темірдегі көміртекті анықтауға арналған аппараттар - дайындау;

2) түрлі кристалды волометрлер мен қабылдағыш терезелі фотоэлементтер - жөндеу;

3) кеуекті және ұнтақ тәрізді денелердің үлес бетін анықтауға арналған жиынтық бөлшектері ( Дерягин аппараты) - дайындау;

4) теңдесі жоқ көркем бұйымдар мен сувенирлер - дайындау;

5) электрвакуум құрылғыларына арналған колбалар, күрделі, сынақ, саны 2-ден астам қосымша бұтақтары бар – дайындау;

6) жоғарывакуумды крандар, шлифтер - дайындау;

7) ішкі тоңазытқыштары бар шиыршықты шамдар -дайындау;

8) микрокапиллярлар – түрлі металдар мен жартылай өткізгіштерді оларға дәнекерлеу мен дайындау;

9) СДП диффузиялық сорғыш пен СДН-1сорғышы - дайындау;

10) жоғарывольтты тиротрондар изобарасының анодтық кішкене аяқтары - дайындау;

11) бисерден катодты бөліп тұратын құбырдағы ішкі бөлгіштер- дәнекерлеу;

12) металл амальгамалары мен олардың тұздарының ерітінділері арасындағы изотоптық алмасу процесін зерттеуге арналған аспаптар - дайындау;

13) физикалық және химиялық аспаптар, кварцты шыныдан аппаратура, микроанализ аппараттарының бөлшектері - дайындау;

14) электрвакуумды аспаптар (қайнар көздерді, қабылдағыштарды, иондарды, массаларды, спектрометрлерді) - ВЭУ диод жүйесін дәнекерлеу;

15) көз протездері – 6 және одан да көп «ширатылуды» қолданып дайындау;

16) ерекше күрделі көз протездері- дәрігер рецебімен дайындау;

17) тегістегіш және бұратын диффузиялық қондырғыға арналған реакторлар - дайындау;

18) эпитаксиалды процестерге арналған реакторлар – станокта дайындау;

19) фланцты тығыз бейінді қима реакторлар - дайындау;

20) ағынды газ (оттегі) астында металдардың катодты тозаңдануына мүмкіндік беретін вакуумдық жүйелер –дайындау;

21) жабдықтарды инертті газбен толтыратын жүйелер - жөндеу;

22) вакуумды жүйелерді құрастыру мен бөлшектеуге арналған диаметрі 60 мм артық шар қосындылары – дайындау;

23) сыйымдылығы 2,5 л артық шарлы Дьюар ыдыстары - дайындау;

24) ГОУ газды анализатордың шар және цилиндрлік құяғыштары бар жұтушы ыдыстар (Вюрц -Штролейн) - дайындау;

25) көміртегі мен сутегін анықтауға арналған шлифі бар құбырлар- дайындау;

26) оңай ұшатын қосындыларды күйдіруге арналған құбырлар - дайындау;

27) түрлі газдармен толтыруға арналған арнайы қондырғылар (аргон, азот, гелий және тағы басқа) - дайындау;

28) диаметрі бойынша байсалды өткелі бар құбырлардан жасалған фигуралар - дайындау;

29) бірнеше жазықтықта көлемді орындалатын күрделі фигуралар, көлемдік шиыршықтар - дайындау.

98. Шыныда құм ағызушы


Параграф 1. Шыныда құм ағызушы, 2-разряд
546. Жұмыс сипаттамасы:

құм ағысты аппаратпен шыны бұйымдарына күңгірт бетін (марканың, белгінің) жағу;

құм ағысты аппаратты жұмысқа дайындау.

547. Білуге тиіс:

құм ағысты аппараттың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

шыны бұйымдарына күңгірт бетті жағу тәсілдері;

құмды дайындау ережесі, ақау түрлері және оны жою ережесі.

Ірі шыны бұйымдарын өңдеу кезінде - 3-разряд.

99. Шыныда сурет басушы
Параграф 1. Шыныда сурет басушы, 3-разряд
548. Жұмыс сипаттамасы:

суретті шыны бұйымдарына аудару;

көшіру үшін шыны пластиналарын дайындау;

көшірме жасау.

549. Білуге тиіс:

көшірме жасау процесі;

сурет басу үшін қолданылатын химикаттардың қасиеттері;

суретті бұйымдарға көшіру тәсілдері, көшірудің сапасына талаптар.

Параграф 2. Шыныда сурет басушы, 4-разряд
550. Жұмыс сипаттамасы:

шыны бұйымдарға суретті мөр басу;

диапозитивтер дайындау;

эмульсиялар мен бояуларды құрастыру және іріктеу;

штанкөзді ыдысқа жібекті графия әдісімен мөр басу;

матрица-торларын дайындау;

тордың майын кетіру, торды рамаға жабыстыру және суретті полюмерлік эмульсиямен жабу;

торды диапозитив үстіне қойып көрсету.

551. Білуге тиіс:

диапозитивтер мен суреттер дайындау процесі;

эмульсиялар мен бояулар құрастыру және іріктеу;

шыны бұйымдарына суреттер жағу тәсілдері.

100. Шыныда торлар мен шинкаларды дәнекерлеуші
Параграф 1. Шыныда торлар мен шинкаларды дәнекерлеуші, 3-разряд
552. Жұмыс сипаттамасы:

торларды дәнекерлеу және шинкаларды дайындау;

қалыңдығы 1 м артық шинкаларды күміс немесе қалайы- қорғасын дәнекерлерімен қалайылау;

қадамы 0,3 қалыңдығы 0,05 мм константандық сымнан торға – сызуларға сәйкес қалыңдығы 0,1 мм дейін мыстан немесе фольгадан 1 мм құрастырылған шинканы дәнекерлеу.

553. Білуге тиіс:

торларды дұрыс дәнекерлеу және сызулар бойынша мүсінді шинкаларды дайындау тәсілдері;

шинкаларды қалайылау тәсілдері, константанды сымға, фольгаға, мыс пен дәнекерге қойылатын техникалық талаптар;

бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

электр қыздыратын элементтің меншікті және жалпы кедергісі аспаптарын өлшеу ережесі.

Параграф 2. Шыныда торлар мен шинкаларды дәнекерлеуші, 4-разряд


554. Жұмыс сипаттамасы:

қалыңдығы 1 м дейін шинкаларды күміс немесе қалайы- қорғасын дәнекерлерімен қалайылау;

қалыңдығы 0,3, қадамы 0,05 мм константандық сымнан торға сызуларға сәйкес қалыңдығы 0,1 мм артық мыстан немесе фольгадан 1 мм құрастырылған шинканы дәнекерлеу;

шинкалар дайындау;

флюс дайындау;

тоқ өткізетін қабаты бар шыныда қалыңдығы 0,07-0,1 мм фольгадан шинкаларды қалайылау;

контактілік химиялық электродтарды жағу және оларды металл күйге дейін электр пештерде қалпына келтіру;

фольгадан қалайыланған шинкаларды шыныда күміспен және элктродпен дәнекерлеу.

555. Білуге тиіс:

торларды дұрыс дәнекерлеу және сызулар бойынша мүсінді шинкаларды дайындау тәсілдері;

шинкаларды қалайылау тәсілдері;

флюс дайындау ережесі;

шынының электр кедергісін анықтау тәсілдері, контактілік паста жағу және біріктіру ережесі;

электр пештерді пайдалану ережесі;

элктр өлшеу аспаптарының құрылысы және пайдалану ережесі.

101. Шыныдан жасалған аспаптарды жинаушы


Параграф 1. Шыныдан жасалған аспаптарды жинаушы, 1-разряд
556. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым аспаптарды жинау: күрделі емес термометрлерді, ареометрлерді, құм сағаттарын және тағы басқа;

шкалаларды аспаптардың дайындамаларының корпустарына желіммен, нитролакпен, сыммен қолмен және арнайы станоктарда енгізу және бекіту;

сүт шынысынан жасалған шкалаларда саңылауларды аралап кесу;

арнайы станокта шкала пластиналарды кесу;

сымды тотықтан тазарту және оны контактіге оттегі жанарғысында тазалау;

капиллярды шкала пластинасының қылқандарымен және термодайындау корпусына асбестті енгізумен ортасына бекіту;

фольга мен сымды станокта және қолмен кесу;

металл тартпаны аспаптардың ағаш оправасына қағу;

құмды жуу, кептіру және елеу;

пипеткаға резеңке тығындарды, түтіктерді қою.

557. Білуге тиіс:

дайындалатын бұйымдардың ассортименті;

жиналатын аспаптардың құрылысы және белгіленуі, аспаптарды жинау тәсілдері;

ақау түрлері және оны жою ережесі;

қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері.

Параграф 2. Шыныдан аспаптар жинаушы, 2-разряд
558. Жұмыс сипаттамасы:

орта күрделі аспаптарды жинау: термометрлерді, газдалған суға арналған сифондарды;

қарапайым аппараттар мен аспаптарға бөліктерді іріктеу;

резеңке тығындарда саңылауларды бұрғылау, тығын сыналарын кесу, гипспен жабу, лакпен жабу, қабықты тығынның бетінде асбесттік жабынды жапсыру;

шкала пластиналары мен қағаз шкалаларын дәл кесу, оларды температура нүктелері мен тығыздылық нүктелерін ескере отырып, аспаптардың дайындамаларына орнату;

капиллярдан сынапты центрифугада термометр резервуарына айдау;

құмды құм сағатына себу және көлемін секунд өлшеуішпен арнайы аппаратта өлшеу.

559. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс істеу қағидасы;

жинау кезінде қолданылатын құрал мен құрылғыларды пайдалану ережесі;

орта күрделі аспаптарды жинау тәсілдері;

аспаптарды жинаудың сапасына қойылатын талаптар;

шыны мен сынаптың физикалық –химиялық қасиеттері.

Параграф 3. Шыныдан аспаптар жинаушы, 3-разряд


560. Жұмыс сипаттамасы:

шыныдан жасалған күрделі аппараттар мен аспаптарды жинау, жиынтықтау және құрастыру;

жинау мен құрастыру кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспабын жөндеу және реттеу;

жиналған аппарат пен аспапты тексеру, құрау мен жинау ақауларын жою.

561. Білуге тиіс:

жиналатын аппараттар мен аспаптардың атауы, құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

жиналатын аппараттар мен аспаптардың құраушы бөліктері мен бөлшектерінің номенклатурасы және олардың өзара орналасуы;

аппараттар мен аспаптарды жинауға техникалық шарттар;

аппараттар мен аспаптарды жиынтықтау, құрау мен жинау тәсілдері;

шынылардың маркалары және жинау кезінде қолданылатын материалдардың қасиеттері.

562. Жұмыс үлгілері:

1) түтіндік және жанатын газдарға арналған аспираторлар - жинау;

2) медициналық шприцтардың бөлшектері - жинау;

3) ауыстырып қосқыштар - жинау;

4) сұйық және қатты сорғыштарға арналған пипеткалар (Темпель)- жинау;

5) газанализаторлардың сорғыштары - жинау;

6) техникалық контактілік, дизельді, максималды термометрлер және күрделігі жағынан басқа ұқсастары - жинау.

Параграф 4. Шыныдан аспаптар жинаушы, 4-разряд


563. Жұмыс сипаттамасы:

шыныдан жасалған ерекше күрделі аппараттар мен аспаптарды жинау және көп санды аспаптармен аппараттарды құрастыру;

жинау мен құрастыру кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспабын жөндеу және реттеу.

564. Білуге тиіс:

шыныдан жиналатын аппараттар мен аспаптардың белгіленуі, пайдалану ережесі;

шыныдан аппараттар мен аспаптарды жинаудың конструкциялық ерекшеліктері мен технологиялық реттілігі;

жинақталатын аспаптарға қойылатын техникалық талаптар.

565. Жұмыс үлгілері:

1) болат пен темірде көміртегінің мөлшерін анықтауға арналған аппараттар - жинау;

2) газанализаторлар - жинау.

102. Шыныдан бөлшектерді қалыптаушы
241. Шыныдан бөлшектерді қалыптаушы 1-разряд
566. Жұмыс сипаттамасы:

қалыптаушы станоктарда арнайы қалыптарда шыныдан қарапайым бөлшектерді қалыптау.

567. Білуге тиіс:

шынының физикалық қасиеттері;

қалыпты тегістерге қойылатын техникалық талаптар;

қалыптаушы станогына қызмет көрсету ережесі.

568. Жұмыс үлгілері:

1) алмұрт тәрізді, конустық, домалақ түпті және жалпақ түпті колбалардың мойны – мөлшері 14 мм дейін тегістерді қалыптау;

2) аппараттар мен аспаптардың бөлшектеріне муфталар және күрделілігі жағынан ұқсас басқа бұйымдар - мөлшері 14 мм дейін тегістерді қалыптау.

Параграф 2. Шыныдан бөлшектерді қалыптаушы, 2-разряд


569. Жұмыс сипаттамасы:

қалыптаушы станоктарда арнайы қалыптарда орта күрделі шыныдан бұйымдарды қалыптау.

570. Білуге тиіс:

шынының физикалық қасиеттері;

шынының әр түрлі сорттарын балқыту температурасы, қосатын шыны бөлшектерге қойылатын техникалық талаптар;

газ жанарғыларын пайдалану ережесі.

571. Жұмыс үлгілері:

1) конустық, домалақ түпті және жалпақ түпті колбалардың мойны – мөлшері 14-тен жоғары 20 мм дейін тегістерді қалыптау;

2) крандарға арналған муфталар – мөлшері 14-тен жоғары 20 мм дейін тегістерді қалыптау.

Параграф 3. Шыныдан бөлшектерді қалыптаушы, 3-разряд


572. Жұмыс сипаттамасы:

қалыптаушы станоктарда арнайы қалыптарда шыныдан күрделі бұйымдарды қалыптау;

арнайы қалыптарда кейіннен қалыптаумен ванна пешінде түтіктердің кесіктерін қыздыру арқылы шыны түтіктерді қосу;

қалыптаушы станокты жөндеу.

573. Білуге тиіс:

қалыптау станогын басқару және оны реттеу ережесі;

газ жанарғыларын реттеу, оларды жуу және тазарту ережесі;

калибрларды анықтау тәсілдері;

шыны түтіктерінің және қлыпты тегістермен шыныдан жасалған бұйымдар өндірісінің технологиясы;

шынының физикалық қасиеттері, шынылы біріктіргіш бөлшектерге қойылатын техникалық талаптар;

ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.

574. Жұмыс үлгілері:

1) конустық, домалақ түпті және жалпақ түпті колбалардың мойны – мөлшері 20 мм артық қалыпты тегістерді қалыптау;

2) шыны түтіктерден дайындамалар, аппараттар мен аспаптардың муфталары және күрделілігі жағынан қиын басқа бұйымдар – тегістерді қалыптау;

3) Шыны бұрулар, үштіктер және басқа үлгідегі бөліктері – оларды арнайы қалыптарда қалыптау.

103. Шыны моллирлеушісі


Параграф 1. Шыны моллирлеушісі, 2-разряд
575. Жұмыс сипаттамасы:

шынының және пішінделген рамканың дайындамаларын моллирлеуге дайындау;

шынының дайындамаларын шынының сапасы бойынша тексеру және моллирлеу үшін олардың жарамдылығын айқындау;

шыны дайындамасының ішкі диаметрін өлшеу;

болат калибрлерді типографиялық бояу қабатымен жабу;

калибрлерді шыны дайындамаларына салу;

шыны дайындамаларын пешке тиеу, оларды қызуына қарай жылжыту, пешті қыздыру арнасына беру.

576. Білуге тиіс:

шыныны моллирлеу қағидасы;

шынының физикалық қасиеттері;

моллирлеу процесіне әсер ететін шыны ақаулары;

шыны дайындамаларына қойылатын техникалық талаптар;

калибрлердің бетінің ақаулары;

калибрлерді дайындау процесі;

шыны дайындамаларының ақау түрлері.

Параграф 2. Шыны моллирлеушісі, 3-разряд


577. Жұмыс сипаттамасы:

шағын мөлшерлі шыныдан баллондарды, бөлшектер мен бұйымдарды, тақтайшаларды және барлық маркалы дискілерді, экрандарды моллирлеу процесін жүргізу;

пештер мен қалыптарды моллирлеуге дайындау;

термобу қондырғысын пешке орнату;

шыны бұйымдарын моллирлеу пешіне тиеу;

моллирлеу пешінің, үрлеу құрылғысының жұмысын қадағалау;

моллирлеу және шынықтыру температуралық режимін реттеу;

жартылай автоматты қондырғыларда вакуумдық моллирлеу;

жалпақ- паралллельді нысанды оттегісіз шыныдан дайындамаларды жұқа күйдіру процесін жүргізу;

жұмыс журналында моллирлеу және жұқа күйдіру процесінің температуралық режимін реттеу;

шыны дайындамаларын моллирлеу пешінен түсіру;

моллирлеу және жұқа күйдіруден кейін жабдықты, моллирлеу пештерін және қалыпты тазалау;

улы қалдықтарды жинау және майсыздандыру.

578. Білуге тиіс:

моллирлеу пештерінің құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;

әр түрлі құрамды шынының негізгі физикалық-химиялық және оптикалық қасиеттері;

бұйымларды моллирлеу пешіне жүктеу және одан түсіру тәртібі;

моллирленген бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар;

ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар;

улы қалдықтарды жинау және майсыздандыру әдістері.

Параграф 3. Шыны моллирлеушісі, 4-разряд
579. Жұмыс сипаттамасы:

барлық мөлшерлі фотоэлектронды көбейткіштерге арналған колбаларды, радиолампаларды, айналы шағылдырғыштарды, призмаларды, ауданы 0,8 м2 дейін автомобиль шыныларын, түрлі-түсті кинескоптар мен шпицтарға арналған цилиндрларды моллирлеу процесін жүргізу;

сфериялық беттерімен оттегі жоқ шыныдан дайындамаларды жұқа күйдіру процесіне қызмет көрсету;

қызмет көрсетілетін пештерді дайындау және моллирлеуге арналған жабдықты таңдау;

шыны бұйымдарын моллирлеу пешіне тиеу;

шынының жалпақ дайындамаларының теориялық және тәжірибелік салмақтарын есептеу;

плиткаларды дайындамаға бөлу;

шыныдан дайындамаларды көзбен бақылау, оларды ашық ақаулары бойынша сұрыптау және жекелеген ақауларын жою.

580. Білуге тиіс:

шынының әр түрлі маркаларының дайындамаларын моллирлеу;

жұқалап күйдіру технологиясы, шынының жалпақ дайындамаларының теориялық және тәжірибелік салмақтарын есептеу әдістері;

әр түрлі маркалы оттегі жоқ шыныны бөлу тәсілдері;

жүк көтергіш механизмдердің құрылысы және жұмыс істеу қағидасы.

Параграф 4. Шыны моллирлеушісі, 5-разряд


581. Жұмыс сипаттамасы:

панорамдық, ауданы 0,8 м2 артық автомобиль шыныларының дайындамаларын және үлкен мөлшерлі бұйымдарды, салмағы 3 кг артық оптикалық бөлшектердің дайындамаларын және күрделі призмаларды моллирлеу процесін жүргізу;

жарық өткізушіліктің қатты қырымен жалпақ параллель және сфериялық қалыпты оттегі жоқ шынының дайындамаларын жұқалап күйдіру;

қызмет көрсетілетін жабдықты жұмысқа дайындау, термобулардың ақаусыздығын, арқан мен сақтандыру тіреулерінің күйін, каретка жүрісінің бірқалыптылығын және такғы басқа тексеру;

моллирлеу пешінің жұмысының оңтайлы режимін анықтау;

моллирлеу мен жұқалап күйдіру технологиялық процесін бақылау;

шыныны ішкі ақаулары бойынша іріктеу;

қисық сызықты конфигурациялы шыны дайындамаларының теориясын және тәжірибелік салмақтарын есептеу.

582. Білуге тиіс:

моллирлеу процесінің әдістері;

электр пештері мен престерді жөндеу тәсілдері;

қисық сызықты конфигурациялы шыны дайындамаларының теориясын және тәжірибелік салмақтарын есептеу әдістері;

моллирлеу мен жұқалап күйдірудің оңтайлы режимдерін таңдау ережесі;

шыныда ішкі ақаулардың пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері;

оттегі жоқ шыныға мемлекеттік стандарттар.

Параграф 5. Шыны моллирлеушісі, 6-разряд


583. Жұмыс сипаттамасы:

арнайы тапсырыстар бойынша және қайта меңгерілетін режимдер бойынша эксперименттік маркалардың оттегі жоқ шысынынан дайындамаларды моллирлеу және жұқалап күйдіру процесін жүргізу;

эксперименттік маркалы шысыныдан дайындамалардың теориялық және тәжірибелік салмақтарын есептеу;

анағұрлым төмен білікті шыны моллирлеушілерге басшылық ету.

584. Білуге тиіс:

әр түрлі моллирлеу және күйдіру пештердің тораптары мен механизмдерінің өзара іс-қимылы, автоматты реттеу аспаптарын баптау және реттеу ережесі;

моллирлеу және жұқалап күйдіру процесінің режимдерін таңдау ережесі;

өткізілетін технологиялық операциялардың шыныны кристалдау процесіне әсері;

оттегісіз шынының механикалық қасиеттері және химиялық тұрақтылығы.

104. Шыныны шынықтырушы


Параграф 1. Шыныны шынықтырушы, 3-разряд
585. Жұмыс сипаттамасы:

ұзындығы 700 мм дейін шыны бұйымдарының және шағын мөлшерді шынының табақтарын шынықтыру:

электр пешінің жұмыс режимін реттеу және шынының пеште ұсталу уақытын қадағалау;

үрлеу камерасында ауаны берілген қысымын ұстау.

586. Білуге тиіс:

электр пештің және үрлеу камерасының құрылысы;

шынының физикалық қасиеттері;

шыныны шынықтырудың технологиялық процесі, табақтар мен шыныдан жасалған бұйымдарды шынықтыру ұзақтығының олардың қалыңдығы мен ауданына байланыстылығы;

үрлеу камерасындағы ауаның қажетті қысымы;

бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.

Параграф 2. Шыныны шынықтырушы, 4-разряд


587. Жұмыс сипаттамасы:

ауданы 0,6 квадрат метр (бұдан әрі – м2) дейін шынының және лзас-500 және лзас-1200 түріндегі көлденең желілерде шыны бұйымдарының табақтарын шынықтыру процесін жүргізу;

өңделген, арнайы, майысқан шыныны және кез келген маркалы булы шыныдан жасалған бұйымдарды шынықтыру;

шынының сапасын бақылау;

шынының түріне, мөлшері мен конфигурациясына байланысты шынықтырудың температура режимін іріктеу;

техникалық шарттарға және нормаларға сәйкес пештердің технологиялық жұмыс режимін қадағалау;

үрлеу камерасында ауаның берілген қысымы мен жылдамдығын ұстау;

журналға бақылауларды жазу.

588. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы, шынының физикалық қасиеттері;

шыныны шынықтырудың технологиялық режимі, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

термоөңдеуге дейін және кейін шыныға қойылатын талаптар, ақау түрлері және оның алдын алу бойынша талаптар.

ауданы 0,6 м2 артық шыныдан және кез келген ауданды көліктің барлық түрін шынылауға арналған шыныны шынықтыру кезінде - 5-разряд.

105. Шыныланған негіздерден блок жинаушы


Параграф 1. Шыныланған негіздерден блок жинаушы, 3-разряд
589. Жұмыс сипаттамасы:

шаю үшін шыныланған негіздерден блокты жинау;

шыныланған өзектер және капиллярларды жуу;

шыны негіздерді шыныланған шыны шығыршыққа толтыру және оларды шыны шығыршықтан біріктіруге арналған шыны цилиндрына ауыстыру.

590. Білуге тиіс:

шыныланған негіздердің сапасын анықтау тәсілдері және цилиндрды толтыру үшін олардың қажетті мөлшері;

шыныланған негіздерді цилиндрға жинау ережесі;

шыныланған негіздер мен капиллярларды шаю және кептіру тәсілдері.

106. Ылғал жұтқыштарды жинаушы
Параграф 1. Ылғал жұтқыштарды жинаушы, 2-разряд
591. Жұмыс сипаттамасы:

полистироль түтіктерді силикагельмен толтыру;

хлорвинил түтіктерін дайындау және ылғалжұтқышты жинау.

592. Білуге тиіс:

ылғал жұту құрылғысының белгіленуі, полистироль түтіктерді силикагельмен толтыру тәртібі;

ылғал жұту құрылғысының жарамдылық мерзімдері;

силикагельдің негізгі қасиеттері және оны сақтау тәсілдері.

107. Ыстық шыныны престеуші


Параграф 1. Ыстық шыныны престеуші 3-разряд
593. Жұмыс сипаттамасы:

тұтас және алмалы- салмалы қалыптарда механикалық және қол престерде шыны массасынан қарапайым бұйымдарды престеу;

престі жұмысқа жөндеу және дайындау.

594. Білуге тиіс:

қол престерінің және прес- автоматтардың құрылысы;

прес- қалыптардың жұмыс режимдерін орнату тәсілдері мен тәсімдері;

престеу үшін қажетті шыны массаның қасиеттері, температурасы, тұтқырлығы;

шыныны прес- қалыпқа мөлшерлеу ережесі;

ақаудың пайда болу себептері және оның алдын алу мен жою бойынша шаралар.

595. Жұмыс үлгілері:

Престеу:

1) генератор лампаларының қосымшалары;

2) линзалар мен дискілерге арналған домалақ дайындамалар;

3) генераторлық шамдардың колбалары;

4) карбюраторларға және спирт шамдарға арналған кішкене қалпақтар;

5) төс етектеріне арналған пластина;

6) дәріханалық ыдысқа арналған тығын;

7) тұз сауыттар, тосапқа арналған табақшалар, күл сауыттар, шыны түтіктер;

8) деңгейлердің дөңгелек ампулаларына арналған кішкене стақандар, дәрілерді қабылдауға арналған кішкене стақандар, косметикалық ыдыс және ұқсас ұсақ шыны бұйымдары.

Параграф 2. Ыстық шыныны престеуші, 4-разряд


596. Жұмыс сипаттамасы:

одан әрі өңделуге тиісті беті бар, тұтас және алмалы- салмалы қалыптарда механикалық және қол престерде өңделген беті бар шыны массасынан орта күрделі бұйымдарды престеу;

престерге қызмет көрсету және жөндеу;

бұйымды, металды, прес- қалыптарды күйдіру деңгейі мен мөлшерлеріне және шыны массасының температурасына байланысты белгіленген престеу режимін таңдау;

пуансонды жіберу уақытын және престеу ұзақтылығын анықтау. «Тамшының» мөлшерін, кесу жерін көзбен анықтау.

597. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін престің құрылысы және пайдалану ережесі;

престің қалыптарының сапасына қойылатын талаптар, шыны дәнекерлеу негіздері және шыны бұйымдарын престеудің технологиялық процесі;

«тамшы» мөлшерін анықтау, кесу жерлері, өңделген беті бар бұйымдарды престеу үшін қажетті шыны масса мөлшерін көзбен анықтау ережесі (кейінгі өңдеусіз);

ақаудың пайда болу себептері және оның алдын алу мен оны жою бойынша шаралар.

598. Жұмыс үлгілері.

Престеу:


1) өңделген таза беті бар қақпақтар және косметикалық банкалар;

2) эксикаторларға арналған 14-19 см мойны бар қақпақтар және барлық мөлшерлерге арналған түймешігі бар қақпақтар;

3) көпұяшықты қалыптардағы тығындар, фигуралық тығындар;

4) сортты ыдыс - қарапайым бұйымдар;

5) шыны шариктер;

6) сыртқы диаметрі 58 мм дейін бес конус тәрізді қосалқыларымен тәрелкелер - пневматикалық престе престеу;

7) экран мөлшері 47 см дейін электрондық – сәулелі түтіктерге арналған экрандар мен конустар.

Параграф 3. Ыстық шыныны престеуші, 5-разряд


599. Жұмыс сипаттамасы:

арнайы, жарық техникалық және басқа ірі және техникалық күрделі шыны бұйымдарын престеу процесін жүргізу;

орта күрделі сортты ыдысты престеу, өңделген беті бар және кейіннен тегістеу мен өңделуге тиісті беті бар күрделі конфигурациялы шыны бұйымдарын престеу;

шыны блоктарын дайындау бойынша пневматикалық престің жұмысын жөндеу және реттеу;

ыстық шынының анағұрлым жоғары білікті престеушісінің басшылығымен электрондық және автоматты басқарумен престерге қызмет көрсету және жөндеу;

алмалы- салмалы прес- қалыптардың престеуші жұмыстарының берілген жұмыс режимін іріктеу және қолдау.

600. Білуге тиіс:

механикалық, электрондық және автоматты басқарумен престердің құрылысы, пайдалану және жөндеу ережесі;

ірі габаритті бұйымдарды және күрделі конфигурациялы бұйымдарды дайындауға арналған алмалы- салмалы прес- қалыптарға қойылатын талаптар;

ақаудың пайда болу себептері және оның алдын алу мен оны жою бойынша шаралар;

даярланатын бұйымдарға мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар, әр түрлі маркалы шынылардың құрамы мен қасиеттері.

601. Жұмыс үлгілері:

Престеу:

1) одан әрі өңдеусіз құрылыс блоктары;

2) иіретін дисктер;

3) жарық техникалық бұйымдар;

4) сортты ыдыс: қант салғыштар, май сауыттар, селедка салғыштар, гүлдерге арналған құмыралар; центрифугалау әдісімен әзірленетін шағын және орта мөлшерлі бұйымдар;

5) сыртқы тәрелке диаметрі 58 мм артық қуатты генераторлық шамдарға арналған бес конус тәріздес өсінділермен тәрелкелер - пневматикалы престе престеу;

6) экран мөлшері 47 см және одан артық электрондық – сәулелік түтіктерге арналған экрандар мен конустар;

7) барлық мөлшерлердегі эксикаторлар және оларға қақпақтар.

Параграф 4. Ыстық шыныны престеуші, 6-разряд
602. Жұмыс сипаттамасы:

өңделген беті бар мөлшерлердің барлық түріне арналған түрлі-түсті теледидарға арналған кинескоптардың қабыршақтарының экрандары мен конустарын престеу процесін жүргізу;

күрделі конфигурациялы және центрифугалау әдісімен дайындалатын сортты ыдыстың бұйымдарын престеу;

электрондық және автоматты басқарумен престерге қызмет көрсету және жөндеу;

алмалы- салмалы прес- қалыптардың престеуші жұмыстарының берілген жұмыс режимін іріктеу және ұстау.

603. Білуге тиіс:

механикалық, электрондық және автоматты басқаруы бар престердің құрылысы және жөндеу ережесі;

алмалы- салмалы прес- қалыптарға қойылатын талаптар;

даярланатын бұйымдарға мемлекеттік стандарттар;

әр түрлі маркалы шынылардың құрамы мен қасиеттері;

ақаудың пайда болу себептері және оның алдын алу мен жою бойынша шаралар.

604. Жұмыс үлгілері:

Престеу:

1) сортты ыдыс: жеміс-жидектерге арналған құмыралар, торт салғыштар, шам қойғыш шамдалдар, крюшонницалар; центрифугалау әдісімен әзірленетін ірі мөлшерлі бұйымдар; арнайы тапсырыстар бойынша күрделі конфигурациялы бұйымдар.

108. Інжу моншақ елеуші
Параграф 1. Інжу моншақ елеуші, 1-разряд
605. Жұмыс сипаттамасы:

інжу моншақтың балқытылған дәндерін анықтау үшін күйдірілген інжу моншақты екі елеуіштен елеу;

інжу моншақты шаю.

606. Білуге тиіс:

інжу моншақты елеу және шаю ережесі.


  1. жүктеу 2,44 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау