Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения



жүктеу 2,4 Mb.
Дата19.01.2022
өлшемі2,4 Mb.
#33609
Аида 3


ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ

ПРЕДПРИЯТИЕ НА ПРАВЕ ХОЗЯЙСТВЕННОГО ВЕДЕНИЯ



«ВЫСШИЙ

МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

УПРАВЛЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

ГОРОДА ШЫМКЕНТ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ «ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ

Орындаған:Жораева Аида

Тобы:АК 20 « А «

Қабылдаған: Поштаева.А.А

Тақырыбы:

Жасушаның негізгі компоненттерінің құрылысы мен қызметі.Ядроның құрылысы мен қызметі


  • Тақырыбы: Жасуша биомембранасының молекулалық құрылысы және қызметі.
  • Мақсаты: Жасушалық мембрана құрылысының қәзіргі моделі, мембраналық ақуыздардың, липидті биқабаттың қасиеттерін оқып білу.
  • Дәрістің жоспары:
  • 1. Мембрананың құрылысы. 2. Жасушалық мембрананың Сингер-Николсонді құрылысының моделі. 3. Мембраналық липидтердің қасиеті. 4. Мембраналық ақуыздардың қасиеті. 5. Гликолипидтердің және гликопротеиндердің ролі.
  • Жасуша мембранадан, ядродан және цитоплазмадан тұрады.
  • Мембрананың негізгі қызметтері:
  • 1. Барьерлік - тасымалдау – яғни, жасушаға және жасушадан молекулаларды таңдаулы өткізетін тосқауылды қалыптастырады.
  • 2. Жасушааралық байланыстарды (контактарды), жасушааралық тануды қамтамасыз етеді – олардың жүзеге асуы үшін гликолипидтер және гликопротеиндер қатысады (омыртқалылардың барлық жасушаларының беткейінде гистосәйкестіктің негізгі кешенесінен тұратын, арнайы гликопротеиндер орналасады).

4. Рецепторлық – арнайы заттармен байланысу қабылеттілігі, физикалық факторларға жауап береді, жасуша ішіне жасушааралық сигналдарды береді. 5. Реттеуші – жасуша мен сыртқы орта арасындағы алмасуды реттейді.

5. Жасушаны қоршаған ортадан бөліп тұратын және жасушаның ішкі аймақтарын бөліктерге бөлетін, компартменттер бар. Компартменттерде химиялық реакциялар және метаболизм процестері жүреді. Жасушада кейбір химиялық процесстер тек қана мембранада өтеді.


  • Мембрана құрылысы. Қазіргі кезде Сингер және Николсонның «сұйық - мозайкалы» моделі қолданылуда. Липид молекуласы биқабат түзеді. Липидті биқабатта ақуыз молекуласы жүзіп жүреді. Биологиялық мембрананың құрылысының ерекшеліктері: 1. Жасуша мембранасының қалыңдығы 5–10нм. 2. Мембрана – бұл липопротеинді құрылым, липидтердің немесе ақуыздардың сыртқы жағына көмірсулар (2-10%) бекінеді.

3. Липидтер спонтанды биқабат түзеді және олардың полярлы басы мен полярсыз құйрықтары (гидрофобты бөлігі) болады.

4. Мембраналық ақуыздар көптеген әртүрлі қызметтерді атқарады.

5. Көмірсу компоненттері, мембрана үстінде гликокаликсті комплекс түзеді және сезіну механизміне қатысады.

Гликокаликстің бұзылысы жасушаға вирустардың енуіне себебін тизізеді.


  • Мембрананың қасиеті:
  • Тұйықталу (замкнутость) – бұл мембрананың өзін-өзі тігу (немесе жинақтау) қасиеті.
  • Латеральды қозғалуы - бір орыннан екінші орынға ауысады, қозғалады, бір қабаттан екінші қабатқа өтуі мүмкін (флип-флоп).
  • Асимметрия.

Липидті биқабаттың негізгі қасиеттері:

1. Қозғалу қабылеті – мембрананың сұйық қасиеті қамтамасыз етеді.

2. Өзін-өзі жинақталу- зақымдалған жасуша Мембранасы тез арада қайта қалпына келеді.

3. Жартылай өткізу (талғамалы өткізу) – бұл мембрана арқылы тасымалдау.

4. Диэлектрлік қасиеті – зарядты бергізбейді, сондықтан мембрананың ішкі және сыртқы қабатындағы потенциал әртүрлі болады. Бұл мембрана потенциалы деп аталады.

Мембраналық ақуыздар



Мембрана ақуыздары екі топқа бөлінеді: 1. Құрылымдық ақуыздар – цитоқаңқа ақуыздары. 2. Құрылымдық және әртүрлі қызмет атқаратын ақуыздар. – тасымалдаушы, маркировкалау және рецепциялау, ферментативті, сигналды өткізу, жасушааралық қарым-қатынастарды қамтамасыз ету. Әртүрлі қызмет атқаратын ақуыздарға тасымалдаушы ақуыздар жатады. Олар заттарды тасымалдау, реттеу, ферментті, тыныс алу және фотосинтез кезінде энергияның түзілуіне қатысады.
  • Мембрана құрамына 2-тип ақуыз жатады:
  • 1. Перифериялық – мембрана беткейінде орналасады.
  • 2. Интегралдық – бұл ақуыздар липидті қабатқа еніп тұрады (жартылай енген) немесе мембрананы тесіп өтеді (трансмембраналық ақуыздар).
  • Мембрана арқылы тасымалдайтын ақуыздар Ақпараттық молекулалармен байланысуға және жасуша ішіне сигналдарды беруге қабылетті. Бұларды рецепторлар деп атайды.
  • Соңғы уақытта мембрана құрылымы туралы көзқарастар бойынша, мембрана компоненттері (ақуыздар, гликопротеидтер, гликозоаминогликандар, гликолипидтер) бір-бірімен өзара және жасуша цитоплазмасының фибриллаларымен, микротүтікшелерімен, микрофиламенттерімен әсерлесіп, тұтас динамикалық жүйені – мықты созылғыш каркасты түзеді.
  • Бұл каркас мембрананың сұйық липидтік фазасын құрастырады. Каркастың болуы мембранада «антигендердің», рецепторлардың, ферменттердің және басқа компоненттердің біркелкі тұрақты орналасуын қамтамасыз етеді және де мембрана ақуыздарының агрегациясын кедергілейді.


  • Өткізгіштіктің өзгеруі ауыр (қайтымсыз) немесе беткейлік болуы мүмкін. Мембраналық өткізгіштіктің ең көп зерттелгені ауыр металлдармен (ртуть, уран) бұзылу болып табылады. Ауыр металлдар мембраналық ақуыздар сульфгидрильдік топтармен әрекеттесе отырып, олардың конформациясын өзгертеді және натрий, калий, хлор, кальций және магний үшін мембрананың өткізгіштігін кенеттен жоғарылатады, жасушаның тез ісінуіне, олардың цитоқаңқасының ыдырауына алып келеді.
  • Жасуша мембранасының бұзылуының негізгі тетіктеріне жатады: 1) бос радикалдық реакцияның жоғарылауы және мембрана липидтерінің бос радикалдық асқын тотығуы; 2) гидролаз белсенділігі (лизосомальды, мембранамен байланысқан, бос); 3) мембрана компоненттері бұзылысының ресинтез процесстерінің тежелуі. 4) макромолекуланың конформациясының бұзылысы;

5) ісінген жасушалардың немесе органеллалардың өте созылмалдылығы. Соңғы зерттеулер бойынша, жасуша ферменттерінің және мембрананың бұзылысының ең негізгі факторлары сутектің асқын тотығуының және бос радикалдық реакциясының шамадан тыс


  • БМ негізгі қызметі - тасымалдау. Белсенсіз тасымалдану : 1. Осмос немесе диффузия. Белсенсіз диффузия зарядталмаған молекулалар немесе иондар үшін тән. Жоғары концентрациялық аймақтан төменгі концентрациялық аймаққа өту. Кіші молекулалар үшін тән, салмағы 150 ДА жоғары емес, мысалы - CO2, O2, мочевина. 2. Липидтік қабатта заттардың еруі - спирт, глицерол. Осылай жасушаға улар мен дәрілік заттар енеді.
  • 3. Жеңілдетілген диффузия- жасушаға мембраналық барьер арқылы заттардың өтуіне, арнайы тасымалдаушы ақуыздар (транслоказ) немесе өткізгіш ақуыздар көмектеседі. Бұл процесс электрохимия- лық градиентпен жүреді (жылдамдық жоғары). Өткізгіш ақуыз, мембрананың бір жағында заттармен бірігеді де, екінші жағында оны береді (глюкозаны эритроциттерге тасымалдау, қанттарды, азоттық негіздерді тасымалдау).
  • Өткізгіш ақуыздардың жұмыс істеу принципі

  • Белок молекуласында конформациялық қозғаушыға байланысты канал түзіледі немесе «понг – пинг» механизмі деп аталады. Понг кезінде тасымалдаушы белок қосылатын бөлік сыртқа ашылады ал ПИНГ кезінде белоктың конформациялық өзгеруіне байланысты бөлік жабылады және клетканың ішіне ашылады.
  • Тасымалдаушы-ақуыздар нақты зарядты және өлшемді заттар үшін әрқашан ашық гидрофилді канал түзуі мүмкін. Кейде канал арнайы заттардың тек бір жағынан байланысқан кезде ғана ашылады. Кейбір жағдайда канал түзілмейді, заттарды тасымалдау 180º мембрананың беткейіндегі байланысқан лигандамен бірге транслоказаның қайтарылу жолы арқылы іске асады.
  • Белсенді тасымалдауда энергия жұмсалады, заттарды электрохимиялық градиентке қарсы тасымалдайды. Мысалы Na+, K +, Cl- иондары. Олардың сандары қан плазмасының эритроциттердегі құрамына байланысты айырмашылығы болады. Жасушада белсенді натрий насосы жүреді, жасушадан натрий ионын шығарады. Көбінесе ол калий насосымен байланысты, клетка ішіне калий ионын енгізеді. Бұндай біріккен насос- калий, натрий насосы деп аталады. Насос – бұл мембрананы тесіп өтетін ақуыз. Иондардың алмасуы ақуыздың конформациялық өзгеруі нәтижесінде іске асады.
  • Тасымалдаушы ақуыздардың жұмыс істеу әдістері: Тасымалдаушы ақуыздардың жұмыс істеу әдістері 3 топқа бөлінеді: унипорт, симпорт және антипорт. Унипорт кезінде ақуыз заттарды мембрана арқылы тасымалдайды, Симпорт кезінде заттарды немесе ионды тасымалдау, басқада иондармен тығыз байланысты. Симпортқа мысал ретінде клеткаға глюкозаны өткізу, натрийдің өтуімен тығыз байланысты. Антипорт кезінде біруақытта, бір өнім клеткаға еніп жатса, екіншісі клеткадан шығып жатады. Мысалы натрий, калий насосы. Тасымалдаушы ақуыздардың жұмыс істеу принципі понг – пинг.
  • Плазмалық мембрана арқылы макромолекулалар да тасымалданады. Клетканың үлкен молекуланы қоршап алуы эндоцитоз, ал осы молекуланы клеткадан шығару экзоцитоз деп аталады. Эндоцитоздың үш типі бар: 1. Фагоцитоз кезінде клеткаға үлкен бөлшектер енеді (жұтылады): вирустар, бактериялар, клеткалар немесе олардың сынықтары. Фагоцитоз арнаулы макрофагтар және гранулоциттар арқылы іске асады. 2. Пиноцитоз құбылысы барлық клеткаға тән қасиет болып саналады. Бұл кезде клеткаға сұйық және кішігірім түйіршіктер енеді.
  • 3. Рецептордың көмегімен жүзеге асатын (адсорбциялық спецификалық) эндоцитоз - макромолекулаларды өте жылдам таңдамалы қоршайды. Адсорбциялық эндоцитоз кезіндегі везикуланың тағдыры жұтқан зат типіне байланысты болады. Егер бұл гормон болса – онда бұндай везикула рецепторлармен қамтылады, оның Гольджи комплексіне жетуіне көмектеседі. Бұл везикула – рецептосома деп аталады.


  • Эндоцитоз механизмі. 1. Плазмалық мембранада инвагинация немесе төмпешік пайда болады. 2. Ол қолбаға ұқсас, эндоцитозды везикула деп аталады. Везикула мойыны қосылып мембранадан үзіледі. Везикуланың тағдыры әртүрлі: 1. Везикула келешекте Гольджи комплексіне қарай тасымалдануы мүмкін. 2. Лизосомалармен бірігіп екінші лизосомалар немесе фаголизосомалар пайда болады.


  • Егер везикула лизосомамен қосылатын болса, онда бұндай везикулалар коршалған көпіршіктер деп аталады, яғни клатрин-ақуызы болады. Бірқатар вирустар (СПИД, гепатит, полимиелит) – эндоцитоз механизмі бойынша түседі.
  • Экзоцитоздың – маңызы өте жоғары. Жасуша мембранасын жаңартады, секреторлық іс-әрекетті жүзеге асырады. Экзоцитоз механизмі. 1) везикуладағы заттар Гольджи кешенесінен немесе ЭПТ бүршіктеніп үзіліп шығады; 2) мембраналарға қарай тасымалданады; 3) олармен қосылады. Экзоцитоз болуы мүмкін: 1. үздіксіз (конститутивті); 2. реттелуші. Босап шығатын заттарды 3 топқа бөледі: Антигендер (жасуша беткейімен байланысып қалады). Жасушадан тыс матрикстік заттар 3. Сигнальдық молекулалар (гормондар, медиаторлар).
  • Молекулалық тасымалдаудың бұзылысымен байланысты патологиялар

  • 1. Жасуша беткейіндегі арнайы ақуызды молекулалық рецепторлардың болмауы жанұялық гиперхолестеринемияға алып келеді.

    2. Д-витаминінің резистентті рахитының клиникасы 1,25 – дигидроксихолекальциферол рецепторының дефектісімен байланысты.

    3. Муковисцидоз кезінде эпителиалдік жасушаның мембранасы арқылы хлоридтердің тасымалдануының реттелуі бұзылады, ол қалыпты жағдайда тасымалдайтын реттеуіштермен реттеледі.


Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер



https://www.google.kz/ Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл.  http://referat911.ru/Himiya/biopolimerler/168400-2244412-place1.html
жүктеу 2,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау