Параграф 2. Шыны автоматтары мен жартылай автоматтарын жөндеуші, 5-разряд
260. Жұмыс сипаттамасы:
шыны қалыптаушы машиналарды, тегістеу - өңдеу конвейерлерінің тораптарын, ротациялық аппараттарды, флакондарды даярлаумен көлденең жартылай автоматты, электр қосатын аппаратурамен және бақылау - өлшеу аспаптарымен және қондырғылармен вакуумды қондырғыларды дайындау, жөндеу және профилактикалық қарау;
«Витроликоно» автоматты престерін, шыны бұйымдарын орталықтан тебетін қалыптастыру машиналарын және анодты шығаруды пісіру машинасын дайындау;
өңдеу үшін электр муфельдерді дайындау;
қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеумен байланысты есептеулерді орындау.
261. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, жұмыс істеу қағидасы;
электр қосатын аппаратураның, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы;
жөнделетін жабдыққа, механизмдер мен түйіндерге жөндеу жасау тәртібі;
күрделі кинематикалық сызбасымен автоматты реттеу ережесі.
Параграф 3. Шыны автоматтарын және жартылай автоматтарын жөндеуші, 6-разряд
262. Жұмыс сипаттамасы:
вакуумдық- үрленбелі шыны қалыптаушы машина- автоматтарын және фидерлік қуаттандырғыштардың механизмдерін дайындау, жөндеу және профилактикалық қарау;
«Вибейк» түріндегі фацетті алу мен тегістеуге арналған автоматтарды жөндеу және реттеу;
қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеумен байланысты есептеулерді орындау.
263. Білуге тиіс:
жөнделетін машиналардың, механизмдер мен автоматтардың құрылысы мен құрылымы;
қызмет көрсетілетін жабдықты реттеу және жинақтау, оның механизмдері мен тораптарының өзара іс-қимылының ережесі.
264. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта кәсіптік) білім талап етіледі.
Параграф 4. Шыны автоматтарын және жартылай автоматтарын жөндеуші, 7-разряд
265. Жұмыс сипаттамасы:
элеткрондық басқарумен көпсекциялық автоматтарды, «Olivotto» және «Lindner» түріндегі вакуумдық- үрленбелі шыны қалыптаушы автоматтарды дайындау, жөндеу және профилактикалық қарау;
басқарушы компьютермен диалогтық режимде шыны қалыптаушы автоматтың және механикалық қуаттандырғыштың агрегаттары мен түйіндерінің өзара әрекетесу синхрондауын қамтамасыз ету;
прес- үрленбелі шыны қалыптаушы автоматтарды және компьютерлік басқарумен фидерлік қуаттандырғыштардың механизмдерін дайындау, жөндеу және профилактикалық қарау;
жөнделетін автоматтардың жұмыс режимін таңдау және реттеу;
карусельдің айналу жылдамдығын, үрлеу мен суытуға ауаның берілуін, вакуумды және шыны қалыптаушы автоматтардың басқа параметрлерін түзету;
әр түрлі бұйымдарды дайындауға арналған автоматтарды жөндеу.
266. Білуге тиіс:
шыны қалыптаушы автоматқа қызмет көрсету үшін қажетті көлемде компьютермен диалог, шыны бұйымдарының ассортименті мен дайындау жылдамдығына байланысты секция тораптарының жұмыс циклограммасын қалыптастыру ережесі;
жөнделетін автоматтардың, механизмдер мен тармақ агрегаттарының құрылысы және құрылымы;
желі агрегаттарының, тораптары мен механизмдерінің өзара әрекеттестігі, желі агрегаттарының тораптарын жинақтау, құру және реттеу ережесі;
ақау түрлері, оның алдын алу және жою ережесі.
267. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта кәсіптік) білім талап етіледі.
58. Шыны әшекейлеуші
Параграф 1. Шыны әшекейлеуші, 2-разряд
268. Жұмыс сипаттамасы:
қолмен және станоктарда шыныдан жасалған бұйымдарға бояулармен, эмальдармен, аспашамдармен, сұйық алтын ерітіндісімен және жібек- трафаретті мөрмен сурет салу;
қышқыл ваннасында немесе пастада өңдеу үшін қорғаныш лакпен немесе балауызбен трафарет бойынша сурет салу;
батыру әдісімен шырша әшекейлерін бояу;
шыныдан жасалған бұйымдарды бояғыштарды салуға дайындау: бетін байқау, тазалау;
бояуларды, эмальдарды, сұйық алтын ерітіндісін дайындау.
269. Білуге тиіс:
шыныдан жасалған бұйымдарға бояулармен, эмальдармен, аспашамдармен, алтынның сұйық ерітіндісімен, қорғаныш лакпен, балауызбен сурет салу процесі;
шыныдан жасалған бұйымдарды суреттер салуға тазалау және дайындау тәсілдері;
бұйымдарды бояудың сапасына қойылатын талаптар;
ақау түрлері және оның алдын алу мен жою бойынша шаралар.
Параграф 2. Шыны әшекейлеуші. 3-разряд
270. Жұмыс сипаттамасы:
шыныдан жасалған бұйымдарға қолмен бояулармен, эмальдармен, аспашамдармен және алтынның сұйық ерітіндісімен орта күрделі суреттерді салу;
күрделі конфигурациялы бұйымдарда беттердің тұтас және ішінара жабындарын бояулармен, алтынның сұйық ерітіндісімен біркелкі жағу;
қышқыл ваннасында немесе пастада өңдеу үшін қорғаныш лакпен немесе балауызбен контурлық және көп жоспарлы күрделі тақырыптық суреттерді салу.
271. Білуге тиіс:
шыныдан жасалған бұйымдарға бояулармен, эмальдармен, аспашамдармен, алтынның сұйық ерітіндісімен, қорғаныш лакпен, балауызбен сурет салу процесі;
бояулар мен суреттердің сапасына қойылатын талаптар;
ақау түрлері және оның алдын алу мен жою бойынша шаралар.
Параграф 3. Шыны әшекейлеуші, 4-разряд
272. Жұмыс сипаттамасы:
шыныдан жасалған бұйымдарға қолмен бояулармен, эмальдармен, қорғағыш лакпен немсе балауызбен (қышқыл ваннасында өңдеу үшін) күрделі композицияны, пейзеждарды, ұлттық ою-өрнектерді салу;
шыныдан жасалған бұйымдарға ультрадыбыспен сурет салу;
бұйымдарды сурет салуға дайындау, бояғыштарды, карбидбордың суспензиясын дайындау.
273. Білуге тиіс:
ультрадыбыс қондырғысының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы, ультрадыбыспен сурет салу ережесі;
күрделі суреттер салу тәсілдері, сурет пен қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар;
ақау түрлері және оны жою ережесі.
59. Шыны бұйымдарын бояушы
Параграф 1. Шыны бұйымдарын бояушы, 2-разряд
274. Жұмыс сипаттамасы:
тік бұрышты пішінді айнаға қорғаныш лакталған жабын мен шағылдырғыш металл қабатты қолмен жағу;
айнаны электролиттік қондырғыда мыстау;
айнаны мыстау үшін ерітіндіні дайындау;
шыны бұйымдарына эмаль жағу;
берілген құрамды эмаль дайындау;
желатин құрамының эмалын және қысылған ауаны бүріккіш- пистолетке және пульфонжуатын конвейердің кептіру секциясына беруді реттеу;
айналар мен шыны бұйымдарын конвейерде және басқа кептіру аргеттарында кептіру;
шекқұбырлар мен пульверизаторды шаю;
қызмет көрсетілетін конвейердің тазалығын қадағалау.
275. Білуге тиіс:
айнаны лакбояу материалдарымен жабу ережесі мен тәсілдері, бояғыштардың қасиеттері мен түрлері;
эмальдың құрамы және оны дайындау ережесі;
бүріккіш-пистолетке және пульфонжуатын конвейердің құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;
эмальдың тығыздығын айқындау, айнаны мыстау үшін ерітіндіні дайындау ережесі;
электролиттік қондырғыны қосу және сөндіру ережесі;
мыстау кезінде тоқтың рұқсат етілетін күші, салпыншақтарды, ұстағыштарды және катодты мыс тотығынан тазарту ережесі;
шыны бұйымдары мен айнаны конвейерде немесе басқа кептіру агрегаттарында кептіру ережесі;
кептіру агрегаттарының құрылысы, айнаның лакбояу жабынының ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.
Параграф 2. Шыны бұйымдарын бояушы, 3-разряд
276. Жұмыс сипаттамасы:
барлық түрлі айнаның бетіндегі лакқұятын машинаға қорғаныш лакбояу жабынын жағу;
мүсінді айнаны эмальмен және басқа қорғағыш материалдарымен жабу;
қорғағыш жабындары мен шағылдыратын металл қабатты кептіру және біріктіру;
электрстатикалық аймақта қорғағыш жабындарын жағу;
шыны бұйымдарын (шыны плиталарын, шыны панельдерді және тағыда басқа (бұдан әрі – тағы басқа) бүріккік-пистолеттен эмальмен жағу. Эмаль шликерін құру;
эмальды мөлшерлегішке жинау, компоненттерді қосу, дайын өнімді араластыру, жұмыс орнына жақындату;
шыны бұйымдарын пульверизация камерасына енгізу, шыны бұйымдарын бояу конвейеріне салу;
компрессорды қосу және сөндіру. Шыны бұйымдарын кептірудің температура режимін қадағалау;
шыны бұйымдарын пульверизация камерасынан алу;
бояуларды берілген рецептілер бойынша қайнату;
берілген құрам бойынша шихтаны іріктеу;
бояуларды пісіру режимін реттеу.
277. Білуге тиіс:
айнаны лакпен, эмальмен және басқа қорғағыш материалдармен жабу ережесі мен тәсілдері, бояғыштардың қасиеттері мен түрлері;
айнаның металл жабынымен әр түрлі маркалы эмальдардың ілінісу қасиеттері, жабындарды кептіру және біріктіру режимі;
кептіру агрегаттарының құрылысы, электр құрылғысының, есу машинасының және жылу өлшеу аппаратурасының жұмыс істеу қағидасы;
компрессорды, бүріккіш- пистолетті қосу және сөндіру, оның жекелеген бөлшектерін майлау ережесі;
эмальдың түрі мен тығыздығына байланысты берілген құрамды эмальды дайындау ережесі;
бояуларды құрастыру рецептілері, бояуларды дайындау (пісіру) тәсілдері;
бояуларға арналған химикаттардың сапасына қойылатын талаптар;
жабу кезінде ақау түрлері және оның алдын алу мен жою бойынша шаралар.
60. Шыны бұйымдарын бұрғылаушы
Параграф 1. Шыны бұйымдарын бұрғылаушы, 2-разряд
278. Жұмыс сипаттамасы:
бұрғылау станоктарында эксцентрлік шегі бар алмас, түтікті және басқа бұрғылармен шыны бұйымдарында әр түрлі бұрыштармен әр түрлі жазықтықтарда жеткізгішсіз әр түрлі диаметрлі аралық және бітеу саңылауларды бұрғылау және тексеріп қарау;
құралды бұрғылау станогында тексерумен орнату;
бұрғылар мен зенковкаларды қайрау;
бұрғылау режимін таңдау.
279. Білуге тиіс:
бұрғылау станоктары мен құрылғылардың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;
бұрғылар мен зенковкаларды іріктеу және қайрау ережесі;
бұрғылау режимі, өңдеу параметрлері туралы негізгі мәліметтер;
ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.
Параграф 2. Шыны бұйымдарын бұрғылаушы, 3-разряд
280. Жұмыс сипаттамасы:
алмас, түтікті және басқа бұрғылармен әр түрлі бұрыштармен әр түрлі диаметрлі аралық және бітеу саңылауларды шыны бұйымдарында бұрғылау;
саңылауларларды сызулармен және эскиздермен қарастырылған мөлшерлерге дейін жеткізу;
шынының маркасы мен бұйымның геометриясына байланысты бұрғылау режимін реттеу;
бұрғылау сапасын бақылау;
қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды жою.
281. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;
құралдарды орнату ережесі;
шынының әр түрлі маркаларын бұрғылау тәсілдері;
сызуларды оқу ережесі;
ақау түрлері және оның алдын алу тәсілдері.
61. Шыны бұйымдарын дәнекерлеуші
Параграф 1. Шыны бұйымдарын дәнекерлеуші, 3-разряд
282. Жұмыс сипаттамасы:
шыны блоктарын, шыны түтіктерін дәнекерлеу және бөлшектерді түтіктерге дәнекерлеп жапсыру;
газоттегі жанарғыларда, дәнекерлеу аппараттары мен станоктарда 100 мм дейін диаметрі бар түтіктерді қоса алғанда фасондық бөліктерді дәнекерлеп жапсыру.
283. Білуге тиіс:
дәнекерлеу аппараттарының, станоктардың және газоттегі жанарғылардың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;
шыны бұйымдарын дәнекерлеудің технологиялық режимі, жанарғылардың жалынын реттеу тәсілдері;
шыны бұйымдарын дәнекерлеу сапасына қойылатын талаптар.
284. Жұмыс үлгілері:
Дәнекерлеу:
1) крестовиналар;
2) өтулер;
3) ұшайырлар.
Параграф 2. Шыны бұйымдарын дәнекерлеуші, 4-разряд
285. Жұмыс сипаттамасы:
дәнекерлеу станоктарында, газ ауа және газ оттегі жанарғыларының көмегімен диаметрі 100 мм артық шыны түтіктерді және фасондық бөліктерді дәнекерлеу.
286. Білуге тиіс:
газ жанарғыларының және әр түрлі дәнекерлеу станоктарының құрылысы;
газ жанарғыларын жөндеу және шыны бұйымдарын дәнекерлеу процесінің әр түрлі сатыларында олардың жалынын реттеу ережесі;
шынының құрамы, оның термиялық және механикалық қасиеттері;
ақаудың түрлері мен себептері, оның алдын алу және жою әдістері.
287. Жұмыс үлгілері:
Дәнекерлеу:
1) крестовиналар;
2) өтулер;
3) үшайырлар.
Параграф 3. Шыны бұйымдарын дәнекерлеуші, 5-разряд
288. Жұмыс сипаттамасы:
диаметрі 150 мм артық шыны түтіктерді және фасондық бөліктерді дәнекерлеу;
газоттегі және газауа жанарғыларының жалынында технологиялық құбырлар үшін әр түрлі конструкциялы шұралар мен крандарды дәнекерлеу;
ішкі дәнекерді орындау;
шыны блоктарының өндірісі бойынша технологиялық тармақ жабдығына қызмет көрсету: карусель- дәнекерлеу үстел- автоматы, бұйымдарды алу және күйдіру пешіне тиеу механизмдері, жартылай блоктарды дәнекерлеу үстеліне тиеу механизмдері;
дәнекерлеу технологиялық параметрлерін реттеу;
жартыблоктардың шеттерін балқыту, блоктың барлық габариттері бойынша мөлшерлерді дәл сақтау;
дайындалатын бұйымдардың сапасын, газдың біркелкі түсуін және газ жанарғыларының дұрыс жұмыс істеуін қадағалау;
желі ақауы мен істемей қалуының туындауының алдын алу бойынша шаралар қабылдау;
қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.
289. Білуге тиіс:
дәнекерлеу станоктарының және әр түрлі жанарғылардың құрылысы және пайдалану ережесі;
дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу үшін құрылғылардың құрылымы мен құрылысы, әр түрлі маркалы шынының құрамы;
термиялық және механикалық қасиеттері, шыныдан арматураға арналған техникалық шарттар;
жөндеу жұмыстарын өз бетімен орындауға қажетті көлемде слесарь ісі мен электр техника;
күрделі сызуларды оқу ережесі;
ақаудың түрлері мен себептері және оның алдын алу бойынша шаралар.
290. Жұмыс үлгілері:
Дәнекерлеу:
1) бұрыштық және әрлі-берлі өтетін шұралар;
2) диафрагмалы және сильфонды түріндегі шұралар;
3) әрлі-берлі өтетін және үшжүрістік крандар.
62. Шыны бұйымдарын жинаушы
Параграф 1. Шыны бұйымдарын жинаушы, 2-разряд
291. Жұмыс сипаттамасы:
поликтарда, рамкаларда, кергіштерде айнаны жинау, жабыстыру, бекіту, безендіру және қоршау;
жекелеген бөліктерден шырша әшекейлерін жинау;
хрустальдан, стеклярустан және моншақтан пішіні жағынан әр түрлі жекелеген салпыншақтардан гирляндалар жинау;
әмбебап аспаптар мен құрылғыларды пайдалана отырып, сәндік шырақтардың қарапайым тораптарын жинау;
айна үшін поликтарды, рамалар мен жақтауларды, сылақтарды, жабыстыратын және басқа материалдарды іріктеу;
айнаны, сепаратор пластиналарын арнайы мастикамен жиектеу;
линзалардың оправасы мен оптикалық элементтерінің арасындағы саңылауларды бітеу;
қосылған жерлерін тазалау;
сымдардың ұштарын жинақтау және дәнекерлеу;
шығару ұштарын қалайылау;
қарапайым сызбалардың сымдарын жинау;
саңылауларды бұрғылау, ойманы қолмен және станоктарда кесу;
патронды жинау, бөлшектеу;
сымдарды патронның клеммаларына қосу;
бұйымдарды ыдысқа салу.
292. Білуге тиіс:
айнаны поликтарда, рамкаларда, кергіштерде, хрусталь және шыны салпыншақтарды дұрыс жинау және безендіру, бекіту, безендіру және қоршау тәсілдері;
жабысатын құрамдарды дайындау тәсілдері;
айнаға арналған техникалық шарттар, қолданылатын материалдар мен дайын бұйымдарға қойылатын талаптар;
шыны бұйымдарын жинау және безендіру тәсілдері;
пневматикалық және электрлік бұрғылармен және бұрғылау станоктарында жұмыс тәсілдері;
дәнекерлеу ережесі, орындалатын жұмыс көлемінже электр техникасының негіздері;
ақау түрлері және оны жою ережесі.
Параграф 2. Шыны бұйымдарын жинаушы, 3-разряд
293. Жұмыс сипаттамасы:
әр түрлі конфигурациялы шыны бұйымдарын жинау және құрастыру;
шыны пакеттерін жинау;
ірі мөлшерлі айнаны жинау, жабыстыру, бекіту және безендіру: бүктемелі айналар, мүсінді айналар;
қабырғаға ілетін айналарды жинау;
техникалық шарттарға сәйкес қолмен және арнайы машиналарда шыныны, шыны бұйымдарын, көбікблоктарды, блоктық пластиналарды әр түрлі желімдермен жабыстыру;
көбікшынының блоктарын мөлшерлері бойынша іріктеу;
суретшілердің күрделі сызулары мен нобайлары бойынша әр түрлі пішінді шыны бұйымдарын жинақтау;
престің және вулканизациялаудың көмегімеен герметикте шыны бұйымдарын жинау;
электр қыздыратын элементтерімен және нормаланған оптикамен әр түрлі мөлшерлі және салмақты триплексті металл рамкалармен және бутварлық бұраумен қоршау;
контактілерді дәнекерлеу, 0,5-тен 0,1 мм дейін дәлдікпен дұрыс беті бойынша бұйымдарды қиыстырып келтіру;
сәндік шырақтарды толық жинау және оларды жануға тексеру;
шыны бұйымдарын, металл жақтауларды, қабыршықты, герметикті, электр қыздыратын элементтерді және тағы басқаларын дайындау;
жабысатын ерітіндіні дайындау;
көбік шынының және жалпақ асбоцементтің блоктарын тегістеу және ысқылау;
марканы жинау үстеліне қою, шынны шектегіштерге орнату, шынылардың арасында қабыршықты салу;
шыны пакеттерін престеуге беру;
ауаның қысымын реттеу;
жүктемемен асбоцементтің жазықтарымен панелінің бүйір қырларын байлау;
шыны бұйымдарын сынау.
294. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың және құрылғылардың құрылысы және пайдалану ережесі;
әр түрлі бұйымдарды жинау мен жабыстырудың технологиялық процесі;
әр түрлі пішінді шыны бұйымдарын қоршау және бекіткіштерді жинау тәсілдері;
жиналатын шыны бұйымдарының сапасына қойылатын талаптар;
ақау түрлері, оның алдын алу бойынша шаралар.
Параграф 3. Шыны бұйымдарын жинаушы, 4-разряд
295. Жұмыс сипаттамасы:
электр қыздыратын шыныларды, әр түрлі конструкциялы күрделі электр қыздыратын және термоберік шыны бұйымдарын жинау және құрастыру;
ситалдардан жасалған бұйымдарды жинау үшін бөлшектерді тегістеуші терімен және полимерлеуді пайдаланумен майсыздандыру және өңдеу;
органикалық пасталар мен ерітінділерден рецепт бойынша жабыстыратын полимерлі қоспаны, эмальды, тығындау және бітеу құрамын дайындау;
тығындау қабатын қолмен жағу;
тығындалған жерлерді эмаль қабатымен жабу;
бітейтін құрамды бөлшектерге қолмен көп рет жағу;
бөлшектің шетіне органикалық қорғаныш ерітінділерін жағу;
бөлшектерді күйдіруге тасу;
арнайы техникалық шыныдан шыны пакеттерін жинау;
шыныны, үлбірді, рамкаларды, электр қыздыратын элементтерді дайындау;
үлбір төсеу;
шыны бұйымдарын әр түрлі материалдармен қоршау;
контактілерді дәнекерлеу;
престеу үшін шыны бұйымдарын жинақтау;
бұйымдарды 0,1 мм дейін дәлдікпен геометриялық пішіні бойынша қиыстырып келтіру;
престеу үшін пакеттерді қатарластырып жинау.
296. Білуге тиіс:
арнайы техникалық шыныға;
шыны жартылай фабрикаттарға, арматураға және жұмыста қолданылатын материалдарға қойылатын техникалық талаптар;
электр өлшеу аспаптарының, электр қыздыратын элементтердің құрылысы;
электр параметрлерді өлшеу тәсілдері;
сызуларды оқу ережесі, шыны бұйымдарын әр түрлі материалдармен қоршау және жинау тәсілдері;
органикалық реактивтердің қасиеттері, оларды сақтау тәсілдері мен мерзімдері;
тығындау және бітеу құрамы мен полимерлі қоспаны дайындау тәсілдері;
раковиналарды бітеудің технологиялық режимі;
жиналатын бұйымдарға қойылатын техникалық шарттар;
ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.
Параграф 4. Шыны бұйымдарын жинаушы, 5-разряд
297. Жұмыс сипаттамасы:
электр қыздыратын шыныларды, әр түрлі конструкциялы ерекше күрделі электр қыздыратын және термоберік шыны бұйымдарын күрделі сызулар бойынша жинау және құрастыру;
полимерлі қоспаны құю;
полимерлеу процесін жүргізу;
аллоскоп пен оптикалық қондырғының көмегімен оптикалық көрсеткіштерді реттеу;
ситалдан жасалған бұйымдарды жинау;
индикатор құралдың көмегімен жинау дәлдігін бақылау;
арнайы қосалқы қабаттар мен электрлік контактілерді пайдаланана отырып шыны бұйымдарын термотөзгіш материалдармен және металл арматурамен қоршау;
контактілерді дәнекерлеу;
шыны бұйымдарын престеуге арналған арнайы құрылғыларға жинақтау. 0,1 мм дейін дәлдікпен геометриялық пішіні бойынша бұйымдарды қиыстырып келтіру;
дайын өнімді есепке алу және тапсыру;
технологиялық журналдар мен паспорттарды толтыру.
298. Білуге тиіс:
жиналатын бұйымдарға техникалық шарттар мен сызулар, бұйымдарды жинау мен жабыстырудың технологиялық режимі;
полимерлеу режимдері, ситалдардан жасалған бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар;
шыны бұйымдарын қоршау тәсілдері, оптика бойынша бұйымдардың көрсеткіштерін түзету, бақылау-өлшеу аспаптарының және құралдың құрылысы және пайдалану ережесі;
ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.
63. Шыны бұйымдарын калибрлеуші
Параграф 1. Шыны бұйымдарын калибрлеуші, 2-разряд
299. Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым құрылғылардың көмегімен калибрлеу станогында немесе жартылай автоматта шыны бұйымдарын калибрлеу;
калибрлеу станогы мен жартылай автоматтарды қажетті мөлшерлерге баптау;
микроскоптың көмегімен капиллярларды калибрлеу;
микроскоптық нөмірді, конустықты, капилляр қимасының дөңестігін анықтау.
300. Білуге тиіс:
калибрлеу станогы мен жартылай автоматтардың, микроскоптардың құрылысы және пайдалану ережесі;
калибрленетін бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;
берілген дәлдікпен калибрлердің және микроскоптың көмегімен өлшеу жүргізу ережесі;
ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.
Параграф 2. Шыны бұйымдарын калибрлеуші, 3-разряд
301. Жұмыс сипаттамасы:
жоғары дәлдікті калибрлер өлшеу құрылғыларын пайдаланумен шыны бұйымдарын калибрлеу;
өлшеу миркоскопының көмегімен және калибрлеу автоматында капиллярлардың барлық түрлерін калибрлеу;
арнайы кестелерге сәйкес капиллярдың қимасының жарамдылығын айқындау;
өлшеу миркоскопын және калибрлеу автоматын баптау.
302. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін автоматтардың құрылысы мен баптау ережесі;
өлшеу миркоскоптарының құрылысы, оптика негіздері, шыны ақаулары және шыны бұйымдарының ақау түрлері;
тесік тәрізді режимдердің жарамдылығын айқындау ережесі.
64. Шыны бұйымдарын кептіруші
Параграф 1. Шыны бұйымдарын кептіруші, 2-разряд
303. Жұмыс сипаттамасы:
шыныбұйымдарды, термосқа арналған колбаларды және қорғайтын қабатпен жабылғаннан кейін айналарды кептіру;
конвейерге бұйымды қондыру және оларды кептіретін камераға тиеу;
кептірудің технологиялық параметрлерін реттеу: температурасын, конвейер қозғалысының жылдамдығын, ауа қысымын;
бұйымдарды конвейерден алып шығару мен ыдысқа салу.
304. Білуге тиіс:
кептіру камералары мен конвейердің құрылысы және жұмыс істеу қағидасы;
қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын, қысымды, температураны, ауаны реттеу тәсілдері;
ақау түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.
65. Шыны бұйымдарын кесуші
Параграф 1. Шыны бұйымдарын кесуші, 1-разряд
305. Жұмыс сипаттамасы:
түтіктердің ұштарын берілген ұзындыққа механикалық кесу;
түтіктерді стеллаждарға, қатарға және сорттайтын үстелге жинау;
көзілдірік линзаларын дөңгелек шаблон бойынша кесу;
линзаларды кесу сызығымен сындырып алу;
линзаларды ыдысқа салу.
306. Білуге тиіс:
кесу станогының, түтіктердің ұштарын кесуге арналған құрылғының жұмыс істеу қағидасы және құрылысы;
линзаларды кесу тәсілдері;
линзаларды кесуге және түтіктерді кесуге қойылатын техникалық талаптар;
бұйымдарды кесу кезінде ақаудың себептері мен түрлері және оның алдын алу бойынша шаралар.
Параграф 2. Шыны бұйымдарын кесуші, 2-разряд
307. Жұмыс сипаттамасы:
кесетін машиналарда, корундтық, алмас, болат дөңгелектерде қуыс шыны бұйымдарын нихром жібімен, алмас циркулымен кесу;
Достарыңызбен бөлісу: |