Қалыптасуы тарихы (1918-1930 жж)



жүктеу 366,19 Kb.
Pdf просмотр
бет1/13
Дата23.11.2018
өлшемі366,19 Kb.
#23948
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


Орта Азия мемлекеттік (Түркістан) университетінің құрылуы мен 

қалыптасуы тарихы (1918-1930 жж) 

 

ХІХ  ғасырдың  аяғы  ХХ  ғасырдың  басында  Ресей  империясында  орын 

алған саяси және әлеуметтік-экономикалық қатынастардағы өзгерістер қазақ 

қоғамына  да  өз  әсерін  тигізбей  қоймады.  Яғни,  Еуропаның  орталық 

аудандарында  техникалық  ғылымдар  интенсивті  түрде  дами  бастаған 

уақытта,  өнеркәсіптің  көп  бөлігін  электр  жаулап  алған  кезде,  радио  мен 

телеграф  ойлап  табылып,  техникалық,  медициналық,  жаратылыстану, 

гуманитарлық жоғарғы оқу орындарының жүйелері ашылған кезеңде, үлкен 

аймақты  қамтып  жатқан  және  бірнеше  миллиондаған  халқы  бар  қазақ 

даласында  бірде  бір  жоғарғы  оқу  орны  болмады.  Дегенмен,  Еуропамен 

байланысты  Ресейдегі  саяси  және  әлеуметтік  жағдайдың  өзгеруі,  оның 

рухани өмірімен тікелей араласқан қазақ халқында да өркениетке және білімі 

мен мәдениетін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіншілік ашылды. Өйткені, ХХ 

ғасырдың  басындағы  Қазақстанда  ғана  емес,  Ресейдің  өзінде  қарапайым 

халық  арасында  ағарту  ісі  мен  халықтың  сауаттылық  деңгейі  мәдениет 

саласының  мейлінше  артта  қалған  және  берекесі  кеткен  бөлігі  болып 

табылды.  Ел  тұрғындарының  басым  көпшілігі  не  оқи,  не  жаза  алмады, 

миллиондаған  балалар  мектептен  тыс  қалды,  педагогикалық  кадрлардың 

жетіспеушілігі өткір сезілді [1, 10 б]. 

Қазақ  даласындағы  халық  ағарту  ісі  мен  білім  беру  деңгейінің  өсіп, 

өркендеуі қиын тарихи жағдайда жүріп өтті. Бір жағынан уақыты өткен ескі 

қоғамдық қатынастар аяқтан шалып жатса, екінші жағынан патша үкіметінің 

ұлттық  езгіге  салуы  қазақ  елінің  алдағы  болашағына  күмән  туғызды.  Тіпті 

жергілікті  билік  орындары  қазақтардың  ұлттық  мәдениетін  дамытуға 

ешқандай  қызығушылық  танытпады.  Патша  билігінде  болған  алпыс  жылда 

Түркістан өлкесі бойынша Ташкентте бір ғана мұғалімдер семинариясы (1879 

жылы)  және  басқа  қалаларда  ұсақ  кәсіптік  мектептер  ашылған.  1914-1915 

жылдары патша үкіметі өлкедегі ағарту ісінің мұқтаждықтарына жан басына 

шаққанда  22  тиыннан  аспайтын  қаржы  жұмсады,  бұл  өлке  бюджетінің  2-3 

пайызын құрады, сол уақытта полиция мен әскери қажеттіліктерге 86,7 пайыз 

бюджет  қаржысы  жұмсалатын  [2,  с.24].  Сонымен  қатар,  бұл  жағдай  тек 

қазақтарда ғана емес, бүкіл Орта Азия халықтарына тән ортақ нәрсе еді. 1906 

жылы  «Вестник  воспитания»  атты  журналда  жарияланған  мақалада  былай 

деп жазды: «Егер Түркістан халқы мәдениетке осы кездегі  қарқындарымен 




жылжитын болса, онда өлкенің барлық халқына хат танытуға төрт мың 

жылдан аса уақыт керек болады» [3, с.21]. 

Осыған  байланысты  өз  халқының  қамын  ойлаған  қазақтың  алдыңғы 

қатарлы  зиялы  қауым  өкілдері  аймақта  жоғарғы  оқу  орнын  құру  қажеттігі 

мәселесін бірнеше рет алға тартады [4, с.78-81]. 1913 жылы 2 ақпанда Санкт- 

Петербург  қаласында  В.В.Бартольдтің  төрағалығымен  өткен  «Оқушы 

түркістандықтарға көмек көрсетуші Қоғам Комитетінің» кезекті отырысында 

С.М.Лапин  «Түркістандағы  халық  ағарту  ісінің  хал-ахуалы»  атты  баяндама 

жасап,  онда  өлкедегі  білім  беру  саласын  көтеру  үшін,  жергілікті  халыққа 

арнап  жоғары  оқу  орнын  ашу  қажеттілігіне  тоқталады.  Бұл  мәжіліске  мүше 

ретінде М.Шоқай да қатысып, С.Лапинді қолдап сөз сөйлейді [5, 10 п]. 

Жалпы  алғанда,  Түркістан  өлкесінде  халық  ағарту  саласының  дамуы, 

соның  ішінде  Орта Азия  мемлекеттік  университетінің  ашылуы  тарихнамада 

Лениннің есімімен және кеңестік саясатпен байланыстырылып келді. Алайда, 

деректерге сүйенсек, бұл пікірдің қате екеніне көз жеткіземіз. 

Мәселен,  Түркістан  өлкесіне  арналған  Ташкенттегі  жоғары  оқу  орнын 

құру  жөніндегі  ойды  алғаш  рет  1902  жылы-ақ  орыс  академигі 

С.Ф.Ольденбург  мәселе  етіп  көтерген.  «...мүмкіндігінше  Ресей,-  деп  жазды 

С.Ф.Ольденбург,-  Шығыста  орыс  шығыстануының  мықтап  орнығуы  үшін 

ғылыми  мектеп  ашуға  қадам  жасаса,  онда  Ташкент  бұл  мектеп  қызметінің 

орталығына  айналып  қана  қоймай,  орыстың  ортаазиялық  иелігін  ғана  емес, 

бүкіл  Персия,  Ауғанстан,  Қашғария,  Тибет,  Қытай  мен  Моңғолияны 

зерттеуге жол ашылар еді» [6, с.15]. Патша үкіметі Түркістанда жоғары оқу 

орнын  ашудағы  мақсаты  жергілікті  халықтың  білім  деңгейін  көтеруден 

туындаған  жоқ,  ол  өзінің  отаршылдық  мүддесін  көздеді.  Оны  Түркістан 

өлкесінде  жоғары  оқу  орнын  ашуды  жақтаушылардың  бірі  Г.Андреевтің 

баспасөз  беттерінде  бірнеше  рет  жариялаған  мақалаларынан  көреміз.  Сол 

мақалаларының  бірінде  Г.Андреев  былай  деді:  «Өлкеде  университет  ашу 

туралы  ой  туғанда,  университет  орыстар  үшін  ашылады  деген  басқа  ой 

келеді.  Әрине,  өлкеде  жоспарлап  отырған  университетке  орыс  жастарымен 

бірге жергілікті халықтың өкілдері де оқи алады. Бірақ, біздің гимназияларда 

олардың көбісі оқиды ма? Бүкіл Түркістаннан елу адам жиналады ма? Өлке 

халқына  пайызға  шаққанда  қаншасын  құрайды?  Орыстарда  университет 

болады,  ал  жергілікті  халық  тағы  да  өздерінің  орыс-туземдік  мектептерімен 

қалады...»  [6,  с.16].  Шындығында,  жергілікті  патша  әкімшілігі  қазақ 

халқының білімін көтеруді ойлаған емес. 

1917  жылы  Акпан  революциясы  жеңіске  жетіп,  патша  тақтан  құлаған 

соң, қазақтың демократиялық зиялы қауымы бұл хабарды қуанышпен қарсы 

алып,  ендігі  жерде  қазақ  халқының  еркіндігі  мен  бостандығына  жол 

ашылады,  ұлт-азаттық  қозғалыстың  негізгі  мәселелерінің  бірі  халық  ағарту 

мен мәдениетті өркендетуге жағдай туды деп үміт артады. Нәтижесінде олар 

саяси белсенділік көрсетіп, «Мұсылман еңбекшілерінің одағы», «Жастардың 

демократиялық  оқушылары  кеңесі»,  «Жас  қазақ»,  «Талап»,  «Жанар»,  Қазақ 

жастарының  революциялық  Одағы»  сияқты  мәдени-ағарту  ұйымдарын 

құрады. Сонымен қатар, қазақ зиялылары орыстың либералды- 



жүктеу 366,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау