Университеттік
интернет-ресурстарға
қойылатын
талаптарды
бекіту
туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2012 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 426 Бұйрығы
«Білімтуралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының
5-бабының
46-8) тармақшасына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырғанУниверситеттік интернет-ресурстарға қойылатын
талаптар
бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін қамтамасызетсін;
2) мемлекеттік
тіркеуден
өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарын
дажарияласын;
3) осы бұйрықты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтыңорын далуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми
жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетінатқарушы
М. Орынханов
ҚазақстанРеспубликасы
Білімжәнеғылымминистрінің
міндетінатқарушының
2012 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 426
бұйрығымен
бекітілген
Университеттікинтернет-ресурстарғақойылатын
талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Университеттік интернет-ресурстарға қойылатын талаптар (бұд анәрі - Талаптар)
«Білімтуралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының
5-бабының 46-8)
тармақшасына
сәйкес әзірленген.
2. Осы Талаптар университеттік интернет-ресурстарының құрылымын, мазмұны мен таратылу
өлшем дерін анықтайды.
3. Осы Талаптар дамынадай негізгі терминдер мен ұғымдар қолданылады:
1) динамикалық ақпарат – уақытша сипатқа ие жоғары оқу орнының ағымдағы қызметін
көрсететін ақпарат (перспективті даму, өзекті оқиғалар, басым бағыттар);
2) интернет-ресурстар – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде қызметететін электронды
ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақақпараттық
өзара әрекетті қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылым;
3) статистикалық ақпарат – бұл тұрақты (анықтамалық) сипатқа ие жоғары оқу орнының ішкі
қызметін көрсететін ақпарат (нормативтік құқықтық актілер, жоғары оқу орнының құрылымы,
ережесі);
4) электронды-кітапханалық жүйе – бұл білім беру процесінде пайдаланылатын, тақырыптық
және мақсатты белгілер бойынша бірлескен, қосымша сервистер мен жабдықталған, құжаттарды
іздестіруді және олармен жұмыс істеуді жеңілдететін және ҚР МЖБС-ныңбарлық талаптары мен
басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келетін электронды құжаттар жиынтығы.
2. Интернет-ресурстарын ұйымдастыру
4. Университеттік интернет-ресурстар оқу процесінде, оқу, ғылыми және тәрбиелік процестер
мен инновациялық қызметте ЖОО-ның жетістіктерін таныту және тәжірибені кеңейту
мақсатында, маркетингтік зерттеулер жүргізу кезінде пайдаланылуы мүмкін.
5. Әрбір білім алушы, оқытушылар және оларға теңестірілген тұлғалар университеттік
интернет-ресурстарға қолжеткізу мүмкіндігі мен қамтылуы тиіс.
6. Университеттік интернет-ресурстар мыналарды қамтиды:
1) жоғары оқу орындары, құрылымдық бөлімшелері туралы жалпы ақпаратты, құрылымдық
бөлімше басшыларымен байланыс жасау тетіктері;
2) халықаралық ынтымақтастық, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық, білім беру
бағдарламалары туралы, ғылыми және халықаралық қызмет бөлімі;
3) статистикалық және талдау деректері;
4) білім саласындағы нормативтік құқықтық актілер;
5) білім беру порталына, электронды кітапханаға, қашықтықтан білім беру порталына
(қашықтықтан білім беруді жүргізуге лицензиясы бар ұйымдар үшін), ресми сайттарға, әріптесті
кұйымсайттарына сілтемелер;
6) байланы сақпараты;
7) жоғары оқу орны басшысыныңблогы;
8) жаңалықтар тізбегі;
9) ғылыми конференциялардың, семинарлардың, ресми сапарлар мен кездесулердің кестесі;
10) білім сапасының менеджмент жүйесінің бөлімі.
7. Жоғары оқу орындарының халықаралық іс-шараларды, форумдарды, семинарларды,
конференцияларды өткізетіні туралы ақпарат жоспарланған өткізу күнінедейін жарты жылдан
кешіктірілмей университеттік интернет-ресурстарда орналастырылуы тиіс.
8.Университеттік интернет-ресурстарда орналастырылатын динамикалық ақпарат жаңа
ақпараттың түскеніне қарай кезең-кезеңімен жаңартылуы тиіс.
9. Ресми сайттарға орналастырылатын статистикалық ақпараттар қажеттілігіне қарай
жаңартылып отырады.
10. Университеттік интернет-ресурстарда жоғары оқу орындарының ресми рәміздері мен
логотипі орналастырылады.
11. Университеттік интернет-ресурстар жоғары оқу орнының Жарғысына сәйкес ЖОО-ның
қызметіне қатысты ақпаратты, дербес ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ құқық иеленуші
тараптар мен жасалған Келісімдер мен Шарттар негізінде басқа да ұйымдардың ресми сайттары
мен ЖОО-ның білім беру порталындағы ресурстарды қамтуы мүмкін.
12. Университеттік интернет-ресурстарда ақпараттарды орналастыру мен жаңарту регламентін
ЖОО-ның өзі анықтайды және төмендегілерді қамтиды:
1) университеттік интернет-ресурстарда жоғары оқу орны орналастыратын мәліметтердің
толық тізбесі;
2) ЖОО-ның интернет-ресурстарының жұмыс істеуі үшін қолданылатын технологиялық және
бағдарламалық құралдарға қойылатын талаптар;
3) орналастырылған университеттік интернет-ресурстарға пайдаланушылардың кіруі;
4) ақпараттарды жойылудан, оларды түрлендіруден және оқшаулаудан немесе осындай
ақпаратқа қатыстыбасқа да заңсызіс-әрекеттерден қорғау;
5) қайта қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасызету мақсатында ақпаратты қосымша
тасымалдаушы жабдықтарға көшіру;
6) университеттік интернет-ресурстарды әкімшілендіру.
13. Университеттік интернет-ресурстарда орналастырылатын ақпаратең кеміекітілде: қазақ
және орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін.
14. Университеттік интернет-ресурстарға техникалық қолдау көрсетуді, тәулік бойы жұмыс
істеуін ұйымдастыруды жоғары оқу орнының интернет-русурсын әкімшілендіруді жүзеге
асыратын құрылымдық бөлімшесі қамтамасыз етеді.
15. Университеттік интернет-ресурстарға ақпаратты орналастыруға дайындықты жоғары оқу
орнының құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.
16. Университеттік интернет-ресурстарда білім және тәрбие қызметіне жатпайтынөзге де
мәліметтерді орналастыруға жолберілмейді.