ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Оқыту түрі: күндізгі
Көкшетау
Әдістемелік нұсқаулар әлеуметтік жұмыстың әдістері мен техналогиялары пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және СӨЖ сабақтарға арналған талаптарын орындауға барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.
«Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының отырысында қарастырылған
«17» _______06_______ 2014 ж. хаттама № _11_
Кафедра меңгерушісі А.С. Мурзина
Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
«19» _______06_______ 2014 ж. хаттама № _10_
ОӘК төрағасы Б.Р.Сыздыкова
Кіріспе
Қазақстанның заманауи талаптарға сай кредиттік оқу жүйесіне өтуі, мамандарды дайындаудың жаңа түріне көшті. Кредиттік технология оқытудың дербестігін, студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) мәні жоғары сапада болуын талап етеді. СӨЖ ұйымдастырудың негізі студенттердің дәрісханадағы және дәрісханадан тыс жұмыстарын тұтас, үздіксіз жүйесіне айналдыруды көздейді.
Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен техналогиялары пәнінен жүргізілетін СӨЖ негізгі міндеттері:
Студенттердің лекция барысында алған білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту.
Студенттерде ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен, анықтамалықтармен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Студенттерді негізгі педагогикалық іскерліктермен қаруландыру.
Студенттердің шығармашылық қабілеттері мен педагогикалық бағытта ойлауын дамыту.
Студенттердің болашақ мұғалім ретінде педагогика ғылымына, педагогикалық қызметке деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.
СӨЖ дайындалғанда әр студент:
ұсынылған әдебиеттерді оқып-үйренуге;
реферат, баяндама дайындауға;
практикалық тапсырманы орындауға;
өз пікірін қорғауға;
тақырып бойынша қосымша материалдар жинақтауға міндетті.
Студенттердің өзіндік жұмыстары қамтиды:
- реферат, кейс, кроссворд, проблемалық міндеттерді шешу, т,б, үй тапсырмаларын орындауды көздейді (Үй тапсырмаларын студент кітапханада, т,б, орындарда орындайды).
- оқытушының тапсырмаларды орындау жайлы кеңес пен ұсыныстары. Бұл жерде семестр бойы жүйелілікті сақтау керек. СӨЖ тиімділігі оның әдістемелік қамтылуына байланысты. Ең алдымен, оқулықтар мен оқу құралдары, оқытушылар құрастырған әдістемелік нұсқаулар, Интернет ресурстары, оқу залының мүмкіндігі, т.б. құралдар.
Тапсырмаларды орындағанда оқулықтармен қатар сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар, т.б. құралдарды пайдаланып, соңында көрсету керек.
Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары
Тақырып №1. Әлеуметтік технология мәні, классификациясы «әлеуметтік технология» түсінігі (1-2 апта)
СӨЖ тапсырмалары
1. Әлеуметтік технология мәні, классификациясы «әлеуметтік технология» түсінігі (дәріс және СОӨЖ тапсырмалары бойынша ауызша жауап беру)
Әдебиеттер
Технология социальной работы / Под.ред. И.Г.Зайнышева. М., 2000
Л.П.Кузнецова Основные технологии социальной работы. М.:2002г.
Павленок П.Д. Технологии социальной работы. М:2004
Тақырып №2. Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік технология ерекшелігі (3 апта)
СӨЖ тапсырмалары
1. Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік технология ерекшелігі (баяндама жазу 4-5 бет)
Әдебиеттер
Мардахаева Л.В. Методика и технология социального педагога. М., 2002
Баймуканова М.Т. Отбасымен әлеуметтік жұмыс. Карағанды: 2006ж.
Тақырып №3. Әлеуметтік жұмыс модельдерінің технологиялық ерекшеліктері
(4-5 апта)
СӨЖ тапсырмалары
1. Әлеуметтік жұмыс модельдерінің технологиялық ерекшеліктері (курс соңында курстық жұмыстың алғышарты ретінде, курстық жұмыс тақырыптары тізімінен тақырып таңдап, реферат жазу)
Әдебиеттер
Козлов А.А. Социальная работа за рубежом. Состояние, тенденции, перспективы. М., 1998.
Чербинский С.И. Социальная работа и социальные программы в США. М., 1992.
Социальная работа в схемах. Уч.пособие. М.,2006
Практикум социальной работы. В.А.Козлов, т.Б.Иванова. Ростов-на Дону, 2001
Тақырып №4. Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясы: өзіндік байланысы
(6 апта)
СӨЖ тапсырмалары
1. Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясы: өзіндік байланысы (слайд жасау)
Әдебиеттер
Баймуканова М.Т. Отбасымен әлеуметтік жұмыс. Карағанды: 2006ж.
Хартия прав человека: Всеобщая Декларация прав человека. 1948
Конвенция о ликвидации всех форм дискриминации в отношении женщин. 1979.
Платформа действий.// IV Всемирная конференция по положению женщин. Пекин, 1995.Действия в интересах равенства, развития и мира. Национальный доклад к IV Всемирной Конференции по положению женщин. М., 1994.
Тақырып №5. Әлеуметтік жұмыс әдістері, оның классификациясы (7 апта)
СӨЖ тапсырмалары
Әлеуметтік жұмыс әдістері, оның классификациясы (Барлық классификацияны қоса отырып сөзжұмбақ құру)
Әдебиеттер
"Социальная работа с молодежью" для специальности 050905- "Социальная работа" / А. Н. Агафонов. - Караганда : КарГУ, 2005.
Мудрик А.В. Социальная педагогика / Под ред. В.А. Сластенина.- М.: Изд. центр «Академия», 2002.-200с.
Тақырып №6. Әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру әдістері (8 апта)
СӨЖ тапсырмалары
Әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру әдістері
Басқару әдісінің ұғымы
Басқару әдістерінің классификациясы, принциптері (ауызша жауап беру)
Әдебиеттер
Кожамкулова Л.Г. Социальная работа города: принципы и направления. – Алматы, 2003
Козлов А.А., Иванов Г.Б. Практикум социального работника. –М., 1993
Павленок П.Д. Теория, история и методика социальной работы. М., 2003
Тақырып №7. Әлеуметтік жұмыстағы социологиялық әдістер (9-10 апта)
СӨЖ тапсырмалары
1. Әлеуметтік жұмыстағы социологиялық әдістер (15 тест тапсырмаларын құру)
Әдебиеттер
Маслова Н.Ф. Рабочая книга социального педагога. Орел, 1994
Шишковец Т.А. Справочник соц.педагога М., 2005
Василькова Ю.В. Василькова Т.А. Социальная работа:курс лекции М., - 2001
Тақырып №8. Әлеуметтік жұмыстағы психологиялық әдістер (11 апта)
СӨЖ тапсырмалары
1. Әлеуметтік жұмыс әдістерінің классификацияларын кесте түрінде көрсету (қолмен А4 форматта жасау)
Әдебиеттер
Социальная работа: теория и технологии. А.Н.Агафонов, К.Н.Менлибаев, К.М.Туганбекова, Г.Г.Черная. Астана,2005
Технология социальной работы. Под.ред. И.Г.Зайнышева. М.,2002
Технология социальной работы. Под.ред. А.А.Чернецкой Ростов-на Дону, 2006
Тақырып №9. Әлеуметтік жұмыстағы педагогикалық әдіс (12 апта)
СӨЖ тапсырмалары
Педагогика ұғымы, педагогикалық зерттеу әдістері
Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі (конспект жазу)
Әдебиеттер
Василькова Ю.В. Методика и опыт работы социального педагога: учебное пособие. - М.: Изд. центр «Академия», 2002.- 160с.
Л.П.Кузнецова Основные технологии социальной работы. М.:2002г.
Тақырып №10. Әлеуметтік-экономикалық әдістері (13 апта)
СӨЖ тапсырмалары
1. Дәріс мазмұны бойынша ауызша жауап беру
Әдебиеттер
Козлов А.А., Иванов Г.Б. Практикум социального работника. –М., 1993
Баймуканова М.Т. Отбасымен әлеуметтік жұмыс. Карағанды: 2006ж.
Тақырып №11. Әлеуметтік қалпына келтіру (реабилитация) (14 апта)
СӨЖ тапсырмалары
1. Мүгедектердің ребилитациясындағы әлеуметтік қызметкердің рөлі
2. Мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс жүргізу
3. Мүмкіндігі шектеулі адмдарға төленетін жәрдемақы түрлері мен мөлшері
4. Курстық жұмысты алдын-ала қорғау
Әдебиеттер
Трудотерапия как метод реабилитации инвалидов. М., 1998
Кожамкулова Л.Г. Социальная работа города: принципы и направления. – Алматы, 2003
Тақырып №12. Әлеуметтік терапия және оны жүзеге асырудың әдістері (15 апта)
СӨЖ тапсырмалары
СӨЖ тапсырмасына сәйкес курстық жұмыс тақырыптары тізімінен бір тақырыпқа курстық жұмыс жазу
«Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясы» пәні бойынша
курстық жұмыс тематикасы
Көпбалалы отбасылар: мәселелері және әлеуметтік қорғау
Зорлық-зомбылық құрбандарымен әлеуметтік жұмыс әдістері
Жас отбасымен әлеуметтік-этикалық жұмыс ерекшеліктері
Әлеуметтік әрекеттің технологизациясы: себептері және мазмұны
Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік технологияның спецификасы
Қазақстандағы әлеуметтік жұмыс ұйымдарының ерекшеліктері
Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінің ұйымдарындағы қарым-қатынас және рөлдік теориялардың спецификасы
Әлеуметтік жұмыс технологиясындағы әлеуметтік диагностика
Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік сараптама
Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік іс-әрекет технологиясы
Коммуникативтік қызметтегі білікті қарым-қатынас
Асырап алу әлеуметтік жұмыстың технологиясы ретінде
Әлеуметтік жұмыстағы ұйымдастырушылық-басқару технологиясы
Тұрғындарға қолдау көрсетудің әлеуметтік-экономикалық әдістер технологиясы
Әлеуметтік жұмыстағы социологиялық технологиялар
Әлеуметтік-педагогикалық әдістер, және оларға сипаттама
Әлеуметтік технологияларды таңдаудың сындары ретіндегі тұлғаның психоаналитикалық және психодинамикалық модельдері
Наркологиядағы медициналық-әлеуметтік жұмыс
Онкологиядағы медициналық – әлеуметтік жұмыс
Отбасы терапиясының технологиялары
Қарт және егде тартқан адамдармен әлеуметтік жұмыстың қазіргі таңдағы технологиялары
Жастардың субмәдениеті және әлеуметтік жұмыстың мүмкіншіліктері
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік реабилитациялаудың технологиясы
Тұрғын – үй мәселесін шешудің жолдары мен міндеттері
Халықтардың аз қамтылған топтарына әлеуметтік қолдаудағы қайырымдылық іс-әрекеттің мазмұны мен мәні
Жас жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс технологиясы және оны жүзеге асыру механизмдері
Арнайы түзету мекемесіндегі сотталғандармен әлеуметтік жұмыс технологиясы
Жетім балалармен әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиялары.
Әлеуметтік жұмыстағы делдалдық әдіс қызметініңі ерекшеліктері.
Әлеуметтік жұмыс технологияларының классификациясы мен спецификалық ерекшеліктері
Жастар суициді кеңістігіндегі әлеуметтік жұмыс формалары мен әдістері
Бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылған адамдармен әлеуметтік жұымс технолгиялары
Риск тобындағы отбасылармен реабилитациялық әлеуметтік жұмыс формасы мен әдістері
Отбасының қарт адамнан бас тартпауының алдын-алу шаралары
Жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс спецификасы
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қалпына келтіру технологиясы
Жастармен антиалкогольдік бағыттағы әлеуметтік жұмыстың негіздері.
Әскери отбасылармен әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологияларының спецификалық ерекшеліктері
Жастар арасында анти нашақорлық алдын-алу технологияларын қолданудың ерекшеліктері
Девиантты мінез-құлқы бар балалармен әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиялары
Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс технологиялары және оны жүзеге асыру механизмдері
Әлеуметтік экспертиза әлеуметтік жұмыстың технологиялық процедурасы ретінде
Әлеуметтік жұмыс әдістері және технологиялары: ұғымы, классификациясы
Білім кеңістігінде әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясын қолдану спецификасы
Отбасында мүгедек бала бар отбасы мүшелерімен әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясы
Кәмелетке толмаған балаларды асырап алу және патронатқа алу технологиялары
Білім жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс технологиялары
Жастардың жергілікті тұрғын орны бойынша жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың технологиялары.
Мемелкеттік кәсіпорындарда еңбек кодексін қолдану халықты әлеуметтік қорғаудың факторы ретінде.
Білім беру мекемелерінде оқып жүргендердің арасында салауатты өмір салтын әлеуметтік-педагогикалық тараптан ұйымдастыру қызметі.
Нарықтық кезеңдегі Қазақстандағы ұлтаралық қатынастың әлеуметтік-саяси жұмыстарының негіздері
Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары.
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, себептері және алдын-алу шаралары.
Қазіргі Қазақстандағы әйелдер құқығын қорғау ерекшеліктері
Отбасындағы қақтығыс мәселесін шешу жолдары
Қаңғыбас балалар – әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
Нарықтық экономика және халықты әлеуметтік қорғау
Ата-ана қарауынсыз қалған балалармен әлеуметтік жұмыс технологиялары
Асыраушысынан айырылған отбасылармен әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиялары
«Риск топтарымен» әлеуметтік профилактикалық жұмыс ерекшеліктері
Н.4.02-03
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
БЕКІТЕМІН
ОӘК шешімімен
Төраға
Сыздыкова Б.Р.
«__19___» _06_ 2014 ж.
«Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс» кафедрасы
Кусаинова Гульшат Тулендиновна
5В090500 «Әлеуметтік жұмыс»
мамандығының студенттері үшін
«Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясы»
пәні бойынша курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Оқыту түрі: күндізгі
Көкшетау 2014
Әдістемелік нұсқаулар «Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясы» пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған, және курстық жұмыстардың (жобалардың) талаптарын орындауға барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.
«Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының отырысында қарастырылған
«17» _______06_______ 2014 ж. хаттама № _11_
Кафедра меңгерушісі А.С. Мурзина
Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
«19» _______06_______ 2014 ж. хаттама № _10_
ОӘК төрағасы Б.Р.Сыздыкова
Мазмұны
Кіріспе
1. Жалпы нұсқаулар
2. Курстық жұмысты орындау тәртібі
3. Курстық жұмыстың мазмұны мен құрылымы
4. Курстық жұмысты ресімдеу ережелері
5. Курстық жұмыс тематикасының үлгісі
ҚОСЫМША Титул беті
ҚОСЫМША Мазмұн үлгісі
ҚОСЫМША Курстық жұмыстың тақырыбына байланысты қолданылатын нормативтік сілтемелер үлгісі
ҚОСЫМША Курстық жұмыста қолданылатын термин сөздеріне сәйкес анықтамалар, белгілеулер және қысқартулар үлгісі
ҚОСЫМША Қолданылған әдебиеттер тізімінің үлгісі
Жалпы нұсқаулар
Курстық жұмысты жазу үрдісі кез-келген мамандықты терең зерттеуге, сонымен қатар жоғары дәрежедегі мамандарды дайындауда маңызды орын алады.
Курстық жұмысты жазу барысында маңызды орынды әлеуметтік жұмыс саласындағы мәселелер алуы тиіс. Жалпы пәннің атауы «Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясы» болғандықтан, тақырып аясы қоғамда қиыншылық көріп жүрген индивид, отбасы, топ, әртүрлі категорияларға көмек көрсету әдістері мен технологиясында шектеледі. Курстық жұмыста қабылданған шешімдер мен әдістер отандық және шетелдік тәжірибені ескере отырып құрылуы тиіс.
Курстық жұмыс арнайы құрылған стандарт, норма және ереже негізінде жазылады.
Курстық жұмыс тақырыптарының тематикасы төменде көрсетілген. Студенттер өз еріктерімен немесе оқытушымен бірігіп, болашақта дипломдық жұмыс ретінде жалғастыруға болатын курстық жұмыс тақырыбын таңдайды.
Оқытушының келісімімен студенттер курстық жұмыс тақырыптарының тематикасында оларды қызықтыратын тақырып болмаса, өз еріктерімен дербес тақырыпты құрып, таңдай алады.
Студенттер оқу жоспарында бекітілген мерзімде курстық жұмысты өз оқытушыларына қорғайды.
Өз кезегінде орындамаған және курстық жұмысты қорғамаған студенттер емтихан сессиясына жіберілмейді.
2. Курстық жұмысты орындау тәртібі
Курстық жұмысты орындау тәртібі келесі кезеңдерден тұрады:
Жетекшімен бірігіп курстық жұмыс тақырыбын таңдау.
Тақырыптың негізгі мәселелерімен танысу және жұмыс жоспарын құру.
Әдебиет көздерін зерттеу және қарастыру.
Жұмыс жоспарын негіздеу.
Курстық жұмысты жазу.
Қорғау.
Жұмыстың негізгісі студентпен орындалады. Студент он бес күн аралығында жетекшісін курстық жұмысты жазу кезеңдері қалай жүріп жатқандығы туралы ақпараттандырып отыруы қажет.
Тақырыпты таңдау алдында оқытушы студенттерге курстық жұмыс тақырыптарының тематикасын ұсынады. Соның ішінен, студент өзін қызықтыратын тақырыпты оқытушымен келісе отырып таңдайды.
Курстық жұмыстың мазмұнына қойылатын талаптар
Курстық жұмыстың көлемі 25-30 бетті құрайды. Қосымшалар магистрлік диссертацияның көрсетілген көлеміне енбейді.
Студентпен орындалатын әрбір курстық жұмыс оның маман ретінде қалыптасуының алғашқы қадамы, курстық жұмыстың кішігірім түрі. Сондықтан, студент дәстүрлі қателіктерді жасамауы тиіс:
автоматты түрде басқа адамдардың жазған текстерін көшіріп алмау (плагиат), керісінше оқылған материалды түсіндіріп жазу, цитаталарды тырнақшамен белгілеп, қолданылған әдебиетті сілтемелерде көрстеу;
жұмысты оймен жазу (тақырып, мақсат және жоспар негізгі бөлімді ашу барысында бір-бірімен байланысты болуы тиіс);
материалдың рубрикациясы бір тақырыпшадан екінші тақырыпшаға өту барысында бір ізділік мағынасын жоғалтпауы тиіс;
жұмыстың соңында көрсетілген әдебиеттер тізімі міндетті түрде жұмыстың текстік бөлігінде қолданылуы тиіс.
Курстық жұмыс нақты және логикалы түрде қолданылуы қажет. Оның құрамына төмендегідей құрылымдық элементтер енуі керек:
титулдық бет (1 қосымшада көрсетілген);
мазмұн (2 қосымша);
Курстық жұмыстың тақырыбына байланысты қолданылатын нормативтік сілтемелер үлгісі (3 қосымша);
Курстық жұмыста қолданылатын термин сөздеріне сәйкес анықтамалар, белгілеулер және қысқартулар үлгісі (4 қосымша);
Кіріспе;
Негізгі бөлім;
Қорытынды;
Қолданылған әдебиеттер тізімі (5 қосымша);
Қосымша.
Курстық жұмыстың титул беті курстық жұмыстың бірінші беті және құжатты өңдеуге және іздеуге қажетті ақпарат көзі болып табылады.
Титул бетте келесі мәліметтер болуы керек:
курстық жұмыс орындалған ұйымның атауы;
кафедраның атауы;
курстық жұмысты жазған студенттің тегі, аты-жөні;
жұмыстың атауы;
мамандықтың шифрі мен атауы;
жетекшінің (кеңесшінің, оқытушының) тегі және инициалдары;
орны және жылы.
Курстық жұмыс мазмұнында кіріспе, барлық бөлімдердің, тармақтардың реттік номерлері мен атаулары (егер атаулары болса), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардың атаулары және курстық жұмыстың басталатын бет номерлері көрсетіледі.
«Нормативтік сілтемелер» құрылымдық элементіне курстық жұмыс мәтінінде сілтеме жасалған стандарттар тізімі кіреді.
Сілтемелік стандарттар тізімі мынадай сөздермен басталады: "Осы курстық жұмыста келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылды".
«Анықтамалар» құрылымдық элементіне курстық жұмыста қолданылған түсіндіруді немесе нұсқама беруді қажет ететін терминдердің анықтамалары кіреді.
Анықтамалар тізімі мынадай сөздермен басталады: "Осы курстық жұмыста келесі терминдер тиісті анықтамаларымен қолданылды".
«Көрсеткіштер мен қысқартулар» құрылымдық элементіне курстық жұмыста қолданылған көрсеткіштер мен қысқартулар тізімі жатады.
Кіріспеде тақырыптың маңыздылығы мен жаңалығы, жұмыстың басқа зерттеу жұмыстарымен байланысы көрсетілуі қажет, сонымен қоса зерттеудің мақсаттары, нысаны мен пәні, міндеттері көрсетілуі тиіс.
Негізгі бөлімде төмендегі мәліметтер болуы тиіс:
- зерттеу бағытының негіздемесі, міндеттерді шешу әдістері;
- теориялық зерттеудің сипатын және мазмұнын анықтауды, зерттеу әдістерін, әзірленген нысандардың әрекет ету қағидаларын, олардың сипаттамаларының үдерісі;
- жұмыстың әрі қарайғы бағыттары бойынша қойылған міндеттер мен ұсыныстарды толығымен шешуді бағалауды, алынған нәтижелердің дұрыстығын бағалауды және оларды отандық және шетелдік жұмыстардың баламалы нәтижелерімен салыстыруды қоса алғандағы зерттеу нәтижелерін жинақтау және бағалау.
Қорытындыда мынадай мәселелер болуы тиіс:
- курстық жұмысты зерттеудің нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар;
қойылған міндеттердің толығымен шешілуін бағалау;
нәтижелерді нақты қолдану бойынша ұсыныстар мен бастапқы мәліметтердің әзірлемелері.
Тізімде диссертацияны жазу кезінде пайдаланылған әдебиет көздері туралы мәліметтер болуы қажет.
Қосымшаларға қандай да бір себептер бойынша негізгі бөлімге енгізілмеген орындалған курстық жұмысқа байланысты материалдарды енгізу ұсынылады.
Қосымшаға төмендегі материалдар енгізілуі мүмкін:
қосалқы сандық мәліметтер кестелері;
курстық жұмысты орындау барысында әзірленген нұсқаулықтар, әдістемелер;
қосалқы сипаттағы суреттер (фото)
Курстық жұмысты ресімдеу ережелері
Курстық жұмыс мәтінінің беттері және курстық жұмысқа енгізілген суреттер мен кестелер А4 пішініне сәйкес келуі керек.
Курстық жұмыс кез келген баспа әдісімен жазба машинкасында немесе компьютер мен принтерді қолдану арқылы бір интервалмен А4 пішініндегі ақ қағаздың бір жағында орындалуы қажет. Қаріп – кәдімгі, 14 кегль.
Курстық жұмыс мәтінін қағаздың жан жағының келесі өлшемдерін сақтай отырып, теру қажет: оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 20 мм, сол жағы – 30 мм, төменгі жағы – 20 мм.
Курстық жұмысты дайындау кезінде анықталған қателіктер, баспа қателері және графикалық ауытқуларды өшіру немесе ақ бояумен бояп және сол жерге машинамен жазу немесе қара сиямен немесе қара тушьпен қолмен жазу тәсілі арқылы түзетуге рұқсат беріледі.
Жалқы есімдерді аударуға және ұйым атауларын түпнұсқа атауларын қосып курстық жүмыс тіліне аударылған күйінде қолдануға болады.
Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптары болуы керек. Тармақтарға атау берілмейді. Атаулар бөлімдердің, бөлімшелердің нақты және қысқаша мазмұнын бейнелеуі тиіс.
«Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясы» пәні бойынша
курстық жұмыс тематикасы
Көпбалалы отбасылар: мәселелері және әлеуметтік қорғау
Зорлық-зомбылық құрбандарымен әлеуметтік жұмыс әдістері
Жас отбасымен әлеуметтік-этикалық жұмыс ерекшеліктері
Әлеуметтік әрекеттің технологизациясы: себептері және мазмұны
Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік технологияның спецификасы
Қазақстандағы әлеуметтік жұмыс ұйымдарының ерекшеліктері
Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінің ұйымдарындағы қарым-қатынас және рөлдік теориялардың спецификасы
Әлеуметтік жұмыс технологиясындағы әлеуметтік диагностика
Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік сараптама
Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік іс-әрекет технологиясы
Коммуникативтік қызметтегі білікті қарым-қатынас
Асырап алу әлеуметтік жұмыстың технологиясы ретінде
Әлеуметтік жұмыстағы ұйымдастырушылық-басқару технологиясы
Тұрғындарға қолдау көрсетудің әлеуметтік-экономикалық әдістер технологиясы
Әлеуметтік жұмыстағы социологиялық технологиялар
Әлеуметтік-педагогикалық әдістер, және оларға сипаттама
Әлеуметтік технологияларды таңдаудың сындары ретіндегі тұлғаның психоаналитикалық және психодинамикалық модельдері
Наркологиядағы медициналық-әлеуметтік жұмыс
Онкологиядағы медициналық – әлеуметтік жұмыс
Отбасы терапиясының технологиялары
Қарт және егде тартқан адамдармен әлеуметтік жұмыстың қазіргі таңдағы технологиялары
Жастардың субмәдениеті және әлеуметтік жұмыстың мүмкіншіліктері
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік реабилитациялаудың технологиясы
Тұрғын – үй мәселесін шешудің жолдары мен міндеттері
Халықтардың аз қамтылған топтарына әлеуметтік қолдаудағы қайырымдылық іс-әрекеттің мазмұны мен мәні
Жас жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс технологиясы және оны жүзеге асыру механизмдері
Арнайы түзету мекемесіндегі сотталғандармен әлеуметтік жұмыс технологиясы
Жетім балалармен әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиялары.
Әлеуметтік жұмыстағы делдалдық әдіс қызметініңі ерекшеліктері.
Әлеуметтік жұмыс технологияларының классификациясы мен спецификалық ерекшеліктері
Жастар суициді кеңістігіндегі әлеуметтік жұмыс формалары мен әдістері
Бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылған адамдармен әлеуметтік жұымс технолгиялары
Риск тобындағы отбасылармен реабилитациялық әлеуметтік жұмыс формасы мен әдістері
Отбасының қарт адамнан бас тартпауының алдын-алу шаралары
Жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс спецификасы
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қалпына келтіру технологиясы
Жастармен антиалкогольдік бағыттағы әлеуметтік жұмыстың негіздері.
Әскери отбасылармен әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологияларының спецификалық ерекшеліктері
Жастар арасында анти нашақорлық алдын-алу технологияларын қолданудың ерекшеліктері
Девиантты мінез-құлқы бар балалармен әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиялары
Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс технологиялары және оны жүзеге асыру механизмдері
Әлеуметтік экспертиза әлеуметтік жұмыстың технологиялық процедурасы ретінде
Әлеуметтік жұмыс әдістері және технологиялары: ұғымы, классификациясы
Білім кеңістігінде әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясын қолдану спецификасы
Отбасында мүгедек бала бар отбасы мүшелерімен әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясы
Кәмелетке толмаған балаларды асырап алу және патронатқа алу технологиялары
Білім жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс технологиялары
Жастардың жергілікті тұрғын орны бойынша жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың технологиялары.
Мемелкеттік кәсіпорындарда еңбек кодексін қолдану халықты әлеуметтік қорғаудың факторы ретінде.
Білім беру мекемелерінде оқып жүргендердің арасында салауатты өмір салтын әлеуметтік-педагогикалық тараптан ұйымдастыру қызметі.
Нарықтық кезеңдегі Қазақстандағы ұлтаралық қатынастың әлеуметтік-саяси жұмыстарының негіздері
Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары.
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, себептері және алдын-алу шаралары.
Қазіргі Қазақстандағы әйелдер құқығын қорғау ерекшеліктері
Отбасындағы қақтығыс мәселесін шешу жолдары
Қаңғыбас балалар – әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
Нарықтық экономика және халықты әлеуметтік қорғау
Курстық жұмысты орындау үлгісі:
1 ҚОСЫМША
Титул беті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік жұмыс кафедрасы
Курстық жұмыс
ЖАС ЖҰМЫССЫЗДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІ
Тексерген: Кусаинова Г.Т.
Орындаған: Байсалинов Р.К.
Көкшетау-2014ж.
2 ҚОСЫМША
Мазмұн үлгісі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.
1 Тарау. ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |