«Жастар тәжірибесінің» негізгі мақсаты жұмыссыз жастардың кәсіби білімдерін мсеңгеру, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, жұмысқа тұру мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады. «Жастар тәжірибесі» оқу жұмыс орындарында ұйымдастырылып, қызмет ақысы бюджеттік есептен қаржыландырылады. Оқу жұмыс орны – жұмыс берушімен құрылған өндірістегі тәжірибелік жұмыстың кәсіби білімін, дағды мен біліктілігін меңгеруге негізделген қосымша уақытша жұмыс орны. Еңбек жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қорғай органдары жұмыссыз жастарды жұмыс берушілерде бар вакантты жұмыс орындарына бағдарлай алады. Жұмысқа алушы оқу жұмыс орындарын жасап, және оған жұмыссыз жастарды жұмысқа алу барысында еңбек, жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қорғау органдарымен келісім-шартқа отыру негізінде ғана жүзеге асырылады. Жастар тәжірибесіне оқу жұмыс орнына сәйкес келетін кәсібі (мамандығы) бар жұмыссыздар бағытталады.
«Ауыл жастары» бағдарламасы бойынша, әрбіреуіне 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы төленеді. Педагогика мамандары үшін жұмыс орындарын табу қиынға соқпағанымен, жас дәрігерлердің мәселесі сол ашық күйінде қалды. Жастардың ауылдық жерлерде жұмыс істеуден бас тартуының негізгі екі себебін атап көрсетуге болады: жалақысы жоғары жұмыс пен қазіргі заман талабына сай инфрақұрылымның жоқтығы. Оларға мемлекеттік қолдаумен қатар, жергілікті билік органдарының батыл әрекеттері ауадай қажет. Атап айтқанда, аудандық бюджеттерді бекіту кезінде жастарды ауылдық жерлерде үлкен сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту үшін қосымша қаражаттың бөлінуін қарастыру қажет. Сонымен қатар, жас мамандарға жеңілдіктер бойынша тұрғын үй беру, мал мен жер телімдерін сатып алуда көмек көрсету, қажет жағдайда – жас мамандардың балаларының мектепке дейінгі мекемелерге орналастырылуын қамтамасыз ету сияқты механизмдерді қолданып, аудандық бюджеттерден қосымша қаражат бөлу қажет.
«Жас Отан» ЖҚ аясында «Жастар – Отанға» жобасы жастар арасындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталған. Осылайша, 2009 жылы билік органдары жастардың 50 әлеуметтік жобаларына қолдау көрсеткен болатын.
Осылайша, бүгінгі таңда Республика аумағында жүзеге асырылып жатқан жобалардың ішінде, 2009 жылғы көрсеткіш бойынша жоғары оқу орындарының жұмыспен қамтылу ісінде «Дипломмен ауылға» жобасы ең үлкен жетістіктерге жетті, ал оның аясында 6 582 маман жұмыспен қамтылды. Қалған жобалардың жұмысына қатысты жүргізілген сараптама көрсетіп отырғандай, олар жоғары оқу орындарының түлектерін кешенді жұмыспен қамту ісінде өз тиімділіктерін көрсете алмады. Жұмыспен қамтылған жас мамандардың саны бойынша екінші орын алатын жоба – «Жастар практикасы» болып отыр.
2009 жылдан бастап Ауылшаруашылығы министрлігінің бастамасымен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанатының бастама-қолдауымен «Дипломмен - ауылға!» жобасы қолға алынды. "Дипломмен ауылға" бағдарламасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен "жас отандықтардың" бастамасы бойынша, тiкелей президенттiң тапсырмасымен 2008 жылдың қаңтар айынан бастап iске асырыла бастаған болатын. Бұл жоба барлық жасерекшелік жастағы азаматтарға қолдана береді.
Дәріс №22. Ортаға бейімсіз балалар мен жас жеткіншектермен әлеуметтік жұмыс технологиясы
Жоспары
Девиантты мінез-құлықтың типтері, пайда болу факторы
Девиантты мінез-құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.
Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.
Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы.
Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
• микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Девиацияның екінші түрі - делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
3. Наша сату және тарату.Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдердегі девиантты қылықтың нақты себептері төмендегідей сипатта топтасады:
- өзін бақылаудың төмен деңгейі немесе оның мүлдем жоқтығы;
- отбасындағы жағымсыз жағдай;
- ересектердің бала проблемасын дұрыс түсінбеуі;
- баланың өз – өзіне сенімділігінің жетіспеуі;
- көшенің, ортаның және құрдастарының жағымсыз әсері;
- өзіне назар аударту тілегі;
- ата – аналардың үнемі қолының бос болмауы;
- баланың интеллектуалды дамуының әлсіздігі;
- қарапайым әлеуметтік дағдылардың жоқтығы (мысалы, құрдастарымен қарым – қатынасқа түсе алмауы);
- бос уақыттың көп болуы, баланың әлеуметтік өмірге араласпауы, отбасының тұрақсыздығы және төмен материалдық жағдай.
Девиантты қылығы бар жеткіншек келесі ерекшеліктерге ие:
жағымсыз психикалық күштеме.
тәуекелділікке жоғары дайындық.
жоғары агрессивтілік.
Девиантты қылықтың келесі топтамасын ұсынуға болады:
Психикалық денсаулық нормасынан ауытқушылық, яғни адамда анық немесе тұйық түрдегі психопатологияның бар болуы (бұл топқа астениктер, шизоидтар, эпилептоидтарды) қосуға болады.
Әлеуметтік патологияның әртүрлі формаларында көрінетін – ішімдікке салыну, есірткі қабылдау, жезөкшелік және т.б. адамгершілік нормалардан ауытқушылық кейде қылмыс формасында да көрінеді. Жеткіншектерді құрметтеу, оларға көмектесу, өзін – өзі бағалау сезімін дамыту және қажетті деңгейде пайдалы кеңестер беру – жас тұлғасының жақсы адам қатарына қосылуына көмектесер еді. Жеткіншектерден жақсы қылық талап ететін болсақ, ол онымен жақсы болмайды. Керісінше оған жақсы жағдай, адал қарым – қатынас жасайтын болсақ, онда ол жағымсыз әсерге қарсы тұра алады.
Девиантты мінез – құлықтың екі формасын бөліп көрсетуге болады.
1. Психикалық-денсаулық себебінен ауытқушылық;
2. Әлеуметтік, адамгершілік, құқықтық нормалардан ауытқушылық.
Осының екінші формасы қазіргі кезде көптеп кездеседі. Олар алкоголизм, наркомания, агрессия, заңға қарсы әрекет жасау және т.б. түрде көрінеді.
Девиантты мінез-құлықтың төмендегідей жалпылама факторлары болады:
1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:
- ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.
- психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;
- физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.
Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.
2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек.
Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін.
Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.
3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:
- оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;
- мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;
- әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;
- криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.
Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:
- дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;
- тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;
- асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.
Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.
4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б.
5. Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы.
2. Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:
• балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
• оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
• оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
• оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
• салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
• девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.
Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Бұл «Неке және отбасы туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар деревнялары және жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңдары, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және т.б.
Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекеттіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.
Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда, тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет.
Ол дегеніміз, балаларды тұрақтылығы бар, әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерге тәрбиелеуге берілуі тиіс.
Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор.
Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғы шарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары жатыр. Ол ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр.
Сонымен қатар, әлі де болса біліктілігі жоғары педагогтар жалақының төмендігіне байланысты саудамен айналысуға мәжбүр.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында жаһандық дағдарысқа қарамастан мемлекеттің әлеуметтік саясаты - ең алдымен жұмыс орындарын көбейтуге, қамқоршылары баланы оқытуға, жағдайы келмеген кезде кәмелетке толмағандарға мемлекеттің есебінен жоғары және арнайы орта білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын өсіруге бағытталып отыр.
Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың келесі бір бағыты білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның дәл және біркелкі қолданылуына тиісті бақылау және қадағалау жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
Оқу орындары, кәмелетке толмағандарға медициналық, кеңестемелік және басқа да көмек көрсететін, атап айтқанда осындай жәрдемге мұқтаж немесе қатыгездік құрбаны болған, ата-анасының мейірімін көрмеген және қудалау мен қанауға душар болған жасөспірімдерге қолұшын беретін базалық және анықтама орталықтарына айналуы тиіс. Нормативтік құжаттарда мектепке бару ережесін сақтау қиынға соғатын, сондай-ақ мектепті тастап кететін кәмелетке толмағандарға арнайы көмек көрсетілетіні көзделіп, жастар арасындагы қылмыстың және кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімді жолдарын табуға қатысты, ғылыми-зерттеу жүргізуде білім беру жүйесінің барлық буындарының арасында ынтамақтастық болуын ынталандыруға, сондай-ақ осындай зерттеулердің кең таралуы көзделуге тиіс. Осындай зерттеу нәтижелерінің негізінде білім басқармалары кәмелетке толмағандарға, заңға сәйкес мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелік құралдар әзірлеп, білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибесіне енгізу керек. Жасөспірімдер арасындағы заңға қайшы мінез-құлықтың алдын алудың неғұрлым тиімді шарасы девиантты мінез-құлқымен ерекшеленетін кәмелетке толмағандарды, әсіресе қоғамға қарсы бағдарланған жасөспірімдер топтарының лидерлерін дер кезінде анықтауға және олардың айналадағы адамдарға теріс ықпал жасауына жол бермеу болып табылады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, осындай жасөспірімдерді арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне орналастыру мүмкіндігі болғанда бұл жұмыстың пәрменділігі артады. Осының өзі құқық бұзушылықтың қайталануын болдырмауға, сондай-ақ оларды ересек адамдардың тарапынан болатын теріс әсерден оқшаулауға мүмкіндік береді. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, қараусыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың тағы бір бағытты әр түрлі қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, клубтардың және т.б. қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру болып табылады, себебі кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу көбіне жасөспірімдердің бос уақытын да ұйымдастырылатын әр түрлі қызметтердің жұмыс сапасына байланысты.
Мәдениет, ойын-сауық, спорт және туризм мекемелерінің, әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған кәмелетке толмағандарды көркемөнер, техникалық, спорт және т.б. үйірме, секцияларында үйренуге тарту, оларды отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу басты бағдарлама болуы тиіс.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдары зор рөл атқарады. Бірақ, бұл істе айтарлықтай кемшіліктер бар екендігі барлығымызға белгілі. Мысалы: теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездік, қанкұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағанадағы журналдар, фото суреттер, жарнамалар мұнын өзі келешек ұрпақтың мінез құлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіретіндігі айтпаса да түсінікті. Осы жағдайға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңда, жастарға арналған тиісті қызметтер мен мүмкіндіктерді БАҚ-ы арқылы тарату қажеттігі туралы норма императивті түрде баяндалу керек. Заңда бұқаралық ақпарат құралдарын есірткімен, зорлықпен байланысты материалдар көрсетуді мейлінше азайтуға, сондай-ақ зорлық пен қанауды жағымсыз жағынан көрсетуге мүдделі ететін, осыған ынталандыратын нормалар көзделуі тиіс. БАҚ-ы өз бағдарламаларын дер кезінде түзетуі аса қажет, олардағы ақпарат балалар мен жасөспірімдердің ақылын кемітпей, қатыгез етпей, дұрыс бағдар беруі тиіс. Сонымен қатар есірткі мен алкогольді пайдаланудың алдын алудағы, бұл заттардың зияны туралы ақпаратты барлық деңгейде таратудағы рөлі мен жауапкершілігі заң жүзінде анықталғаны жөн. Жоғарыда айтылғандай, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауының себептеріне кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның, прокурорлық қадағалау, полиция, сот-тергеу органдарының қызметін жетілдіру шаралары көзделіп, кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімділігін арттыру үшін барлық құқық қорғау, мемлекеттік басқару органдарының, балалар мен жасөспірімдер мәселелерімен айналысатын жастар және қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің өзара ықпалдасуын, қызметтерін үйлестіру жөнінде кешенді шараларды әзірлеу қажет. Осы мақсатта үйлестіруші орган, балалар мен жасөспірімдер құқық бұзушылығының алдын алу іс шараларын жүзеге асыру кезінде жинақталатын ақпарат, тәжірибе, білім мен мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде алмасуды жандандыруға тиіс. Осы орайда айта кететін бір жағдай, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар, білім басқару мекемелері, ішкі істер органдары, балалар мен жасөспірімдердің жалпы әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға сай келмейтін мінез-құлқы, көп жағдайда есею процесімен байланысты болатындығын және есейген сайын олардың мінез-құлқы өзгеретіндігін, ал жасөспірімдерді тәртіп, құқық бұзушы немесе бастап келе жатқан құқық бұзушы деп анықтау көп жағдайда жастардың бойында тұрақты жағымсыз мінез-құлық қалыптасуына әкеліп соғатындығын да терең ескерілуі қажет деп ойлаймын.
Дәріс №23. Тұрмыс жағдайы төмен тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру жөніндегі әлеуметтік жұмыс технологиясы
Жоспары
Тұрмыс жағдайы төмен тұрғындардың өмір сүру деңгейі туралы жалпы ұғым
Қоғамдық қорлардың ұйымдастырылуы
Қоғамдық қайырымдылық қорлары
Кедей немесе аз қамтылған адамдарға – айлық көрсеткіші отбасының бір мүшесіне минимальды тұтыну қоржынынан төмен және мин имальды еңбекақыға тең азаматтар жатады.
Күнкөріс деңгейі-тұлғаның құндылықтары мен қажеттіліктерін негіздейтін критерий. Күнкөріс деңгейі материалдық және рухани қажеттіліктерді сандық жағынан қамтамасыз етілудің деңгейі мен мөлшерін мінездейді.
Күнкөріс минимумы кедейшілік сызығын адам немесе отбасының суммарлы тұтыну бағасын есептеумен анықталады. Басқаша айтқанда, күнкөріс минимумы – бұл бір адамға қажетті минималды ақшалай кіріс, ол минималды тұтыну қоржынының көлеміне тең болады.
Кедейшілік сызығы – бұл кірістер деңгейі, онсыз минималды азық-түліктік және азық-түліктік емес адам қажеттіліктері қамтамасыз етілмейді.
Кедейшілік - тарихи қалыптасқан, көпфакторлы терең ұғым. Кедейлерге минималды ұлттық тұтыну стандартына қаражаты жоқ адамдар жатады.
Қоғамның әлеуметтік құрылымында әртүрлі критерийлер бойынша терең айырмашылықтар пайда болды, оның ішінде материалдық қамтамасыз ету деңгейі жатады. Адам қаншалықты жақсы тұрса, соншалықты оның қажеттілігі әртүрлі болады. өмір жағдайының құлдырауы, кедейшілікте өмір сүру тек қана материалдық мумкіншіліктерді жүзеге асыру қабілетін шектеп қана коймай, сонымен қатар өз-өзін бағалауды төмендетеді, әлеуметтік қажеттілік деңгейін түсіреді, әлеуметтік белсенділікті нашарлатады. Күнкөріс деңгейі-тұлғаның құндылықтары мен қажеттіліктерін негіздейтін критерий.
Күнкөріс деңгейі материалдық және рухани қажеттіліктерді сандық жағынан қамтамасыз етілудің деңгейі мен мөлшерін мінездейді. Күнкөріс деңгейі көрсеткіштеріне: ұлттық кіріс деңгейі, еңбекақы мөлшері, нақты кірістер, қолданылатын қызмет көлемі, тұрғын үй жағдайы, білім деңгейі және т.б. Бұның барлығы халықтың экономикалық ерекшелігін сипаттауға кең мүмкіндік береді. Тар мағынады күнкөріс деңгейі қажеттіліктерді қанағаттандыру мен оған сәйкес келетін кіріс деңгейін білдіреді. Сондықтан күнкөріс деңгейін жалпылама көрсету үшін халықтың нақты кірістерін қарастыру қажет.
Күнкөріс деңгейін көрсетудегі маңызды көрсеткіш отбасының минимум тұтыну бюджеті болып саналады. Минимум қажетті тұтыну деңгейіне материалдық және қызмет жағдайы мен азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлар мен қызметтердің минималды қажеттігін сипаттайды. Минималды тұтыну бюджеті минималды күнкөріс минимумының құрамдас бөлігі, оған тамақтану, азық-түліктік емес тауарлар, қызметтер, салық және т.б. төлемдер енеді.
Күнкөріс минимумы кедейшілік сызығын адам немесе отбасының суммарлы тұтыну бағасын есептеумен анықталады. Басқаша айтқанда, күнкөріс минимумы – бұл бір адамға қажетті минималды ақшалай кіріс, ол минималды тұтыну қоржынының көлеміне тең болады.
Күнкөріс минимумы тиесілі.
әлеуметтік саясат пен әлеуметтік бағдарламаларды өңдегеннен кейін халықтың өмір сүру деңгейін бағалау үшін;
еңбекақының және қартаюына байланысты берілетін минималды зейнетақы мөлшерін негіздеу үшін;
аз қамтылған азаматтарға қажетті көмекті мемлекет тарапынан көрсету үшін.
Көптеген елдер әлеуметтік жақсы тұрмыс концепциясын ұстанады. Бұл концепция бойынша барлық халыққа минималды күнкөріс деңгейі кепілденеді, яғни модель күнкөріс минимумы деңгейі кірісіне автоматты түрде үстінен төлеуді қарастырады, сонда күнкөріс минимумынан төмен тұратын адамдар болмайды.
Минимум тұтыну бюджеті кедейшілікті анықтайтын нүкте. әлеуметтік энциклопедияда «кедейшілік» абсолютті және салыстырмалы минималды өмірлік стандарттарды қанағаттандыру деңгейін анықтайтын категория ретінде қаралады. Практикада кедейшілік сызығын анықтайтын біренше тәсілдер бар.
Кедейшілік сызығы – бұл кірістер деңгейі, онсыз минималды азық-түліктік және азық-түліктік емес адам қажеттіліктері қамтамасыз етілмейді.
Сонда кедейшілік – бұл адамның қоғам мүшесі ретінде негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауы және толық қанды өмір сүру үшін қоғам байлықтарын қолдана алмауы.
Кедей немесе аз қамтылған адамдарға – айлық көрсеткіші отбасының бір мүшесіне минимальды тұтыну қоржынынан төмен және минимальды еңбекақыға тең азаматтар жатады.
Кедейшілік барлық экономикалық жүйеге тән. Бірақ оның өткірлігі қоғамның өндіріс тауарының көлеміне, жиынтық байлыққа, елдің өндірістік потенциялына, бөлу тәсілдеріне байланысты. Дамыған елдер әлеуметтік әлем мен мықты орта классқа бағытталған, олардың кіріс деңгейінде айырмашылық аз және кедейлер тобы көп емес. Басқа елдерде поляризациялы қоға, яғни байлар табы көп емес, орта класс аз және кедейлер жағы басым болып келеді. Кедейшілік - тарихи қалыптасқан, көпфакторлы терең ұғым. Кедейлерге минималды ұлттық тұтыну стандартына қаражаты жоқ адамдар жатады. әрбір елде өз стандарты бар және ол өндірістің мүмкіншілігімен, дәстүрімен, менталитетімен және т.б. байланысты. Кедейшіліктің абсолютті және салыстырмалы түрі бар. Салыстырмалы кедейшілік – бұл елдің жалпы кіріс деңгейіне қатынасты адамның нашар жағдайын көрсетеді. Абсолютті кедейшілік – бұл тамаққа, киімге, тұрғын үйге қаражаттың жетіспеуі. Сонымен қатар, ағымды (қазіргі кездегі кедейшілік) және созылмалы (ұзақ уақытқа созылатын) түрін көрсетеді. Кедейшіліктің өсуіне әсер ететін себептер - өндірістің құлауы, сұраныс пен еңбек нарығындағы ұсыныстың дисбалансы, төмен еңбекақы, жәрдемақы және т.б.
Қоғамда кедейшілік деңгейі минималды еңбекақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны, стипендияны, қарттар үйіндегі азаматтарды, балалар үйіндегі балаларды қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Қазақстан заңдылығына сәйкес кедей отбасыларына әрбір отбасы мүшесіне шаққандағы кедейшілік сызығынан төмен орташа айлық кірістері барлар жатады. Бірақ халықаралық стандарттар бойынша көптеген дамыған елдерде кедейлерге әрбір отбасы мүшесіне шаққандағы кірісі, күнкөріс минимумынан төмен адамдар жатады. Басқаша айтқанда, мемлекеттік көмек көрсету үшін критерий ретінде кедейшілік сызығы емес, күнкөріс минимумы алынады.
Кедей азаматтарға көмек көрсету түрін таңдау мемлекеттің қаржы мүмкіншіліктеріне байланысты.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты қоғам мүшелерінің жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты звеносында басты орынды халықтың кірістерін қалыптастыру саясаты алынады. Қоғам мүшелері кірістерінің деңгейі олардың жағдайларын көрсететін маңызды көрсеткіш.
«Кедейлерге көмек» және «Кедейшілікпен күрес» категорияларын айыра білу керек. Біріншісі қазіргі кезде қиыншылық көріп жүргендерге ағымды көмек көрсету болып табылады. Кедейлерге ағымды көмек таза бөлшектеу жүйесін көрсетеді, яғни ұлттық кірістің бір бөлігін мұқтаж көріп жүргендерге көрсету үшін әлеуметтік бағдарламалады өңдеу. Кедейшілікпен күрес – терең ұғым. Мұнда кедейлер санын қысқарту және олардың жоғарылауына жол бермеу үшін іс-шаралар жасалады. Бұл көптеген экономикалық және әлеуметтік прблемаларды шешумен байланысты: жұмысбастылық, салықтар, қызмет пен тауар, сонымен қатар әлеуметтік бағаның және т.б. ретке келтіру.
Кедейшілік проблемаларды шешетін жағдайларға: атаулы әлеуметтік көмектің жетістікке жетуі, кедейлердің кәсіпкершілігін стимулдау жатады. Кедейшілікті төмендету үшін БҰҰ мынадай стратегияларды ұсынады: мемлекет кедейлерге көрсетілетін қызметтерді кең қолдану қажет; кредит алу үшін жеңілдіктер жасау; азық-түліктік қамтылу мүмкіншілік және т.б. кеңейту.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Жалпы ұлттық қор туралы» жарлығын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнінде жалпы ұлттық қор құру арқылы оның қызметінің негізгі бағыттарын, яғни тұрмысы төмен азаматтарға материалдық, қаржылық ресурстарды беру, қызметтер көрсету, әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуына жәрдемдесу болды. Облыстарда халықтың табысы аз топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі аймақтық қайырымдылық қорлар құрылды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан бастап, КСРО-ның тарауына байланысты, экономикалық саяси-әлеуметтік дағдарысқа кездесті. Халықтың жікке бөлінуі күшейе түсті, яғни бір жағынан ауқатты адамдар, екінші жағынан кедейлер тобы пайда болды. Қазақстандағы зерттелген отбасының 43 пайызының табысы күн көрісінен төмен болды. Сондықтанда халыққа қайырымдылық көмегін көрсету әлеуметтік қажеттілікке айналды. Сөйтіп, елде қайырымдылық шаралары іске асырыла бастады.
Әлеуметтік сипаттағы шараларға мемлекет тарапынан ерекше маңыз берілді. Елде «Қамқорлық» ,«Қайырымдылық» акцияларын өткізу барысында тұрмысы төмен азаматтарға, зейнеткерлерге, мүгедектерге, ауруларға, жетім балаларға ақшалай, азық- түліктей көмек көрсете бастады. Республиканың барлық облыстарында қарттармен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлақтарын ұйымдастырып, мұқтаж жандарға түрлі материалдық жәрдемдер беріле бастады. Қазіргі күнде жер-жерде мұндай шаралар әрқилы сипатта жүргізілуде. Алматы қаласы бойынша қарттар тікелей материалдық көмек алса, Астана қаласы бойынша айлық табысы үш мыңнан аспайтын қарт адамдардың материалдық көмек ретінде 1 миллион 400 мың теңге көмек берілген.
Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі қор Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына сәйкес қоғамдық қордың ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған мүшелігі жоқ дербес, коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор қызметінің нысанасы мыналар болып табылады:
қаржы қаражатын, сондай-ақ ерікті қайырымдылықтар мен ізгілік көмегі түрінде берілетін басқа да мүлікті жинақтау;
тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуне қатысу;
еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, өкімдерімен, тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Жалпы ұлттық қормен тұрмысы төмен азаматтарды қолдау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
жалғыз басты, кедейлер мен үйсіз адамдар үшін қайырымдылық түстіктерін ұйымдастыру;
қаржы қаражатын жинау үшін қайырымдылық кештерін және басқа да шараларды ұйымдастыру;
бизнес-орталықтарды және шағын кәсіпкерліктің инкубаторларын, консультациялық, оқу-әдістемелік, лизингтік саласындағы өзге де нарықтық инфрақұрылымдарды дамытуға жәрдемдесу;
тұрмысы төмен азаматтарды кәсіптік бағдарлау, даярлау және біліктілігін арттыру жөнінде жұмыс жүргізу;
тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Жалпы ұлттық қорға Қордың қаражатының мақсатты пайдаланылуы туралы есептер беру;
тұрмысы төмен азаматтарды қолдау мәселелері жөнінде қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтін басқа да шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Қордың қызмет мерзімі шектелмейді.
Сондай-ақ, еліміздің алыс ауылдарында күнкөріс жайы төмендеген жандарға өз жағдайын жақсартуы үшін шағын несие берілуде. Бұл қаражатты әрбір отбасы әр азамат өз ыңғайына қарай жеке кәсіпкерлікпен айналысу үшін жұмсауда. Қор өз қаржысынан 117485 адамға қайырымдылық көмегін көрсеткен. Жалпы ұлттық қор басшылығымен түрлі қайырымдылық акциялары өткізіліп, аймақтық қорлар жанынан халық тұтынатын тауарлар шығарып және жұртшылыққа қызмет көрсететін шағын кәсіпорындар ұйымдастырылып,оған тұрмысы төмен азаматтар жұмысқа тартылған.
Қазақстан Республикасының «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және Жасөспірімдер үйлері туралы» заңы жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тұрып, тәрбиелену құқықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ оларға имандылық-рухани, еңбек тәрбиесі менбілім беруді жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында құрылатын отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарының және жасөспірімдер үйлерінің құқықтық жағдайын айқындайды.
Осы Заң жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары мен жасөспірім үйлерінде бағып-күтілуіне, тәрбиеленуіне, жалпы және кәсіптік білім берумен қамтамасыз етілуіне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Заң негізінен адамгершілік, әділеттілік, адамның еркін дамуы тәрбиеленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін басымдылықпен қорғау, балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері отбасы мүшелерінің өзара көмек және қолдау көрсету принциптеріне негізделеді. Заңда балалар үйлерін кезең-кезеңмен балалар ауылдарына айналдыруға және елде отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары мен жасөспірімдер үйлерін құруға бағытталған, олардың қызметі мынадай міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
тәрбиеленушілердің бағып-күтілуі, тәрбиеленуі, олардың жалпы және кәсіптік білім алуы үшін, соның ішінде олардың дене бітімі, психикалық, имандылық және рухани дамуына әсер ететін жағдайлар жасау;
тәрбиеленушілердің медициналық-психологиялық оңалуын және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету;
тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың психофизикалық жай күйін нығайту және прфилактикалық шаралар жүргізу;
тәрбиеленушілерге еңбек ету дағдыларын сіңіру, еңбек рыногында талап етілетін кәсіптерге оқытып-үйрету;
тәрбиеленушілерге болашақ кәсібін дұрыс таңдауға және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
Балалар ауылындағы отбасы- балаларды тәрбиелеудің жаңа нысанасынан туындайтын, отбасылық қатынастарды нығайтуға және еңбек дағдыларын сіңіруге, оқыту мен тәрбиелеуге жәрдемдесуге бағытталған жеке мүліктік емес құқықтар мен және міндеттермен байланысты адамдар тобы.
Балалар ауылында балаларды бағып –күтуді және тәрбиелеуді білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіппен конкурстық іріктеуден өткен тәрбиеші –ана отбасында жүзеге асырады. Балалар ауылы- коммерциялық емес ұйым түрінде құрылған, өзінің қызметін уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға. Балалар ауылының оқшауланған аумағы болады, оның ең аз көлемін, онда орналасқан пәтер үлгісіндегі тұрғын үй-жайларды, әкімшілік үйлер мен отбасыларының тұруына арналған ғимараттарды, сондай-ақ үй іргесіндегі және қосалқы шаруашылықты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Балалар ауылы, әрқайсысында жасы 18-ге дейінгі жетіден он тәрбиеленуші балаға дейін тұратын және тәрбиеленетін бірнеше отбасынан,сондай-ақ белгілі бір кезеңде жасы 23-ке дейінгі балалар үйлерінің түлектері мен балалар аулының тәрбиеленушілері тұруға арналған жасөспірімдер үйлерінен тұрады.
Балалар ауылы, негізінен шағын және орташа қалаларда, селолық елді мекендер мен ірі қалалар маңындағы аймақтарда орналасады.
Сонымен қатар, балалар ауылының балансында болатын жатахана немесе пәтер үлгісіндегі тұрғын үй Жасөспірімдер үйі болып табылады. Бұл үй жергілікті атқарушы органдардың шешімімен балалар үйінің жанынан да құрылуы мүмкін. Жасөспірімдер үйінің қызметін балалар ауылының әкімшілігі Жасөспірімдердің үйінің директорымен бірлесе отырып, уәкілетті білім беру органы бекіткен Жасөспірімдер үйі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Жасөспірімдер үйінің негізгі мақсаты-балалар ауылдарының тәрбиеленушілеріне және балалар үйлерінің түлектеріне олардың өз тілектеріне сай қоғамға, оның ішінде еңбек рыногына біте қайнасуына көмектесу. Жасөспірімдер үйі балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің түлектерін әлеуметтік бейімдеу мақсатында:
қоғамдық өмірге әлеуметтік бейімделу үшін жағдай жасауға;
жеке қабілеттерін дамытуға жәрдемдесуге және кәсіби даярлығын қамтамасыз етуге;
жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі міндеттерін орындауға тиіс.
Сонымен бірге, тәрбиеленущі балаларға арналған мемлекеттік кепілдіктер: Балалардың дене бітімі жағынан, санаткерлік, рухани және имандылық тұрғыдан дамуына жәрдемдесу, олардың бойына патриотизм мен азаматтықты сіңіру үшін құқықтық, экономикалық ұйымдастырушылық жағдайлар жасауды; кәсіби бағдар жүйесін құруды, бастапқы кәсіби даярлықты қамтамасыз етуді; білім алу, демалуына және олардың сауықтыруға бағытталған мекемелер желісін сақтау және дамыту арқылы олардың демалу және сауығу құқықтарын, мәдениет, дене тәрбиесі мен спорт саласында балалар мүдделері үшін мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды; егер балалар үйіне жіберілгенге дейін тұрып келген тұрғын үйлерін оларға қайтарып беру мүмкін болмаса, азаматтардың осы санаты үшін көзделген тәртіппен тұрғын үй беруді; мүдделі министрліктермен, ведомствалармен бірлесе отырыпбалаларды сауықтыру, гигиеналық тәрбие жөніндегі шаралар өткізу,балалар ауылдарындағы балалардың денсаулық жағдайларына бақылау жасау ісін жүзеге асыруды қамтиды.
Сондай-ақ, қорғаншы және қамқоршы органдар отбасылық үлгідегі балалар ауылдары мен Жасөспірімдер үйлеріне тәрбиеленуші балалардың білім алуына және оларды тәрбиелеуде, емдеу-профилактикалық, психологиялық-диагностикалық жұмыста әдістемелік көмек көрсетуге , олардың бағып-күтілуі, білім алу жағдайларына бақылау жасауды жүзеге асыруға, тәрбиеші-аналарға психологиялық-медициналық-педагогикалық мәселелер бойынша консультациялар беруге міндетті.
Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер жанындағы жасөспірімдер үйлерінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдарға, олар күндізгі оқу нысанында кәсіби білім алғанға дейін, толық немесе ішінара мемлекеттік қамтамасыз ету кепілдігі беріледі.
Қазақстан Республикасы зайырлы, құқықтық мемлекет қана емес, әлеуметтік мемлекет деген Конституциялық анықтама іске асырылуда. Қайырымдылық сөз жоқ, қоғамды тұрақтандыруға, адамдардың оған сенімін арттырудағы қоғамдық прогресске айналуда. Қоғамдық ұйымдар, әртүрлі қайырымдылық қорлары өтпелі кезеңдегі Республика өмірінің қиыншылықтарын түсінуде. Олар нарықтық қатынас жағдайында халықтың тұрмыстық қиыншылықтарын жеңілдетуге белгілі дәрежеде өз үлестерін қосуда. Соның нәтижесінде қоғамымыздағы жетім де, жесір де, мүгедек те, зейнеткерлерде қамқорлықты сезінуде. Олардың жұмысына өз ризашылықтарын білдіруде.
Қазақстан қоғамында басқа да өркениетті елдер сияқты, қайырымдылық арқылы халықты әлеуметтік қамтамасыз ету, қоғамдық жүйенің бір саласына айналуда.Қайырымдылық қорларының дамуы бүгінгі өмірдің талабына сай әр саладан өз орнын табуда. Көптеген қайырымдылық қорлары құрылып, миллиондаған адамдардың жағдайларын жақсартудың бұлағына айналуда.
Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзіндік орны мен атқаратын қызметін жан-жақты әрі нақтылы зерттеу қажеттілігі бүгінгі таңда өзектілігін жоймаған, әрі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе. Олай болса, қайырымдылықты зерттеудің мақсаты-қоғамдық өмірмен қайырымдылық саласындағы заңды байланысты, жалпы алғанда ең алдымен қоғамның, сонан соң әртүрлі әлеуметтік топтардың және жеке тұлғалардың мінез-құлық нормаларына айналу процесін зерттеу болып табылатындығы тұжырымдалды.
Адам өмірінің үлкен екі өрісі: біріншісі-әлеуметтік, бұл шындығын айтқанда адамға ең алдымен азық-түлік, баспана, киім-кешек және басқа жағдайлар керек, ал екіншісі-рухани өмір. Яғни адамдар бір-біріне тәуелді екендігін сезінуі қажет.
Қандай қоғамдық процестермен құбылыстар,өзгерістер болмасын өзінің заңдылық негізін табуы қажет. Бұл жағынан Қазақстан Республикасының заңдары мен заң актілері қоғамдық өзгерістерді, құбылыстарды заңдастыруда үлкен орын алады. Еліміздің әлеуметтік даму стратегиясының түпкі мақсаты-еңбекке қабілетсіз және тұрмысы төмен азаматтарды, зейнеткерлерді, мүгедектерді, көп балалы отбасыларын қолдау. Әлеуметтік қолдаудың осы бағыттарын жүзеге асыру әр алуан қайырымдылық қорларының қаржылары арқылы жүзеге асырылуда.
Қазір Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналды. Соның нәтижесінде оның өтпелі кезеңдегі қиыншылықтарына қол ұшын беріп, әлеуметтік жағдайына көмектесу халықаралық сипат алды. Олай болса, Қазақстан қоғамында басқа да өркениетті елдер сияқты қайырымдылық арқылы халықты әлеуметтік жағынан қолдау қоғамдық жүйенің бір саласына айналып, олардың әлеуметік мәні ашылды.
Қоғамдық қайырымдылық қорлары.
Қазіргі уақыттағы статистикалық мәліметтер бойынша біздің ғаламшарымыздың әрбір оныншы азаматы мүгедек болып табылады. Сондықтан физикалық және психикалық мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға байланысты проблемалар көкейкесті проблемаларға айналып отыр. Біздің еліміздегі қайырымдылық жұмыстары қоғамдық ұйымдардың халықтың қорғалмаған әлсіз қабаттары мен топтарының, жеке индивидтердің әлеуметтік проблемаларын шешуге белсенді араласуымен сипатталады.
Ақырғы жылдары қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарның өсуі, олардың халықты әлеуметтік қорғау шараларына белсене қатысуы байқалады.
Бұл қоғам мүшелерінің орны қоғамдық санада өзгергендігін көрсетеді. Азаматтардың материалдық және рухани игілігін арттыруға қатысудың жеке маңызы сезіле бастады. Қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының қызметі – бұл әр түрлі әлеуметтік қабаттардың, топтар мен жеке азаматтардың елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың көріністеріне, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жағдайына және оның проблемаларына жауап ретіндегі өз ықыласын бөлуі, өмірдің қиын жағдайына ұшыраған азаматтарға көмек көрсетуге талпынуы болып табылады.
Қоғамда қайырымдылық ұйымдарының белсенді жұмысы үшін қажетті ұйымдастырушылық-құқықтық алғышарттар құрылуда. Олардың қызметін реттейтін маңызды құжаттар қабылданды:
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының Декларациясы;
Қазақстан Републикасының Конституциясы;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
Балалар құқықтары туралы Конвенция;
Елбасының «Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі жалпы ұлттық қор туралы» Жарлығы;
Қазақстан Республикасының «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мен жасөспірімдердің үйлері туралы» Заң;
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанында отбасы және демографиялық саясат мәселелері жөніндегі Кеңес құру туралы» Жарлық және т.б.
Қазақстандағы қайырымдылық қызметінің мақсаттарына: қоғамдағы отбасы рөлінің артуына үлес тигізу; бақытсыз жағдайлардың алдын алу; әлеуметтік, ұлттық, діни қақтығыстардан зардап шеккен азаматтарға, репрессия құрбандарына, босқындар мен оралмандарға көмек көрсету; бала мен ананы қорғау; халықтар арасындағы бейбітшілік, достық пен татулықты бекіту; әлеуметтік, ұлттық және діни қақтығыстардың алдын алу кіреді.
Қайырымдылық қозғалыстарының әр түрлі ұйымдастырушылық формалары бар. Ең көп таралған қоғамдық бірлетіктерге: қоғамдық ұйымдар, қорлар, қозғалыстар мен мекемелер кіреді.
Қоғамдық қайырымдылық ұйым – бұл қоғамдық қызығушылықтарды қорғау және бекітілген мақсаттарға жету үшін бірлескен қызмет негізінде құрылған, мүшелерге негізделген қоғамдық бірлестік.
Қоғамдық қайырымдылық қоры – бұл мүшелігі жоқ, коммерциялық емес қорлардың бір түрі, оның мақсаты – ерікті салымдар және заңмен тиым салынбаған басқа да түсімдер негізінде мүлікті қалыптастыру, және осы мүлікті қоғамдық пайдалы мақсаттарға жұмсау. Қор мүлігінің құрылтайшылары мен басқарушыларының көрсетілген мүлікті өз қызығушылықтарына пайдалануға құқығы жоқ.
Қайырымдылық мекемелері – бұл мүшелігі жоқ қоғамдық бірлестіктер, олардың мақсаты – қатысушылардың қызығушылықтары мен көрсетілген бірлестіктің жарғысында белгіленген мақсаттарына сәйкес келетін нақты қызметтер түрлерін көрсету болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы қайырымдылық қорлары мен ұйымдарына мысал келтіретін болсақ, оларға: Қызыл Ай және Қызыл Крест қоғамы; халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры; «Сорос-Қазақстан» қоғамдық қайырымдылық қоры; халықаралық «SOS-Кирнердорф Интернационал» қоры, халықаралық «Руки помощи» қайырымдылық қоры, және т.б.
Бұл қайырымдылық қорлары мемлекеттік емес, тәуелсіз, коммерциялық емес, ерікті белсенділік секторы (волонтерлік, ерікті), филантроптық немесе Батыс елдерінде айтатындай, - «табыс көзі емес» (not for proft). Бұл секторлар:
мемлекетік емес, өйткені оған кіретін ұйымдар үкімет билігімен және құзіретімен иемденбейді;
тәуелсіз, өйткені көптеген қаржы көздерінің болуы оны мемлекет пен бизнестен тәуелсіз етеді. Қоғамдық дамудың белгілі-бір деңгейлерінде бұл секторларға басқа қоғамдық күштерге кері қызмет етуге тура келеді, себебі бұл секторлар бизнес немесе мемлекетпен қыспаққа алынған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды;
коммерциялық емес, өйткені бұл оны басқа коммерциялық ұйымдардан ажырататын ең басты белгі болып табылады. Бұл секторлар өз қызметін табыс табуға бағыттамайды;
ерікті белсенділік секторы (волонтерлік, ерікті), өйткені бұл жерде волонтерлердің ерікті қызметі кеңінен қолданылады. Ерікті, ақы төленбейтін еңбек бұл секторлар қызметінің негізі болып табылады;
филантроптық, себебі бұл анықтама бұл секторлардың пайда болуының тарихи тамырларын көрсетеді, соның негізінде бұл секторлардың маңызды бөлігін қайырымдылық ұйымдары құрады.
Дәріс №24. Қоныс аударушылармен әлеуметтік жұмыс технологиясы
Жоспары
Көші-қон түсінігі, анықтамасы
Қазақстандағы көші-қон процестерінің тарихи аспектілері (1917-1991ж.ж.)
Миграция түсінігіне теориялық – әдістемелік сипаттама
Көші – қон ұғымының қазіргі ғылымда бар типологиясына назар аударылып, шетелдік, ресейлік және орталық қоғамдық ғылымдағы түрлі теориялық ізденістерге авторлық талдау жасалды.
Жалпы көші – қон феноменін зерттеу ауқымын үлкен төрт топқа бөлуге болады.
Бұл теориялық ізденістердің бірінші тобына, Көші – қон процесі халықтың өзіндік қозғалмалдығы ретінде қарастырылады, оның бір елдің ішінде орын ауыстыруы салалық, территориялық, кәсіптік және әлеуметтік қайта орнығуына байланысты болады.
Көші – қон феномені механикалық кәсіптік және салалық орын ауыстыру жиындығы ретінде және осыған байланысты индивиттердің кеңістік жағдайының өзгеруінен халықтың бекітілген аймақтық құрылымдарының пайда болуымен анықталады.
Екінші топтағы зерттеушілерді қарастырсақ, демографтар арасында өте танымал болған көші – қон процесін халықтың механикалық орны ауыстыру деген тұжырымға тән болмыз. Бұл теориялық ағым көші – қон процесінің нақты адамдардың көз қарастарына, шешімдеріне және талаптарына деген өкілдерінің пайымдауынша, механикалық орын ауыстыру тұтастай мемлекет бақылауында болады және халықтың көшіп – қонуына байланысты шешімдерді тек ғана мемлекет қабылдай алады.
Үшінші топқа жататын зерттеулердегі көші – қон процесіне берілген анықтама, біздіңше, осы процеске дәл мағына береді. Расында да, көші – қон процесі тек халықтың құрамы ғанан емес, сонымен қатароның жекелеген элементтерінің арасындағы қатынастарды да өзгертуге қабілетті. Дәл осы үшінші ағым көші – қон процесіне қатысты ғылымға алғаш рет «әлеуметті» категориясын ендіргені тілге тиек ету керек сияқты. Бұл категория көші – қон феноменінің шынай болып жатқан қоғамдық процестер жүйесінде зерттеуге мүмкіндік береді.
Төртінші топқа енетін еңбектердің авторы халықтың кеңістіктегі кез келген орын ауыстыруын көші – қон процесі ретінде сипаттай отырып, көші – қон феноменінің нақты тарихы, әлеуметтік – экономикалық, саяси – әлеуметтік астарын қарастырмайды.
Қазақстан тарихында халықтың жүріп өткен жолы мен тарихы әр түрлі кезеңдердегі оқиғаларды қамтиды. Солардың бірі, кеңістік замандағы көші – қондық үдерістер және оның зерттелу деңгейі. Демек, өткен ғасырдағы кеңістік жүйе басшылары ұстанған ұлт саясатының халықтардың бір – бірімен өзара аралас құралас күй кешкен тарихи тағдыры бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша қарастырып, зерттеу мен зерттелуді қажет етеді. Өйткені кеңестік қызыл империя тұсында тарихи – демография тұргысынан ұлттарды зерттеуге тиым салынған. Сөйтседе, сол тұста өзінің ашық пікірінбілдіріп, ұлт мүддесін қорғау мақсатында күрес жүргізген қазақ зиялылары көп болды. Бірақ, тоталитарлық тәртіп басшылары оларды қуғандап, түрлі айыптаулар тағудың нәтижесінде кейбіреуін өлім жазасына кесуге дейін барды.
Кеңес одағы ыдырағанға дейінгі кезеңде жарияланған еңбектердің көпшілігіне емес, оның әлеуметтік мәселелеріне көбірек көңіл бөлінген. Мұның себебін Қазақстанның тарихи демографиясына кеңестік кезеңде баса назар аудара қоймаумен де байланыстыруға болады.
Қазақстан халқының демографиялық даму мәселелерінің зерттелу деңгейіне арналған алғашқы еңбектерінің қатарына Н.Е.Бекмахановтың мақаласын жатқызуға болады. Бірақ бұл мақала төңкеріске дейінгі Қазақстан тұрғындарының демографиялық жағдайының тарихнамасына арналған еді. Қазақстандық тарихнамалар зерттеулердің қатары 1960-1970 жылдары В.Ф.Шахматов, Г.Ф.Дахшлейлер, П.Г.Галузо, А.Н.Нүсіпов, Б.Сүлейменов секілді ғалымдардың ілгерілі еңбектерімен және мақалаларымен толыға түсті. Осы тарихнамалық еңбектерде Қазақстан халқының ХХ ғасырдағы әлеуметтік – демографиялық даму мәселелерінің зерттелу деңгейі арнайы қарастырылмасада, оған қатысты бірқатар еңбектерге талдау жасасып, пікірлер білдірілді. Шынында аталған тарихнамалық еңбектердің авторлық кеңестік кезеңде орныққан ұстанымы, теориялық қағидаларды басшылыққа алғандықтан, әлеуметтік – демографиялық мәселелердің зерттеуінде пікірталас тудыратын тұстарға кеңестік методологиялық тұрғысынан баға берумен шектелген.
Көші – қондық үдерістің Қазақстан халқының ұлттық құрамына әсері Е.Н.Гладышваның «О взаимовлияний миграции и национального состава населения (на материялах Казахстана)» атты мақаласында талданған.
Қазақстан халқының кеңестік заманындағы демографиялық даму мәселелері Я.Р.Винниковтың «народы Союза» еңбегінде көрініс тапқан.
Қазақ халқының санақ – аралық кезеңде ұзақ демографиялық даму тарихында бұрын болып көрмеген шығыны мол ең қиын белестен өткенін оның білмеуі де ықтимал. Қазақстандағы көші – қон үдерістері жайында зерттеу еңбегін жазған авторлардың бірі, Ә.Ғали енді. Оның зерттеу жұмысында 20жылдардың екінші жартысындағы демографиялық ахуал баяндалған. Автор кеңестік қазақ жерінен кеткендерден гөрі келгендер басым екендігін қарап, олар Украина, Еділ жағалауы, Сібір, Батыс, РСФСР-дың орталық аудандарынан және Белорус, Кавказ, Орталық Азия, Қиыр Шығыстан қоныс аударылып келгендер дейді. Сонымен қатар, зерттеуші көші – қон қозғалысына тартылғандардың 80 пайызы ауылды жерлерге қоныстанғандығын атап көрсеткен. Онда Қазақстан жерінде еуропалық бөліктен келген мигранттардың Қостанайға 15 пайызы, Ақмола мен Ақтөбеге 40 пайызыжәне Семейге 24 пайызы орналыстырлыған. Мұндағы мақсат көшіріліп келгендерді табиғаты сәйкес келеді деген желеумен қоныстандырған. Ал, оңтүстік және Жетісу аймағына қоныстандырылғандарға, табиғат жағдайы қолайлы болғанымен, жергілікті жердің халқы таныс емес еді.
Ә.Ғалидың Қазақстан этно – демографиялық сипаттамасы жайында жарық корген ғылыми мақаласында, кеңестік кезеңдегі халықтың құрамы мен ерекшеліктері, сондай-ақ, көп ұлтты мемлекеттің ұлттық құрамы жөніндегі мұрағаттық деректер мен санақ материалдырына негізделген мәліметтер келтірілген. Автордың бұл зерттеу жұмысында кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе басшылары жүргізілген өзгерістердің салдарынан демографиялық апатты жағдайларға душар болған қазақ жұртымен басқа республикалардын қоныс аударып, келген өзге ұлт өкілдерінің ұлттық құрамға әкелген өзгерістерін атаған. Демек, ғалым кеңестік дәуірдің тұсында қазақ халқының әлеуметтік – демографиялық мәселелерін батыл қарастырғандығы байқалды.
Қорыта келгенде, шамамен 1690-1990жылдар арасында, яғни 300 жыл мерзим ішінде Қазақстанды түпкілікті отарлау мақсатымен әдейі ұйымдастырылған немесе өз бетімен стихиялық миграция ағымымен келген көші – қон мөлшері – 8 млн.900 мың адам, яғни, бүгінгі күні саны енді азая бастаған европа тектес Республика тұрғындарының ең толысқан 1990жылғы санымен теңдей дерлік ерікті – еріксіз келімсектер орныққан.
Дәріс №25. Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс технологиясы
Жоспары
Жұмыссыздық ұғымы, түрлері, салдары
Жұмыссыздық панасыздықтың бір факторы ретінде
Халықты еңбекпен қамту қызметінің негізгі қызметі
1. К.Х.Брайкердің анықтамасына сай, жұмыссыздық деп жұмыс іздеп жүрген, жұмыс істеуге дайын, бірақ жұмыс күшін қолдана алмайтын халықтың экономикалық белсенді бөлігі.
Жұмыссыз – деп тұрақты жұмысы мен табысы жоқ, жергілікті қызметке орналастыру органдарында сұранысына сай жұмыс істеу мақсатымен тіркелген, жұмыс іздеп жүрген және жұмыс істеуге дайын еңбекке қабілетті азаматтар. Жұмыссыздардың саны олардың өз еріктерімен мемлекеттік қызмет көрсететін қалалық және аудандық бөлімшелерде тіркелу негізінде анықталады. Әсіресе, ерекше орынды жастар арасындағы жұмыссыздық алады.
Жұмыссыздық – халықтың экономикалық белсенді бөлігінің жалға алуға немесе жеке ісін ашуға қабілетті және жұмыс істеуге пейілі бар, бірақ өзінің жұмыс күшін сәйкесінше жұмыс орнының болмағандығынан жүзеге асыра алмайтын, нәтижесінде негізгі кірісінен айырылатын терең әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан, адамдардың санының көбеюінен пайда болады. Жұмыссыз ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген, жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар жатады. Жұмыссыздық түрлері екі топқа, оның ішінде бірнеше типтерге бөлінеді:
Табиғи жұмыссыздыққа жататындар:
институционалды жұмыссыздық, жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысына еңбек нарығы жүйесінің факторы, механизмдері және институттары әсері негізінде пайда болатын жұмыссыздық (минимум жалақы деңгейін еңгізу, жұмысшылардың кіріс көлемін қысқартатын салық деңгейінің өсуі; бос жұмыс орны туралы ақпараттың болмауы; мамандық құрылымын өзгертуі нәтижесінде еңбек нарығының өндіріс сұранысынан шалыс қалуы);
фрикциондық (ағымдық) жұмыссыздық, жұмыс орнын тосу немесе іздеумен байланыстырылған жұмыссыздық. Бұл жұмысшының бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысуынан пайда болады. Бұл экономикада тұрақты түрде болады;
ерікті жұмыссызыдық, жұмысқа қабілетті халықтың белгілі бір себептерге байланысты жұмыс істемеуі.
Еріксіз жұмыссыздық, бұл ағымды жұмыссыздықтың табиғи нормадан асып түсуі:
технологиялық жұмыссыздық, өндіріске электротехниканың еңгізуімен байланысты, жұмысшылар санының қысқаруы. Қазіргі жағдайда компьютермен алғашқы жұмыс атқарған қызметкерлер арасында жұмыссыздар саны өсуде ;
құрылымдық жұмыссыздық, бұл экономиканың құрылымдық өзгеруі нәтижесінде белсенді жұмыс күшінің жұмыстан босатылуы. Яғни сұранысқа ие емес кәсіпорындарының, жеке салалардың, ескі өнімдер көлемінің қысқаруы және жаңа салалардың дамуы. Бұл жұмыссыздық ағымының салдары өте ауыр, себебі жұмыссыз үшін бұл тек жұмыс орнын жоғалту емес, сонымен қатар өмір образы мен мамандығын өзгерту болып табылады. Ол негізінен жаңа ұрдістер есебінен жұмысшылардың мамандығын жаңартуға итермелейді;
аумақтық жұмыссыздық тек экономиканың көмегімен шешуге болмайтын тарихи, демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, психологиялық факторлардың терең комбинациялық әсерінен болатын жұмыссыздық;
жасырын жұмыссыздық. Уақытша жұмыссыздық кейбір кезде жасырын формаға енеді: толық емес жұмыс күні, толық емес жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтін жұмыссыздар; жәрдемақы алуға құқығын жоғалтқан және еңбекпен қамту қызметінде тіркелмеген жұмыссыздар.
Қазақстан Республикасының Халықты жұмыспен қамту туралы Заңы бойынша, жұмыссыздық экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың бір бөлігінің еңбек нарығында қажет болмай қалуына байланысты әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Ал жұмыссыздар - өздеріне байланысты емес себептер бойынша табыс әкелетін еңбек қызметімен айналыспайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек істеуге әзір, еңбекке жарамды жастағы адамдар.
Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты Заңының мақсаты жастардың рухани, мәдени, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамытуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам үшін олардың шығармашылық әлеуетін ашу болып табылса, міндеттерінің біріне жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету болып табылады.
Заң бойынша жұмыссыздарға 16 жасқа толмаған, және күндізгі бөлімде оқу бағамын алып жүрген жұмысқа қабілетті жастағы азаматтар жатпайды.
Терең әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде жұмыссыздықтың салдарын бірден бағалау мүмкін емес, оның негативті және позитивті мәні бар. Уақыттың өзгеруіне орай жұмыссыздыққа қатынас өзгереді. XX ғасырдың басында жұмыссыздықты «әлеуметтік зиян», жүзжылдықтың ортасында нарықтық экономикаға кірген елдердегі заңдылық құбылыс ретінде қарастырды. Қазіргі кезде жұмыссыздық тұрақты әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырылады.
Жұмыссыз азаматтарда моральдық жетіспеушіліктер көп кездеседі:
Өмір сүру деңгейінің төмендеуі;
Өзін-өзі құрметтеу мен квалификацияның жоғалуы, моральды құлдырау және отбасының құлауы;
Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеудің салдарынан қоғамдағы салықтың өсуі;
Жиынтық сұраныстың қысқаруы;
Қоғамда әлеуметтік және саяси ушуғудың өсуі;
Қылмыстың өсуі және тағы да басқа.
Достарыңызбен бөлісу: |