Бағдарламасы туралы Ережелері 2018 жыл жалпы ережелер



жүктеу 68,29 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі68,29 Kb.
#13735
түріБағдарламасы


Магистранттар мен қызметкерлердің әлем зертханаларындағы жазғы машықтанудан өтуге демеушілік көмек көрсету бағдарламасы туралы Ережелері – 2018 жыл


  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР




    1. Академик Шахмардан Есенов атын. ғылыми-білім беру Қорының (әрі қарай - Қор) бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама) мемлекетіміздің ғылыми зерттеу саласының дамуын қалайтын талантты Қазақстандақ жастарды іздеу, іріктеу және демеумен айналысуға бағытталған.

    2. Осы ережелерде аталған “Демеушілік көмек” термині әрбір қаржы алушыға 7000 АҚШ долларынан артық емес өтеусіз ақшалай төлемді білдіреді. Төлем берілген күнгі валюта бағамы бойынша саналады. Бұл бөлінген ақша дүниежүзінде орналасқан ғылыми және зерттеу зертханаларында жазғы машықтанудан өтуге арналған.

    3. Қазіргі таңда талантты жастарға докторантураға түсу және Ph.D дәрежесіне алу үшін ғылыми және зерттеу жұмыстарын жүргізу тәжірибесінің болуы міндетті шартқа айналғанын түсінгендіктен, Қор осы бағдарламаны ұйымдастыруда. Бұл бағдарламаның дамуы Қордың отандық ғылыми кадрларды дайындаудағы бір үлесі;

    4. Бағдарлама Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми-білім беру Қоры бастамасымен қаржыландырылады.

    5. Бұл бағдарлама байқаудың екі кезеңінен сәтті өткен ең мықты 5 қатысушыға 2018 жылының жазында әлемнің зертханаларында машықтанудан өтуге мүмкіндік береді.

    6. Бағдарлама қатысушылары - Қазақстан жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын, техникалық және жаратылыстану-ғылыми мамандықтарында соңғы курста оқитын және 1-2 курс магистратура студенттері немесе де ғылыми салада жұмыс істеп жатқан (білім деңгейі магистратурадан жоғары емес) қызметкерлер.



  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ КЕЗЕҢДЕРІ:




    1. Қордың бұл демеушілік бағдарламасы ұзақ мерзімді болып саналады және бірнеше кезеңде жүзеге асырылады.

    2. Бірінші кезең - Бағдарлама қатысушыларын іріктеу кезеңі. Бұл кезеңде негізгі пәндер бойынша жоғары білімі бар, болашақта ғылыми жұмыстарға қатысуға қызығушылық көрсеткендер, өздерінің ғылыми жұмыстардағы (олимпиадалар, конференциялар, зерттеулер) жетістіктерін дәлелдегендер және ағылшын тілі деңгейі жақсы қатысушылар іріктеліп, келесі кезеңге өтеді.

    3. Екінші кезең - Дайындық кезеңі және жазғы машықтану бағдарламасына түсу. Бұл кезең барысында байқау іріктеуінен өткен қатысушылар Бағдарламаға түсу дайындық үдерісінен өтеді:

  1. Бірнеше сәйкес бағдарламалар ізделінеді;

  2. Қажетті құжаттар дайындалады (эссе, пікірлер мен ұсыныстар, ғылыми жұмыстардың аудармалары және т.б.);

  3. Профессорлармен хат жазысып, байланыс орнатылады;

  4. Нәтижелерін күтеді;

Бұл кезеңде Бағдарламаның әдейі дайындалған және талапкерлерге көмек беретін кеңес берушілер тобы демеу көрсетеді.


  1. БАҒДАРЛАМА ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ІРІКТЕУ БАЙҚАУЫ:




    1. Конкурсқа қатысушыларға арналған талаптар:

  1. Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын, техникалық және жаратылыстану-ғылыми мамандықтарында соңғы курста оқитын және 1-2 курс магистратура студенттерә немесе ғылыми салада жұмыс істеп жатқан (білім деңгейі магистратурадан жоғары емес) қызметкерлер байқау қатысушылары бола алады.

  2. Үміткерлердің негізгі пәндер бойынша үлгерімі “жақсы” және “өте жақсы” болуы міндетті. Бұл бағаларды куәландыратын транскрипт және ғылыми жетекшісінің ұсыныс хаты болуы қажет.

  3. Үміткер мектепте/жоо оқу кезеңінде олимпиадалар мен ғылыми жұмыс жарыстарында жетістіктер иегерлері болуы, сонымен қатар орта білім аттестатының орташа бағасы жоғары болуы тиіс. Бұл жетістіктер дипломдар, марапаттау хаттары, сертификаттардың көшірмелерімен куәландырылуы қажет.

  4. Үміткердің ағылшын тілін білу деңгейі intermediate-тен төмен болмауы керек. Егер үміткердің аталған құжаттарды көрсету мүмкіндігі болмаса, оған тиісті тесттен өту мүмкіндігі беріледі.

  5. Үміткердің нақты ғылыми саласына деген қызығушылығы болуы және Қорға сәйкес дәлелдемелер көрсетуі қажет: өзінің ғылыми мақалалары, материалдар, қандай да бір зерттеулердің нәтижелері және т.б.

  6. Сонымен қатар, үміткер өзінің Ph.D бағдарламасына түсу қызығушылығы мен болашақта ғылыми жұмыспен айналысу құштарлығын негіздеп, баяндайтын эссе жазуы керек.

    1. 2017 жылғы Бағдарламаға қатысқан демеушілік көмек иегерлері, 2018-жылғы бағдарламаға қатыса алмайды.




    1. ІРІКТЕУДІ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ:

Іріктеу екі кезеңде жүргізіледі:

  1. Өтінімдер қабылдау және бағалау:

  • 18.02.2018 ж. сағат 23:59 мерзіміне дейін Қорға сәйкес түрде толтырылған өтінім тапсырылуы керек. Өтінімге қосымша келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Түйіндеме;

  2. Жеке куәлік көшірмесі;

  3. Транскрипт және бакалавриатты бітіргенін растайтын диплом көшірмесі (магистратура студенттеріне);

  4. Ғылыми жұмыс жарыстары бойынша дипломдар, сертификаттар көшірмелері;

  5. "Менің ғылыммен айналысқым келеді, себебі..." тақырыбында эссе;

  6. Ғылыми жетекшісінен мінездеме.




  • Өтініш пен қажетті құжаттарды Қордың электрондық поштасына жіберіңіздер: info@yessenovfoundation.org;

  • Бұл кезеңде студенттердің академиялық үлгерімдері, өтінімідерінің толтырылу сапасы, жетістіктері және ғылыми жұмыстармен айналысуға деген құлшынысы бойынша іріктеу жүргізіледі;




  1. Тренинг негізінде іріктеу/Интервью:

  • Тренингке/интервьюге өтінімдерін уақытылы жіберген және бірінші іріктеу кезеңінен сәтті өткен студенттер жіберіледі.

  • Тренинг және интервью үміткердің жеке тұлғалық қасиеттерін анықтау үшін өткізіледі.

  • Тренинг/интервью 2018 жылдың 2-13 наурыз аралығында өткізіледі.

3.4 Байқаудың іріктеу кезеңінен өткен студенттер Бағдарлама қатысушылары атанып, келесі дайындық кезеңіне өтеді.
4. ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАҒА ТҮСУ

4.1. Байқау іріктеуінен өткен Бағдарлама қатысушылары Қор бапкерлері және кеңес берушілерімен жұмыс жасау мүмкіндігін иеленеді.

4.2. Қор кеңесшілері келесі бағыттар бойынша тренингтер өткізеді:

1) Тағылымдымаға лайықты бағдарламаны іздеу және іріктеу ;

2) қажетті құжаттарды дайындап, жіберу;

3) Университеттер мен зертханалар профессорларымен хат алмасу;


4.3. Осы жұмыс барысында Бағдарлама қатысушылары әлем зертханаларында, АҚШ зертханаларынан басқа (зертханалардың және соңғы курс және магистратура студенттерінің виза алуына ішкі шектеулерге байланысты), машықтану үшін өтінім мен құжаттарын жібереді.

4.4. Бұл жұмыс нәтижелері бойынша қойылған мерзімге дейін Бағдарлама Қатысушысы Қорға таңдалған бағдарлама бойынша түсуі туралы нәтижелерін хабарлауға міндетті;



5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ КЕҢЕСШІЛЕР ТОБЫ

5.1. Кеңесшілер тобы бүгінгі таңда АҚШ немесе басқа халықаралық оқу орындарында оқып жүрген Қазақстандық жас ғалымдардан тұрады;

5.2. Бағдарлама кеңесшілерінің міндеттері:

1) Бағдарлама Қатысушыларына уақытылы мастер – класстар жүргізу;

2) Бағдарламаның әр қатысушысына 5 реттен кем емес кеңес беруді;

3) Қатысушылардың сынақ мерзімін өтуіне өтінім беру үдерісіне жәрдемдесу және белсенді қатысу;

4) Кеңес берушілер тек кеңес берумен айналысада. Бағдарлама қатысушыларының орнына өтінім үлгілерін толтыру, шығармы жазу сияқты және басқа да Бағдарлама Қатысушының ізденісіне тікелей немесе қосалқы әсер ететін әрекеттер жасай алмайды;

5.3. Кеңесшілер Отандық жастардың мүмкіндіктерінің артуына бағытталған жұмысты ақысыз жүргізеді.

5.4. Қор бағдарлама қатысушыларының қосымша дағдылары мен білімін дамыту мақсатында ақылы немесе ақысыз негізде бапкерлер мен психологтарды сәйкес тренингтер жүргізуге жұмысқа шақыруға құқылы.
6. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ІРІКТЕУ БАЙҚАУЫ

6.1. Ғылыми зертханаларда машықтануға шақыру алған Бағдарлама Қатысушылары автоматты түрде Демеушілік көмек алушыларды іріктеу байқауының соңғы қорытынды кезеңіне өтеді;

6.2. Дайындық үдерісі кезінде өздерін талапшыл, мақсатқа ұмтылғандығын және басқа да жақсы жақтарынан көрсеткен ең үздік 5 (бес) Бағдарлама Қатысушысы демеушілік көмекке ие болады.

6.3. Демеушілік көмекті беру шешімін Байқау Комиссиясы, Қордың жауапты өкілдері, Бағдарламаның кеңес берушілер тобының өкілдері және шақырылған бапкерлер мен сарапшылар бірлесіп қабылдайды;

6.4. Қор құрылтайшысы бекіткен, Байқау Комиссия және Қамқоршылар Кеңесі мүшелерімен мақұлданған Байқау Жеңімпаздарының тізімі Қор сайтында ресми түрде жарияланады;

6.5. Қор демеушілік көмекті бермеу себептерін түсіндірмеуге құқылы.


7. ДЕМЕУШІЛІК КӨМЕКТІ БЕРУ

7.1. Ақшалай қаражат Конкурс жеңімпаздарына Демеушілік көмек Келісімшарты негізінде беріледі.

7.2. Ғылыми зертханадағы жазғы машықтануға қатысу үшін берілетін қаражат Бағдарлама Қатысушыларының жол жүру, тұру, тамақтану шығындарын қамтиды. Тамақтану және көлік шығысын қамтитын белгіленген мөлшерлеме күніне 40 АҚШ Долларын құрайды.

7.3. Демеушілік көмек қаражат алушының жеке есеп шотына аударылады.

7.4. Демеушілік көмек Келісімшартына қол қойған қаражат алушы келесі шарттарды орындауға тиіс:

1) Қабылдаушы зертхананың ережелері мен қойылған мерзімдеріне сәйкес сынақ мерзімін өту;

2) Барлық берілген жұмыстарды толық жауапкершілікпен орындау;

3) Өтіп жатқан сынақ нәтижелерін сәйкес есептеме түрінде Қорға үнемі хабарлап отыру.


Ережелерге қосымша ақпарат:

  1. Ph.D дәрежесі – Батыс білім беру жүйесінің аспирантурасы мен отандық ғылым кандидаты дәрежелерімен пара-пар. Дәреже атауы философиямен байланыссыз (тек тарихи) және барлық ғылыми салаларда беріледі; мысалы, әдебиет философия докторы немесе физика ғылымының докторы.

  2. Машықтанудан өту бағдарламасы келесі мақсаттарға бағытталған:

  • Студенттерге әлемнің алдыңғы қатарлы ғылыми зертханаларында сынақ өту мүмкіндігін береді;

  • Отандық ғалымдардың дайындық деңгейлерін дүниежүзінің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында сапалы әрі қолайлы жағдайларда оқыту арқылы жоғарылату.



жүктеу 68,29 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау