Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Дәріс №29. Тұрақты мекен-жайы жоқ адамдармен әлеуметтік жұмыстың технологиясы және оны ұйымдастыру



жүктеу 4,31 Mb.
бет8/12
Дата14.11.2017
өлшемі4,31 Mb.
#247
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Дәріс №29. Тұрақты мекен-жайы жоқ адамдармен әлеуметтік жұмыстың технологиясы және оны ұйымдастыру
Жоспары

1. Панасыздар және олардың қоғамымызда таралуы.

2. Кедейлік панасыздықтың басты мәселесі және панасыздарға әлеуметтік көмек.
Панасыздық - адамзат дамуының барысына тән құбылыс.Әсіресе ол әлеуметтік қолайсыз жағдай мен стихиялық жағдай кезінде кең таралады. Панасыздықтың мәселесіне тән себептер қазіргі елдерде мынадай: -Тұрғын үйлердің және арзан үйлердің жетіспеушілігі;

-Жұмыссыздық соның салдарынан тұрғын үйде тұруға төлеу үшін қаражаттың жетіспеуі;

-Көптеген отбасылар мен жеке азаматтардың аз табыстылығы;

-Қоғамның әлеуметтік денсаулығы;

-Аз қамтылған отбасылар,топтарға материалдық және басқа да көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру мүмкіндігінің әлсіздігі.

С.И.Ожегованың «Словарь русского языка» еңбегінде «панасыз» тұрғын үйі жоқ адам ретінде түсіндіріледі. Ал «әлеуметтік жұмыс энциклапедиясында»панасыздар - тұрақты тұратын орны жоқ адам делінген.Сондай-ақ жатаханаларда, үй жалдап тұратын немесе достарының үйінде тұратын адамдар панасыз болып есептелінеді. [13]

Панасыздар қатарына кең мағынада көшпенді халықтарды да жатқызуға болады.Бірақ панасыздардың көп бөлігін бомждар алады.

Бомждар - бұл тұрақты тұратын орны жоқ адамдар, қаңғыбастар.

Қазіргі уақытта ешбір қоғамда панасыздардың мәселесі толық шешілмеген.

Әр түрлі елдерде жүргізілген зерттеулер бойынша өмірдің жоғары деңгейлі ағымына байланысты кейбір азаматтар өмір қиындығынан қашып панасыздардың деңгейіне түседі.Панасыздардың пайда болуының бірден бір себебі тіркеуге отыру. Административті реттеулер бойынша сотталғандардың басым көпшілігіне үйге тіркеуге отыруға болмайды.Бас бостандығынан айыратын жерден қайтып келген 30мың адам өз отбасыларына қайта оралмаған.Әрбір алтыншы панасыз бас бостандығынан айыратын жерден келгеннен кейін бір жыл ішінде қаңғыбас болып кетеді.

Панасыздар көбінесе аэропорттарда, вокзалдарда кездеседі. Олардың арасында ВУЗ-дан шығып кеткен студенттер олардың негізгі себептері сабаққа үлгерімі төмен, сонымен қатар белгілі себептермен жатаханалардан шығып кеткендер болып есептеледі.Сол жерлерде он мыңдаған жас адамдар өмір сүреді.Ата-аналық құқықтарынан айрылған ата-аналарда панасыз бомждар қатарына енеді. Панасыздардың тағы бір категориясына-жан ұясынан, жетімдер үйінен қашып кеткен жасөспірімдер жатады.

Панасыздар адам емес пе... Үлкендердің панасыздыққа ұшырауы біздің елде соңғы кезде ғана көп таралды, сондықтан олар жайлы аз зерттелген. С.И.Ожеговтың сөздігінде панасыз туралы да айтқан. Ол былай деп жазған: «жұмыс істемейтін , кезбе жүрген, үйсіз адам».Жас кезінде кейбір атақты адамдар да қаңғырған, мысалы, философ Ж.Ж.Руссо, жазушы М.Горький және т.б. М.Горький жас кезінде біраз жыл Ресейде жер аралап жүрген, содан соң үш томдық "Очерки и рассказы" (1898-1899) және «Мой университет» (1922) кітаптарында материалын пайдаланды.[13]

Бомждар - олар панасыздар, қоғамның ең терең түбіне түскендер. Түптегі адамдар жайлы М.Горький 1902 ж. "На дне" деген пьеса жазды. Түнейтін жерлерде төмен саладағы адамдар тұрады. Барлығынан 28 жастағы ұры Васька Пепельдің жағдайы жақсы, өйткені онда ақша болады.

Ресейде панасыз қаңғыбастар көп. Мысалы, 1999 ж. Ресейде ақырғы 5-6 жылдарда жиналып қалған 60 мың анықталмаған өлі денелердің іс-қағаздары есепте тұрды. Олардың арасында қаңғыбастар көп. 70% жағдайда өлгендердің себептерін білу мүмкін емес. Ресейде жыл сайын 3-5 мың адам оларды басқа планетаның тұрғындары алып кеткендей ізсіз жоғалып кетеді.

Мәскеуде әртүрлі санақ бойынша 30-100 мыңға дейін үйсіз адамдар, ал қонатын жерде 1500 адамға ғана орын бар. Мәскеудің қалыпты ауа райы Канаданың ауарайына ұқсайды. Бір қыста Канадада суықтан 10 шақты адам қайтыс болады, ал бір Мәскеу облысында бірнеше 100 адамдай қайтыс болады. Қазақстанның оңтүстігіндегі Алматыда жылына желтоқсан айында жүздеген адам тоңып өледі. Осының бәрі ТМД-да әлеуметтік көмек қызметінің нашарлығына байланысты.

Алматыда әлеуметтік адаптация қызметі ВАЗ төңірегінде орналасқан, бірақ панасыздар қаланың ортасында болуға тырысады. Қатты суық болғанда, әлеуметтік адаптация орталығында 150 адам түнеп шығады. Үйсіз-жайсыз адамдар бұл жерде 3 ай тұра алады. Панасыздардың 30%-і мүгедектер, оларға көмек көрсету керек. Көбі - бұрынғы тұтқындалғандар, бостандыққа паспортсыз, анықтамамен шығатындар.[6]

Әлеуметтік адаптация орталығы "Алтай-1" шағын ауданында орналасқан, үшінші жыл жұмыс істейді. Бос корпустарда тігін шеберханасын және жеміс-жидек тазалайтыи цехтарын ашуы жоспарланған. Кейбір панасыздар осы ортада жұмыс істейді. Мысалы, Юрий электрик болып істейді, көбі оған қызғанышпен қарайды. Юрий өзі туралы айтады: "Менің бұрын қалым жақсы еді - офицер болғанмын дейді.

Панасыздар өмірді қайтадан бастайын десе, документтері жоқ болғаны ең күрделі қиыншылық.

Кейбір панасыздар - аурулары қиын жағдайдағы адамдар. Олар ағаштың түбінде жатып түнейтін, орталыққа жетуге күштері болмайтын адамдар. С.Цымбалюк "Столичная жизнь" газетіндс (06.11.2002 ж.) қалай сол әйел тұратын үйдің терезесінің түбіне қонып жүрген, ауру 61 жастағы мүгедекке көмектескені туралы айтады.

"Неге адамдар үйсіз-күйсіз жағдайға ұшырайды?" Ең басты проблема - маскүнемдік пен нашақорлық. Маскүнем еркектер әдеттегіндей ішімдікке жақын болған соң әйелімен ажырасады, пәтер отбасына қалады, ал ол жаймен төмен құлдырай береді.Панасыздардың арасында қылмыскерлер тығылып жүреді. Кейде түнейтін жерлерде қылмыскер адамдарды табады.

«Алкоголь деген не?» К.Емельянов былай ойлайды: "панасыздардың көбісінің өмірлерінде ішімдік ең басты мақсат болып табылады. Басқа жағынан, панасыздар өзінің қиын өмірлерінен құтылу үшін көңілдерін аулау үшін арақ ішеді. Осы мағынада өмірге бейімделе алмайтындардың нәтижесі ішімдік болады".

Панасыздардың арасында бұрын тұтқындалғандарда аз емес. Әмина Мейманованың санауы бойынша, панасыздардың 70% і қайтадан дұрыс өмір сүргілері келеді. Панасыздар кезбелі өмірге оңай үйренеді, өзінің құқығы мен міндеті үшін күреспей, қоғамда төмен құлдырайды. Кейін панасыздар өз жағдайларына үйрене бастайды. Олар қарсыласуды қояды. Психолог К.Емельянов былай дейді: "Олар қиын жағдайда өздерін ең бақытсыз адамдармыз деп есептеп, ешқандай жақсылық болмайды деп санайды. Кейбір адамдардың сондай психологиясы болады".

Ерекше атап өту керек, мемлекетте ешқандай панасыздарды адам қатарына қосу керек деген бағдарлама жоқ. Мемлекет МТҰ-дан (мемлекетің тәуелсіз ұйымынан) үлкен үміт күтеді.Қазіргі дүние жүзінде панасыздық орын алып отыр. Біріншіден, дүние жүзі кедей және бай елдерге бөлінген.

Дамыған елдердің 20 пайыз байлары бүкіл планетаның байлығының 80 пайызын иеленуде. Ал, дамушы және кедей елдердің 80 пайызы планета байлығының 20 пайызын ғана иеленуде. Екіншіден, дүние жүзі елдерінің барлығында кедейлер бар.

Дамушы елдер негізінен кедей елдерге жатады. Бұл елдердің әлеуметтік құрылымын негізін кедей тап құрайтын пирамида түрінше көрсетуге болады. Кедейлер АҚШ, Канада, Жапония, Германия, Скандинавия сияқты елдерде көптің қасы. Дегенмен, бұл елдерде кедейлер деңгейі өте аз мөлшерді құрайды.

Біздің қоғам дамуындағы күрделі әлеуметтік - экономикалық жағдайға және нақты қоғамдық тығырыққа тірелу, адам ағзасына қауіпті экологиялық орта дәрігерлік қызметтің нашақорлығы ,балалардың денсаулығына ,мінез-құлқына , оқытуға байланысты әлеуметтік - психологиялық бейімделуге қатысты қиын мәселелерді тудырып отыр.

Кедейлердің әлеуметтік құрылымында өзгерістер пайда болды. Кедейлер табы қазіргі кезде жеке басты аналармен, көп балалы аналармен, зейнеткерлермен, мүгедектермен ғана емес, еңбекке жарамды адамдармен де толығуда. Қазіргі кезеңдегі кедейлер қатарында келесі топтар бар:


  • еңбекке жарамсыз кедейлер;

  • еңбекке жарамды кедейлер;

  • әрекет етуші кедейлер;

  • әрекет етпейтін кедейлер;

  • дәстүрлі кедейлер;

  • жаңа кедейлер.

Дәстүрлі кедейлер тобына дүние жүзінде мына топтарды жатқызады:

  • зейнеткерлер;

  • мүгедектер;

  • көп балалы отбасы

  • солдаттардың жесірлері;

  • кішкентай балалары бар жас отбасылары;

  • жетім балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар;

  • қашқындардың отбасы.

Жаңа кедейлер тобына ресми жұмыссыздар, жалақысы өте төмен бюджеттік саланың өкілдері, ауыл түрғындарының басым көпшілігі, еріксіз демалыстағы жұмыскерлер, тұрғындардың жаңа нарықтық жағдайға бейімделе алмаған бөлігі, артта қалған қалалардың және экологиялық қолайсыз аймақтардың тұрғындары, оралмандардың экономикалық тәуелсіздік пен жағдайға жете алмаған бір бөлігі, таяу шет елдерден келген босқындар мен қайыр сұраушылар және т. б. жатады.

Қ.Мұхтарова Қазақстандағы кедейлердің кейбір ерекше-ліктерін атап көрсетеді:

Біріншіден, көптеген адамдардың кедейленуінің себебі жалақының және де басқа да төлемдердің уақытында берілмеуі, қосымша жинақтың болмауы.

Екіншіден, Қазақстандағы кедейлер өзінің сапалық құрамымен ерекшеленеді. Олардың қатары маманданған жұмысшы-

лармен, білімді мамандармен, интеллигенция өкілдерімен, яғни сапалы жұмыскерлермен толығуда. Олардың көбі тұрғындардың негізінен дені сау және еңбекке жарамды бөлігі .

Кедейлердің сапалы құрылымының өзгеруіне кедейлікке жақын тұрғындардың табыс деңгейінің одан әрі төмендеуі де әсер етеді. Бұл кедейліктен қайыршылыққа көшу процесін жеделдетеді.

Кедейлер өмір сүру деңгейіне, табысы мен шығынына және басқа да критерийлеріне қарай әр түрлі қабаттар мен топтарға бөлінеді. Материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген топка жататын кедейлер және өте кедейлер, кедейлердің ең төменгі тобы бар. Бұл топқа қайыршылар мен өте мұқтаж көруші адамдар жатады. Бұл топты андертапқа жатқызуға болады

Андертап - бұл қоғамдағы тапқа жатпайтын маскүнемдер мен нашақорлар сияқты адамдық кейіптен айырылған топтарды құрайтын әлеуметтік топтар иерархиясының ең төменінеи орын алған тап. Андертап тұрғындардың кедей бөлігі және оның қоғамда пайда болуы әлеуметтік құрылымның дамушы, тұрғындардың әлеуметтік-адамгершілік жағдайына кері әсер етеді. Қазақстанда андертапқа жатқызуға болатын бомждар тобы бар.

Бомж дегеніміз тұрақты баспанасы жоқ, өмір сүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндей табыс көзі мүлде жоқ және қылмысқа жақын адам. Бомж сөзсіз ең кедей топқа жатады. Басқа да топтарды атауға болады. Мысалы, жезөкшелер, болмаса оларға жақын топтар. Олар өзінің денесін сатумен айналысады. Кейбір деректерге қарағанда, жезөкшелердің кейбірулері ақша жинау мүмкіндігіне ие бола алса да, олардың көбі кедейлер. Кедейлік, мұқтаждық әйелдердің кейбіреулерін жөзекшелікпен айналысуға итермелейді.

Қазақстанның қазіргі әлеуметтік құрылымында бірнеше топтарды бөліп көрсетуге болады:



  1. Табыс деңгейі төмен және материалдық жағдайы нашар
    адамдар.

  2. Кәсіби дайындығының ескіруіне не жеткіліксіздігіне, сауаттылық деңгейінің төмендігіне, түрған елді мекеніне байланысты, сонымен бірге экономикалық қайта құрулардың нәтижесінде еңбек нарығынан тыс қалған, не шығарылып тастаған адамдар.

Кеңес Одағы құлағаннан кейін еркіндік пен тәуелсіздік алған елдерде кедейлік өсе түсуде. Бұл кедейлік проблемасы сол кездегі қоғамда болмады деген сөз емес. Кедейлік әлеуметтік құбылыс ретінде барлық елдерде кездеседі. Бірақ, сол елдің даму деңгейіне байланысты ерекшеленеді. Кеңестік дәуірдегі кедейлік те белгілі бір дәрежеде болғанымен өзекті проблема ретінде қарастырылмаған.

Кеңестік өкімет тұсында барлық еңбек жасындағы түрғындарды жүмыспен қамту әр түрлі топтағы көмекті керек ететін адамдарға мемлекет тарапынан әр түрлі төлемақылардың болуы кедейліктің сол кездегі сипатына әсерін тигізді. Кеңес өкіметі кезінде кедейлік кедейлер жойылды деген саясатқа байланысты бұл процесті зерттеу тоқтатылып, үғымының орнына "жағдайы төмен адамдар" ұғымы қолданылды.

Кеңес Одағы да тұрғындарьшың едәуір бөлігі кедейлік жағдайында болған елдердің қатарына жатты. Кеңестік мемлекет ыдырағаннан кейін бұл кеңістікте кедейлік тереңдеп, кеңейе түсті. Посткеңестік аймақтағы елдерде ескі экономикалық және саяси жүйенің күйреуіне байланысты экономикалық, саяси және әлеуметтік дағдарыстар басталды. Жаңа экономикалық механизмдердің бірден қарқын алып кете алмауы шаруашылықтың күйреуіне, жұмыссыздыққа және басқа күрделі жағдайлардың қалыптасуына алып келді.

Индустриалдық дамыған елдерде кедейлер қатарына жалақысы төмен жұмыстағы жұмыссыздар не жартылай жүмыспен қамтылған адамдар, аурулар, жұмыс істеуге қабілетсіздер, көп балалы отбасыларының мүшелері немесе жалғыз басты ата-анадан тұратын отбасылары, кәрі адамдар кіреді. Кедейлік таптық және гендерлік қатынастардың көрсеткіші ретінде есептеле отырып, индустриалдық қоғамда ол мемлекеттер арасындағы теңсіз экономикалық қатынастардың индикаторы ретінде қарастырылады.

"Үшінші елдердегі" кедейлік дамыған елдердегі байлық жинаумен тікелей байланысты. Дамыған елдерде ондаған жылдар бойы кедейлікпен күрес шаралары жүзеге асырып жатса, дамушы елдерде бұндай бағдарламалар елді-енді енгізілуде

Ал кедей табына келетін болсақ, дамыған елдерде олардың саны аса көп емес. Мысалы, Швейцария, Дания, Норвегия сияқты елдерде олардың саны 5-7 пайыздан аспайды екен.

3. Табыстың кемуі мен шығынның үнемі өсуіне алып келетін күтімді қажет ететін кәрі адамдары не ауру адамдары бар отбасылары және балаларын өзі тәрбиелеуші жалғыз басты аналар.

4. Өмір сүру салтына байланысты проблемалары бар адамдар. Кедейлердің бұл тобына еңбек еткісі келмейтіндер, мінез-құлқында жағымсыз қылықтары барлар, ерік-жігері әлсіздер, тәуекелден қорқушылар және т. б. жатады.

Н.4.02-02

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

БЕКІТЕМІН

Факультет Кеңесі шешімімен

факультет деканы

А.С. Хамитова

«19» _06_ 2014 ж.



Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы

Кусаинова Гульшат Тулендиновна


5В050900 – Әлеуметтік жұмыс мамандығының

студенттері үшін «Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясы»

пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Оқыту түрі: күндізгі

Көкшетау


Әдістемелік нұсқаулар Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясы пәнінің оқу жоспары мен пән бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және курс практикалық сабақтарға арналған талаптарын орындауға қажетті барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.

«Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының отырысында қарастырылған



«17» __06__ 2014 ж. хаттама № _11_


Кафедра меңгерушісі А.С. Мурзина

Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған

«19» ____06___ 2014 ж. хаттама № _10_




ОӘК төрағасы Б.Р.Сыздыкова



жүктеу 4,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау