Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Бөлім атауы: Отбасы құндылықтары
|
Мектеп: 36 мектеп- гимназиясы
|
Күні: 09.04.2020
|
Мұғалімнің аты-жөні: Нұржанова Р
|
Сынып: 5 L1
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала»
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
А/И2. Автор бейнесі
|
Сабақтың мақсаттары
|
Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
|
Бағалау критерийлері
|
Барлық оқушы орындайды:
Эпикалық шығарманы біледі, автор бейнесін анықтай алады;
Көптеген оқушы орындайды:
Эпикалық шығарманың мазмұнын біліп, автор атынан болжамын жасай алады;
Кейбіір оқушы орындайды:
Эпикалық шығарманы оқып, автор қолданған құралдарды таба алады;
|
Сабақта қамтылатын құндылықтар
|
-Жауапты азаматтық позияция
-Құрмет
|
Пәнаралық байланыс
|
Әдебиет, өнер
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.
|
Қолданылатын тақырыпқа қатысты тірек сөздер
|
Ана, бала, мұң, сағыныш, мейірімділік, пендешілік, тіршілік, бала психологиясы, күту, уәде, үміт.
|
Күтілетін нәтижелер
|
Автор көзқарасын анықтай алады, шығарманың түйінді ойын анықтайды.
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Көркем шығарма бойынша әдеби сын
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Сабақтың басы
3 минут
|
Қызығушылықты ояту
-Мына фотоларға қарап, бүгінгі сабағымызды болжап көріңіздерші?
-Бұл фотоларға қарап қандай құндылықтарды еске түсіреміз?
Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
|
|
Сабақтың ортасы
5 минут
10 минут
5 минут
7 минут
5 минут
5 минут
|
Ой шақыру
Білу
«Анасын сағынған бала» деген ойды естігенде көз алдарыңа не елестейді?
Түсіну
ОҚЫЛЫМ. Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала»
Қолдану
1.Жазушы баланың анасына деген сағынышын қалай суреттейді?
Шығармадан үзінді
|
Жазушы қалай суреттеген
|
Сенің алған әсерің
|
-Моо-маааа, моо-мааа...
-Сенсің ғой да-нааа...
-Мәңгііі дос сен ға-нааа...
|
|
|
Мамам әкелген қып-қызыл гүлдері бар көйлегім ше... Соны кимеймін бе? Ақ сызықтары бар қара костөмім ше? Оны да киемін. Мамам айтқан... Алматыда жаз кезінде де түн суық болады деп...
|
|
|
-Мама-а, тағы бір сүйші...
|
|
|
Дескрипторлар:
-автордың суреттеуіне талдау жасай алады;
-өз әсерін жеткізе алады.
Талдау
ТЖ
1. Берілген үзіндіні талдап, жалпы проблеманы анықтаңыз.
Автордың Ананың әрекетіне деген көзқарасына сен қандай ойдасың?
Дескрипторлар:
-проблеманы анықтайды;
-мәселені шешуде ұсынысын білдіреді.
1-топқа
-Мамамды тауып алсақ... әр жағында папамды да іздемейміз бе? Олар базарда бір-бірінен адасып қалған ғой. Өйткені базар үлкен. Мамам айтқан Алматының базарының ана шеті мен мына шетіне көз жетпейді деп... Құжынаған халық деп...
2-топ
Жұртпен дуылдаса қоштасып, енді жеңіл машинаның алдына отыра бергенде барып Есмағамбеттің көзіне Сержан түскені. Ол қолына ойыншық ұстаған күйі, шығарып салушылардан бөлек тұр екен. Жүзі алабұртулы. Өткір көздеріне ыза мен мұң ұялағандай. Бірақ жанарын аудармай, Есмағамбетке тесірейе қалған. Сол қалпында ол: «Ақыры мені ертпедің бе? Берген уәдеңде тұра алмадың ба?» деп тұрғандай еді.
Жинақтау
Автор қандай әдіс -тәсілдер арқылы шығарманы оқуға ынталандырды?
(2 топқа тапсырманы бөліп берсе де болады)
Теңеу
|
Эпитет
|
Одағай
|
Шырайлар
|
|
|
-Ойпырмай, осы бала...,
|
Қып-қызыл көйлек,
|
Бағалау
Бір ойды таңдап жаз
«Егер автор болсам... не істер едім?» тақырыбында авторға баға беріңіз.
«Егер Сержан болсам... не істер едім?» тақырыбында Сержанның атынан жазушыға баға беріңіз.
«Егер Күміскүл болсам.. не істер едім?» тақырыбында Сержанның анасы Күміскүлдің атынан авторға баға беріңіз.
(әр оқушы қалаған тақырыбы бойынша сөйлесе болады)
|
|
Сабақтың соңы
3 минут
|
Бағалау. Бағалау критерийлері бойынша бағаланады.
Кері байланыс: «Бес жолды өлең» стратегиясы
Зат есім-
Сын есім-
Етістік-
Синоним-
|
|