Нұсқаулары Қарағанды 2010 «Жастармен әлеуметтік жұмыс»



жүктеу 235,6 Kb.
Дата11.02.2018
өлшемі235,6 Kb.
#9365
түріНұсқаулар

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

«Жастармен әлеуметтік жұмыс» пәнінен

050905 – Әлеуметтік жұмыс мамандығының

студенттеріне арналған курстық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары

Қарағанды 2010
«Жастармен әлеуметтік жұмыс» пәнінің типтік бағдарламасының негізінде курстық жұмыс жазуға арналған әдістемелік нұсқауды құрастырған п.ғ.к., доцент Л.В.Колесникова, аударған Сагитова Ж.Е.

Кафедраның оқу-әдістемелік семинарында бекітілген

№2 хаттама «14» қазан 2010ж.
Кафедра меңгерушісі

п.ғ.к.,доцент Абдакимова М.К.
КІРІСПЕ

Әлеуметтік жұмыс – жоғары білімі бар мамандарды дайындаудыі перспективті бағыттарының бірі. Оның дамуы қиын әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайда болып жатыр, бұл әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындауға өзінің септігін тигізуде. Әлеуметтік жұмыстың актуалдығы біздің қоғамда әлеуметтік жағымсыз жағдайлардың көбеюіне байланысты өсуде: тұрғындардың қартаюы және мүгедектенуі, азқамтылғандықтары, нашарқорлытануы, ішімдікке салынуы және девиантты жүріс-тұрысы т.б.

Қоғамтанушы-ғалымдармен әлеуметтік жұмыс - әлеуметтік педагогика, психология, әлеуметтану және басқа әлеуметтік ғылымдардың түйілісіндегі интегративті ғылым, мамандық және кәсіп ретінде қарастырылады. Мұндай жағдай осы мамандық бойынша ғылыми жұмыстарға ерекше таталптар қояды. Әлеуметтік жұмыстың маманы педагогика, психология, әлеуметтану салаларында зерттеудің әдістемесі мен әдістерді меңгеру керек, әлеуметтік жұмыстың ғылыми және тәжірибелік қызметтерінің дамуына арналған алдыңғы қатарлы зерттелетін мәселелерді анықтау. Өз кезегіне ол студенттік курстық жұмыстарының ғылыми жетекшісінің рөлін арттырады, одан студенттерге тақырыпты дұрыс таңдаудың және оны зерттейтін жаңа жолдарын іздеу бойынша әрдайым көмекті талап етеді.

Курстық жұмыс жоғары оқу орындарында оқитын студентерінің маңызды бөлігі болып табылады, сондықтан өзіне ерекше көңіл аударуды талап етеді. Курстық жұмыс студенттердің өзіндік жұмысының маңызды түрі болып табылады. Курстық жұмысты орындай отырып, студенттер күрделі теориялық сұрақтарды талдау барысында өз ойларын нақты жеткізу, жалпы теорияларды күнделікті ақиқатпен байланыстыру, өз мамандығымен байланыстыруды үйренеді. Курстық жұмысты жазу барысында студенттер қажетті тарихи әлеуметтік әдебиеттерді өз бетімен іріктеуді, нақты статистикалық материалдар жинауды, әлеуметтік құбылыстарды талдау икемін қалыптастырады.

Курстық жұмысты қорғау барысында студенттер көпшілік алдында сөз сөйлеу өнерін меңгереді.

Берілген әдістемелік нұсқауда курстық жұмысты жазу бойынша нұсқаулар берілген. Олар студентке өзіндік зерттеу жұмысын жүргізуде көмек көрсетеді.


КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР

Курстық жұмыс «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын студенттердің кәсіби дайындық пәндері брйынша білімдерді тереңдету және жалпылау, ғылыми зерттеу әдістерін бекітудің өзіндік жұмысының негізгі түрі болып табылады,

Курстық жұмысты жазудың табысы жұмыс тақырыбын дұрыс таңдауына байланысты. Ол студенттің қызығушылықтарын, білімдерін, мүмкіндіктерін максималды ашуы тиіс. Курстық жұмыстың бір түрін таңдау студенттің дайындық профилі, оның мамандануы және де жеке қызығушылықтары на байланысты.

Курстық жұмыстарды орындау барысында студент келесі біліктіктерді көрсету керек:

- ғылыми (жұмыс) гипотезаны анықтау;

- тақырып бойынша ақпаратты жинау және өңдеу;

- алынған материалдарды зерттеу және талдау;

- бар ақпаратты жүйелеу және жалпылау;

- қойылған шығармашылық және жобалық тапсырмаларды өзінше шешу;

- әлеуметтік мәселені шешудің технологиясын немесе алгоритімін әзірлеу;

- қорытындыны, ұсыныстарды және нұсқаулықтарды логикалық негіздеу және қалыптастыру.

Курстық жұмыстардың (жобалардың) оқу жылына байланысты зерттеудің әдістерінің және объектілердің қиындауымен байланысты.




  1. Курстық жұмысты орындау мақсаты

Оқу жоспарына байланысты «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттері «Жастармен әлеуметтік жұмыс» пәнінен курстық жұмысты жазады және қорғайды.

Курстық жұмыс (ары қарай – КЖ) кафедра оқытушысының басшылығымен студент орындайтын ғылыми жұмыс.

Курстық жұмысты орындауға студент теоретикалық материалды қабылдап, ұсынылған әдебиетті зерттеуден және әлеуметтік жұмыстың әдістемесімен және ұйымдастыру тәжірибесімен танысқаннан кейін кіріседі.

Студенттің «Жастармен әлеуметтік жұмыс» пәні бойынша курстық жұмысты жазудың мақсаты:

- мамандық бойынша ғылыми және оқу әдебиеттерін зерттеу және жалпылау негізінде терең теоретикалық және тәжірибелік дайындалу;

- жастармен әлеуметтік жұмыстың істегі тәжірибені және теоретикалық жағдайларды сынаушылықпен бағалау компетенцияларын дамыту;

«Жастармен әлеуметтік жұмыс» пәні бойынша курстық жұмыс, қойылған талаптарға сай әзірленген болса, осы тақырыпты болашақ дипломдық жұмыс ретінде таңдауға болады.



2. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және бекіту

Курстық жұмысты орындауда төмендегі талаптарды орындау керек:



  1. Кафедраның мамандануын, ғылыми бағыттардың салалық және региональдық спецификасын.

  2. әлеуметтік жұмыстың зерттеу салаларының спецификалық түрлеріне - әлеуметтік жұмыстың технологиясы, әлеуметтік жұмыстың теориясы, әлеуметтік жұмыстың тарихы және т.б. студенттің икемділігі.

  3. Зерттелген мәселенің актуалдығы және дәрежесі, әдебиеттермен қамтамсыздануы.

  4. Таңдалған тақырыпты зерттеу барысында студенттің теоретикалық және әдістемелік дайындығы.

Тақырыпты таңдау барысында студент мәселе актуалдығымен, тақырыптың зерттелу дәрежесімен және әлеуметтік жұмыстың аспектілерін зерттеуіне көңіл аударуы тиіс.

Курстық жұмыстың тақырыптары әлеуметтік маңыздылығымен, кәсіпорындардың және ұйымдардың ұсынылуымен әлеуметтік жұмыстың актуалды мәселелерін шешуде тәжірибенің нақты қажеттілігін мінездеуі тиіс.

Жетекші студентке тақырыпты таңдауда, оны әзірлеудің бағытын анықтауда, жұмыстың құрылымын әзірлеуде көмек көрсетеді.

Студенттің таңдаған тақырыбы кафедра шешімімен ресми бекітіледі.


3. Әдебиеттерді таңдау және қолдану

Зерттелу тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысу ғылыми зерттелудің әзірленуінен басталады, ол өзінің сипатын тақырыпта және жұмыс жоспарында анықталады. Бұл таңдалған тақырып бойынша мақсатталған ақпараттарды іздеуге мүмкіндік береді.

Тақырып бойынша ғылыми ақпараттардың картотекасын құрастыру керек. Жақсы құрастырылған картотека бір көзбен қарап шықса да мәселені толығымен қарастыруға мүмкіндік береді. Тақырыптың мазмұнымен байланысты ақпараттардың барлық түрлерін қарап шығу керек. Олардың қатарына отандық және шетел басылымдардағы ақпарат, моногорафилар, Интернет желісінен алынған ақпарат, диссертациялар, шетел фирмалардың материалдары кіруі мүмкін.

Студент университет кітапханасында ЖК-да электрондық каталогпен қолдана алады. Тақырыптың кілт сөздері бойынша әдебиеттердің тізімі шығады, оны жазып алып, оқу залында немесе абонементте зерттеу керек. Қажеттілік туындаса Қарағанды қаласының басқа кітапханаларымен немесе Интернет сайттарындағы ақпараттарды қолдану керек.

Ғылыми әдебиеттермер және әлеуметтік қызметтердің ақпаратарымен жұмыс барысында студент конспект немесе жоспардың әр бөлімі бойынша жұмыс жазбаларын жасайды.

Біріншіден зерттелу тақырыбы бойынша жалпы әдебиетпен, содан соң арнайы және қосымша (нұсқаулықтар, әдістемелік нұсқаулар) ақпараттармен танысу ұсынылады. Бірінші кезекте Қазақстан Республикасының заң актілерін, сонымен қоса жаңа арнайы әдебиетті қолдану керек.



Жалпы ережелер мен талаптарды сақтай отырып әдебиеттің библиографиялық сипаттамасын құрастыру керек. Тақырып бойынша таңдалған әдебиеттерді осы мақсатқа арналған дәптерге жазып отыру керек.
4. Курстық жұмыстың мазмұны (жоспары)

Жақсы ойластырылған және құрастырылған жоспардан құрылым, мазмұны, бөлімдердің логикалық бөліктері өзара байланысты.

Сонымен қоса жоспар – студенттің ұсынылған әдебиетті қаншалықты зерттеп, маңыздысын анықтағанының белгісі. Жоспардың сапасы жұмыстың мазмұнына және бағасына әсер етеді.

ЖОСПАРҒА КІРЕДІ: кіріспе, негізгі бөлім бойынша 2-3 бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, сонымен қоса қосымшалар – бар болса.

КІРІСПЕ. жұмыс өзектілігі, объектісі, зерттеу пәні, жұмыс жаңашылдығы, қолданылған әдістер, әр тараудың мазмұны, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалар сипатталады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ. зерттеу сұрағының тарихы және теориясын, әдебиеттердің сын талдауын, автор позициясын көрсетеді. Курстық жұмыстың негізгі бөлімі қатаң логикалық кезекпен берілуге тиісті

Курстық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың байланысы, логикасы бекітілген жоспарға қатаң сай болуы.



ҚОРЫТЫНДЫ. қысқаша және жүйелі түрде негізгі қорытындылар сипатталып, пайдаланылған әдебиеттердің қорытындылары жасалады және тәжірибелік бөлімде барлық жұмыстың қорытындылары жасалады.

Курстық жұмыстың аяғында қолданылған әдебиеттер тізімі және бар болса – қосымшалар беріледі.

Әр жаңа тарауды жаңа беттен басталуы тиіс.

Беттердің нумерациясы кіріспеден басталады.
5. «Жастармен әлеуметтік жұмыс» пәнінен курстық жұмысты рәсімдеу және оны қорғау тәртібі

КЖ студенттің таңдалған тақырыпта жыл бойы істеген жұмысын қорытындылайды. КЖ студенттердің дәрістік, семинарлық сабақтарда алынған теоретикалық білімдері, ғылыми жетекшімен бірге қалыптастырған тапсырмаларды орындай алуының үлгісі.

КЖ кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, және де қажетті болса әртүрлі қосымшалардан тұрады.

Кіріспеге кіреді:

1) зерттелу белсенділігі;

2) Зерттелу тақырыбының әзірлену деңгейі және де оның ақпараттық қамтамасыздығы;

3) Зерттелу мәселесі;

3)Зерттелудің мақсаты және тапсырмалары.

4) Зерттелудің объектісі және пәні.

5) Зерттелудің әдістемесін.

Негізгі бөлім қойылған тапсырмаларды шешуге.

Қорытынды кіріспеде қойылған тапсырмалардың шешілу деңгейін көрсетеді.

Әдебиеттер тізімі осы тақырып бойынша барлық тиісілді ғылыми ақпараттарды өзіне қамтиды. Егер де белгілі бір ақпарат жұмыста белгіленбесе, оны әдебиеттер тізіміне енгізу дұрыс. КЖ мәселені зерттеудің міндетті талдау деңгейін талап етуіне байланысты, жұмыста авторларға және олардың қорытындыларына сілтемелердің болуы міндетті. КЖ негізгі бөліміндегі библиографиялық сілтемелік аппарат әр бетке рәсімделеді.

Қосымшада кестелер, сызбалар, құжаттардың бөліктері, заңдар, аналитикалық жазбалар, статистикалық немесе әлеуметтік зерттеулер болады. Қосымшалар жеке беттерде рәсімделеді, әр қосымшада өзінің тақырыптық атауы, ал оң жақ жоғары бұрышында «Қосымша 1», «Қосымша 2» және т.б. деген жазу.
6. Ғылыми зерттеу деңгейлері

Кез келген зерттеушілік тапсырманы орындау зерттеу облысын таңдаудан, мәселені анықтаудан, зерттеудің тақырыбы мен мақсатын анықтаудан, ғылыми тапсырмаларды шешуден басталады.

1. Зерттеу тақырыбы. Тақырыпты белгілеудің нақты ғылыми талаптар бар. Атаудың өзі публицистикалық немесе информативті болмауы тиіс. Тақырыптың атауында зерттеудің мәселесі, объектісі және пәні көріну керек; тақырыпта қабылданған белгіліден белгісізге қозғалысы көрунуі тиіс. Тақырыптың атауында «мәселе», «рөл», «арқылы» деген сөздерді қолданбаған дұрыс.

2.Тақырыптың актуалдығы қазіргі замандағы әлеуметтік жұмыстың теория және тәжірибесіне таңдалған тақырыптың маңыздылығын анықтайды. Актуалдылықты айқындау көп сөзді болмау керек. Оның сипаттамысн алыстау бастауға қажет емес. Курстық жұмыс үшін бір бет көлеміндегі компьютерлік мәтіннің шамасында негізгісін көрсету жеткілікті.

Зерттеу тақырыбының актуалдығын ашу барысында неден негіз алу керек? Оның мінездемесінің екі негізгі бағытын атауға болады. Біріншісі таңдалған тақырыптың зерттелмегендігіне байланысты. Бұл жағдайда зерттеудің актуалдығы таңдалған тақырыптың негізгі аспектілерінің толық зерттелмегендіктен, зерттеу осы кемшілікті жоюға арналған. Актуалдықты мінездейтін екінші бағыт нақты тәжірибелік тапсырманы шешумен байланысты.

Осылайша, тақырыптың актуалдылығы мәселенің толығымен зерттелуімен, оның социумдағы орнымен белгіленеді.

3.Әдебиетте тақырыптың әзірлену деңгейі (ақпараттарды және әдебиеттерді қарастыру). Бұл зерттеудің маңызды элементі болып табылады және де автордың тақырыпты ғылыми тұрғыдан квалификациялы түрде қарастыруға дайындығының көрсеткіші.

Ақпараттық-талдаулық қарастырудың мәтініне төмендегі талаптар қойылады.:

- ақпараттың толық және нақты болуы;

- қолданған ақпаратты қолданудың сыни тұрғыдан қарастыру;

- құрылымның логикалық болуы;

- бүтіндік композициясы ;

- қорытындылардың дәлелденуі;

- баяндаудың ашық, нақты және қысқаша болуы.

4. Кез келген ғылыми зерттеу мәселені анықтаудан басталады: жауабы белгісіз және оған жауап беру керек теоретикалық немесе тәжірибелік сұрақтан. Мәселе – белгісізден белгіліге апаратын көпір. «Мәселе – бұл білмейтіндік туралы білу».

5. зерттеу мақсаты – біз зерттеу барысында қол жеткізуге тырысатын болашықтың образы. Мақсатта барлық зерттеудің стратегиялық бағдарламасы анықталады.

Мақсатты айқындау зерттелетін мәселенің төңірегінен шықпай керектігін ұмытпаған жөн.



6.Зерттеу мәселелері – жұмыста қойылған мақсаттарға жетуге, зерттеу мәселелерін шешуге арналған ізденушілік шаралар. Жұмыстың әр құрылымдық элементі зерттеудің жалпы және жеке тапсырмаларын орындауды талап етеді.

7.Зерттеу объектісі – мәселелік жағдайды тудыратын және зерттеуге таңдалған үрдіс немесе құбылыс. Зерттеушілік жұмысты жүргізу барысында зерттеудің объектісін және пәнін анықтайтын бірнеше нұсқалары бар. Бірінші жағдайда зерттеудің объектісі және пәні өзара бүтін және бөлік, жалпы және жеке ретінде қарастырылады. Олардың арасындағы байланысты осылайша анықтауда пән – бұл объектің шекараларында болады. Зерттеудің пәні зерттеудің тақырыбын анықтайды.

Әлеуметтік жұмыстағы зерттеудің объектісі – таңдалған тақырыпқа жұмыс жасау барысында алдыңғы қатарлы болатын әлеуметтік құбылыс, әлеуметтік жұмыстың бағыттарының бірі, әлеуметтік топ немесе индивид.

8.Зерттеу пәні зерттеу объектісін зерттеу барысында қолданылатын әдістер, үрдістер, технологиялар. Зерттеу пәні объекттің зерттелуіне жататын жақтарын қарастырады. Осылайша, егер зерттеудің объектісі ретінде әлеуметтік-демографиялық топ – жастар алынса, зерттеудің пәні ретінде жастардың әлеуметтік статусы немесе жастардың қоғамда алатын орнына әсер ететін әлеуметтік факторлары болады. Пән зерттеудің білушілік шекараларын анықтайды. Зерттеудің пәні титулдық парақта жазылған зерттеудің атауына сәйкес болу керек.

9.Зерттеу әдістемесі біз осыған қалай жеттік, қандай зерттеушілердің, қандай әдістермен, қандай жағдайда деген сұраққа жауап береді. Зерттеуде әдістемеден басқа мақсат пен қорытындыны бөле білу керек. Айтылғандай мақсат – зерттеуді өткізу барысында алынатын болашақтың образы. Қорытынды – біз нақты алған қазіргі заманның образы.
КЖ аннотация беріледі (1 бет.), онда міндетті түрде көрсетіледі:

  1. Осы жұмыста белгілі қорытындылардан басқа қандай жаңа ақпарат алынды;

  2. Студент нені өзінше жасап, жұмыста басқа зерттеушілердің қорытындылары ретінде қолданылды.


7. «Жастармен әлеуметтік жұмыс» пәні бойынша курстық жұмысты рәсімдеу тәртібі

Курстық жұмыс стандартты формат А4 (210x297) жазылады, ал таблицалар A3 (297x420) беттерге жазылуға тиісті болып табылады. Мәтін және курстық жұмыстың басқа да элементтері түсінікті жазумен немесе компьютер арқылы 1 интервал жолымен жазылады. Курстық жұмысты жазу барысында «Times New Roman», №14 кегльді пайдалану талабы қойылады.

Курстық жұмыстың көлемі 25-30 беттен тұрады. Беттердің номері беттердің оң жоғарғы жағынан араб сандары арқылы қойылуға тиісті.

Бірінші бет – титулдық бет және екінші бет – мазмұнға бет номері қойылмайды, алайда ескеріледі. Мәтін үшінші беттен басталады.

Курстық жұмыстың әр тарауы жаңа беттен басталуға тиісті. Тараулар жұмыс көлемінде реттік номерге ие болып, абар әріптерімен көрсетілуге міндетті болып табылады. Тараулардың атаулары абзацтық шектеуден белгіленеді. Тараудың тармақтары әр тарау аралығында нумерацияға ие болады. Тармақтың номеры нүктемен ажыратылатын тарау және тармақ номерінен тұрады. Тараулар, тармақтар сияқты бірнеше бөліктерден тұруы мүмкін. Тармақ, тарау атауынан интервал қалдырғаннан кейін абзацтан басталады. Екінші және кейінгі параграфтар екі интервалдан кейін жазылады. Тараулардың атауы басәріптермен, ал параграфтар кішкентай әріптермен жазылады. Курстық жұмыстың жоспары және мәтіні рәсімделгенде тармақтардың атауы жаылған кезде «Тарау» деген сөз жазылмайды. Абзацтық интервал барлық мәтінде бірдейболуға тиісті.


8. ғылыми-анықтамалық аппаратты рәсімдеу

(әдебиеттер тізімі)

Бір автордың монографиясы немесе еңбек жинағы:

Левинова С.И. Молодежная субкультура: учебное пособие. – М.: ФАИР–ПРЕСС, 2004. – 608с.

Кузнецов В.Н. Социология молодежи: учебник. М., Гардарики, 2005.-275 с.

Менделеев В.Д. Психология девиантного поведения: учебное пособие для ВУЗов. – СПб.: Речь , 2005. –444 с.

2 және одан көп авторлардың монографиялары:

Фирсов М.В., Студёнова Е.Г. Теория социальной работы. – М.: ВЛАДОС, 2000. – 432 с.

Социология: учебное пособие. / Под ред. Клюева А.В., Ежова С.П. – СПб.: СПбГТИ (ТУ), 2001. –184с.

Загладин В. Глобальное прогнозирование современности : научный и социальный аспекты / В. Загладин, И. Фролов. – М. : Наука, 1981. – 340 с.
3 және одан көп авторлардың монографиялары:

Григорьев С.И., Гуслякова Л.Г., Гусова С.А. Социальная работа с молодежью: учебник . – М.: Гардарики, 2006. – 204с.

Попов М.Ю., Гусова С.А., Костюченко Л.Г. Социология молодежи. / Под ред. Кузнецова В.Н. – М.: Гардарики, 2007. – 335с.

Куприянов, Р. В. Теория и практика социальной реабилитации / Р. В. Куприянов, Д. Р. Шарифулина, Е. А. Берецкая ; науч. ред. Г. Б. Хасанова. – Казань : Изд-во Казан. гос. технолог. ун-та, 2005. – 312с.


 Еңбектер жинағындағы мақалалар:

Ковалёва А.И. Концепция социализации молодёжи: нормы, отклонения, социализационная траектория .// Социс. – 2003. - №1. – С.23-29.

Черемошкина Л.В. Ценностные ориентации современной молодежи как основа социальной ответственности. // Социальная политика и социология. –2006. – №3. – С.45-52.

Дементьева И.Ф. Роль института защиты детства в формировании социальной структуры общества // Социальное расслоение и социальная мобильность. – М.: Наука, 1999. – С. 116 – 124.
Интернеттегі ақпараттар: Қоғамның әлеуметтік институттары http//www.socialinst.org.ru/

Глобализация үрдісіндегі әлеуметтік кеңестік


http://www.ibci.ru/konferencia/page/statya01.htm

Жасөспірімдердің өзін-өзі өзектендіру: теоретикалық-эмпирикалық зерттеу http://www.emissia.org/offline/2007/1162.htm


9. Курстық жұмысты рецензиялау

Студент орындаған курстық жұмыс кафедраға түйіндеме жасау үшін тапсырылады. Курстық жұмысты түйіндеу – тек қана қадағалау түрі және бағалау емес, сонымен қоса пәнді терең меңгерудегі көмек көрсету.

Объективті рецензия қарастырылған мәселедегі кемшіліктерді жоюға көмектеседі.

Түйіндемеде студент берілген тақырыпты қаншалықты терең меңгергендігіне, жұмыстың мазмұны жоспарға сай келетіндігіне, тақырыптың мазмұны қаншалықты дұрыс ашылды деген сұрақтарға жауап алады.

Курстық жұмыстарда жиі кездесетін кемшіліктер:

1. Курстық жұмыстың мазмұнындағы теоретикалық деңгейдегі кемшіліктер. Олар әлеуметтік жұмыстың даму теориясының талаптарына сай келмейтін қате, ескірген қағидавларды қолдануда тұрады. Немесе жұмыс абстракты түрде, байланысссыз жазылу мүмкін.


  1. Курстық жұмыста материалды мазмұндаудың кемшіліктері. Мәтін кезексіз жазылған, сұрақтар арасында логикалық байланыс жоқ, барлық сұрақтар бір ақпараттан жазылған, яғни жұмыс өзінше орындалмады.

  2. Жұмыстың құрылымына және рәсімделу талаптарына қойылатын талаптарды бұзу кемшіліктері. Бұл кез келген құрылымдық бөлімшесінің болмауы: жоспардың, кіріспенің, қорытындының, әдебиеттер тізімінің немесе оның дұрыс құрастырылмауы, жұмыста көрсетілген материалдарға сілтемелердің болмауы.

Егер түйіндемеде осы немесе басқа ескертулер болса, курстық жұмысты қайта қарастыру керек. Содан кейін ол қорғалуға жіберіледі.
10. Курстық жұмысты қорғау

Курстық жұмыс берілген талаптарға сай болса, қорғауға жіберіледі. Курстық жұмысты қорғау кафедраның 3 мұғалімінен тұратын комиссия алдында жүргізіледі. Қорғауда топтың студенттері болуы мүмкін.

Студентке қорғалуға дайынджалу керек: өзінің хабарландыруының мәтінін жазып, рецензиямен танысып, қойылған ескертулерге жауап дайындау керек.

Курстық жұмыстың мазмұнын хабарлауға студентке 10-15 минут уақыт беріледі.

Курстық жұмыс онбаллдық шкаламен ғылыми жетекшімен, рецензентпен және кафедра комиссиясымен бағаланады.

Курстық жұмыстың бағалау критериялары:



1. Орындалған жұмыстың таңдалған тақырыпқа сай болуы.

  1. Жүргізілген зерттеудің мақсаттарымен тапсырмаларының ерекшеліктері.

  2. Зерттеудің қазіргі заманғы ғылыми әдістерін қолдану.

  3. Жүргізілген эксперименттің көлемі және өңдеудің (қажет болғанда) статистикалық әдісін таңдауының негізі.

  1. Жұмыстың қорытындыларын нақты, сатылы түрде баяндай білу.

  2. Қолданылған ғылыми әдебиеттердің қазіргі замандылығы.

  3. Алынған қорытындылардың және түйіндердің нақтылығы.

  4. Ғылыми және тәжірибелік мағынасы.

  1. Рәсімделу сапасы.

  2. Курстық жұмысты қорғау (қысқа, нақты, логикалық, кәсіби тілді меңгеру деңгейі, көрсетілім материалы)

  3. Қорғау барысында сұрақтарға толық жауап беру.

Қорғау барысында студент комиссия сұрақтарына жауап бере алу керек.

Жақсы бағаға ие болмаған курстық жұмыс қайта қорғалады.

Транскрипте курстық жұмыстың бағасы жоқ студент «Жастармен әлеуметтік жұмыс» пәнінен емтиханға жіберілмейді.

Қорғаудан кейін курстық жұмыс кафедрада сақталады.


Қорытынды

Берілген әдістемелік нұсқауларда курстық жұмыстарды орындаудың, қорғаудың негізгі талаптары көрсетілген.



Олардың рәсімделуіне, мазмұнына композициясына талаптар қойылған.

Курстық жұмыстардың тақыртары берілген. Курстық жұмысты жазу барысында студент семинар сабақтарының жоспарларымен және курстың типтік жоспарымен қолдануына болады.



Курстық жұмыстың тақырыптары


  1. Жастар - қоғамның әлеуметтік - демографиялық тобы ретінде.

  2. Жастар әлеуметтік қызметтің объектісі ретінде.

  3. Жас өспірімдер кезеңіне әлеуметтік-психологиялық сипаттама.

  4. Боз балалық кезеңге әлеуметтік-психологиялык сипаттама.

  5. Әлеуметтік топтар жастардың әлеуми-мәдени сипаты ретінде.

  6. Жастар қоғамының ұрпағы ретінде.

  7. Жастарға білім беру саласындағы әлеуметтік проблемалар.

  8. Жастарды еңбекпен қамту саласы.

  9. Жастар және жұмыссыздар.

  10. Бос уақыттағы жастар проблемасы.

  11. Жас отбасылардың әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік мәселелері.

  12. Жастардың субьмәдениеті.

  13. Жастар девиациясы әлеуметтік проблема ретінде.

  14. «Қиын» жас өспірімдермен әлеуметтік жұмыс.

  15. Жас нашақорлармен әлеуметтік жұмыс.

  16. Өскелең жасөспірімдердің нашақорлығы әлеуметтік мәселе ретінде.

  17. Панасыз калғандар әлеуметтік мәселе ретінде.

  18. Панасыз қалғандар жасөспірім мен балалармен әлеуметтік жұмыс саласы.

  19. Құқықбұзушы жастар әлеуметтік мәселе ретінде.

  20. Жас құқықбұзушылармен әлеуметтік жұмыс.

  21. Бас бостандығынан айыралған құқықбұзушы жастармен әлеуметтік жұмыс.

  22. Жазасын өтеп шыққан жас құкықбұзушыларды әлеуметтендірудегі әлеуметттік жұмыс.

  23. Жас және жасөспірім кезеңіндегі жезөкшелермен әлеуметтік жұмыс.

  24. Суицид жастар саласымен әлеуметтік жұмыс.

  25. Жұмыссыз жастармен әлеуметтік жұмыс.

  26. Жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс.

  27. Бей ресми емес бірлестіктермен әлеуметтік жұмыс.

  28. Жастармен жұмыс жүргізу технологиясының ерешеліктері.

  29. Мемлекеттер жастар саясаты: мәні, мақсаты, принциптері.

  30. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты


Оқу-әдістемелік қамтамасыздану

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Абдирайымова Г.С. Социальная работа с молодежью – Алматы, 2003.

  2. Агафонов А.Н., Менлибаев К.Н., Социальная работа с молодежью: учебное пособие – Караганды, 2003.

  3. Агафонов А.Н., Менлибаев К.Н., Буйнов Л.П.. Социальная работа с молодежью девиантного поведения: учебное пособие – Петропавловск, 2000.

  4. Абрамова Г.С. Возрастная психология: учебник для студентов ВУЗов – М., 2001.

  5. Волков Ю.Г., ДобрениковВ.И., Кадария Ф.Д. и др..Социология молодежи: учебное пособие. – Ростов-на-Дону, 2001.

  6. Государственная молодежная политика Республики Казахстан – Астана, 2001.

  7. Джаманбалаева Ш.Е. Общество и подросток: социологический аспект девиантного поведения – Алматы, 2002.

  8. Жетписпаев Б.А. Ювенальная юстиция: учебник – Алматы, 2001.

  9. Кожамкулова Л.Т. Социальная работа города: принципы и направления – Алматы, 2003.

  10. Менлибаев К.Н., Туганбекова К.М., Черная Г.Г., Каргин С.Т. Социальная работа: учебное пособие – Караганда, 2000.

  11. Мустаева Ф.А. Основы социальной педагогики: учебник для студентов высших педагогических учебных заведений – М., 2001.

  12. Нарикбаев М.С. Правовая охрана детства Республики Казахстан – Алматы, 1996.

  13. Основы социальной работы: учебник/ Под.ред. П.Д. Павленка – М., 1998.

  14. Павловский В.В. Ювентология: проект интегративной науки у молодежи – М., 2001.

  15. Райс Филий. Психология подросткового и юношеского возраста/ Пер.с англ. – СПб., 2000.

  16. Социальная педагогика: курс лекций/ Под.ред. М.А. Галагузовой – М., 2000.

  17. Социология молодежи: учебник/ Под.ред. В.Т. Лисовского – СПб., 1996.

  18. Тасмагамбетов И.Н. Социальная политика и политическая трансформация – Алматы, 1997.

  19. Тесленко А.Н. Социализация молодежи: педагогика отношений в социуме – Алматы, 2002

  20. Агафонов А.Н., Менлибаев К.Н., Черная Г.Г., Туганбекова К.М. Социальная работа: теории и технологии. – Астана, 2005.

  21. Павленок П.Д. Теория, история и методика социальной работы. – М., 2007.

  22. Плотинский Ю.М. Модели социальных процессов: Учебное пособие для вузов высших учебных заведений. - Изд. 2-е, перераб. И доп. - М.: Логос, 2001

  23. Социальная работа: теория и практика: Учеб. пособие / Отв. ред. д.и.н., проф. Е.А.Холостова, д.и.н., проф. А.С. Сорвина. - М: ИНФРА - М, 2002.

  24. Теория социальной работы: Учебник / Под. ред. проф. Е.И Холостовой. - М: Юрист, 1998.

  25. Основы социальной работы: Учебник / Отв. ред. П.Д.Павленок. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: ИНФРА - М, 2002.

  26. Основы социальной работы: Учеб. пособие для нач. проф. образования / Е.В. Ханжина. - М.: издательский центр "Академия", 2001.

  27. Социальные технологии: Толковый словарь / Отв. ред. В.Н. Иванов. - Москва-Белгород: Луч - Центр социальных технологий, 1995. –

  28. Тетерский С.В., Введение в социальную работу: Учебное пособие. - М.: Академический Проект, 2000.

  29. Холостова Е.И. Социальная политика: Учеб. пособие. - М.: ИНФРА - М, 2001. -204с. - (Серия "Высшее образование").

  30. Холостова Е.И. Социальная работа: Уч. пос. – М., 2000.

  31. Менеджмент социальной работы: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений / Под ред. Е.И. Камарова и А.И. Войтенко. - М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 1999.

  32. Попов В.П., Холостова Е.И. Социальная политика и социальная работа. – М., 1996.

Қосымша А1

Өтініш үлгісі

Әлеуметтік жұмыс және ӘСП

кафедрасының меңгерушісі

п.ғ.к., доцент М.К.Абдакимоваға

Соц-21к БҚФ тобының



студенті Смирнова Е.

Өтініш
Маған «Жастармен әлеуметтік жұмыс» пәні бойынша «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты» курстық жұмыс тақырыбын бекітуіңізді сұраймын.
Күні

Қолы


Қосымша 2
Титулдық бет үлгісі
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
пән: «Жастармен әлеуметтік жұмыс»


тақырып:___________________________________________
___________________________________________________
Орындаған

Студент

____________атыөні

(қолы)

Тексерген

____________аты-жөні

(қолы)

Қарағанды 200_

Қосымша 3
Курстық жұмыстың жоспарын жазу үлгісі
МАЗМҰНЫ
Бет




КІРІСПЕ













1

ТАРАУ АТАУЫ




1.1

Тармақ атауы




1.2







1.3
















2

ТАРАУ АТАУЫ




2.1

Тармақ атауы




2.2







2.3










ҚОРЫТЫНДЫ
















ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
















ҚОСЫМША








жүктеу 235,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау