Оқушылардың бейіндік қабілеттерін анықтауда психологиялық- педагогикалық Әдіс-тәсілдерді қолданудың ерекшеліктері



жүктеу 174,99 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.11.2018
өлшемі174,99 Kb.
#21614


ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЙІНДІК ҚАБІЛЕТТЕРІН АНЫҚТАУДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Н.Е.Мұқанова 

 

Тәуелсіз  Қазақстанды  әлемдегі  алдыңғы  қатарлы  елдермен  терезесі  тең  іргелі  мемлекетке 



айналдыру, әлемдік дәрежеге көтеру бүгінгі жастардың үлесіне тиетіні анық.  

Білім  беру  саласындағы  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  саясатын  іске  асырудың 

ұйымдастырушылық  негізі  –  білімді  жаңартудың  жалғастырылуын  қамтамасыз  ететін  Қазақстан 

Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 

Мемлекеттік  бағдарламаның  негізгі  мақсаты  –  білім  берудің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру, 

экономиканың  тұрақты  дамуы  үшін  сапалы  білімнің  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету  арқылы  адам 

капиталын  дамыту,  жоғары  білім  республика  экономикасының  барлық  салалары  үшін  құзыретті  және 

бәсекеге  қабілетті  мамандарды  кәсіби  даярлауды  қамтамасыз  етуде,  ғылым  мен  өндірісті  біріктіруде 

маңызды рөл атқарады, жоғары білімнің еуропалық аймағына кіруді қамтамасыз етеді, деп көрсетілген 

[1]. 


Мектепте  оқу  үрдісіне  қойылатын  жаңа  талаптарды  осы  көзқарастар  тұрғысынан  іске  асыру  – 

тікелей білім сапасын арттыруға, мектеп пен жоғары оқу орындарындағы білім берудің сабақтастығын 

күшейтуге жұмыс жасайтын жаңа тәсілдерді пайдалануды білдіреді. Сондықтан да қазіргі таңда кәсіптік 

білімге  орай  бейімдеп  оқыту  көзқарасы  жаңа  заман  үдерісіне  сәйкес  ғылымның  мол  жетістіктерімен 

қаруланған, бейіндік қабілеті шыңдалған оқушы тәрбиелеу болып табылады. Мұндай тұлғаға қойылатын 

бірінші  кезектегі  нақты  талап:  ойлылық,  салмақтылық,  белсенділік,  әлеуметтік  жауапкершілік,  терең 

білімділік, кәсіби сауаттылық.  

Тұлғаның  әлеуметтік  астарларының  кәсіптік  өзін-өзі  анықтауын  Л.А.Амирова,  В.М.Архипов, 

В.Г.Афанасьев,  В.В.Бахарев,  Л.П.Бусева,  В.А.Журавлев,  С.В.Кушнир,  В.Н.Шубин,  Н.Э.Касаткин,  П.А. 

Шавир, В.В.Ядовтың еңбектерінде көрсетілген. 

Жоғары  сынып  оқушыларының  кәсіптік  өзін-өзі  анықтауының  психологиялық-педагогикалық 

қалыптасуға әзірлік мәселелері Н.Ю.Буганова, Н.Э.Косаткина, Е.А.Климова, Е.В.Лямкина, Б.П.Невзоров 

т.б. орын алған. 

Қазақстандық  ғалымдар  Б.А.Әлмұхамбетов,  М.Жадрина,  С.Т.Каргин,  М.Ковжасарова, 

Д.М.Қазақбаева,  С.Д.Мұқанова,  А.А.  Мұқатаев,  С.Қ.Омаров,  т.б.  бейіндік  оқытудың  әр  түрлі 

аспектілерін қарастырады.  

Бейіндік  оқытуға  көшудің  негізгі  мақсаттары  -  жекеленген  жалпы  білім  беретін  пәндерді 

тереңдетіп  оқытуды  қамтамасыз  ету;  оқытуды  саралауға  және  даралауға,  оқушылардың  өздерінің 

қабілеттері  мен  қызығушылықтарына  сәйкес  дара  білімдік  траекторияларын  таңдауға  жағдай  жасау; 

оқушыларды  әлеуметтендірудің,  оның  ішінде  түлектерді  кәсіби  өзіндік  анықталуының  мүмкіндіктерін 

кеңейту; жалпы орта және кәсіби білімнің үздіксіздігін қамтамасыз ету. 

Оқушылардың қандайда бір пәнді таңдауларына қатысты арнайы қабілеттіліктерінің құрамын зерделеу 

бойынша педагог-психологтардың зерттеулерін талдай келе, оның негізгілерін бөліп көрсетейік: 

-  Әдеби-тілдік  бейімділік  -  шығармашылық  белсенділік,  байқағыштық  сияқты  эстетикалық 

көзқарас  жадында  көрнекті  бейнелердің  сақталуы,  шығармашылық  елестету,  сезімталдық  және  тілдің 

мәнерлігі анықтайды; 

-  Математикалық  бейімділік  -  ойлау  үрдісінің  жылдамдығы,  терең  әрі  жоғары  деңгейде  талдай  алуы, 

қабылдау математикалық іс- әрекетке қажеттілік, математикалық қисын, кеңістікті түсінуді көрсетеді; 

- Техникалық бейімділік - ойлай алу мен елестету, байқағыштық, іскерлік арқылы сипатталады. 

Осы мақсаттарды жүзеге асыру мынадай міндеттерді тудырады, олар: 

-    бейіндік  мектептің  негізгі  жұмыс  қорытындысы-  жоғары  сынып  оқушысының  тұлғалық 

дамудың нұсқаларын өз бетімен құрастыру дағдыларына ие болуы; 

- таңдаудың негізінде оқушының өзінің қабілеттері мен қажеттіліктерін сәйкестендіре алуы; 

- бұл нұсқалардың саны оқушы даралығының жан-жақтылығын ашу үшін жеткілікті болуы; 

-  оқушы  таңдаған тұлғалық  дамудың нұсқасы тек  оның өзі үшін ғана емес,  сонымен бірге қоғам 

үшін де маңызды болуы; 

-  таңдаған  іс-әрекет  аймағындағы  іскерліктер  мен  дағдылар,  жетістіктер  оқушының  жетістік 

портфолиосын құру т.б. тұрады. 

Оқушылар есейген сайын олардың мүддесі мен кәсіби ниеті сәйкес келе бастайды. 

Белгілі бір пәнге қызығу мен қабілеттілік көрсеткен оқушы өзіне мамандықты нық таңдай алады 

және тәжірибе көрсеткендей, қандай да бір пәнге қызығушылық танытпаған оқушылар  кәсіпті таңдап 

алуға қиналып, оны жиі ауыстырады.  

Әр  жыл  сайын  жоғарғы  сынып  оқушыларының  алдында  бірнеше  сұрақтар  туындайды,  ол  «Кім 

боламын?»,  «Қандай  мамандықты  таңдап  оқуға  барамын?»,  «15-20  жылдан  кейін  менің  таңдаған 




мамандығыма деген сұраныс болады ма?», «ХХІ ғасырдың орта шегіне қарай қоғам мамандыққа қандай 

талап қояды?»- деген сан алуан сұрақтар шешемін таба алмай, оқушы өз таңдауын дұрыс жасайды ма, 

әлде  таңдауы  қате  болып шығады  ма  деген  күдік  әрбіреуін  ойландыратыны анық.  Сондықтан  да  «Кім 

боламын?» деген сұрақ жанында «қандай болуым керек немесе қажет?» деген сауал туындап отырады. 

Ал,  бүгінгі  таңда  бәсекеге  қабілеттті  болуы  өте  маңызды  болып  табылады.  Адамның  өз  мамандығына 

қаншалықты қанағаттануы мен өз өміріне қаншалықты риза екендігінің арасында тікелей байланыс бар. 

Оқушы өзін мамандықтар әлемінде табу өзінің қоғамға қажетті адам екенін сезінуі, бір жағынан кәсіптік 

таңдау-болашаққа  үңілу  болса,  екінші жағынан ол  өзінің  ішкі  жан дүниесіне  үңілу,  яғни менің  мықты 

және әлсіз жақтарым, мен не істей аламын, табысқа жету үшін маған не қажет деген сауалдарға жауабы. 

Дұрыс  таңдалмаған  мамандықтың жағымсыз  тұстары  тек  адамның  өзіне  ғана  емес,  бүкіл  қоғамға  кері 

әсерін  тигізеді.  Ғалымдардың  есебі  бойынша  мамандықты  бейініне  қарай  дұрыс  таңдау  кадрлар 

тұрақсыздығын  2-2,5  есе  азайтса,  еңбек  өнімділігін  10-15  пайызға  арттырады  да,  кадрларды  оқытуға 

жұмсалатын  қаржыны  1,5-2  есеге  азайтады  екен.  Жоғарғы  сынып  оқушыларының  бейіндік  қабілетін 

анықтауда  және  кәсіби  өзін  табу  бағдарына  көптеген  факторлар  әсер  етеді,  соның  ішіндегі  ең 

маңыздылары: 

- мамандық және оның қажеттілігі туралы білу; 

- бейімділіктері (қызығушылығы, еңбек түрткісі, ынтасы); 

- қабілеттері, денсаулығы (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер); 

- ықылас деңгейі мен өзін-өзі бағалауы; 

- ата-ананың, отбасының көзқарасы; 

- мұғалімдар мен мамандардың көзқарасы; 

- жеке кәсіби жоспар-адамның кәсіби салада неге және қалай жету керектігі жөніндегі пайымдар 

жүйесі [5]. 

Бейіндік  сыныптарға  арналған  оқу  бағдарламаларын  түзу  және  оқулықтарды  әзірлеу  кезінде 

меңгерілетін  білім  мен  біліктіліктердің  оқушылардың  психикалық  дамуымен  байланыста  екенін 

түсінудің  мәні  үлкен.  Осы  себепті  де  мектепте  жоғарғы  сынып  оқушыларының  бейіндік  қабілетін 

анықтауда психологиялық-педагогикалық зерттеулерді дұрыс бағытта жүргізу, әрі қолданудың маңызы 

зор,  өйткені  бейіндік  оқыту  барысында  оқыту  мен  тәрбиенің  сапасын  арттыруға  өз  үлесін  жастық 

деңгейге сәйкес оқушылардың тұлғалық, интеллектуалдық дамуына ықпал ету, олардың өзіндік дамуы 

мен  анықталу  қабілеттілігі;  оқушылардың кәсіби  бейімділіктері  анықталып,  оның жан-жақты  дамуына 

жағдай жасалуы; мектепте әлеуметтік-психологиялық ахуалдың жақсаруына жағдай туғызуға әсер ету; 

оқушыларының  мүмкіншілігіне  сәйкес  білім  бағдарламаларын  меңгеруде  психологиялық  тұрғыдан 

қамтамасыз  ету;  әлеуметтік  жағдайдың  дамуына  психологиялық  талдау  жасау,  әрі  келелі  мәселенің 

туындауының  алдын-алу,  шешімін  табуда  құралдар  мен  жабдықтар  пайдалану;  оқушыларының 

тұлғалық  дамуының  ауытқуын  анықтау,  алдын-алу  жұмыстар  жүргізу;  психологиялық-педагогикалық 

сабақтастықтың шарттарын  қарастыру,  әрі  оқушының жан-жақты дамуына  жағдай  тудыру;  оқу-тәрбие 

үдерісінде  мұғалімдерді,  оқушыларды,  ата-аналарды  психологиялық,  ғылыми-әдістемелік  іс-әрекетпен 

қамтамасыз  ету;  таным  белсенділігі  мен  деңгейлері  жеткіліксіз  оқушылармен  қосымша  түзету 

жұмыстарын  жүргізу т.б. қарастырылады. 

Оқушылардың бейіндік қабілетін анықтауда психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмыстарын 

жүргізудегі басты мақсат болып: 

- Тұтас педагогикалық үдерісті психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету; 

-  Мектептегі  оқушылардың  жеке-бастық,  психологиялық,  әлеуметтік  дамуына  жағдай  жасауын 

негіздеу; 

-  Оқушылардың  таным  белсенділіктері  мен  психологиялық  процестерінің  даму  динамикасының 

өсуіне жағдай жасауға ықпал ету; 

-  Оқушылардың  бейіндік  ерекшеліктерін  анықтау  мен  оның  дамуына  жағдай  жасау  болып 

табылады. 

Оқушының  бейіндік  қабілетін  анықтауда  қолданылатын  психологиялық-педагогикалық 

диагностикалық  әдіс-тәсілдер  қатарына:  сұрақнама,  сауалнама,  тест,  іс-әрекет  нәтижесіне  талдау, 

сұхбат, байқау, эксперимент және тағы басқа да зерттеу әдістерін жатқызуға болады. 

Психологиялық  тұрғыдан  алғанда  оқушылардың  бейіндік  қабілетін  анықтап,  соның  негізінде 

бейіндік сыныптарда оқыту келесідей көрсеткіштерге қол жеткізуде мүмкіндік береді:  

-  сыныптағы  оқушының  барлығы  бірдей  тереңдетілген  пәнді  оқуға  бұрын  міндетті  болса,  енді 

белгілі блоктық жүйенің бірін таңдап, бала қалауымен оқуға мүмкіндік алады;  

-  бейіндік  пәндерлі  таңдау  бойынша  қабілеті  есепке  алына  оқытылғандықтан,  мұндағы  оқыту 

үдерісі де тиімді, үйлесімді, сапалы болып шығады. Тереңдетіле құрылған бағдарламаны жақсы игеруге 

мүмкіндік алды. Оқыту сапасы артады;  



-  тек  жақсы  оқитын  оқушылар  ғана  емес  оқу  қабілеті  орта  оқушылар  да  өз  мүмкіндігіне  қарай 

белгілі бір мамандықтың біріне бейімделе оқытылады;  




-  мұндай  қалауымен  біріккен  топты  оқыту  мұғалім  еңбегіне  жеңілдік  береді,  әрі  оқушының 

қызығушылығы  ескеріліп,  оның  бейімділігі  арта  түседі.  Сөйтіп  болашақта  жоғары  оқу  орнында  оқуға 

мүмкіндігі бола бермейтін шәкірттерге сұранысқа ие алғашқы кәсіптік білім беру қолға алынады. Оқушының 

өмірден өз орнын таба аларлық мүмкіндікке ие болуының әлеуметтік мәні бар екені көрінеді. 

Бейіндік оқытуға оқушыларды тестілеу, қабылдауға арналған бақылау жұмыстары, әңгіме жүргізу 

негізінде  анықталады.  Оқушылар  дұрыс  таңдау  жасау  үшін,  өзінің  қабілеттері,  қызығушылығы  мен 

бейімі,  мінезі  мен  темпераменті  туралы  не  білуі  керек?  Өзінің  кім  екенін,  кім  бола  алатынын,  кім 

болғысы келетінін, кім болуы керек екенін және алға қойға мақсаттарын қалай іске асыру керек екендігі 

туралы  білу  үшін  келесідей  әдіс-тәсілдерді  өз  зерттеу  жұмысымда  қолдандым,  олар:С.Карпиловтың 

бағдарлық-диагностикалық  сауалнамасын,  Е.Климовтың  мамандық  түрін  таңдау  сауалнамасы,  Кәсіби 

бейімділікті анықтау сауалнамасы т.с.с. 

Зерттеу жұмыстарын Орал қалалық №43жалпы орта білім беретін мектебінің  

9 сыныптарында жүзеге асырдым. Олардың жалпы мамандыққа бағдарын анықтау мақсатында, ең 

алдымен, Е.А.Климованың  «Дифференцалдық-диагностикалық» сауалнамасын жүргіздік.  

Е.А.Климованың «Дифференцалдық-диагностикалық» сауалнамасын жүргізу нәтижесі: 

Эксперимент  тобында  оқушылардың  қызығушылығы  «Адам  -  техника»,  «Адам  -  көркемдік 

бейне»  мамандық  түрлерінде  басым  болып  келеді,  яғни  олардың  көрсеткіші  42%  тең.  Ал  бақылау 

тобында  оқушылардың  қызығушылығы  «Адам  -  техника»  қатынас  жүйесіндегі  мамандық  түрлеріне 

жақын екені анықталды.Оқушылардың қызығушылықтары мен бейімділігін анықтауды осы жүргізілген 

әдістемемен шектеліп қана қоймай, зерттеу жұмысымыздың эксперимент бөлімін алдыңғы жүргізілген 

әдістеменің нәтижесін нақтылауда және өзіміздің сенімімізді нығайту үшін «С.Карпиловтың бағдарлық-

диагностикалық»  сауалнамасын  жүргізген  болатынбыз.  Бұл  әдістеменің  мақсаты  оқушының 

мамандыққа деген бағыттылығын анықтау болып табылады. 

 

 



 

«С.Карпиловтың бағдарлық-диагностикалық» сауалнамасы бойынша алынған мәліметтер: 

Бағдар 

Зерттелуші топ 



Эксперимент 

Бақылау 


физика 

8,1% 


16% 

математика 

5,2% 

10% 


электро-радитехника 

7% 


11% 

техника 


12% 

19% 


химия  

3,5% 


1,4% 

биология 

13,5% 

17% 


медицина 

4,3% 


6% 

геология, география 

6% 

13% 


тарих 

22% 


16% 

философия, журналистика 

6,5% 

7% 


өнер 

7,6% 


8% 

педагогика 

27% 

33% 


қызмет көрсету аясы 

13,5% 


28% 

әскери іс 

22,5% 

33% 


спорт 

13,5% 


47% 

 

С.Карпиловтың  бағдарлық-диагностикалық  сауалнамасындағы  15  пәнді  әлеуметтік-гуманитарлық 



(медицина, философия және журналистика, қызмет көрсету аясы, тарих, педагогика, спорт, өнер, әскери іс), 

жаратылыстану-математикалық  (физика,  математика,  химия,  геология  және  география,  биология)  және 

технологиялық  (техника,  электро-радиотехника)  бейіндер  бойынша  жіктеп,  олардың  орташа  пайыздық 

есептерін  санап  шығардық.  С.Карпиловтың  сауалнамасы  көрсеткіштерін  Е.А.Климованың  әдістемесі 

бойынша қол жеткізген мәліметтермен салыстырдық. Нәтижесінде олардың бейін таңдауға дайындығы нақты 

Мамандық түрлері 

Зерттелуші топ 

Эксперимент 

Бақылау 

«Адам - табиғат» 

32% 

14% 


«Адам - техника» 

42% 


47% 

«Адам - адам» 

36% 

23% 


«Адам - белгі» 

21% 


14% 

«Адам - көркемдік бейне» 

42% 

19% 



емес  екені  анықталды.  Өйткені  Е.А.Климованың  әдістемесін  ажыратылған  бейіндермен  салыстырған  кезде 

біраз айырмашылықтар байқалды. 

Жоғарғы  сынып  оқушыларының  бейіндік  қабілетін,  олардың  кәсіпке  қызығуы  мен  білімге 

қажеттіліктерін анықтайтын психологиялық-педагогикалық әдіс-тәсілдер нәтижесі оқушының білімін 

жалғастыруын  және  тереңдетуін,  сондай-ақ  бейіндік  оқыту  бағытын  анықтайды,  әрі  кәсіпалды 

дамуын  қамтамасыз  етеді.  Біздің  зерттеу  жұмысымыз  оқушыларының  бейіндік  қабілетін  анықтауда 

психологиялық-педагогикалық  әдіс-тәсілдердің  нәтижесін  қолдану  мектепте  келесідей  мәселелердің 

шешімін табуға ықпал етуі қажет екендігін көрсетті, олар: 

- бейіндік оқыту мәселесін тереңнен зерттеуді ұйымдастыру (педагогикалық кеңес, әдістемелік 

кеңес арқылы), оқушылар мен ата- аналар арасында жүргізу; 

- білім беру мен білім алуға деген сұраныстарға диагностика жүргізу; 

-  белгілі  бейімділікке  байланысты  оқытуда  арнайы  кабинеттер  мен  оқу  орындарын  даярлау, 

құрал- жабдықтармен қамтамасыз ету. 

-оқушылардың  кәсіби  бейімділіктерін  анықтау,  психодиагностикалық  жұмыстар  жүргізу, 

соның негізінде қажетті әдебиеттерді алу; 

- элективтік курстарды ұйымдастыру; 

-  әр  оқушының  бейімін  ескеру  мен  оның  жан  -  жақты  дамуына  психологиялық,  әлеуметтік 

тұрғыдан жағдай жасау. 

Қорыта  келгенде  жоғарғы  сынып  оқушыларының  бейіндік  қабілетін  дер  кезінде  анықтау, 

шыңдау  мен  дамытуда  психологиялық-педагогикалық  негіздерді  дұрыс  бағытта  қолдана  білу 

бейімділікті анықталудың негізі болып табылады деп түйін жасауға болады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.  Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010. 

2.  Қазақстан  Республикасының  12  жылдық  жалпы  орта  білім  беру  тұжырымдамасы. 

Астана,2007. 

3.  Рахимжанов  А.М.  Профильное  обучение:  проблемы  перехода  и  создание  эффективной 

образовательной среды //Білімдегі жаңалықтар. -№1, 2006. 

4.  Мұханбетжанова Ә.М. Бейіндік оқыту теориясы және технологиясы. Орал,2010. 

 

 



 

жүктеу 174,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау