Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Дәріс №19. Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс



жүктеу 4,31 Mb.
бет5/12
Дата14.11.2017
өлшемі4,31 Mb.
#247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Дәріс №19. Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс
Жоспары

  1. Қарт және қарттық ұғымдары, түрлері, ерекшеліктері

  2. Қарт адамдар, олардың психологиялық ерекшеліктері және әлеуметтік бейімделуі.

  3. Қарттық шақтың тудыратын әлеуметтік проблемаларының ғылыми сипаттамасы

Қарт адамдар - жасы келген, өздеріне ғана тән өмір тәжірибесі мен салты бар ұрпақ. Қарт адамдар өзіне әркашан ықылас пен қамқорлық тілейтін елеулі әлеуметтік топтардың бірі. Атап айтқанда "үшінші ұрпақ" адамдарының мәселелері көпке ортақ. Жасы 60-тан асқандардың бәріне қоғам тапарынан да, қамқорлық қажет. Ал, біздің елімізде соңғы жылдары ғана қалыптасып келе жатқан әлеуметтік кызметкер үшін қарттарға деген қамқорлық кәсіби міндет болып табылады. Әлеуметтік қызметкер қарттардың күнделікті тіршілігіне өмектесіп қана коймай, оларды өмірдің осынау бір күрделі кезеңінен қайыспай өтуге үйретуге тиіс.

Адамның салыстырмалы түрде ұзақ жа­са­ған ғұмыры көп сатылы. Ғалымдар өмір жо­лын нәрестелік (бір жасар), балалық (1-13 жас), жастық (13-25), кемелдік (25-49), егделік (49-61), кекселік (61-73), қариялық (73-85) және қаусау (85-тен асқан) кезеңдерге бөліп, әр­қайсысына биологиялық және физиологиялық тұрғыда толық мінездеме береді. Бір ғажабы, ғылыми нұсқалы аталған кезеңдер қазақтың мүшел жас (13, 25, 37, 49, 61, 73, 85) өлшем­деріне дәлме-дәл келеді. Адам межелі ғұмы­рында қоян жымындай бұралаң, кедірлі-бұдырлы соқпақ, табан тірелмес тайғақ, биік асулы, терең өткелді, сондай-ақ тақтақ даңғыл, әйтеуір, қилы-қилы жолдардың талайынан өтеді. Өмірдің ең баяу сырғитын бөлігі қырық жас­қа дейін ысылады, пы­сиды. Ой және қол еңбегінде шың­далады. Ой өрісі кеңиді. Дү­ние танымы тереңдейді, мо­лаяды. Қоғамдық ортада өз орнын табады. Азаматтық бей­несі әбден қалыптасып, ке­лешек өмір нысанасы ай­қын­далады. Одан әрі тал­пыныс, ілгерілеу, жеделдеген елу, сосын алпыс.

Адам үш түрлі қартаяды.

Ерте тәни қартаю – кәрілік белгілерінің мезгілінен бұрын аян болуы. Адамның биологиялық және психологиялық қорғаныс механизмдерінің шамадан тыс тотығуы. Тұқым қуалаушылық пен туабітті гендік ­– тектік мүкілік салдары. Жалпы денсаулықтың ақаулығы, ауыр, созылмалы дерт зардабы. Жеке бастың күтімсіздігі, тіршілігіне жауапсыздығы.

Қалыпты физиологиялық қартаю – егделіктен кейінгі жас жігі қапелімде байқала қоймайтын, созылып барып анық белгі беретін табиғи құбылыс. Бұл кезеңге тән: дене қажып, күш-қуат кемігенмен сана мен сезім сергектігі. Төңірекке жіті көзқарас, ойға берілу. Байсалдылық, пайымдылық, шүкіршілік.

Рухани қартаю ­– тән мұқалуынан бұрын жан жұталуы, жүйке жүйе түтіліп, жад кө­мес­кіленуі. Қоғамдық ортадан оқшаулану. Та­нымдық сезім тұйықталған осы психоло­гия­лық үдеріс кей жағдайда парасатсыз, келеңсіз өмір сүруге организмнің қарсылығы деп тү­сіндіріледі. Қалай дегенде де, рухани қартаю өте сирек кездесетін тіршілік.

Қартайғанда адамның денесі болбырап, қимыл қозғалысы баяулайтыны, іс-әрекеті шектеліп, қоғамдық ортадан қол үзері, жүйке сыр беріп, ой өрістің торығуы, ел өмірі мен төңірегін бұрынғы көзқарасы, дүниетанымен шолатыны және түсінетіні анық. Бұл болымсыздық жеке бастың кемшілігі емес, жалпы ұзақ ғұмыр кешіп қартайғандардың барлығына ортақ көрініс.

Сәнімен қартаю – абырой. Бірыңғай отбасылық өмір қалпына көшкен соң ұлдары мен қыздарының, немерелері мен шөбе­релерінің, құдалары мен жиендерінің шаршы төрінде маңғаз отыру, кіршіксіз ықыластары мен ақ ниетті қамқорлықтарын сезіну, ешнәрсеге мұқтажданбау, ауыл-аймақтың үлкендері мен жастарының инабатты сәлемі мен арнайы сыбағасын қабылдау, ақ батасын беріп, баршасын ризалау үлкен ғанибет. Өз төрінен төмендемей, сыны мен сыйын қаш­тырмай, әдемі қартаю өнеге. Ұлық жасын қа­дірлеу үлгі. Тек осы салиқалықтан жазбағай. Ел өмірінің төрін иеленген қарттық: құрметті этикалық ұғым. Болмысы тұрғысынан екі өлшемді. Адам жарық дүниеде ғұмыр кешкен ұзақ жылдар – сандық және сол сындарлы жылдарда ел игілігіне, халық мүддесіне еткен елеулі еңбегінің молдығы – сапалық өлшем­дер. Екі өлшем сабақтасып, бірін бірі то­лық­тыруы, әрлеуі мен нәрлеуі өткен, қарт­тыққа жеткен адам өмірінің құндылық сипаты; адам баласының баршасының пешенесіне жазыл­маған, бір бөлігіне ғана бұйырған өмір сыйы, мархабаты. Сәнімен жеткен ұлық жасында бір-ақ берілетін өмірдің мәні мен маңызын терең түсінуге, қилы-қилы құбылыстарын, сан-алуан қырлары мен сырын жақсы тануға, оларды қоғамдық өмірдің үдемелі дамуында ұтымды пайдаланудың төте жолдарын іздеуге, өнерлі істе ізгі еңбек үлесін қосуға, қандай да бір өшпес із қал­­ды­рып, кейін­гілерге өнеге тұт­қызуға, қатал сыннан өт­кен шынайы тір­шілік үлгі­ле­рін ұрпағына да­рытып үлге­руге берілген мұ­ра; мінсіз атқарар маңызды міндеті мен асқан жауап­кершілігі айқын­далған, тұ­нып тұрған тарихты тұтас бір дәуір; еш уақытта ортай­май­тын, уақыт өткен сайын то­лыға түсетін ақыл-кеңес қа­зынасы; адам ғұмы­рының түйінді бөлігі, бір ұрпақ өмірімен шектелмей­тін, жал­ға­сы үзілмейтін, ға­сырдан ға­сыр­ға асып, асыл қасиеттері жетіле, кемелдене, киелене түсер феномен.

Үшінші үрпак адамдары үшін дәрі-дәрмек, зейнетақы мөлшері, т.с.с. маңызды мәселе болғанымен, олардың өмірі әлдеқайда күрделірек. Қарттар қалған өмірін қызықты және алаңсыз өткізгісі келеді. Қарттыққа байланысты проблемалар өзара түсіністік, біріне - бірі қамқорлық жағдайында және ғылым тәжірибенің жетістіктерін кең колдана отырып кана дүрыс шешіледі.

Сондыктан әлеуметтік қызметкер қарт адамдармен тиімді жүмыс істеу үшін, ол ең алдымен олардың психологиялық ерекшеліктерін жақсы білу қажет.

XX ғасырда орасан зор демографиялық өзгерістер болды. Ғасырдың басында әлемдегі адамдардың саны 1 млрд.630 млн. адам болса, қазір бүл көрсеткіш кемінде 3,5 есе өсіп отыр. Онын алдындағы үш ғасырда (1600-1900) халық саны небәрі үш есе өскен болса, жоғарыда айтқанымыздай, XX ғасырдың II жартысында халықтың өсімі үдеп кетті. Соғыстан кейінгі

жылдары басқа демографиялық шамаларға қарағанда, халықтың еңбекке жарамды бөлігін, яғни елдің еңбек ресурстармен қамтамасыз етілу жағдайын көрсету.

Б¥¥ есебі бойлынша 1950 жылы әлемде 60 жастан асқан 214 млн. адам болса, болжау бойынша келесі жылы олардың саны 590 млн-ға, ал 2025 жылы 1100 млн. адамға жетпек, немесе осы жылдардың ішінде қарт адамдардың саны бес есе өседі. Ал, сол кезеңде жер бетіндегі халықтың саны бар болғаны үш есе ғана көбеймек. Осыған байланысты қоғамның "қартаюы" туралы соңғы кезде көп айтылып жүр.

Қазақстанның демографиялық жағдайына келетін болсақ, бізде де халықтың қартаюы байқалады. Егер, 1990 жылы 60-тан асқандар Қазакстан халқының 10 процентінен аспаса, 1985 жылы 10 процент болды, 2000 17 проценттен асып, 2050 жылы елдің халқының 26 проценті болмак.

Зерттеушілер арасында қарттык және кәрілік деп қай жастарды есептеу керектігі жөнінде кесімді пікір жоқ. Адам өмірін кезеңге бөлуде қашан да субъективті көзқарастар басым болды. Өйткені, нақты тарихи жағдайлар, белгілі бір дәуіріндегі адам өмірінің орташа ұзақтығы түрлі пайымдауларға бастады.

Әйгілі ойшыл әрі дәрігер Әбу Әли Ибн Сина, мысалы, 50-60 жасты кәріліктің басы деп есептеді. Гиппократ адамның жасын туғаннан бастап әрқайсысы жеті жылдан бастап 10 кезеңге бөледі. Қазіргі ағылшын физиологтары адам өмірін бес кезеңге бөліп карастырады: балдырған балалық 7 жаска дейін, балалык - 14 жасқа дейін, жастык шағы - 25 жасқа дейін, бүдан кейінгі ширек ғасыр бойы адам кемелдену кезеңінде, ал 50-ден кейін кәрілік басталады.

Дүниежүзілік Денсаулык Үйымының жіктеуі бойынша 60-74 жас аралығындағылар қарттар , 75-89 жастағылар кәрі, 90-нан асқандар үзақ өмір сүрушілер екен. Бүған коса ересек адамдарды ішінара төрт топқа бөлетін

халықаралық тағы бір жіктеу бар. Ол бойынша: жасамыстар (55-64), карттар (65-74), кәрілер (75-84) және өте кәрілер (85-тен асқандар).

Әдетте, қарттар катарына зейнеткерлікке шыққандарды айтады. Бірақ, бұлайша пайымдау дұрыс бола коймайды, өйткені әр елдің зейнетакыға шығу жасы әртүрлі

Мұндай әртүрлі пікірлердің болатын жөні бар. Өйткені, қарттық өмірдің едәуір ұзақ жасынан өткендіктің белгісі.

Әлемдік психология адамның қартаю проблемасына, оның осы шақтағы өміріне XX - ғасырдың соңында қызығушылық таныта бастады. Шетел психологтары олардың проблемасымен айналыса бастағанда, ең алдымен қарттардың қандай әлеуметтік - психологиялық атмосферада өмір сүргендігін, коғамның оларға деген қарым-катынасын, соңында картаюдың қандай стереотиптері тарағанын зерттей бастады. Осындай зерттеудің нәтижелерінен қарт адамдар дәрменсіз, өз бетінше шешім қабылдай алмайтын қоғамдық функцияларды орындай алмайтын, қоғамға пайда келтірмейтін жандар деген түсінікпен қатар, олар мейірімді, қарым-қатынасқа тез түседі, тәжірибесі мол деген екі түрлі көз карасты көруге болады. Әрине, карттык кезең туралы әртүрлі стереотиптер мен бүрмаланған түсініктер бар. Қарттык шакка - белгілі бір соматикалық, интеллектуалдық және психологиялык проблемалар тән.[42. 86-99 б.]

Қарттық шақтың өзі бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Денсаулығы жақсы, белсенді, жаңа ғана зейнеткерлік демалысқа шыққандар 60 жасқа келгендер, 70 жастағылар бүрынғыдай отбасы, достарымен тығыз байланысты, бірақ кейбіреулері кірістің төмендеуі, жақындарын жоғалту сияқты жағдайлармен кездеседі. 70 жастан кейін әлеуметтік қарым-қатынастары қысқарып, аурулар түрлері көбейе бастайды, 80 немесе 90 жастан кейін адамдар қоршаған ортадан түңіліп, тез шөгіп, созылмалы аурулармен ауыра бастайды. Терісінің солуы, келбетінің өзгеруі, бүлшық еттерінің иілгіштігін жоғалту және қаңқасының ықшамдалуы сияқты мороро-функционалдық өзгерістер көріне бастайды. Адамның сенсорлық қызметі, әсіресе есту қабілеті мен

көзінің көруі төмендейді. Бірақ бұлардың барлығы қартаюдың міндетті

атрибуттары болып табылмайды, олар әртүрлі ауру салдарының, өмірдің келеңсіз жағдайларының немесе коршаған ортаның әсерінің нәтижесінен болуы мүмкін. Кейбір өзгерістерді физикалық жаттығулармен дүрыс тамақтану және жаксы күтіммен тоқатуға немесе жоюға болады. Осындай профилактикалык және денсаулыкты жақсартатын шаралар жүйесі қарттардың өздерінің денсаулығын күту, жүмыска қабілеттігін үзарту, физикалық белсендігін сақтау, өз-өзіне қызмет ету және әлеуметтік қүндылығын сезіну үшін жасалады.

Бүндай шараларды жүргізу үшін медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа түрлері мен әдістерін өңдеп, көптеген шет елдерде бар әртүрлі гериатриялық стационарлық қызмет көрсету, амбулатория -поликлиникалық көмек көрсететін орталықтарды ашу қажет. Көптеген батыс перонтологтары қарттар үшін ең қолайлысы, оларға көрсететін көмекті үйде ұйымдастыру. Өйткені , қартаю және өлімді күту - бүл өте қиын фаза. Сондықтан қарттар мен олардың отбасы мүшелерінің арасында осы кезеңде пайда болатын түсініксіздікті, қыиншылықтарды жету үшін әлеуметтік қызметтердің атқаратын рөлі зор.

Қарттық шақ психологиялық маңызды мәселе екені белгілі. Демографиялық қартаю өскен сайын бүл проблеманың көкейкестілігі арта бастайды.

Барлық өмірлік преспективаның өзгеруіне байлансыты қарт адамдар жалғыздыкты, қандай да бір психологиялық дикомфорттың дәрежесін сезінеді, депрессияға түседі. Ал жағымсыз эмоциялар қартаю процесін жылдамдатады. Сондықтан қоғамда 60-жастан жоғарыдан кейін өлімді күту кезеңі ғана емес , сонымен қатар өмірдің күнды кезеңі деген түсінік қалыптастыру қажет .

Қарттардың өзі сүйіп айналысатын іс-әрекеті немесе әлеуметтік белсенділігі неғүрлым жоғары болса, соғүрлым денсаулығының экономикалық жағдайының өмірге деген қанағаттану деңгейінің жоғарs болатындығын көптеген геронтологтардың зерттеулерінен байқауға болады.

Осылардың барлығын ескере отырып карттық шақтың психологиясы туралы мынадай қорытынды шығаруға болады.

Қарттық шақ, өмірдің алдыңғы сатыларында көрінген статустардың өзгерістерінен тұрады, бұл - қартаю, зейнеткерлікке шығу, жесірлік.

Бұл сатының алдыңғы сатыларынан айырмашылығы қоршаған ортасы, физикалық не әлеуметтік болсын кеңеймейді, ал керісінше тарылады. Қарттық шақтың, өзінің өмірін ұйымдастыруына байланысты дәрменсіздігі және проблемалары қарт адамдарға психологиялық ауыртпашылық болып тиеді.

Олар бұрынғы дербестігін жоғалтқандықтан және күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандырудың өзі басқаларға тәуелді болғандықтан мен - концепциясын өзгертеді. Біреулер мұндай жағдайда тех бейімделсе, екіншілері бейімделе алмайды. Олар өткен өмірін еске алып, артына не қалдырғанын ойлаумен көп уақыт өткізеді.

Адамдардың карттыка карай бет алуы адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты өзгертеді, дүниеге деген көзқарас, өмірдің мақсаты мен мәні, игілік пен бақыт туралы түсініктер басқаша сипат алады, бір сөзбен айтқанда адамдардың өмір салты өзгере бастайды. Бұрын олар қоғаммен өндірілген тікелей байланыста болды, қоғамдық қызметтерге араласты. Ал зейнеткерлікке шыкқаннан кейін көбінесе өндірістен қол үзеді. Бірақ қоғамның мүшесі ретінде қоғам өмірінің әртүрлі салаларынан тыс қалмайды.

Қарт адамдардың әлеуметтік проблемалары зейнеткерлікке шығуына байланысты және карттықа бет алған жағдайда белгілі бір дәрежеде өзінше әлеуметтік-демографиялық топтың проблемалары болып табылады. Атап айтқанда, олар негізінен мынадай: өмір салтының өзгеріп, жаңа жағдайға бейімделе бастауы, қарттықтың бүлжымас табиғи күбылыс екенін сезінуі, денсаулығы кемуіне байланысты тіршілік қызметінің шектеле бастауы. Жүмыс істемеуі (әдетте, қарттардың көбі жүмыс істемейді немесе өз істейді), материалдық жағдайы (зейнетақысы бүрын алып жүрген жалақыдан аз, емделуі қымбат) , мінез-күлқының өзгеруі( психикасыньщ бүзылып, шамщыл бола бастауы. Халықтың бүл категориясының коғамға қажеттілігі немесе қажетсіздігі де күрделі мәселе туғызады. Зейнеткерлерде қоғамға бүрынғыдай пайда келтірмейтін сиякты сезім орнығады. Олардың бүрынғы білімі,ш еберлігі, қабілет - қасиеті керек болмай қалады.

Жасы үлғайған сайын белсенді еңбектен шеттетіле беретін қарттардың өмір салты ғана емесе, отбасылық және әлеуметтік жағдайы да өзгереді. Ер жетіп, дербес түрмыс қүрып кеткен балаларынан алшақтап калуы мүмкін. коғамнан, жақындары мен таныстарынан аулактап, жалғыздық көруі қарттардың мінез-қүлқына кері әсерін тигізеді.

Әрине, мұның бәрі әлеуметтік жағдайларға, жеке адамдарға және оныңжақындарына байланысты. Қарттардың жас ерекшеліктеріне байланысты кінәмшіл, талапшыл болатындығын ескере отырып, әлеуметтік қызметкер оларды қолдауға, қажет кезінде психологиялық көңіл-күйін көтеруге тиіс. Қарт адамдармен жүмысты дұрыс ұйымдастыра білу үшін олардың бұрынғы және қазіргі әлеуметтік жағдайларын талап-тілектерін жете біліп, тиісті ғылыми, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық және басқа да бағыттағы зерттеулердің нәтижелерін пайдалана білу қажет.

Осы орайда, мына мағлұматтарды еске алған жөн. Дүниежүзілік Денсаулык сақтау үйымының мәліметтеріне карағанда, 61-70 жас аралығындағы адамдардың түтынатын тағамдарының қуаты 20-30 жас арасындағылардың түтынатынының 79 проценті деңгейінде болуға тиіс. Еңбекке жарамды жастағы адамдардың тәуліктік азық қуаты 2800-3200кал. деп есептеледі. Зейнеткер жасындағы жүмыс істейтін адамға тәулігіне 2450 кал. керек болса, жүмыс істемейтіндер үшін бүл көрсеткіш 2200 кал. дейін азаяды.

Мамандардың есебі бойынша үкыпты пайдаланғанда зейнеткердің киімі мен аяк киіміне еңбек жасындағыларға қарағанда шығын 29,5 процент аз кетеді екен. Және де әйелдер үшін бүл көрсеткіш 31,1 процентке, ал ерлерге шакканда 26 процентке кеміген. Бүл арада жүмыс істейтін әйелдердің киіміне ерлерге карағанда шығынның 40 процент артық болатындығын ескере кетейік.

Қарттардың жеке басына материалдық шығындар аз жүмсалса да, оларға тиісті игіліктер мен қызметтер көбейеді. Әлеуметтік зерттеулерге қарағанда қарт адамдарға 31 түрлі (сақал-шашын алу, моншаға апару т.с.с. қосып алғанда) қызмет қажет екен. Ал іс жүзінде оларға 2-4 түрлі ғана қызмет көрсетіледі. Мысалы, 24 проценті ыстық тамақ әкеліп беруді тілесе, олардың 1-2 процентіне ғана әкеліп беріледі, түратын бөлмесін жуып-шаюды 88 процент қажет етсе мүның 28 процентіне ғана қызмет көрсетіледі.

Ағылшын окымыстысы О.Стивенсонның пікірі бойынша қарттардың басқаға тәуелдігі екі жақты екен. Біреулері - дербестіктен тартынып, камқоршының қолына карайды, оған күнделікті күту жұмыстарын тапсырып қойғысы келсе, екіншілері жалғыздыққа көніп, өзіне-өзі демеу болуға бекінеді.

Қарттар әдетте өмірдің қиын-қыстау кезеңдерінен өтіп, бейнетті көп көргендер. Демек, олар жасы келген шакта өздеріне аз да болса қамкорлық жасалуын тілейді, тіпті талап етеді. Олардың мінез-күлқы денсаулығы сол талаптардың калай орындалатындығына байланысты. Демек, әлеуметтік қызметкерлер қарт және кәрі адамдарға ерекше ықыласпен,мейірімді қарап, олардың талап-тілектерін орындауға ұқыпты болғаны жөн.

Міне, осылайша карттармен жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкер жасы асқан адамдардың әлеуметтік және психологиялык ерекшеліктерін сергек танып, олардың еңбекке араласу мүмкіндігін, денсаулығын, әлеуметтік түрмыстың жағдайларын біліп отыруы кажет.

Ғылым мен техника жөніндегі Европа комиссиясы аясындағы күрылған арнайы үйым (СО8Т А8) қарттар мәселесімен тікелей айналысып, олардың жаңа жетістіктерді пайдалуына камкорлык жасайды.

Әдетте, бүрын өзінің кабілетімен еңбекте жоғары бағаланған ауыр жағдайды бастан кешіреді. Еңбектен кол үзген қарттардың бірқатарының денсаулығы төмендеп, бойы әлжуаз тартады, мінез-қүлқы өзгереді. Өйткені, олар үшін еңбек өмірдің мәні, денсаулыкты сақтаудың бір шарты болған. Бүл жағдай көптен мәлім.

XVIII ғасырдың өзінде неміс ғалымы Христофор Вильгельм Гуфеланд жазған екен: бізде бір жалқау көп жасамаған, ал көп жасағандардың барлығы қашанда қүштарлықпен еңбек еткен, өмірде белсенді болған.

Қарт адамдардың толык мәнді өмірін катамасыз ету үшін оларды қоғамдық өмірге қатыстырудың маңызы зор. 70-ші жылдары біздің елімізде жасамыс адамдардан ерікті тәрбиешілер жасау тәжірибесі болған. Олар балалар отрядтарын, спорт секцияларын, аула командаларын баскарды,

милицияның балалар бөлмелері мен мектептердегі ата-аналар комитетіне

көмектесті. Зейнеткерлер қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, өндірісте еңбек жағдайы мен қауіпсіздік ережелерін сактауды тексеретін, коғамдык бақылаушылар ретінде сауда ұйымдарының жұмысын қадағалайтын, қалалар мен ауылдарды көркейтуге және көгалдандыруға көмек көрсететін. Бұлардың барлығы қазір жоқ. Қарттарға (тек оларға ғана емес) қамқорлық жасау мақсатында сол бір игі тәжірибені жаңартып, қазір кайта колдануға әбден болады.

Қарт адамдардың өмір салты олардың бос уақытын қалай өткізетініне, ол үшін қоғамның кандай мүмкіндіктер жасайтынына байланысты. Осы тұрғыдан алып карағанда аға ұрпактың өкілдерін түрлі қоғамдық жүмыстарға кездесулерге тартып, карттар үшін арнайы радио және телевизия хабарларын үйымдастыру т.б. шаралар жасау өте қажет.



Дәріс №20. Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Жоспары

  1. «Мүгедек» ұғымымының мазмұны ерекшеліктері

  2. Мүгедектерге мемлекет және мемлекттік емес ұйымдары тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмектер

  3. Мүмкіндігі шектеулі балалардың бар отбасылармен әлеуметтік жұмыс технологиясы

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылы 13 сәуірде қабылданған Заңына негізделеді. Бұл заң Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің, олардың тіршілік-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.

Мүгедек - тіршілік-тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам. Ал, мүгедектерді әлеуметтік қорғау-мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету, оңалту, сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешені болып табылады.

Бүгінгі таңда мүгедектер халықтың ең әлсіз категориясына жатады. Олардың табыстары орта мөлшерден төмен, ал әлеуметтік және медициналық қажеттіліктері өте жоғары. Мүгедектік – бұл бір адамның мәселесі емес, бұл барлық қоғамның мәселесі. Мүгедек деп – белгілі ден ақыл-ой кемшілігі бар еңбекке толық немесе жартылай жарамсыз адам аталады. Мүгедектер өзіне-өзі қызмет көрсете алмайды, қарым-қатынасқа түсулері қиындаған еңбек пен іс-әрекетке толығымен кірісе алмайды. Сондықтан мемлекет олардың жеке дамуы үшін шығармашылық мүмкіндігін іске асыру үшін белгілі жағдайлар жасайды. [2]

Мүгедек - тіршілік-тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам. Ал, мүгедектерді әлеуметтік қорғау-мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету, оңалту, сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешені болып табылады. Мүгедектік белгісінің бұл анықтамасы әлемдік тәжірибеде бар. Мысалы, мүгедектердің құқы жөніндегі Деклорацияда ( БҰҰ, 1975 ) өзінің бойындағы туа біткен немесе өмірі бойында пайда болған әл-қуаты немесе ақыл-ой кемістігі салдарынан қалыпты жеке және әлеуметтік өмірін өз бетінше қамтамасыз ете алмайтын адам мүгедек деп есептеледі.

Мүгедек - тіршілік-тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам. Қол-аяғы зақымданғандар, зағиптар, саңыраулар, мылқаулар өз бетінше жүріп-тұра алмайтындар, қол аяғы жартылай немесе толық солып қалғандар көрініп тұрған дене кемістігі бойынша саналады. Сондай-ақ, сырт қарағанда басқа адамдардан ешқандай айырмашылығы жоқ, бірақ сау адамның атқаратын ісін орындауға мүмкіндік бермейтін дертке шалдыққандар да мүгедек болып есептеледі. Мысалы, асқынған жүрек ауруы ауыр жұмысқа мүмкіндік бермейді, бірақ ой еңбегімен айналысуға бөгет жасамайды. Ал, мүгедектерді әлеуметтік қорғау-мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету, оңалту, сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешені болып табылады.

Мүгедектермен қызмет ететін мемлекеттік және мемлекеттік емес жеке меншік мекемелер олардың қалпына келтірілуімен профилактикасымен қоғамға интеграция және кәсіби іс-әрекет мәселелерімен айналысады. Қазіргі қоғамның модернизация жағдайында дене кемшіліктері бар адамдар еңбек нарығында бәсекелестікке түсе алмайды. Жұмыссыздықтың өсу жағдайында олардың еңбекке қатысуы мүлдем төмендейді. Мүгедектері бар отбасылар материалдық және психологиялық қиыншылыққа әлеуметтік саясат жағынан актуальды мәселе болатын мүгедектерге мүкіндігі шектеулі адамдардың құқытарын қорғап, басқа адамдар мен қатар, толық белсенді өмірге қатысуын қамтамасыз ету.

Мүгедектердің әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік демографиялық көрсеткіштері бұл еңбек және қоғамдық іс-әрекеттерге қатысу. Жалақы мен зейнетақылардың мөлшері, товарларды тұтыну деңгейі, білім алу мәселелері. Мүгедектерге арналған көптеген бағдарламалар құрылып, іске асырылып жатыр. Сол бағдарламаға сәйкес мүгедектерге басқа адамдармен қатар, білім алу, еңбек ету, әлеуметтік, кәсіптік және тұрмыстық инфрақұрылым объектілеріне қатысып, олардың қызметін пайдалану.

Мүгедектермен әлеуметтік жұмыстың дамуы олардың интеграциялануына себеп болатын көптеген қалпына келтіру орталықтарының құрылуы. Мұнда кәсіби бағыт беріледі. Психологиялық, құқықтық, ұйымдастырушылық мәселелері бойынша консультация беріледі және еңбекке орналасуға нақты көмек көрсетіледі.

«Егер адам өмірде өзін-өзі қажетті нәрсемен қамтамасыз ете алмаса, мүгедектердің құқығын қорғау туралы Декларациясының (БҰҰ, 1975) келісімімен ол адам мүгедек деп аталады».

Мүгедектік медициналық жағдайға ғана жатпайды, сонымен бірге әлеуметтік-медициналық жағдай болып саналады. Мүгедектерге көмек көрсету технологиясы әлеуметтік-экологиялық үлгіге негізделеді. Мүгедектер өздерінің ауруларына ғана байланысты емес, сонымен қатар, қоршаған ортаның қажеттілігінің жетіспеушілігінен де қиыншылықтар көреді. Мүгедектер әртүрлі топқа бөлінеді. Мүгедектің пайда болу жағдайы бойынша: бала кезден, соғыс мүгедегі, еңбек және жалпы аурулардың

мүгедегі. Жасына байланысты – бала мүгедектер, ересек мүгедектер. Еңбекке жарамды дәрежедегі мүгедектер еңбекке жарамды және еңбекке жарамсыз, І топ (еңбекке жарамсыз), ІІ топ (уақытша жарамды), ІІІ топ мүгедектері (шектеулі жағдайда еңбекке жарамды) болып бөлінеді. Ауруларына қарай мүгедектер мобильді, аз мобильді немесе қозғалмайтын топтарға жатады.

Мүгедектерге мынадай қызмет түрлері көрсетіледі:

-үйге дәрігерлік көмек көрсетіп, әлеуметтік қызметету;

-жартылай стационарлық қызмет көрсету (ауруханада күндіз немесе түнде болу);

-интернаттар, пансионаттар және тағы басқаларына стационарлыққызмет ету;

-ерекше жағдайда жедел әлеуметтік қызмет ету (тамақтануды ұйымдастыру, киіммен, аяқ киіммен, уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету); Әлеуметтік кеңестік көмек көрсетіледі.

Мүгедектер тегін тұрғын үймен, дәрігерлік қызмет түрлерімен, протез, көзілдірік, есту құралдарын, мүгедек арбасын, қозғалу үшін пайдаланатын автокөлік алуға құқығы бар. Қажет жағдайда мүгедектерге жұмысқа орналасуына көмектеседі.

Мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту:

-мүгедектерді жеке басы гигиенасының, өзін-өзі қарап-күтудің, жүріп-тұрудың, қарым-қатынастың негізгі әлеуметтік дағдыларына үйретуді;

-мүгедектерді техникалық көмекші орнын толтырушы) және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді;

-басқа адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж мүгедектерге, соның ішінде мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді;

-жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтік қызметтер көрсетуді: жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші беруді, естімейтіндігі бойынша мүгедектерге жылына отыз сағатқа ымдау тілі маманын беруді;

-медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуді;

-мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік оңалтудың өзге де түрлерін қамтиды.

Мүгедектерді әлеуметтік оңалтуды: медициналық-әлеуметтік мекемелер қарттар мен мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған интернат-үйлер), қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсететін аумақтық орталықтар, әлеуметтік қызметті үйде көрсететін бөлімшелер, арнаулы білім беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері) және меншік нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.

Мүгедектермен жұмыс істеу 2 түрлі бағытта болады: абилитация және реабилитация.

Абилитация – ауру балалардың қабілетінің дамуына мүмкіндік жасауға бағытталған. Ал, реабилитация – балалардың болып кеткен қабілеттілігін қайта қалпына келтіруге бағытталған.

2. 1991 жылы 21 маусымда «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Аталған заңда мүгедектердің тіршілік етуіне тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін әлеуметтік – экономикалық, құқықтық және ұйымдық жағдайлар жасалуына кепілдік берілетіні айтылды. Заң бойынша және өзге де заң актілерінде әлеуметтік қорғалуы жан-жақты анықталып, мүгедектерге көптеген жеңілдіктер берілген еді. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасының «мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылы 13 сәуірде қабылданған Заңына негізделеді. Бұл заң Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің, олардың тіршілік-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды. Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты

1 мүгедектердің алдын алуға

2 мүгедектерді әлеуметтік қорғауға, соның ішінде оңалтуға

3 мүгедектердің қоғаммен етене араласуына бағытталған

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты

- заңдылық, ізгілік, адам құқықтарының сақталуы

- әлеуметтік қорғауға кепілдік берілу, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуға қолжетімділікті қамтамасыз ету

- мүгедектердің денсаулық сақтауға, білім алуға және қызмет түрін, соның ішінде еңбек қызметі түрін еркін таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткізуі мен тең құқылы болуы

- мемлекеттік органдардың мүгедектердің құқықтары мен заңды мүдделерінқорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауы

- мүгедектік белгісі бойынша кемсітуге тыйым салу принциптері негізінде жүргізіледі.

Адамды мүгедек деп таныған және еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін белгілеген кезде олардың себептері, мерзімі, басталған уақыты, қосымша көмек түрлеріне және техникалық көмекші орнын толтырушы құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудегі қажеттіліктері анықталады, сондай-ақ мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленеді. Мүгедектік тобы он алты жастан бастап белгіленеді.

Мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау әлеуметтік көмек көрсету, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту, білім беру және олардың қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысуына мүмкіндіктер жасауға бағытталған өзге де шаралар арқылы қамтамасыз етіледі.

Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмек мемлекеттік жәрдемақылар, өтемақылар түріндегі төлемдерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де төлемдерді қамтиды. Жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс беруші әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсетуге құқылы.

Мүгедек балаларды оңалту организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуынан тіршілік-тынысының шектелуін жоюға немесе оның орнын мүмкіндігінше толықтай толтыруға бағытталған медицинлық, әлеуметтік және кәсіптік іс-шаралар кешенін қамтиды. Мүгедек балаларды оңалтудың кешенді бағдарламасына және медициналық-әлеуметтік сараптама негізінде анықталатын мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мүгедек балаларға көмек көрсету технологиясы әлеуметтік – экологиялық үлгіге негізделеді, мүгедектер өздерінің ауруларына ғана байланысты емес, сонымен қатар қоршаған ортаның қажеттілігінің жетіспеушілігіненде қиыншылықтар көреді.

Мүгедек балаларға арналған мектеп-интернаттың жетіспеушілігі, ондағы техникалық құралдармен толық жабдықталмауы көптенге кедергілер туғызуда. Адамның мүгедектігі оның денсаулығы мен тіршілік қабілетінің шектелуін толық бағалайтын дәрігерлік-әлеуметтік сараптау арқылы анықталады. Мүгедектің негізгі сипаттамалары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 16 маусымдағы Қаулысымен тұжырымдалған.

Адам ағзалары қызметінің бұзылу және тіршілік қабілетінің шектелу дәрежесіне, мүгедектік деңгейіне қарай мүгедектің I, II және III топтары, ал 16 жасқа дейінгілер үшін «мүгедек бала» категориясы белгіленген. Мүгедекті белгілеу мәселесі тиісті диагностикалық, емдеу және сауықтыру шараларын жүргізгеннен кейін қаралады.

Мүгедектердің мынадай түрлері бар: жалпы денсаулық кемдігі; жұмыс үстінде мертігу; кәсіби аурулар; бала жасынан болған мүгедектік;радияция әсерінен және ерекше қатерлі жағдайдағы қызмет салаларынан болған деп жіктеледі. Мүгедектердің неғұрлым дербестікке ие болуына жеткізетін шараларға құқықтары бар. Мүгедектердің құқықтары жөнінде басқа да халықаралық құжаттар бар. Олардың ішінде: мүгедектерге байланысты бүкіл әлемдік жұмыс бағдарламасы (1982 жыл, желтоқсан), БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандарт ережелері (1993 жыл, желтоқсан) сияқты құжаттарды атауға болады.

Мемлекет пен қоғам мүгедектерге қатысын, мүгедектерді тиісті мекеме, ұйымдармен тұтас алғанда мемлекетпен және қоғаммен арақатынасын сондай-ақ мүгедектердің өзара қатынастарын реттеп отыру үшін белгілі бір заңдарға негізделген құқықтық база керек. Мұндай заңдық нормативтік құқықтық базаны жалпы түрдегі көрінісі оларды шығарушылардың төрт деңгейін бейнелейтін құқықтық құжаттардың жиынтығы ретінде елестетуге болады.

Бірінші деңгей әлемдік қоғамдастықтың реттеуші ұсыныс тұрғысындағы құжаттары (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ декларациялары, актілері, конвенциялары, ұсыныстары мен резоляциялары, т.б.).

Екінші деңгей мемлекет ішіндегі заң актілері (Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Рес публикасының Заңдары, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтары мен бұйрықтары, Еңбек және Әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтары). Қазақстан Республикасының Заңдарында мүгедектердің құқықтары мынадай құжаттарда көрініс тапқан: «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік жағынан қорғалуы туралы» 1991 жылдың 21 маусымындағы заңы «Қазақстан Республикасындағы мүгедектік, асыраушысынан айырылғандық және жасы жеткендік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдем ақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы заң Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге және оларға теңестірілген адамдарға жеңілдіктер беру және оларды әлеуметтік жағынан қорғау туралы», 1996 жылғы 23 қаңтардағы «Мемлекеттік Әлеуметтік кепілдіктерді ретке келтіру шаралары» заң күші бар жарлықтары.

Үшінші деңгей аймақтық дәрежеде мәселелер шешу. Заң шығарушы және атқарушы органдар өздерінің аймақтарында заңдардың орындалысын қамтамасыз етеді. Бұл деңгейде халыққа әлеуметтік көмек көрсетудің әлеуметтік қызметті дамытуды әлеуметтік қызмет көрсетудің мәселелерін толық қамтып шешуге түрлі мекемелердің мүдделері мен мүкіндіктері қосылып мәселе неғұрлым нақты шешіледі.

Төртінші деңгей мекемелер мен ұйымдарда тиісті шешімдер қабылдау бұйрықтар мен жарлықтарды шығару деңгейі. Меншік түрінің қандай екеніне қарамастан, кәсіпорындардың әкімшіліктері мен ұйымдар кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып еңбекке ақы төлеу қоры есебінен жұмыс істейтін мүгедектердің, сондай-ақ осы ұжымда жұмыс істеген мүгедектердің тұрмысына көмек көрсете алады. Бұл деңгейде мүгедектердің жұмыс күнін және қосымша ақылы демалыс белгілеуге, мемлекеттік-әлеуметтік жәрдемақыға мүгедектердің зейнетқорларына үстеме төлеуге байланысты мәселелер шешеді.

Кәсіпорындар мен ұйымдар өз қаржылары есебінен мүгедектердің пәтерақысын өтеуге, балалардың кәсіпорын мен ұйымның қарауындағы балабақшаларда тәрбиелеу ақысына жеңілдік беру, отын құнын жартылай немесе толық төлеуге, мүгедектерге басқа да көмек көрсетуге құқығы бар.

Әлбетте мүгедектердің құқы тек заң жүзінде ғана емес сонымен бірге экономика тұрғысында да кепілді болуға тиіс. Экономикалық жағынан тиянақсыз қаржы мүмкіндігіне сай келмейтін құқықтық нормалар көбінесе жүзеге аспай қалады. Мысалы: өз бетімен еркін жүре алмайтын мүгедек балаларғ табалдырығы биік сатылар қолайсыз, есік тұтқалары жоғары орналасқан қиындық туғызатын үйлерде тұра алмайды. Соның салдарынан жалпы білім беру мектептеріне, тіпті дүкенге баруға да мүмкіндіктері жоқ. Ал осы мәселелердің бәрі шешілген күннін өзінде тиісті техникасы мен құралдары болмаса мүгедек тағыда қиындыққа ұшырайды. Мүгедектерге протездер арнайы көз әйнектермен кітаптар, қол арбалар қажет. Өкінішке орай бұл мәселелер оңай шешілетін емес.

Мүгедек балаларға көрсетілетін әлеуметтік көмектін түрлері мыналар: ақшалай қаржы (мемлекеттік -әлеуметтік және басқа да жәрдем ақұылар бір мезгілдік төлемдер) автомобильдер, отырғыш қол арбалар, жетек иттер, протездер мен ортопедия бұйымдары, арнайы әріптермен терілген баспа бұйымдары, дыбыс күшейткіш магнитофондар т.б. түрінде, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік және кәсіби реабилитация қызметі және тұрмыстық қызмет түрінде көмек көрсетіледі.

Мүгедектерді зейнетақымен және жәрдемақымен қамтамасыз ету тәртібі зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі заңдармен Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай ұйымдық шаралар қабылдады:



  • интернат үйлеріндегі мүгедектерді толық мемлекет қамқорлығына алу;

  • мүгедектерге арналған арнайы тұрғын үйлерді сақтау;

  • мүгедектерді шамасы келетін жұмыспен қамту үшін емдеу – еңбек шеберханаларын, цехтармен шағын кәсіпорындар құру;

  • мүгедектер үйінде жеке көмек көрсету аймақтық және реабилитациялық орталық құру;

  • мүгедектердің мүдделері үшін тиісті өндірістер ұйымдастыру.

Мүгедек балаларға дәрігерлік және тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетуде, қала аралық және қала көлігімен жүруіне, дәрі-дәрмек алуына, санаторий-курорт шығындарына жеңілдіктер беру. Жалпы алғанда мұндай жеңілдіктердің саны жүзден асады. Мүгедек балалардың әлеуметтік құрылымдар қызметін кедергісіз пайдалануына жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Заңдарымен бір қатар шаралар белгіленген. Мысалы мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен ұйымдар мүгедектердің тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға кіріп шығуына қолайлы жағдайлар жасауға тиіс. Олар қоғамдық көлікпен байланыс және ақпарат құралдарымен онтайлы пайдалана алатын болады. Елді мекендерді жобалағанда және құрылыс салғанда олардағы мәдени-сауық және спорт ғимараттары мүгедектерге де ыңғайлы болу ескеріледі.

«Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік жағынан қорғалуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптары жергілікті атқарушы билік орындарының бақылаусыздығынан толық орындала бермейді. Заңдардың орындалу мерзімі сақталмайды, құқықтық нормалардың шашыраңқылығы салдарынан мүгедектер олардан кейде хабарсыз қалады. Өндірістің құлдырауы ақшаның құнсыздануы, еліміздегі экономикалық тұрақсыз жағдай мүгедектердің өскелен талаптары қанағаттандыруға бөгет болып отыр.

Қазіргі кезде мемлекетпен қатар Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамы, Зағиптардың қазақ қоғамы, саңыраулардың Қазақ қоғамы да мүгедектердің мүддесін қорғауда. Олар мүгедектердің құқықтармен мүдделерін қорғай отырып мүгедектердің қоғамдық, мәдени және спорт өмірін кеңінен қатысуына шамасы келетін жұмысқа ие болуына қамқорлық жасайды,түрлі әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектеседі. Аталған ұйымдар мемлекеттік емес құрылымдар болғандықтан қаржы көзі ретінде және мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету үшін арнайы кәсіпорындар құрған.

Барлық әлемдегідей, біздің мемлекетімізде де соңғы жылдары мүгедектер балала рсаны анағұрлым артып келеді. Мұның еліміздегі әлеуметтік – экономикалық жағдайдың ауыртпалығына байланысты екендігінде де және олардың ертеңгі болашақ өкілдері екенін ұмытпағанымыз жөн.

Кешегі құрдымға кеткен кеңес кезінде мүмкіндігі шектеулі балаларға жағдай жасау мен қолдау көрсету толыққанды жүзеге асырылды дей аламыз. Тек мүгедектік үшін адамдарға зейнетақы мен жәрдемақы алу құқығы берілген еді.

Бүгінде мүгедек балаларға, оның ішінде тағайындалатын жәрдемақы көлемін көтеру керектігі дау тудырмайтын ақиқат. Бұған дейінгі кезеңде мемлекет бюджеті мұны көтермеді, орталық және жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің мүмкіндігі болмады десек, ендігі жерде жемқорлық дертіне аз да болса тұсау түссе, салық кодексі дұрыс жұмыс атқарса, шетел инвесторларымен, мұнай, метал өндіру, сату салаларындағы қаржы қорғалысы жайында жариялылыққа қол жетсе, экспорт-импорт жасауда мемелекетке, халыққа пайдалы саясат жүзеге асса, бюджет қаржысын бөлуде, жұмсауда тәртіп орнатып, онда да жариялық дәстүрі орнықса, мүгедектерге жәрдемақы деңгейін көтеріп, басқа да жеңілдіктер жасауға қаржы табылары сөзсіз.

Мүгедектік проблемаларын шешу бойынша іс-шаралар әзірлеу, мүгедектердің мұқтаждарына арналған өндірістерді мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру, мүгедектердің негізгі құқықтар мен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін мемлекеттік стандарттарды енгізу қарастырылады. Әлеуметтік қатерлердің алдын алудың және мүгедектерді оңалтудың (медициналық, әлеуметтік, кәсіби) жеке бағдарламаларын дамыту, мүгедектерді әлеуметтік, еңбекпен бейімдеу жүйесін құру, мүгедектердің қоғамға кірігуіне жәрдемдесу жөнінде шаралар қабылданды. Бұл ұсыныстар әзірленіп жатқан Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасында көрініс табады.

Әлеуметтік қорғаудың барлық жүйесі тікелей немесе жанама түрде қызметкерлер мен жұмыс берушілердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын болғандықтан, әлеуметтік қорғау жүйесіне әрбір нақты азаматтың ғана емес, Үкіметтің әлеуметтік әріптестерінің- еңбекшілердің кәсіптік одақтарының және жұмыс берушілер бірлестіктерінің қатысу деңгейін көтеру көзделеді.

Мүгедектерді, яғни азаматтардың әлеуметтік қолдауды қажет ететін топтарын қамсыздандырудың бір саласы жәрдемақылар тағайындау, төлеу болып табылады. ҚР-да «ҚР-ғы мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» заңында мүгедектігі бойынша жәрдемақылар мүгедектікке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтініш жасалған уақытта жұмыстың тоқталғанына немесе жалғасуына қарамастан тағайындалады.

Еңбекке жарамды адамдар арасындағы мүгедектіктің көбеюіне әлеуметтік және экономикалық факторлар, жұмыссыздық, медициналық қызметтер құнының жоғары болуы әсер етеді. Соңғы екі жыл ішінде балалар арасындағы мүгедектік көрсеткіші өскені көрініп отыр.

Республикада қарттар мен мүгедектерге арналған 70 интернат үйі жұмыс істейді. Олардың 25 интернат үйі – психикалық – неврологиялық ауруларға, 17 интернат үйі – мүгедек балаларға; жалғызілікті қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау үшін үйлерге барып көмек көрсететін 309 әлеуметтік көмек бөлімшесі жұмыс істейді.

Мүгедектерді протез- ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етудің практикасын талдау бұйымдар сапасының төмендігін ғана емес, бірқатар ұйымдастырушылық проблемаларын да көрсетіп отыр.

Қазақстанда протездеу мен протез жасау проблемаларына зерттеу жүргізетін бірде-бір ғылыми зерттеу институты жоқ. Протездеу сапасын бағалау тек клиникалық деректер негізінде ғана жүргізіледі және негізінен екі факторға: мүгедектің бара бар сезіміне және протез жасаушының сауапты әрекетіне тәуелді.

Халықты емдеу, емдеу-алдын алу және осы заманғы талаптарға сай келетін протез-ортопедия құралдарымен мейілінше толығырақ қамтамасыз ету, республикалық мемлекеттік протез-ортопедия кәсіорындарын басқарудың құрылымын оңайландыру, пртез салу мен протез жасауда зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарын жүргізу, қол және аяқ буындары протездеріне қажетті түйіндер мен бөлшектер өндірісі бойынша импорт алмастырушы жаңа конструкциялар мен әзірлемелерді енгізу мақсатында жұмыс істеп тұрған протез – ортопедиялық кәсіпорындарын қайта құру көзделуде.

3. Мүгедектер мен олардың отбасы мүшелерін өздерінің жеке проблемаларын шешуге олардың өздерін тікелей тарту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және бекіту мүгедектерді әлеуметтік оңалту жоспарының маңызды бағыттарының бірінен саналады. Онда жоғалтқан қарекеттерін қалпына келтіру және орнын толтыру үшін базалық даярлық, өзін-өзі күту қызметін көрсету бойынша консультациялар беруді көздеген дұрыс.

Әлем ғалымдары мүгедек балалардың отбасында тәрбиеленуінің маңызы зор екендігін байқады. Отбасы мен білім ордасының бірін-бірі толықтырып, тәрбиелеуі олардың қоғамдық пайдалы қызметке тез бейімделуін және дұрыс мамандық таңдауға септігін тигізетінін байқады. Оның үстіне мұндай жарымжан балалардың құқығы халықаралық заңдылықтармен қорғалған.

Мүгедек балалардың тәрбиесі бір-біріне қарама-қарсы екі ұғымнан тұрады. Олардың бір түрі – «шеттетілгендер», яғни ата-анасы баланы жан-жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді. Ал оның ішкі әлеміне үңіліп, рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде, баланы жазалайды. Мұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі. Ата-аналарының сүйіспеншілігіне, махаббатына қақымыз жоқ деп ойлайды. Олардың көңіл-күйін түсіп, сенімсіздік пайда болады. Осыдан келіп балалардың тіл дамуында, тәрбиесінде депрессияға тән көріністер пайда болады.

Психологиялық шеттету баланың интеллектуалдылығына кері әсерін тигізеді, білім деңгейін тежейді. Екінші бір жағдай – баланы шектен тыс қамқорлыққа алу. Ата-аналар бала алдындағы «кінәсін» сезініп, оны тым бос ұстап еркелетеді, кез келген өтінішін орындауға тырысады. Мұндай атмосферада өскен бала бұйығы келеді. Өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады. Егер отбасында дені сау балалар болса, олардың кейбір қылықтары ауру балаға кері әсер етеді. Мұндай жағдайда отбасында тепе-теңділіктің болуы маңызды рөл атқарады. Көп жағдайда дені сау балалар дімкәс балаға қарап, қамқор болып, оның өз бетінше дамуына кедергі жасайды әрі шеттетеді. Бұған қоса жарымжандыларға кәдімгідей талаптар қойылады. Ата-аналар көп жағдайда себепсіз көңілдерін мүгедек балаға бөліп, дені сау балалар назардан тыс қалады. Осынау жағдай сау балалардың психологиясына кері ықпал етеді. Мұндай жағдайда сау балалардың өзіне психологиялық көмек қажет. Өйткені олар өсе келе ауру баладан бойын алыс ұстауға тырысады.

Мамандардың айтуына қарағанда, егер отбасында дені сау, кемінде екі бала болса, онда жағдай қалыпты деңгейде болады екен.

Баланың өсіп-өнуіне отбасындағы қалыпты жағдайдың әсері мол. Сондай-ақ, олардың достарымен араласуының пайдасы да шаш етектен. Ата-аналар тағдырдың осынау бақытсыз сыйына қарап, құр қол жайып отырып алмауы керек. Қандай жағдайда да мүгедек балаға қол ұшын беруге дайын болулары қажет.

Отандық және әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, мүгедек балалардың тәрбиесі ата-аналар мен мамандардың бірлесе байланыста болып тәрбиелеуі баланың жетіліп дамуына ықпалды келеді.

Отбасы мүгедек баланың қалыптасуына, алғашқы қадам жасауына жәрдемдесуі тиіс. Оның ер жетуі жан-жақты ықпал ететін әлеуметтік топ мүгедек баланың өсіп-өнуіне, жетіле дамуына, отбасы мүшелеріне тікелей байланысты. Сондықтан мүгедек бала дүниеге келе қалған жағдайда оның тәрбиесіне отбасының әрбір мүшесі жауапты. Өйткені, мұндай балалар отбасына көптеген проблемаларды өзімен бірге ала келеді. Алғаш рет ата-ана қорқынышты диагнозды естігенде оларды үрей билейді. Одан кейін өздерін кінәлі санау басталады.

Ауру бала отбасындағы әрбір ұрыс-жанжалды ауыр қабылдап, іштей күйзеліске түседі. Баланың өз қатарластарынан кейін қалуы, шектен тыс қамқорлық, оған аяушылықпен қарау жарымжанның әлеуметтік жағынан бейімделуіне кедергі туғызып, ол көп жағдайда потологиялық дерттердің бастауына жол ашады.

Зерттеулерге қарағанда мүгедек балаларды енбекке бейімдеу әректіне байланысты 4 категорияға бөлуге болады:



  1. Жұмыс істегісі келсе де жұмыс жұмыс таба алмайтындар.

  2. Жұмыс істегісі мүмкіндігі бола бермейтіндер, бірақ жұмыс істеуге мәжбүр болатындар.

  3. Жұмыс істемей, сұрамшылықпен айналысатындар.

  4. Жұмысы барлар бірақ өте аз төленетін қол еңбектері .

Осылардың ішінде екінші және төртінші категориядағылар өз өміріне риза, ал алғашқы екі категориядағылар өздерін бақытсыз санайды. Бір қызметтің кемістігі немесе кемісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе – бұл міндетті түрде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көру, есту мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым – қатынасын бұзбайды және оқулықтардағы тақырыптарды оқуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді. Сондықтан, бұл кемісілер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе кеміс жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткені оның психикалық даму процессі қалыпты жағдайда өтті.

Сондықтан мүгедек балалар тобына мүгедектің салдарынан дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы оқыту мен тәрбие қажет ететін балалар жатады. Мүгедек балалардың негізгі категорияларына жататындар:

1)Есту қызметі бұзылған балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар);

2)Көру қызметі бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, нашар көретін);

3)Сөйлеу қабілеті бұзылған – логопедтар;

4)интеллект немесе ақыл – ой сезімінің дамуы бұзылған балалар (ақыл – ойы кем және психикалық дамуы тежелген);

5) психикасы мен дене бітімінің дамуы комплектсі түрде бұзылған (соқыр, мылқаулар, естімейтін, көрмейтін, ақыл – ойы жетілмеген және т.б);

6) тірек – қимыл аппаратының қызметі бұзылған;

7) психопатиялық түрде жүріс – тұрысы, мінез – құлығы бұзылған балалар жатады.

Мүгедек балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды қоғамдық өмірге және еңбекке араластыру – күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе болып отыр.

Мүгедек балалар – күрделі және әр түрлі мінезді топқа жатады. Егерде кейбір мүгедектік толығымен жойылса, басқалары тек жартылай түзетіледі, ал кейбіреуіі тек компенсацияланады, яғни жартылай өтеді.

Әр түрлі мүгедектің дамуы балалардың әлеуметтік қоғаммен араласуына және еңбекті тануына әсерін тигізеді. Мүгедек балалардың білім деңгейі әртүрлі, біреулері қарапайым білім беруді тез меңгереді, ал басқа біреулері, керісінше, мүмкіншіліктері шексіз болады. Мінезінің өзгеруі де оқушылардың арнайы мектептерде оқуына, еңбекке араласуына кері әсерін тигізеді. Кейбір оқушылар арнайы мектепте жоғары мамандықты меңгерсе, біреулерінің меңгеру қабілеті төмен болады және олардың өмірі мен еңбегі ерекше арнайы ұйымдастыруды талап етеді.

Медициналық және психалогиялық ғылымдардың дамуы мүгедек балалардың даму ерекшеліктерін түсінуге есбебін тигізеді. Мүгедеклық және олардың себептерін жіктеуге әрекеттер жасады. Мүгедек балаларды тәрбиелеу мен оқыту – күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе. Бұл мәселелер осындай балаларды мүмкіншіліктеріне қарай, қоғамдық өмірге пайдалы, белсенді, өз беттерінше өмір сүре алатындай дайындау мақсатындағы негізгі сұрақтарды шешуге көмектеседі.

Іс - әрекет – жеке адамның негізгі әлеуметтік қызмет, сондықтан осы ғылымды жан – жақты зерттеу мүгедек балалардың әлеуметтік бейімделуіне, жүйе мөлшерлерін, қоғамның мәнділігін және ережелерін саналы түрде меңгеруге, өмір жағдайы мен еңбекке баулуларына, бейімделулеріне септігін тигізеді.

Дамудағы мүгедектік яғни, физикалық немесе психикалық жетіспеушілік, баланың қалыпты дамуындағы бұзылулар тек қана жағымсыз белгілердің болуын білдірмейді. Мүгедек балалардың дамуындағы кейбір жағымды беталыстардыда терістемейді, ол тәрбиелік жағдайлардың сәйкестігіне байланысты және баланың қоршаған ортаға үйренуінің қорытындысы болып табылады.

Аномалдық, мүгедек дамудың сапалық өзгешелігін тану әдістері мен принциптері кемісологияда зерттеу құралы болып табылады. Мүгедек балаларды тәрбиелеу – кемісологияның негізгі бір ұғымы болып табылады және баланың жалпы жетілуіне (құрбылармен, үлкендермен қарым – қатынаста араласуында, адам, жеке тұлға болуында) зор маңызы бар.

Мүгедек балаларды тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері педагогиканың жалпы принциптерімен анықталады – белсенді, қоғамға пайдалы адам тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, осының барлығы жеткілікті әдістердің мөлшерімен, құралдармен құралымына сәйкес дәрежелермен іске асырылады.

Мүгедек балаларды тәрбиелеу, отбасы және мектеппен тығыз байланыста жүреді, өз – ара түсіністік, бір – біріне көмек көрсету, тәртіпті талап етуді орынды үйлестіре отырып, іске асырылады. Мүгедек балалармен тәрбие жұмыстары олардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәуелсіздігін қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету дағдыларын бағытталып жүргізіледі.

Мүгедек балалардың белгілі бір қасиеттерін, көзқарастарын, сенімін қалыптастырумен қатар, ақыл – қабілеті, ой еңбегі, өнегелік, эстетикалық тәрбиелік сұрақтарға байланысты нақтылы бір тәрбиелік міндеттерді шешу қарастырылады.

Міне мүгедектерді еңбек ету тұрғысында реабилитациялаудың еңбекке ынтасының барлығы немесе жоқтығы сияқты әлеуметтік – психология факторлары кездеседі.

Қазіргі кезде әлемде мүгедек балалардың саны көбейіп келеді. Балалардың мүгедек болу себептерінің ішінде әсіресе экологиялық жағдайдың нашарлауын, әйелдердің еңбек жағдайының жайсыздығын, ересектердің көп ауратындығын, балалардың жиі мертігуін, т.б. ерекше атап көрсеткен жөн.

Мүгедек балалар және олардың ата-аналары өмір бойы көптеген қиындықтарға кездеседі. Бұл қиындықтар емдеу орындарында озық диагностика құралдарының жетімсіздігіне, реабилитация құралдарының болмауына, сондай-ақ кез-келген қалада арнайы клиникалардың кездесе бермейтіндігіне байланысты. Оған қоса мүгедек балалардың оқып-білім алуы да оңай емес. Естуі, көруі, тілі кемістікке ұшыраған балалар үшін республикада сегіз түрлі мектеп-интернат бар. Кейбір жалпы білім беретін мектептерде ақыл-есі, бой-қуаты кеміс балаларға арналған кластар бар, өз бетімен жүріп тұра алмайтын балалар үйлерінде оқытылады. Осының бәрін есептеп келгенде мүгедек балалардың 30 пайыздан асқаны ғана білім бері мекемелеріне қамтылған. Арнайы мектептерде жеткілікті білім бермейтіні де байқалады.

Мүгедек балаларға қосымша білім беру үшін қыруар қаржы қажет, мүгедек балалар жөнінде қоғамда қалыптасқан пікірлер олардың әлеуметтік өміріне белсене араласуын тежейді. Мүгедек балаларға қойылған сауалнамаларда ата-анасының көз қарасы көңіл аударуға құқы жоқ деп қарайтындар (98%), ата-анасынан көрі әлеуметтік қызметкердің көмегі мен түсінігі жоғары дегенге (88%) мөлшерді көрсетті.

Мүгедек балаларға көмек көрсету саласында ресбупликамызда түрлі қоғамдық ұйымдар құрылған. Олардың қызметінің негізгі түрі-өз қамқорлығындағы материалдық жағынан қолдау, балаларды демалысын қызықты ұйымдастыру, білім бері, емдеу, реабилитациялық, әлеуметтік-педагогикалық көмек қызметтерін құру болып табылады.

Мүгедек балалар аарасында ата-анасын кінәлі деп, олармен конфликты жағдайға түсетін отбасыларда бар, өз отбасында мүгедек баланы масыл деп қарайтын, соның салдарынан жанжал шығару, ажырасу факторлары да кездеседі, мұнда әлеуметтік қызметкерлердің көмегін, кеңесін беру әрбір отбасына тағайындау жұмыстарын жүргізу қажет.

Мүгедектердің жалпы құқықтары БҰҰ қабылдаған «Мүгедектердің құқықтары туралы» Декларацияда көрсетілген. Бұл декларация бойынша мүгедектер өздерінің адамдық қасиеттерін сыйлауды талап етуге құқылы және кейбір жеңілдіктерден басқа сол елдің өзге де азаматтарының бәріне тең құқықта.



Дәріс №21. Жастармен әлеуметтік жұмыс технологиясы
Жоспары

1. Жастар ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде

2. Жастар жұмыссыздығымен күресуде мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудың әдістері мен технологиялары
Адамзат қоғамы түрлі кезеңдерде қоғамның жастар мәселесі ретінде айқындауға болатын ерекше мәселелерді шешу қажеттілігіне тап болды. Осы мәселелердің ерекшелігі мен өзектілігі барлық қоғамды біріктіреді, қоғам жастар арқылы биологиялық және сол сияқты рухани жаңарады.

Кризистік жағдайда барлықтарынан ерекше, идеалдық, нигилизмдік шектен шығу, апатияға және тағы да басқаларға жастар жақын келеді, себебі жастардың құндылық жүйесі қозғалмалы, дүниеге көзқарастары тұрақсыз болады. Ерекше қызығушылықты қазақстандық еңбек нарығындағы жастар жағдайы туғызады. Жастар екі маңызды мәселемен негізделеді:

Біріншіден, еліміздегі еңбекке қабілетті халықтың 30% құрайды.

Екіншіден, жастар – ел болашағы.

Жастар бүгінгі күні қоғамның барлық салаларына саясатқа, экономикаға, экономикаға және әлеуметтік үрдіске етене араласқан. Сонымен қоса, жастар дүние жүзі бойынша еңбек нарығындағы осал топтың қатарына енеді.

Жастар – бұл қоғамда болып жатқан өзгерістерге, сонымен қатар ересектер өміріне бейімделіп жатқан, әлеуметтік ересектіктің қалыптасу кезеңін бастан кешіріп жүрген әлеуметтік-демографиялық топ.

Жастар - қоғамда ерекше жасерекшелік спецификасы бар, қоғамның белгілі функциясын атқаратын, өздеріне тән спецификалық қызығушылықтары мен құндылықтары бар әлеуметтік-демографиялық топ. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы 2004 жыл 7 шілдедегі Заңының 1 тарау 1 бабына сәйкес, жастар деп Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі азаматтары саналады.[48]

Көптеген зерттеушіліер дүние жүзі, жалпы Қазақстан және Ақмола облысы бойынша жастар санының үлес көрсеткішін есептеп көрсеткен. Бұл көрсеткіш бойынша Ақмола облысында жастардың төрттен бір бөлігі тұратынын анықтап көруге болады. (қосымша А)

Ел басы өзінің жыл сайынғы Жолдауларында атап айтқандай, халықтың өмір сүру деңгейінің әлеуетін және шынайы қорын анықтауда экономикалық белсенділік маңызды фактор болып табылады. Ал жұмыспен қамтамасыз ету әлеуметтік саясаттың негізі болып қала береді.

Жастардың әлеуметтік жағдайы мен оларды қорғау туралы айтпас бұрын, бұл топтың жас ерекшелік шегін анықтап алуымыз қажет. Алайда, жастық шақ тек қана өмірлік циклдың кезеңі емес, жастық шақ – қызметтің әртүрлі негізгі түрлерімен байланысты адамның әлеуметтік статусы болып табылады. Қазыргі кезде ғалымдар жастарды қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы ретінде қарастыра отырып, олардың әлеуметтік жағдайын қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму, әлеуметтену ерекшелігімен тығыз байланыстырады. Экономикалық дағдарыс кезеңінде жастар көбінесе халықтың осал тобына қосылады. Расында, экономикалық өсім құлдырағанда, жастар дағдарыстың әсерін алғашқылардың бірі болып сезеді. Сонымен бірге, экономикалық қиын кезеңдерде жалпы жұртшылыққа қарағанда, әсіресе жастардың жұмысқа орналасуы оңайға соқпайды.

Жастардың өзіне тән ерекшеліктері бар, оның қайнар көзі объективтілік мәнділігінен бастау алады. Жастармен әлеуметтік жұмыс технологиясының маңыздылығы, жастардың әлеуметтік-демографиялық категория ретінде мәселелері кең көлемді және қиын жағдайда болғандықтан ғана емес, сонымен қатар XXI ғасырдың болашағы тек жастар. Жастар еліміздің 30% айтын қоғамның маңызды бөлігі, уақыт өте қоғамның экономика, саясат, әлеуметтік және рухани саласының алдыңғы қатарларын алатын болады.

Әлеуметтануда «жастар» деп жасерекшелік қасиеттеріне сай қызмет түрлері қалыптасатын қоғамдастық топтар жиынтығы. Тар мағынада «жастар» - бұл қоғамның әлеуметтік құрылымында жеке функциялары, спецификалық қызығушылықтары мен құндылықтары бар жасерекшелік негізіне қарай белгілі әлеуметтік орны қалыптасқан әлеуметтік-демографиялық топ.

Жастардың әлеуметтік жағдайы мен қорғау жолдары туралы айтпас бұрын, олардың жасерекшелік шегін анықтап алу қажет. Мысалы, Ежелгі Қытайда жастарға 20 жасқа дейінгі тұлғалар жатып, 30 дейінгілер неке қию кезеңіндегі жастар деп есептелген. [51]

Бұл топтың шекарасы өзгермелі және әртүрлі. Жасерекшелік классификацияның шетелдік және отандық түрлері болады. Жалпы орташа жасерекшелік шекарасы 14-тен 30 жасқа дейін созылады. 14 жастан бастап физиологиялық ересектік басталып еңбек қызметіне жол ашылады, осыған негізделіп жасерекшелік шекарасы анықталады. Жасерекшеліктің жоғарғы шекарасына еңбектік және әлеуметтік тұрақтылыққа жеткен, отбасын құрған, балалы болған жастық кезең жатады (экономикалық дербестік, кәсіби өзін-өзі анықтау) [52]

Жастар көптеген қоғамдық ғылым салаларының пәніне айналған. Мысалы, әлеуметтану ғылымы жастардың қоғамдық топ ретіндегі мәнін әлеуметтік ерекшелігін, қоғамдағы рөлі мен орнын зерттейді; жасерекшелік шекарасын анықтайды; жастардың қоғамға әлеуметтенуін қарастырады. әлеуметтену – бұл тұлғаның қалыптасу үрдісі, яғни индивидтің құндылықтарды, құрылғылар нормасын, белгілі бір қоғамға, әлеуметтік қоғамдастықтарға, топқа тән тәртіп үлгілерін оқу мен меңгеру болып табылады. Жастар ұғымына алғашқы анықтаманы 1968 ж. В.Т.Лисоковский берген: «Жастар – бұл ерте жастық шақта меңгеру, ересектік кезеңде білім, кәсіби және бсқа да әлеуметтік функцияларға әлеуметтенген 16 мен 30 жас аралығындағы азаматтарды санаймыз» деп анықтама берген. Кейінірек толық анықтаманы И.С. Кон берген: «Жастар әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық қасиет ерекшеліктері бар, жасерекшелік жиынтық негізінде ерекшеленетін әлеуметтік-демографиялық топ[53].

Қазақстан Республикасында жастарды әлеуметтік қолдау мақсатын әлеуметтік қызметтер жүзеге асырады. Әлеуметтік қызметтің бағыттарына:



    1. Психолого-педагогикалық, медико-әлеуметтік, заңи көмек пен жасөспірімдерге көмек беру және жас азаматтардың басқа да өкілдеріне қызмет көрсету;

    2. физикалық ахуалдың салдарынан ерекше жағымсыз жағдайға тап болған тұлғаларға көмек көрсету;

    3. жас отбасыларға әлеуметтік көмек;

    4. еңбек және оқу ұжымдық кеңістікте жастарды құқықтық қорғау;

    5. кәмелетке толмаған қараусыз және панасыз азаматтарға, кәмелетке толмаған девиантты мінез-құлқы бар тұлғаларға әлеуметтік көмек;

    6. жастар арасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ арнаулы тәрбиелеу мекемелерінен оралған адамдарды, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, маскүнемдіктен емдеуден өткен адамдарды әлеуметтік қалпына келтіру;

    7. құқықтық насихат, жастардың жұмысқа орналасу, білім беру және кәсіптік даярлау, бос уақытын өткізу, туризм және спорт салаларындағы құқықтарын іске асыру мүмкіндігі туралы оларды хабардар ету;

    8. жастардың тұрғылықты жері бойынша бос уақытын мазмұнды өткізуін ұйымдастыру;

    9. жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу болып табылады.

Мемлекеттің бірден-бір функциясына – еңбекпен қамтуды реттеу, жұмыссыздықтың негативті салдарын жою жатады. Әрбір қалада немесе ауданда төмендегідей қызмет көрсететін халықты еңбекпен қамту орталықтары құрылған: жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу, жұмыс табуға көмектесу, сұранысқа ие мамандықтарға қайта даярлау. Бұл орталықтарға сонымен қатар пссихологиялық көмек те көрсетіледі. Мемлекет, сонымен қоса, жаппай жұмыстан қысқартуды жоспарлап отырған кәсіпорындарға жұмыс орнын сақтау немесе модернизациялау мақсатында қаржылық қолдау көрсете алады. Бұдан басқа мемлекет кез-келген кәсіпорынға оның халықтың аз қорғалған топтарын (мүгедектер, әйелдер, жастар, көп балалы аналар) жұмысқа алғандығы үшін салықтық жеңілдік жасай алады.

Әрбір елдің жұмыссыздықпен күрес әдістерінің өз тұжырымдамасы болады. Пигу мен оның ізбасарлары зұлымдықтың түбірін жоғары жалақымен байланыстырып, төмендегіні ұсынады:

- жалақы деңгейін төмендетуге ықпал ету;

- жұмыссыздықтың өсуіне жалақының жоғарылауы әсер етеді деген қағиданы түсіндіру.

14-29 жас аралығындағы әрбір қазақстандық жас бала өмірінің маңызды бөлігін жұмыспен қамтылу мәселесі құрайды. Жоғарыда айтылып өткендей, өздерінің жас мөлшеріне байланысты жас адамдар қандай да бір салада үлкен тәжірибеге ие болмағанымен, ірі көлемді инновациялық және шығармашылық мүмкіндіктер, сондай-ақ жемісті еңбек етуге деген айрықша құлшынысқа ие.

Жоғарғы оқу орнын бітіріп, қолына диплом ұстаған әрбір жас түлек жұмысқа орналасу жайын ойлаумен болады, өйткені, елімізде жас мамандарды жұмыспен қамту мәселесі әлі де жүйелі шешілмеген. Әсіресе, тәжірибесі жоқтығын сылтау етіп, (ал, жаңа бітірген жас түлектің қайдан ғана тәжірибесі болуы мүмкін) жұмысқа қабылдаудан бас тартатындар жетіп артылады. Жасыратыны жоқ, жұмысқа орналасу таныс-тамырдың арқасында мүмкін болып жатады. Міне, жастар үшін бұл толғандырарлық мәселе болатыны да осыдан болар.

Жоғары оқу орындары түлектерінің жұмыспен қамтылу деңгейінің төмен болу себептері:

Біріншіден, жоғары оқу орындарына белгілі бір мамандықты оқуға түскен жастар еңбек нарығындағы ағымдағы сұранысқа назар аударады. Ал оқуларын аяқтаған жастар заман талабына сәйкес мамандықтарға деген сұраныстың да өзгеріп кеткенін түсінеді.

Екіншіден, техникалық мамандықтар, ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар, сондай-ақ, био және нанотехнология салаларындағы мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік гранттар санының арту үдерісіне қарамастан, білім беретін оқу ордаларының профессорлық-оқытушылық құрамы мүлдем өзгермейді, осыған байланысты, студенттерге берілетін білім нарықтағы жұмыс берушілердің талаптарына сай келмей, бұрынғы сабақтастығын сақтап қалады.

Айта кететін жайт, жоғары оқу орны түлектерінің оқу үрдісінде алатын теориялық білімі, іс жүзіндегі дағды мен ептілікті былай қойғанда, еңбек нарығындағы жұмыс берушілердің талаптарына мүлдем сәйкес келмей жататын жасырудың қажеті жоқ. Осылайша, Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы студенттердің мамандану деңгейі шынайы өмір ағымы мен талаптарына жауап бермейді деуге толық негіз бар. Бұл университет қабырғаларында білім беретін профессорлық-оқытушылық құрамның өзгермеуі мен берілетін білімдердің бұрынғы сарынмен, жаңа үдерістерге сәйкес болмауына байланысты. Ағымдағы өмір көрсетіп отырғандай, жоғары оқу орындарының түлектері өз мамандықтары бойынша жұмыс таба алмай, басқа кәсіппен айналысады немесе сұранысқа ие мамандықты алу мақсатында қайта оқуға түсуге мәжбүр.

Мемлекет тарапынан бұл мәселеге назар аударылып, әртүрлі жобалар жасалынып жатқандығын да айта кеткен жөн. Мәселен, республика бойынша «Жастар тәжірибесі» жобасы жасалынып, бұл жоба жоғарғы оқу орындарын, колледждер мен өзге де орта кәсіптік оқу орындарын бітірген жас түлектерге мемлекеттік көмектің қосымша мөлшері болып табылады. Жас мамандар үшін бұл, ең алдымен, басқа да тәжірибелі мамандармен бәсекеге түсу үшін тәжірибе жинақтау мен жұмыс істеудің бастамасы болмақ.

Мемлекет басшысының «Жас Отан» Жастар қанатының I Съезінде мемлекеттік басқару, бизнес жүйесі және қоғамдық қызмет саласы үшін жастар кадрлық резервін қалыптастыру туралы тапсырмасына сәйкес, «Жастар кадрлық резерві» жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты – 29 жасқа дейінгі қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандар арасынан басқарушы кадрларды анықтау, іріктеу, даярлау және тәрбиелеу, әлеуметтік маңызды қызметке тарту жолдары арқылы Қазақстанның жастары арасынан ка-дрлық резерв қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты «Дипломмен ауылға!» жобасын әзірлеп, 2009 жылдың шілдесінен бастап жүзеге асырылуда.

Бұл орайда мемлекет тарапынан ұйымдастырылған «Жасыл Ел» бағдарламасы студент-жастарды жазғы демалыс уақыттарында елімізді көгалдандыру мен абттандыру жұмыстарына, сонымен қатар, студенттік құрылыс жасақтарына тартып, жастар арасында қарым-қатынасты нығайтып, еңбексүйгіштік, өз ісіне жауапкершілікпен қарау қабілеттерін арттыруды мақсат етіп, мәселенің алдын алуға тырысуда.


жүктеу 4,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау