Эссе «Әрқайсысы өзі үшін таңдайды»



жүктеу 32,5 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі32,5 Kb.
#23606

Эссе «Әрқайсысы өзі үшін таңдайды»
Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады.

Абай.
Дамып, тез арада өзгеріп жатқан әлемде тек бір нәрсе еш уақытта өзгермейді, ол – мұғалімге, ұстазға деген ізгі ниет, құрмет. Мындаған мамандықтардың ішінде ең қиыны, жауапты, күрделі, бірақ сонымен бірге өте қызықты - ол мұғалім болу. Өйткені жас бүлдіршіндерді тәрбиелеу, ғылымға баулу – бұл зергерлік және шығармашылық, жауапты іс. Дәрігер қателессе адамның денесі жарақаттанады, ал мұғалім қателессе адамның жан дүниесі жарақат алады, сондықтан ұстаздық жолды таңдаған адам жақсы ойлану керек, өзінің күш-жігерін, жанының кеңдігін, адамгершілігін, адами сүйіспеншілігін бағалау керек. Балалар индикатор сияқты, тек өздерін жақсы көретін, олармен бірге күйіп-жанатын, бірге күле алатын, түсіне білетін адамға ғана ашылып, өздерін тәрбиелеуге, ғылымға үйретуге рұқсат береді.

Мен де бала кезімнен мұғалім болуды армандадым, өз ұстаздарымды мақтан ететінмін, оларға ұқсағым келген, олардай ақылды, парасатты, дана, әділетті, таза жан болғым келді. Сондықтан 2005 жылы мектепті үздік бітіріп, түлек атанған кезде, еш ойламастан мұғалім болатынымды шешіп, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік – Қазақстан мемлекеттік университетіне Ақпараттық технологиялар факультетіне информатика және математика мұғалімі мамандығына мемлекеттік грантқа оқуға түстім. Менің осы таңдауымды көбі қолдамады, өйткені олар математиканы қызықсыз, жансыз пән деп санады. Бірақ мен өз таңдауыма сенімді болдым, әрбір өзі үшін таңдайды. Математика пәні өте қызықты, сандарды, фигураларды, әртүрлі өрнектерді зертеу өте қиын, сонымен қатар өте қызықты. Жеңіске апаратын жеңіл жолдар болмайды, бір жетістікке қол жеткізу үшін көп еңбек ету керек деп санаймын, және бұл менің өмірлік ұстанымым. Осы мамандықты таңдаған кезде, оқушылардың бәрі математиканы жақсы көрмейтінін, бәрі ұздік оқымайтынын түсініп, көптеген қиыншылықтар болатынын біле отырып, осы салада жақсы маман болуды армандадым.

2010 жылы университетті бітіргеннен кейін, Ильинка орта мектебіне жұмысқа орналастым.Ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие болуым да осы мектептен басталды. Бұл мектеп оқушылары менің армандарымның жүзеге асуына өз үлестерін қосты.

Осы мектепте жас маман болып бірінші сабақ бердім, бірінші рет сынып жетекшісі атандым. Ильинка орта мектебі менің өзімнің бітіріп шаққан мектебім болғандықтан, алғашқы жұмыс қадамдарым сәтті болды. өзімді оқытқан ұстаздарым мені қолдап, әрдайым көмек көрсетті, оқушыларым де қолдау көрсетіп, тілімді алып, мені ренжетпеуге тырысты. Сондықтан екінші жылы жұмыс істеп жүрген кезде, оқушыларым аудандық проекттер сайысында үшінші орынға ие болды.

Ал қазір мен Петровка орта мектебінде қызмет етемін. Мында мен тәжірибесі бар маман ретінде келіп, өзімді жақсы қырынан көрсете білдім деп ойлаймын. Оқушыларымен, әріптестерімен жақсы, достық қарым-қатынасты орнатып, көптеген жетістіктерге бірге жеттік.

«Жақсы мұғалім болу үшін, өмір бойы оқу керек» - дейді Конфуций, сондықтан мен де әртүрлі сайыстарға, олимпиадаларға қатысып, оқушыларыма үлгі көрсетемін. Ал енді деңгейлі курстарға баруға дайындалып, өз білімдерімді жинақтап, тағы бір қадам алға басуға дайынмын. Жақсы маман болу үшін, уақыттың талаптарына сай, жан-жақты дамыған тұлға болу керек.

«Бала жүрегі - кішкентай сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М.Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын.
Күнделікті таңертең мектеп ауласына жақындағанда, балалардың сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөлейді. Мектепке кіргеннен – ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, оқушыларымның тәтті қылықтарымен әдемі жүздерінен шаттанамын. «Баласыз үй мазар, балалы үй базар» - деп ата-бабаларымыз бекер айтпаса керек.

Алдымызға келген балалар – біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жал дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жал дегенде жалғызды көпшілікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет.

Мектеп – балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы десек те артық етпейді. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз мұғалімдердің еншісінде.

КММ «Петровка орта мектебі»



математика пәнінің мұғалімі

Усенова Алтынай Бесембаевна
жүктеу 32,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау