228
Қоғам талабына сай біз, ұстаздар оқушылардың ғылыми жаратылыстану
сауаттылығын қалыптастыру мен дамыту үшін жаңа иновациялық
технологияларды игеріп,оларды оқу процестерінде қолдануымыз.
Тапсырмалардың жаңа әдістемелерін қолдана отырып
*Оқушылардың білім сапасының деңгейін көтеруге
*Нақты жағыдайларда білімдерін қолдана білуге
* Жаратылыстану сауаттылығын арттыруға жағыдай жасау.
Осы мақсатта химия пәнінің мұғалімі ретінде менің өз пәнімді
оқытудағы басты мақсатым, оқушылардың алған білімдерін күнделікті
өмірмен байланыстара алуын қамтамасыз ету. Химия пәні өте күрделі, әрі
қызықты пән. Оны жаттап алу мүмкін емес, оны түсіну керек. Сондықтан әр
мұғалім өз сабағында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы тиіс деп ойлаймын.
Сабақ жоспарымның әр бөлімінде оқушылардың функционалдық
сауаттылықтарын анықтап отыруға тырысамын. Сабақ барысында білімді
меңгеру деңгейін төрт сатыға бөлемін:
1. «Білу»- үйренушілік деңгейі, яғни оқушылардың функционалдық
сауаттылығының төменгі деңгейі.
2. «Түсіну», «Талдау» деңгейі, яғни оқушылардың функционалдық
деңгейінің орта деңгейі.
3. «Қолдану», «Жинақтау» деңгейі, яғни оқушылардың функционалдық
сауаттылығының жоғары деңгейі.
4.
«Бағалау»-оқушының
функционалдық
сауаттылығының
ілгері,
шығармашылық деңгейі.
Осы деңгейлер бойынша әр сабақта оқушылар өздерінің болжамдары мен
сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қойып,
алынған нәтижелерді қадағалап, тәжірибелер жасайды. Сонымен қатар,
сабағымда шығармашылық есептер, сандық есептер шығаруға баса назар
аударамын. Химия сабағында есептер шығару – оқушылардың танымдық,
шығармашылық қабілеттерін, логикалық белсенділігін арттырудың тиімді
229
әдістерінің бірі деп санаймын. Химиялық есептер оқушылардың есте
сақтауын қалыптастырады, танымдық мүмкіншіліктерін кеңейтеді, химиялық
білім деңгейінің жоғарлауына мүмкіндік береді.
Оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамыту
мақсатында химия пәнінен факультативтік курсы тақырыптарына білім мен
біліктілікті
дамытуға
негізделген
тапсырмалар
беріп
отырамын.
Оқушылардың химиялық сауаттылығын арттыру, алған білімдерін тиянақты
болуын қадағалау үшін сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп, оқушыны
қызықтыратындай химиялық ойындар викорина шешу, кроссворд құрастыру,
логикалық есептер шығарту арқылы ой-өрісін, пәнге қызығушылығын
арттырып, пән аралық байланысты нығайту қажет деп санаймын. Тарауды
қайталау, қорытындылау кезінде «қайталау –оқу анасы» деген нақыл
сөздерді қолданып, тақырыпқа байланысты сөздік қорларын молайту, өткен
тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін сәйкестендіру кестесімен жұмыс
арқылы сабақты бекітемін. Әр тарауды өткен соң, химиялық диктант, өздік
жұмыс, тақырыптық есеп, бақылау жұмыстары, тестік тапсырмалар өткізу
арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеріп, тақырыпты толық
меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс
жұмыстарын жүргіземін. Қазіргі мектептердің басты кемшілігі баланы үздік
оқушы, және нашар оқушы деп бөлу. Ұлы ғалым Энштейннің өзі оқыған
гимназиясында үздік оқығандардың қатарында болмаған.
Ол математика мен латын тілін жақсы білгенімен ұстаздарымен үнемі
сөз таластыратын болған. Жас Энштейн ұстаздардың оқушыларға
авторитарлық қарым-қатынасына үнемі қарсы шығатын. Оның ойынша,
материалды механикалық түрде жаттау – білім алу және шығармашылық
ойлауға зиянын тигізеді. Энштейн бала кезден-ақ осылай ойлаған екен.
Атақты адамдарымыздың мысалында біз баланың ойлау еркіндігін шектемей,
жан-жақты ойлауына, шығармашылық қасиетін дамуына мүмкіндік беруіміз
қажет. Әрбір адам ерекше, ешкімге ұқсамайтын тұлға. Ал қазіргі білім жүйесі
бәрінен бірдей адам жасауға ұмтылады. Баланың санасына, шығармашылық
230
ойлауына шек қоямыз да, сын тұрсынан ойлануына мүмкіндік жасамаймыз.
Дайын ойлау моделін ұсынып, сол модель бойынша ойлауды, өмір сүруді
талап етеміз.
ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – жалқаулықты көтермейтін
ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай
білімді де тапқыр, дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде
тапсырылып отырғаны анық. Бүгінгі мектептің басты міндеті - өзіндік ой-
көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған
мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы
баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл болуды көздейді. Ойын
еркін айтатын, сын тұрғысынан ойлануға бейім, интеллект қабілеті дамыған,
қоғамдық өмірде өз орнын табатын жеке тұлғаны қалыптастыру мектеп
мұғалімдері үшін үлкен жауапты іс.
«Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол - үнемі жаңадан жаңаны
табатын өнер»,-деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, әрбір мұғалім үнемі
ізденісте болса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Қазіргі таңда жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға
шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді. Яғни, «Мәңгілік ел»
болашағы еліміздің қазба байлықтарын тек шикізат түрінде өндіруге ғана
емес, өз еліміміздің тарихын, жер асты байлығы мен болашағын жақсы
білетін, білімді маманға тәуелді. Химия пәнінен оқушылардың
функционалдық сауаттылықты арттыру-бүгінгі басты міндет деп санаймын.
Әдебиеттер тізімі:
1. Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
2. Национальный план действий по развитию функциональной грамотности
школьников на 2012 – 2016 годы от 25 июня 2012 года № 832
3. Государственный общеобязательный стандарт начального образования
РК http://www.edu.gov.kz/ru/documents/gosudarstvennyy-obshcheobyazatelnyy
Достарыңызбен бөлісу: |