Сабақтың жоспары: Кіріспе. Сабақтың тақырыбымен, барысымен таныстыру Пысықтау сұрақтары



жүктеу 55,5 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі55,5 Kb.
#21516
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Эксперименттік, сапалы, сандық есептер шығару


Мақсаты: оқушылардың электр тізбегін құрастыру, белгісізді есептеу, Ом заңын қолдана алу бойынша білімдерін жетілдіру; практикалық сұрақтардың мағынасын түсініп, талқылай білуге үйрету; тұрмыстық білімдерін дамыту.

Құрал - жабдықтар: амперметрлер, вольтметр, шамдар, кілт, сымдар, ток көздері, компьютер, проектор.

Сабақтың жоспары:

  1. Кіріспе. Сабақтың тақырыбымен, барысымен таныстыру

  2. Пысықтау сұрақтары

  3. Зертханалық жұмыс орындау

  4. Компьютерлік модельдеу

  5. Сапалық есептер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Пысықтау сұрақтары
1. Ток күшін қандай аспаппен өлшейді? Ол аспап тізбекке қалай жалғанады?

2. Кернеуді қандай аспаппен өлшейді? Ол аспап тізбекке қалай жалғанады?

3. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын тұжырымда.

4. Вольтамперлік сипаттама деген не?


ІІІ. Зертханалық жұмыс: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тексеру
Мақсаты: тізбектің бөлігіндегі ток күшін, кернеуді, кедергіні өлшеу.

Құрал - жабдықтар: амперметр, вольтметр, ток көзі, шам, сымдар, кілт.

Жұмыстың барысы:

1. Амперметр мен вольтметрдің бөлік құнын есептеңдер.

2. Сұлба бойынша тізбекті жинаңдар.

3. Тізбекті тұйықтаңдар.

4. Амперметр мен вольтметрдің көрсетулерін мына кестеге жазыңдар.

5. Ом заңын компьютерлік модельдеу

6. Қорытынды жасау
ІҮ. График сызу
Ү. Сапалық есептер шығару
А. АСПАПТАР НЕ ДЕЙДІ?
Үш топқа аспаптар мен денелер үлестіріліп беріледі. Олардың электрленуге қандай да бір қатысы бар, соны анықтап, көрсетіңдер, түсіндіріңдер.

Жасаған әрекеттерімізден қорытынды шығарамыз. Пайдасы мен зиянын жіктеңдер


Ә. БІЛЕ ЖҮР!
1. Бензин неге жанды ?
Мотоциклдің жанармай багіне пластмасса воронка арқылы шелектен бензин құйып жатқанымда,

күтпеген жерден шелек пен воронка арасында ұшқын жүгіріп өтті де, әп - сәтте бактың аузынан от лап ете қалды («За рулем» журналы, 1978 ж).

Жауабы: бензиннің тұтануына себеп болған статикалық разрядтың пайда болуы.Өрт қауіпсіздігін сақтау ережесі бойынша жанармай тасымалдауға пластмасса емес, металл шелек, канистра, воронка қолдану керек. Денелер деформация кезінде де электрленеді.

Көрсетілім: электрометр, шланг


2. Ылғалдың пайдасы
Типографиялар мен мақта - мата комбинаттарында үйкеліс өте көп, осының салдарынан денелердің электрленіп, өрт шығуы ықтимал. Осы тығырықтан шығудың жолы қандай?

Жауабы: 1. Аспаптарды жерлестіру ( заземление);

2. Белгілі бір мөлшерде ылғалдылықты сақтау, себебі ылғал ауада үйкелістен электрлену баяу жүреді;

3. Жиылған зарядтарды жоятын ионизаторды қолдану.


3. Тіс дәрігерінің кеңесі
Адамдарға жасанды тісті әртүрлі металдан салудың пайдасы аз. Не себепті мұндай кеңес беріледі?

Жауабын келесі беттерден табамыз.



ҮІ. Тарихи деректер
1 - бет. ЭЛЕКТР ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ АШЫЛУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ АҢЫЗ

Ежелгі гректер янтарьдан жасалынған әшекейлер мен ұсақ бұйымдарды өте жақсы көрген, оларды түсі мен жылтырына қарай «электрон» деп атаған, бұл сөз «Күн тасы» деген мағына береді. Кейінірек «электрон» деген сөзден «электр» сөзі шыққан.

Янтарьдың электрлену қабілеті ертеден белгілі болды. Бұл құбылысты зерттеумен ең алғаш атақты философ Фалес Милетский айналысқан. Бұл туралы мынадай аңыз бар: оның қызы янтарь ұршықпен жүн иіру кезінде қолынан суға түсіріп алады. Жүн жамылғысымен сүртіп тұрып, ұршыққа бірнеше жүн талшығының жабысқанын байқайды, мұны қыз ұршықтың дымқыл болғанынан деп ойлайды да, одан әрі сүрте береді. Қыз неғұрлым ұзақ сүрткен сайын, соғұрлым көп талшық жабыса береді. Қыз көргенін әкесіне айтады. Фалес бұл құбылыстың себебі ұршықтың затына байланысты екенін түсінеді. Шындығында янтарь бұйымдар матаға үйкелгенде, жеңіл нәрселерді өзіне тартатын болып шықты.

ТАПСЫРМА: Эбонит таяқша және амперметрдің көмегімен электрленуді көрсетіңдер
2 - бет. ГАЛЬВАНИ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ

1780 жылдардың аяғында анатом - професссор Луиджи Гальвани зертханасында боршаланған бақалардың жүйке жүйесін зерттеумен айналысады.

Оның қасында бір күні физик жолдасы да электр машинасымен жұмыс істеп жатады. Гальвани бақаның біреуін электр машинасы тұрған столдың үстіне тастай салады. Осы кезде зертханаға кірген әйелі электр машинасының ұшқыны кезінде жансыз бақаның скальпельге тиген аяғының дірілдеп кеткенін көріп шошынады. Мұны күйеуіне көрсетеді. Гальвани бұны тәжірибе жасап көрмек болады.

Әртүрлі жағдайларда әртүрлі заттармен тәжірибе жасай отырып, Гальвани бұл құбылысты түсіндіре алмады, себебі ол физик емес, анатом болатын. Сол себепті «электр жануардың өз ішінде» деп жорамалдайды, өйткені бұл кезде «электр балық» сияқты тіршілік иелерінің болатындығы ғылымға мәлім еді. Гальванидің үміті ақталып, кейіннен тірі организмдерде биотоктардың болатындығы дәлелденді.


3 - бет. ЭЛЕКТР БАЛЫҚТАР

Адамзатқа электр балықтар ертеден таныс. Аристотельдің өзі шәкірттеріне Жерорта теңізінде тіршілік ететін электрлік скаттар туралы «аулағысы келген жануарды денесіндегі соққының күшімен жеңе отырып, қимылсыз қалуға мәжбүр етеді» деген болатын.

Бұл соққының табиғаты туралы Вольтаға дейін ешкім білген емес, скаттан алған соққыны ол өзі құрастырған батареяның - Вольт бағанасының - соққысымен қатар қойды.

Көрсетілім:Вольта бағанасының қарапайым модельдерін көрсету. Аспаптар: су, микроамперметр, тұз


4 - бет. ВОЛЬТА БАҒАНАСЫ

Гальванидің «Бұлшық еттегі электрлік күш туралы» трактатымен танысқан Вольта Алессандро автордың назарынан тыс қалған бір жайтқа көңіл аударады: бақаның табанының дірілдеуі тек оған екі түрлі металдың жанасуы кезінде ғана болып отырған. Вольта бұл тәжірибені бақаға емес өзіне жасап көреді. Ол екі түрлі монетаны - олар әртүрлі металдан жасалған - біреуін тілінің астына, біреуін тіліне салады. Екі монетаны сыммен қосқанда, қышқыл дәмді сезінеді. Бұған дейінгі тәжірибелерінен Вольта бұндай дәм электрленуден болатындығын білетін.

Тұз ерітіндісіне малынған қағаздармен бөлінген жүз шамалы мыс және күміс дөңгелекшелерді бір - бірінің үстіне қойып, едәуір қуатты ток көзін жасады. Ол кейіннен Вольта бағанасы деп аталды.

Осыдан кейін бірден ол электр батареясын ойлап тапты. Электр қоңырауын жұмыс істете алатын бұл құрал өз заманында ол өте күшті ток көзі деп танылды

Тәжірибелер:

1. Екі түрлі сымды тілге тигізсе, микроамперметр токты көрсетеді.

Тіс дәрігерінің кеңесі осыған негізделген.
5 - бет. ӨСІМДІКТЕРДЕГІ ЭЛЕКТРЛІК ҚҰБЫЛЫСТАР

Өсімдіктер тіндерінде электр процестерінің өтетіндігі жайлы алғашқы талассыз дәйектер ХІХ ғасырдың ортасында келтірілген. Түйнектер мен сабақтардың, жапырақтардың тіліктері қалыпты тіндерге қарағанда теріс зарядталған.

Көрсетілім:

Микроамперметр, картоп, сәбіз, кактус



ҮІІ. Сандық есептер
№1

l Тізбектің құрамына кіретін аспаптарды атаңдар.



l Қандай электрлік шама белгісіз?

l Есепті шығарыңдар.


ҮІІІ. Үйге тапсырма: ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:

1. 19 - жаттығу, № 1



2. Қосымша әдебиетпен жұмыс: "Электрические рыбы". Книга для чтения по физике, 6 - 7 классы, 110 - бет.
жүктеу 55,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау