239
Сонымен қорыта келгенде критериалды бағалаудың құрылымы
Қорыта айтқанда, жаңартылған білім беру мазмұнының мәні,
оқушының функционалдық сауаттылығын арттырады. Оқушы өзінің мектеп
қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Оқушылардың
240
бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін,
қажетті дағдыларды қалыптастыру үшін, мұғалімдер көп жұмыс атқаруы
тиіс. Жаңартылған білім беру мазмқны аясында тек өз пәнін, өз мамандығын
шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді
мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Өз сөзімжі Үнді халқының тарихи
тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе,
сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып аяқтағым
келеді. Жаңартылған білім беру мазмұны – шығармашыл тұлға
қалыптасытруың негізі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. МҰҒАЛІМГЕ
АРНАЛҒАН
НҰСҚАУЛЫҚ
«Биология»
және
«Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін
арттыру курсының білім беру бағдарламасы, 2016 ж.
2. ТРЕНЕРГЕ
АРНАЛҒАН
НҰСҚАУЛЫҚ
«Биология»
және
«Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін
арттыру курсының білім беру бағдарламасы, 2016 ж.
3. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын
мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика
кадрларының
біліктілігін
арттыру
курсының
білім
беру
бағдарламасы. 2016ж
4. « Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі
педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы Тренерге арналған
нұсқаулық. 2016ж
МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ – МҰҒАЛІМНІҢ
241
КӘСІБИ ӘЛЕУЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛЫ
Нуртаева Назымгуль Кудышевна,
директордың ғылыми - әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары,
мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған
«Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебі,
Екібастұз, Павлодар облысы
Резюме
В статье расскрывается тема эффективности взаимодействия учителя и
ученика как путь к совершенствованию потенциала учителя.
Summary
The theme about the efficiency of collaboration between teacher and pupil as the
way of teacher`s potential improvement is revealed in this article.
Бүгінгі күні әлем ақпараттық ғасырға аяқ басқанда, ынтымақтастық,
серіктестік сияқты оң қарым-қатынастарға құрылған біріккен іс-әрекеттер
басымдылық танытып келеді. Басқа адамдармен тиімді ынтымақтастық
орнату – ашық қоғамдағы өмірге дайындау барысында маңызды қажеттілік.
Сол себепті мектеп бұр әлеуметтік сұранысты қанағаттандыруы керек.
Белгілі педагог Ю.К. Бабанский мұғалімнің кәсіптік маңызды және
жеке тұлғалық қасиеттерін үш топқа бөліп қарастырады:
1.
Жеке тұлғалық (балалармен жұмыс жасауға қабілеттілігі), саяси-
идеялық және мәдени өрісі, жұмысқа табандылығы; педагогикалық такт,
педагогикалық бағдары, жаңаны сезе білуі, оған ынтамен кірісуі; өзіне және
басқаларға талап қоя білуі.
2.
Оқу іс-әрекетіне байланысты қасиеті (пән бойынша білімі; білім,
іскерлік пен дағдының сапасын бағалай білуі; жұмысты жоспарлай білуі,
ойды дамыта алуы, қызығушылықты қалыптастыру, жоспарды уақытылы,
242
сапалы орындау іскерлігі, пәнаралық байланысты орнату, балаға жеке
ықпалы, әр баланың қабілетіне, жеке қасиеттеріне орай қарым-қатынас
жасай білуі, оқушылардың оқу еңбегіне дағдысын қалыптастыру; оқытудың
педагогикалық-психологиялық негізі жөніндегі білімі).
3.
Мұғалімнің тәрбие жұмыстарына байланысты сапасы (нәтижені
бағалай білу іскерлігі; тәрбие жұмысын жоспарлау; тәрбиелеу барысында
жекелей ықпал ету, жоспарланған жұмыстарды тиімді ұйымдастыру,
мұғалімдер мен ата-аналар іс-әрекеттерінің тұтастығы; тәрбие теориясының
педагогикалық-психологиялық негізі бойынша білімі; пән бойынша
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыра білуі). Педагогика оқулықтарында
белсенді оқыту әдістері төмендегіше сипатталады:
1.
білім алушылар мен оқытушының оқу барысындағы өзара іс-қимыл,
амал-тәсілдерінің жиынтығы;
2.
Білім алушыларды жаңа идеяларды іздестіру, шығармашылық
белсенділігін, ойлау әрекетін жаңа мәселелерді шешуге ынталандыратын
педагогикалық ықпал ету әдістері мен тәсілдері. [1]
Дәстүрлі оқыту мен қазіргі таңда кеңінен қолданылып келе жатқан біріккен
шығармашылық, ынтымақтастық педагогикасы аясында пайда болған оқыту
жүйесі бойынша сабақтың мақсаты – санаткерлік, рухани, физикалық
қабілеттерін қызығушылығын, дәлелдерін дамыту, ғылыми көзқарасын
қалыптастыру болып табылады. Ал сабақтың мазмұнына келер болсақ, ол –
таным тәсілдерін, айналадағы орта мен өзінде болып жатқан қоғамдық және
жеке адамға қатысты маңызды қайта құруларды меңгеру. Ынтымақтастық
педагогикасы аясында құрылған оқытудың қозғаушы күші деп
шығармашылық қуаныш, өзінің өсуін сезіну, білімін жетілдіру, өзіне сенім
арту танылады. Ал жұмыс әдісі – біріккен қызмет, іздену, танымдық әңгіме,
пікірталас, оқытушы мен студенттің ынтымақтасу мүмкіндігі. Озық сабақ
ұйымдастыру үдерісі оқушымен біріккен мақсатқа жету, сұрақтарға жауап
іздеу, әр түрлі өмірлік міндеттерді шешу, ұжымдық мақсаттың орындалуы,
Достарыңызбен бөлісу: |