Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы



жүктеу 5,79 Mb.
Pdf просмотр
бет67/102
Дата29.01.2020
өлшемі5,79 Mb.
#27579
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   102

222 
 
development  of  the  child's  personality.  Formation  of  an  individual  person  who  is 
free to play, critically thinking, intellectually developed and who takes his place in 
public life is a great responsibility for school teachers. 
 
Қазақстан  жаңа  ғасырға  дүниежүзі  елдері  қатарында  терезесі  тең  ел 
ретінде  келіп  отыр.  Жаңа  ғасырды  бастаған  ұрпақ  келер  ұрпаққа  қарыздар 
болып  қалмас  үшін  қолдан  келген  игіліктерді  жасайтыны  анық.  Қашанда 
білімі мол, рухани байлығы бар халықтың ұл - қыздары ешқашан да жүдемесі 
хақ. Біздің басты байлығымыз – білім.Болашақ – білім мен ғылымға тәуелді 
болатыны айдан анық нәрсе. Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі қандай 
дәрежеде  болса,  еліміздің  ертеңі  де  сондай  дәрежеде  болмақ.  Сондықтан 
қоғам  талабына  сай,  қоғамды  көркейтетін,  дамытатын,  Қазақстан 
Республикасының  ішкі  және  сыртқы  істер  байланысында  мемлекеттің 
өркениеті үшін еңбек ететін, шетелдермен еркін ғылыми және мәдени қарым-
қатынас  жасай  алатын,  оқығанын  өмірде  қолдана  алатын,  ана  тілін  жетік 
білетін, ұлтжанды азамат дайындау – бүгінгі мұғалімнің  басты мақсаты. 
Елбасы  Н.Назарбаев  2012  жылғы  27  қаңтардағы  «Әлеуметтік-
экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты 
Қазақстан  халқына Жолдауында мектеп  оқушыларының  функционалдық 
сауаттылығын  дамыту  бойынша  бес  жылдық  ұлттық  жоспарды  қабылдау 
жөнінде  нақты  міндет  қойды.  Аталған  міндет  Қазақстанның  әлемдегі 
бәсекеге  қабілетті  30  елдің  қатарына  кіруі  процесінде  де  маңызды  болып 
табылады.  Еліміз  үшін  маңызды  болып  табылатын  аталған  стратегиялық 
міндетті  шешу  жағдайында  тұлғаның  ең  басты  функциялық  сапалары 
белсенділік,  шығармашыл  тұрғыда  ойлауға  және  шешім  қабылдай  алуға, 
кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы 
болып  табылады.  Бұл  функционалдық  дағдылар  мектеп  қабырғасында  
қалыптасады.  Білім  алуда  жақсы  көрсеткіш  көрсететін  оқушы  сабаққа 
белсенді қатысып, жақсы баға алады, алайда, кейбір балаларымыз мектептен 
алған  білімдерінің  қорытындысын  өз  мүмкіндіктерінде  көрсете  алмайды. 


223 
 
Алған  білімдері  шешімдер  мен  іс-әрекет  таңдауда  тұлғаның  дамыту 
қажеттеліктеріне  сәйкес  келмей  де  жатады.  ОЖСБ  әсіресе,  ҰБТ-де  өз 
білімдерін  дәлелдей  алмай  да  қалатыны  жоқ  емес.  Осындай  жайттардың 
алдын  алу  қағидалары  функционалдық  сауаттылықты  дамытудың  жалпы 
бағдары  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы 
басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының 
зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, 
оның  физикалық  құбылмалы  әлемде  әлеуметтік  бейімделуін  қамтамасыз 
ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. 
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі  
2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - 
Ұлттық  жоспар)  мектеп  оқушыларының  функциялық  сауаттылығын дамыту 
процесін  мазмұндық,  оқу-әдістемелік,  материалдық-техникалық  қамтамасыз 
ету  жөніндегі  іс-шаралар  кешенін  қамтиды.  Ұлттық  жоспар  Қазақстан 
Республикасындағы  білім  сапасын  жетілдірудің  негізгі  бағдары  ретінде 
мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  іс-
қимылдарының  мақсаттылығын,  біртұтастығы  мен  жүйелілігін  қамтамасыз 
етуге арналған. Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға 
кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе, бүлдіршінді жазу мен оқуға 
баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады, яғни үшінші 
сынып  оқушысы  ешқашан  кітапханаға  бармаса,  оқулықтан  басқа  ешқандай 
кітап  оқымаса  тағы  бір  ертеңгі  сауатсыздың  дүниеге  келгені.  Ғалымдардың 
айтуынша,  8-сыныптан  бастап  оқушылардың  60  пайызының  өз  бетімен 
жазып-оқуға  деген  ынтасы  жоғалады  екен.  Тіпті  түлектердің  үштен  бірінің 
оқуға  мүлдем  құлқы  болмайтын  көрінеді.  Сондықтан  да  аталмыш 
тапсырманы  орындау  үшін  елімізде  оқушылардың  функционалдық 
сауаттылығын арттыруға бағытталған 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық 
әрекет  жоспары  құрылды.  Функционалдық  сауаттылық  дегеніміз  – 
адамдардың  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық  қызметтерге 


224 
 
белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына 
қарамай  ілесіп  отыруы,  адамның  мамандығын  әрдайым  жетілдіріп  отыруы. 
Ондағы  басты  мақсат  жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан 
Республикасының  зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған 
азаматын  қалыптастыру,  оның  әлемде  әлеуметтік  бейімделуі  болып 
табылады,  яғни  оқушылардың  мектепте  алған  білімдерін  өмірде  тиімді 
қолдануына үйрету. 
Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі 
Ұлттық жоспардың қабылдануы – оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі 
жаңарту болып табылады. 
Қазір  еліміздің  түкпір-түкпірінде  оқыту  мен  оқудағы  жаңа  әдіс-тәсілдермен 
қаруланған  біршама  ұстаздар  қауымы  өз  мамандығына  деген  сүйіспеншілігі 
арта  түсіп,  жаңа  нәтижелерге  жетуде,  шәкірттерінің  жаңа  белестерді 
меңгеруіне  жол  ашуда.  Соның  бірі  функционалдық  сауаттылықты 
дамытудағы 
білім 
мазмұнының 
жаңғыруы 
– сындарлы 
оқыту 
теориясына негізделгендігі. 
Сындарлы  оқытудың  мақсаты –  оқушының  пәнді  терең  түсіну  қабілетін 
дамыту,  алған  білімін  сыныптан  тыс  жерде,  кез-келген  жағдайда  тиімді 
пайдалана  білуін  қамтамасыз  ету.  Сондай-ақ,  оқушының  жеке  тұлға  және 
әлеуметтік  нысан  ретіндегі  келешегі  басты  назарға  алынады.  Оқушы  мен 
мұғалім  арасындағы  қарым-қатынас  түбегейлі  өзгерісті  керек  етеді,  яғни 
дәстүрлі оқулардағы оқытушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайлар оқушы 
көңілін қанаттандыра бермейтін қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен шәкірт 
арасындағы серіктестік  қарым-қатынасқа  ауысады. Сонымен қатар оқушыға 
қалай  оқу  керектігін  үйрету,  соның  нәтижесінде  еркін,  өзіндік  дәлел-
уәждерін  нанымды  жеткізе  білетін,  ынталы,  сенімді,  сыни  ойлай  алатын, 
пікір-көзқарастары  жүйелі  дамыған,  сандық  технологияларда  құзырлылық 
танытатын оқушы қалыптастыру. 
Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 
тетіктері. 


жүктеу 5,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау