258
Жастардын, жасөспірімдердің бойында ұлттық сананы қалыптастыру үшін
педагогикалық-психологиялық тәрбиелік жұмыстардын тиімді әдістемелік
бағытын белгілеу қажет. Осы мақсатта біз тәрбиелік іс-шаралардың
бағдарламаларына теориялық талдау жасадық. Сонан соң жасөспірімдердің
ұлттық сана жайлы білім деңгейін анықтау мақсатында зерттеу жұмысын
жүргізілді. Ол Облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатының І
взвод тәрбиеленушілерімен (11 «А», «Ә») сауалнама жүргізілді (барлығы –
30 тәрбиеленуші).
Сауалнама негізінен келесі сұрақтарды қамтиды: Ұлттық сана дегенді
қалай түсінесіз? Халық айтқан «тегінен нәр алған тозбайды» деген ұлағатты
ойды қалай түсінесің? «Ұлттық идея» мен «ұлттық сана» ұғымдарының ара
жігін ашыңыз. «Ұлттық намыс» ұғымын естігенде есіңізге кімдер түседі?
Қазіргі жастардың бойында ұлттық рухты ояту үшін қандай шаралар өткізу
керек деп ойлайсыз? Ұлттық сананы қалыптастыру үшін ұлттық тарихты
жақсы білу керек деген тұжырымға не айтар едіңіз? Ұлттық мәдени
құндылықтар дегеніміз не? Қазіргі жастардың бойында патриотизм мен
ұлтшылдық сезімі жоғары дамыған болуы тиіс дегенге келісесіз бе? Қазақ
ұлтына тән қандай ерекше қасиеттерді атап өтер едіңіз? Ұлттық санаға
кереғар құбылыстар деп қандай құбылыстарды атай алра едіңіз? Қазақ
ұлтының болашағын қалай елестетесіз? Ұлттық сана ұғымына сипаттама
бере аласыз ба?
Сауалнама зерттеу жұмыстары тәрбиеленушілердіңдің бойында ұлттық
сана қалыптасу жағдайын анықтап берді (1 - кесте). Сауалнама бойынша
жүргізілген жүйелі зерттеу жұмыстары білім ордасында тәрбиелік шаралар
негізінде тәрбиеленушілердің бойында ұлттық сананы қалыптастыру
жұмыстары жүргізілгенімен, жеткіліксіз, көбіне ол тек мәселе түрінде ғана
қойылатыны және оны білім алушылар кей кездерде ғана, еш жүйесіз іске
асыратыны байқалды. Сауалнама, тест нәтижелері тәрбиеленушілердің
ұлттық сана ұғымына және бұл мәселеге аса мән бермейтіндігін, болашақ
ұрпақты тәрбиелеуде тікелей маңызы бар екеніне, ұлттық сананы
259
қалыптастыру қажет деп есептегенімен, оны жүзеге асыру әдіс-тәсілін
білмейтіндігін көрсетті.
Кесте-1. Тәрбиеленушілердің бойында ұлттық сананың қалыптасу
деңгейлерінің көрсеткіші
Деңгейлер
І взвод
Жалпы пайыз
11 «А»
11 «Ә»
Төмен
36%
35,3%
34,5%
Орташа
49,8%
50,1%
50,4%
Жоғары
14,2%
14,6%
15,1%
Сонымен қатар ұлттық санамызды улайтын жастардың бойында кейбір
жат қылықтардың бар екендігін, оның жастар тәрбиесіне тигізер кері ықпалы
зор. Осыған орай жастардың арасында ұлттық санаға кереғар құбылыстарды
анықтау мақсатында тәрбиеленушілердің арасында сауалнама жүргіздік.
Оның алғашқысы «Есірткі немесе токсиндік заттарды қолдануға қалай
қарайсыз?» деген сұрақ болды.
Зерттеу нәтижелері бойынша тәрбиеленушілердің басым бөлігі 57% есiрткi
немесе токсиндік заттарды қолдануға мүлде қарсымын деп жауап берсе, 27
пайызы бұл әркімнің жеке ісі деп жауап берген, 3 пайызы бұл сұраққа жауап
беруге қиналған.
Сонымен қатар тәрбиеленушілерге «Сiз өмiрде бәрiн байқап көру керек,
сонымен қатар есiрткiнi де» - деген тұжырыммен келiсесiз бе?» деген сауал
қойылды. Зерттеу нәтижелері бойынша тәрбиеленушілердің басым бөлігі (25
пайызы) бұл тұжырыммен келісетіндігін білдірсе, 59 пайызы бұл
тұжырыммен келіспейтіндіктерін білдірген. Сауалнамаға қатысушы
жастардың 9 пайызы бұл сұраққа жауап беруге қиналған.
Тәрбиеленушілердің бойында ұлттық сана қалыптастырудағы басты
принциптерді талқылай отырып, тәжірибелік жұмыстарында түрлі әдіс-
тәсілдерді сараптадық. Көрсетілген принциптерге сүйене отырып,
студенттерде ұлттық сана қалыптастыруда мынадай әдіс-тәсілдерді ұсынуға
260
болады. Мынадай шарттар ескерілуі керек: ұлттық сана қалыптастыру
мақсаттары мен міндеттері; студенттердің қызығушылығы мен қажеттері;
қоршаған әлеуметтік жағдайлар; студенттерде қалыптасқан ұлттық сана
деңгейлері; күтілетін нәтижелер; оқытушының өз басының мүмкіндіктері.
Тәрбиеленушілердің ұлттық өзіндік санасын қалыптастыруда мынадай
жұмыс формаларын пайдалануға болады:
Дәрісбаяндар – халықтық педагогиканың бай мұраларынан берілген
жарқын ақпарат, деректер, қызықты мысалдар т.б. негізіндегі дәрісбаяндар
студенттердің ынта-ықыласын тудырып, ұлттық сананы қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Ашық микрофон – болашақ мұғалімдер үшін халықтың педагогика
идеяларының ықпалы туралы мәселені талқылау үшін қолданылады.
Пікір – сайыс – екі топ кезегімен ой толғаныстары мен шешімдерін ортаға
салып, өз жобаларын қорғайды.
Сыр – сұхбат – қазіргі кезеңде қоғамымызда болып жатқан өзгерістерге
сай, адамдардың бойындағы ұлттық сана деңгейінің өзгеруі, халықтық
педагогика идеяларындағы ой-пікірлердің ерекшелігі; мәселенің шешімін
табу жолдары т.б. мәселелерге арналған тәрбиелік әңгіме сағаты.
Қарсыластар сайысы – алдын-ала жинақталған пікірталас материалдары
негізінде көкейкесті мәселелер жөнінде қарсы 2 топтық пікірлерін ортаға
салу, сараптау, тұжырымдар жасауға арналған сөз-жарыс.
Ұлттық мұралар аукционы – халқымыздың дәстүрлері, мәдениеті, өнері,
т.б. жөніндегі студенттер мен қолөнер бұйымдарын т.б. “сатып алу”
мақсатындағы білімдік сайыс т.б.
Көрсетілген шараларды оқу-тәрбие процесінде тақырыппен сабақтастыра
жүргізу оң нәтижеге жеткізіп, тәрбиеленушілердің ұлттық санасын
қалыптастыруға негіз болады деп есептеймін. Демек, субъект іс-әрекеті –
тұлға дамуы мен қалыптасуының басты факторы. Дұрыс ұйымдастырылған
оқу-білім, еңбек, іс-әрекет т.б. тұлғаны дамытады, өмірлік дұрыс бағыт
таңдауына, ұлтын, елін, жерін суюге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |