Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы



жүктеу 5,79 Mb.
Pdf просмотр
бет68/102
Дата29.01.2020
өлшемі5,79 Mb.
#27579
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   102

225 
 
РІSА  зерттеулері  бойынша  көш  басында  тұрған  елдердің  (Австралия, 
Финляндия,  Жапония,  Жаңа  Зеландия,  Италия,  Оңтүстік  Корея  және  т.б.) 
нәтижесі  көрсеткендей,  оқушылардың  функциялық  сауаттылығын  дамытуға 
мынадай факторлар әсер етеді: 
1)      білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары); 
2)      оқыту нысандары мен әдістері; 
3)      білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау 
жүйесі; 
4)      мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары; 
5)       мектепті  басқару  моделі  (қоғамдық-мемлекеттік  нысан,  мектептердің 
оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі); 
6)       барлық  мүдделі  тараптармен  әріптестікке  негізделген  достық 
қалыптағы білім беру ортасының болуы; 
7)       ата-аналардың  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  процесіндегі  белсенді 
рөлі. 
Оқушы  бойында  функционалдық  дағдылар  мектеп  қабырғасында 
қалыптасады. 
Ұлттық  жоспардың  мақсаты -  Қазақстанда  білім  сапасын  жетілдірудегі, 
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын 
іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.  
Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі 
механизмін бөліп көрсетеді: 
Оның  бірінші  механизмі –  оқыту  әдіснамасы  мен  мазмұнын  түбегейлі 
жаңарту /МЖБС -мемлекеттік стандарт/. Ол үшін мұғалім оқушының бойына 
әлеуметтік  ортаға  бейімделуіне,  алған  білімін  практикалық  жағдайда  тиімді 
пайдалана  алатындай  негізгі  құзыреттіліктерді  сіңіруі  керек.Олар:  -
басқарушылық /проблеманы шешу қабілеті/; 
-ақпараттық  /өз  бетінше  ақпараттар  көздері  арқылы  үнемі  білімін  көтеріп 
отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау/; 


226 
 
-коммуникативтік  /қазақ,  орыс,  ағылшын  тілінде  ауызша,  жазбаша  қарым-
қатынас жасау; 
-әлеуметтік /қоғамда, өз өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті/; 
-тұлғалық  /өзін  жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыруға,  қажетті  білім,  білік, 
дағдыларды  игеру,  болашақта  өзі  таңдаған  кәсібін  өзі  анықтау,  оның 
қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу/; 
-азаматтық  /қазақ  халқының  салт-дәстүрі,  тарихы,  мәдениеті,  діні  мен  тілін 
терең  меңгеріп,  Қазақстанның  өсіп  -  өркендеуі  жолындағы  азаматтық 
парызын түсінуі/ 
-технологиялық/  ақпараттық  технологияларды,  білім  беру  технологияларды 
сауатты пайдалану/; 
Оқушы 
осы 
аталған 
негізгі 
құзыреттіліктермен 
қатар 
пәндік 
құзыреттіліктерді/ әр пәннің мазмұны арқылы/ меңгеруі тиіс. 
Елбасы  Н.  Назарбаев  оқулық  мәселесіне  де  ерекше  тоқталған  болатын. 
Оқулықтың  мақсаты,  міндеті,  мазмұны,  құрылымы  функционалдық 
сауаттылықтың құзыреттілігіне сай жазылуы тиіс. 
Ұлттық  жоспарда  көрсетілген функционалдық  сауаттылықтың 
екінші  механизмі  - оқу  нәтижелерінің  бағалау  жүйесін  өзгерту.  /Қазіргі  біз 
қолданып  отырған  жүйеде  5,  4  және  3  деген  бағаларды  не  үшін  қоюға 
болатыны 
нақты 
анықталмаған/. 
Бағалау 
жүйесі 
функционалдық 
сауаттылықта  сырттай  бағалау  және  іштей  бағалау  болып  бөлінеді.  Іштей 
бағалау  –  оқу  пәні  бойынша  оқыту  сапасын  диагностикалау.  Ал  сырттай 
бағалау - әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің 
нәтижелері  /ҰБТ,ОЖСБ-ВОУД/.  Сондай-ақ  халықаралық /TIMSS,  PISA 
және  PIRLS/ зерттеулерге  қатысуы.  Білім  алушылардың  өзін-өзі  бағалауы 
өзін-өзі  ұйымдастыру  және  өзін-өзі  жетілдіру  үшін  жеке  жетістіктерін 
бағалау арқылы жүзеге асырылады. Критериялық бағалау жүйесі енгізілді. 
Функционалдық  сауаттылықтың  үшінші  механизмі -  ата-аналардың 
балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуге  белсенді  қатысуын  қамтамасыз  ету.  Ата-
ананың борышы - бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, 


227 
 
саналы өмір сүруге баулу. Ата-ана баласының функционалдық сауаттылығын 
дамыту  үшін  мұғалімдерімен  тығыз  байланыс  жасау  керек.  Ата-ананың 
бойында да функционалдық сауаттылық болуы тиіс. Бұл үшін мемлекет жаңа 
әдістемені әзірлеуге кірісті. Осы әдістеменің негізінде ата-аналарға арналған 
семинарлар  мен  тренингтер  өткізіледі.  Аталған  жұмысқа  Үкіметтік  емес 
ұйымдар  (ҮЕҰ)  және  азаматтық  қауымдастықтың  басқа  да  секторлары 
белсенді тартылады. 
Төртінші  механизм -  қосымша  білім  беру  жүйесін  дамыту.  Ұлттық 
жоспарда  оқушылар  сарайы,  музыка  мектептері,  жас  техниктер  мен 
натуралистер  станциялары  жұмыстарын  түбегейлі  өзгерту  қарастырылған. 
Қазақстанның  тарихында  алғаш  рет  аталған  ұйымдардың  материалдық 
техникалық  базасы жаңартылатын болады.  Оқытудың  жаңа  технологиялары 
мен  интерактивтік,  инновациялық  формалары  енгізілетін  болады.  Олар: 
балалар  интерактивті  парктері  (ғылыми  қалалар),  технопарктер,  балалар 
мұражайлары,  ғылыми  үйірмелер  және  т.б.   Бұл  –  шығармашылық  пен 
инновацияға  деген  қызығушылықты  арттырады.  Мұндай  оқыту  жүйесі 
баланың  санасына  әлеуметтік  тұрмысына,  төңіректегі  әлемге  терең  көзбен 
қарап  үйреніп,  жолығатын  қиын  мәселелерді  оңай  шешетін  болады. 
Бұрынғыдай мектептен шыққан соң бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, 
қайта  өмірде  пайдаланатын  болады.Ұлттық  жоспарды  іске  асырудың 
күтілетін  нәтижелері:  Ұлттық  жоспарды  орындаудың  нәтижесінде  2017 
жылға  қарай  қазақстандық  мектеп  оқушыларының  функционалдық 
сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады: 
1. Ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз етеді. 
2. Білім беру мазмұнын жаңартады. 
3. Оқу - әдістемелікпен қамтамасыз етеді. 
4.  Мектепоқушыларының  білім  сапасын  бағалау  және  оған  мониторинг 
жүргізу жүйесі енгізіледі. 
5.Материалдық-техникалық базасыжаңартылып,нығайтылады. 


жүктеу 5,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау