212
Екінші кезеңде сабақта үйге берілген тапсырма талданды. Оқушылар
үзінділердің қай өлеңнен алынғанын түгелдей анықтаған. Үшінші бағананың
жауабында кемшіліктер кеткен. Кейбір оқушылар дәл түсінік, анықтама бере
алмаған.
Үшінші кезеңде оқушылар рецензия жазуға жұмылды. Талаптар,
түсіндірілді, көмек-нұсқау жазылған қағаздар ұсынылды.
Төртінші кезеңде оқушылар бір-бірінің рецензиясын оқып, пікір жазды.
Бұл
жұмыстан соң талдау, талқылау жүрді. Нәтиже төмендегідей болды:
- Оқушылар өлеңдерді талдауға
ұмтылған;
- Абайдың тіл туралы айтқандарына өздерінше пікір білдірген, баға
берген.
Ілиястың жұмысынан үзінді: ...Абай тілді өнер дейді, «толғауы
тоқсан қызыл тіл» деп бағалаған. Артына сөз қалдырған адамды өлмейтін
адам деп түсіндірген. Өзінің мақсаты тіл арқылы өнер шашу екенін, тіл
арқылы надандардың көзін ашу екенін айтқан.
Арыстанбек: Мәтінде тілдің
«қоғамдық қызмет» атқаратыны айтылады. Абай өлеңдері соның шын сөз
екенін дәлелдейді. «Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін», - дейді. Сөздің
мағынасына үңілу керектігін үлгі етеді.
Оқушылардың барлығына тән ортақ кемшілік: рецензияның аннотация
үлгісінде жазылуы, ал жетістігі: өз пікірлерін білдіруі, Абай өлеңдерін түсіне
білгендері, рецензия жазуға талаптанғаны болды. Осы жұмыстың
ұтымдылығы төмендегідей сараланды:
- Қазақ әдебиетінен алған білімдерін Абай өлеңдері арқылы дәлелдеуге
талаптанды;
- Іздену, зерттеу жұмысына
төселе бастады;
- Өз беттерімен проблемаға жауап іздеді, салыстырды, тұжырым
жасады;
Оқушылардың жеке ерекшелігін ескере отырып, рецензияның алғашқы
пікірін жаздыруға үйретудің тиімділігін тәжірибе дәлелдеп келеді. Ал одан
әрі сыни көзқарастарын, пікірлерін айта білуге жетелеген жөн. Оқушылар
213
қалыптасқан дағдыларын жаңа
мақсатқа пайдаланады, жай пікір білдіру емес,
сыни тұрғыда пікір білдіруге талаптанады.
Оқушылардың зерттеу әрекетін қалыптастыруда ғылыми сипаттағы
хабарламалар жаздыру да тиімді.
Ғылыми бағыттағы хабарлама
тұжырымды түрде ғана тақырып
бойынша істелген жұмыстар хабарланады.
Оқу құрылымы:
- Тақырыбы;
- Зерттеу нәтижесі туралы мәлімет беріле отырып, нәтижесі талданады,
қорытынды жасайды;
- Хабарламаға
уақыт тежеліп беріледі;
- Олар зерттеу жұмысының барлығын айта алмайды, бір бөлігі немесе
проблема болып отырған мәселелерді хабарлайды.
Қазақ әдебиеті сабағында төмендегідей хабарлама беруге болады:
1. Ф.Оңғарсынова туралы пікірлер.
2. Қазақ әдебиетіне қосылған жаңа ізденіс.
Хабарлама ғылымдағы жаңалықтар т.б. туралы да жазылады.
Ғалымдар пікірін талдап, саралағанда ортақ бір тұжырым шығады.
Проблемалық оқыту негізінде оқушыларға бейтаныс проблеманың
жататыны, оқушылардың оны салыстыру, дәлелдеу шешу үшін болжамдар
жасай отырып еңбектенуі керектігін тұжырымдайды. Проблемалық
ситуацияны, проблеманы шешу-зерттеу, іздену еңбегі шығармашылық
еңбекті талап етеді. Қазақ әдебиеті сабағында проблемаға, зерттеуге
негізделген тапсырмаларды орындатудың да маңызы зор [3].
Оқу
процесімен
қатар
ұйымдастырылатын
ғылыми-зерттеу
жұмысының бір түрі – ғылыми сипаттағы мақала. Мақала
дәстүрлі оқыту
кезеңінде де шығармашылық бағыттағы жазба жұмыстардың бірі ретінде
тәжірибеде пайдаланылып келді. Мақаланың тәжірибеден түспей келе
жатқаны, оның ең алдымен тіл дамытуға өз беттерімен орындайтын
шығармашылық жұмыстарға баулудағы тиімділігінде жатыр. Оның сәтті
шығуы тақырыбына да байланысты. Сондықтан да топқа бір ғана тақырып