Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы



жүктеу 5,79 Mb.
Pdf просмотр
бет60/102
Дата29.01.2020
өлшемі5,79 Mb.
#27579
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   102

199 
 
елі  үшін  елең  қағар,  имандылық  қасиеттерді  жақсы  білетін  азамат  болып 
қалыптасады. 
Мемлекеттік  дамудың  жаңа  қазақстандық  жолын  айқындап  берген  Елбасы 
Н.Назарбаев  қазіргі  заманғы  мемлекет  құрудың  бағыттарын  айқындаған  «Ұлт 
жоспары  –  100  нақты  қадам:  баршаға  арналған  қазіргі  заманғы  мемлекет»  атты 
реформасы ел өміріндегі ерекше саяси оқиға болды. Аталмыш  бағдарламаның 
89-
қадамында 
«Мектептік 
білім 
берудің 
қолданыстағы 
оқу 
бағдарламаларына «МӘҢГІЛІК  ЕЛ  ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН  ЕНГІЗУ»  туралы 
жазылған болатын.  
 «Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясын  тәрбиенің  басты  бағыты  деп  толық  айта 
аламыз. 
«Мәңгілік  Ел»  идеясының  құндылықтарын  орта  білім  беру  саласына 
енгізу  маңыздылығы  зор.  Елбасы  білім  мен  тәрбиені  қатар  жүргізуді  жиі  айтып 
отырады.  Бүгінгі  таңда  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  жүзеге  асыру,  ұлттық 
құндылықтарды тұлғалық қасиетке, қазақстандық мектепте білім мен тәрбие беру 
жұмыстарын ұштастыру мәселелерін қарастырудың алар орны ерекше. Жас ұрпақ 
тәрбиесі  –  адамзаттың  мәңгілік  тақырыбы.  Ұлттың  бүгіні  де,  болашағы  да 
тәрбиелі  ұрпаққа  байланысты.  Жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  құндылықтардың 
бірнеше  саласын  қарастыруымызға  болады.  Олар:  білім  беру  құндылықтары, 
адамзаттық  құндылықтар,  ұлттық  құндылық,  рухани  құндылық,  адамгершілік 
құндылықтары, мәдени құндылық болып жіктеледі.  
 «
Мәңгілік ел» – барша қазақстандықтың ұлттық идеясы болса, сол идеяны 
жүзеге асыру жолында оқушы бойына сапалы білім мен саналы тәрбие беруге өз 
үлестерін  қосып  жүрген  абыройлы  оқу  орындарының  бірі  –  Қызылорда 
қаласындағы  №10  дарынды  балаларға  арналған  облыстық  «Білім-инновация» 
лицей-интернаты.  Мұнда  тек  қыз  балалар  оқып,  тәрбиеленеді.  Лицейде  тәрбие 
жұмыстары  жүйелі  жолға  қойылған.  Лицейде  тек  қыз  балалар  білім 
алатындықтан, мұнда ең алдымен, қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді.  
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиялық Жолдауында: 
«Еліміздің  болашақта  қандай  болатыны  балаларымыздың  бойына  өзіміз  қандай 
тәрбиені сіңіретінімізге байланысты. Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне 


200 
 
көп  көңіл  бөлуіміз  керек.  Олар  –  болашақ  ана,  болашақ  жар,  шаңырақтың 
шырақшылары. Біз Қазақстан қыздарының сапалы білім алып, жақсы жұмысқа ие 
болуы  және  тәуелсіз  болулары  үшін  барлық  жағдайды  жасауымыз  қажет»  деген 
еді. 
Оқушылар бойына рухани-адамгершілік тәрбиені сіңіруде лицей-интернатта 
түрлі сипаттағы тәрбие жұмыстары жүргізіледі. 
 Ел  тәуелсіздігінің  25  жылдығына  орай  ұйымдастырылған  «25  қайырымды 
іс»  акциясы  игі  атқарылған  жұмыс  деуге  болады.  Қайырымдылықтың  мақсаты 
өмірдің  қиын  жағдайларына  қалған  көп  балалы,  мүмкіндігі  шектеулі,  әлеуметтік 
жағдайы  төмен  отбасыларға,  жартылай  жетім  жандарға  көмек  беру  болып 
табылды.    Қайырымдылықтың  бастауы  ретінде  лицей  ұжымы  «Сыр  Ана» 
қайырымдылық  қорына  балаларға  арналған  сырт  киімдерді  жинап  тапсырды. 
Сондай-ақ  «nur.kz» әлеуметтік желісіндегі «Қызылордада егіз мүгедектерді бағып 
отырған  жалғыз  басты  ана  халықтан  көмек  сұрайды»  мақаласы  бойынша  лицей 
мұғалімдері  мен  оқушылары  көмек  қолын  созды.  Мақала  мәтіні  лицей  ұжымын 
бей-жай  қалдырмады.  Сондықтан  материалдық  көмек  беруді  ұйғарып  қана 
қоймай,  облыстың  басқа  да  білім  ошақтарына  бұрынғы  мұғалім  болған  анаға 
көмектесуге  шақыру  үшін  облыстық  теледидар  тілшісі  мен  операторын  да  бірге 
апарып,  сұхбат  жасатты.  Бегім  мен  Сезім  атты  қос  сәбиге  ойыншықтар  мен 
тәттілер  ала  барған  лицей  оқушылары  олармен  бірге  ойнап,  көңілдерін  бөлсе, 
лицей басшылары пәтер жалдап тұрып жатқан анаға рухани, материалдық  қолдау 
көрсетіп, лицейдің  қаржылай көмегін табыстады. 
Қайырымдылыққа бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруда және өткізуде 
игі  істерді  атқарып  жүрген  «Ел-Арай»  қоғамдық  қорымен  байланыса 
отырып,лицей-интернат  оқушылары,  мұғалімдері,  ата-аналары  бірнеше  отбасыға 
материалдық тұрғыда көмек көрсетті. 2016 жылы дүниеге келген Хадиша, Айша, 
Раяна  есімді  жүрек  ақауы  және  сепсис  (қан  ауруы)  диагноздарымен  дүниеге 
келген  үшемдердің  жас  отбасына  өздерінің  жинаған  100  000  (жүз  мың  )  теңге 
көлеміндегі  қаржыларына  балаларға  жартылай  автоматтандырылған  кір  жуатын 


201 
 
машинасын,  дәрі-дәрмектер,  бір  реттік  жаялықтар,  түрлі  ойыншықтар,  қолдан 
өздері пісірген тәтті бәліштері мен торттарын апарды.  
Бұдан  басқа  да  қаншама  қайырымдылық  іс-шаралар  атқарылды.  Осындай 
бағыттағы  жұмыстар  оқушы  бойына  ізгілік,  мейірімділік,  адамгершілік, 
қайырымдылық сияқты рухани қасиеттерді сіңіруде маңызды рөл атқарады. 
Сонымен қатар жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі 
Н.Есбосынның  «Қыздармен  сырласу  сабағы»  авторлық  бағдарламасының 
негізінде  шығарылған  кітабы  да  қыз  балалар  үшін  мол  рухани  азық  болды. 
Арнайы құрылған «Сырласу»  қыздар клубының жұмысы жүйелі жолға қойылып, 
сырласу, сыр алмасу сағаттары да жүргізідіп отырылады.  
Ата-аналар  мен  оқушылардың  көркем  әдебиетке  деген  құштарлықтарын 
арттыру,  қазақ  көркем  әдебиетін  кең  насихаттау  мақсатында  кітап  оқу 
сайыстарын  ұйымдастыру  жүйелі  жолға  қойылған.  2016-2017  оқу  жылында  ата-
аналар  да,  оқушылар  да  берілген  кітаптарды  оқып,  тест-сынағын  тапсырды. 
Нәтижесінде жоғары ұпай алған оқушылар және ата-аналар бағалы сыйлықтармен 
марапатталды.  
Елбасының  «Болашаққа  бағдар:  руани  жаңғыру»  мақаласында  «ұлттық 
рухани код» туралы айтылған болатын. Яғни «...Жаңа тұрпаттағы жаңғыру деген 
ұлттық  кодыңды  сақтай  білу»  деген  Елбасы  алдағы  уақытта  рухани  дүниелерді 
толықтыру  арқылы  ұрпақ  бойына  ұлттық  тәлім-тәрбиені  сіңіруге  баса  назар 
аудару  керек  екендігін  айтты.  Құндылықтар  жүйесінде  білімді  бәрінен  де  биік 
қоятын ұлт қана табысқа жететінін ескерткен Елбасы рухани құндылықтарды да 
кеңінен насихаттауды қолға алуды мақсат етіп қойды. Елбасы мақаласы айтылған 
мәселелер  бойынша  да  алдағы  уақытта  лицей-интернатта  ауқымды  жұмыстар 
жүргізуді мақсат етіп қойдық. 
«Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны 
бар  ұлт  боламыз  десек,  «Жаһандағы  заманауи  қазақстандық  мәдениет»  жобасын 
іске асыруға тиіспіз» -деген Елбасы сөзі жас ұрпақ санасын жаңғыртудың дәлелі 
болса керек.  
 


жүктеу 5,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау