208
Список литературы:
1. Поташник М.М. "Качество образования: проблемы и технология
управления", Педагогическое общество России, 2002г.
2.
Зеленина Е.Б. Инновационный потенциал педагогического
коллектива
http://www.zam.resobr.ru
.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Мұратова Еркежан Құмарқанқызы,
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, магистр,
Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»
Шығыс Қазақстан облыстық арнайы лицейі
Резюме
В данной статье описываются научные основы и пути организации
научно-исследовательских работ учащихся на уроках языка и литературы.
Автор рекомендует использовать данные приемы и методы по интересу
учащихся на уроках постоянно.
Summary
This article describes inquiry base and procedure of scientific research by
students on language arts and literature. The author recommends implementation
of given methods regularly according to the students’ needs and interests.
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.
Назарбаевтың
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты
Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттерді іске асыру, білім
берудің мазмұнын жаңарту бүгінгі күннің талабы болып отыр. Осы мақсатты
209
жүзеге асыру барысында
мұғалім қарқынды өзгерістерді бақылап, зерттеп
қана қоймай, жаңа технологияларды меңгеріп, ішкі мотивациясы жоғары,
сыни тұрғыдағы тұлға қалыптастыру жолында қызмет атқаруы тиіс.
Бұл жолда оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулып, оқу
үрдісінде жүйелі түрде қолдану қажеттігі көрінеді. Мұғалімнің оқушыға
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағыт беру технологиясы төрт
кезеңнен тұрады.
оқушы
назарын
зерттеу
тақырыбына
шоғырланды
ру
оңтайлы
тәсілдерін
айқындауға
көмектесу
оқушының
өзіндік
шешім
қабылдауы
на ықпал
ету
бағалауы
мен
қорытынды-
лауына
көмектесу
Мұғалімнің оқушыға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағыт
беру үшін, бірінші кезеңде оқушы назарын зерттеу тақырыбына
шоғырландыру- оқушыға тақырыптың өзектілігі мен практикалық
маңыздылығы туралы ақпарат беру, жаңа білім алуға деген қызушылығы мен
ынтасын дамыту міндеттері қойылады.
Екінші-зерттеу әрекетін жүргізудің оңтайлы тәсілдерін айқындауға
көмектесу - теориялық ойлауын дамытатын, рационалды зерттеу әрекеті
тәсілдерін игеруге көмектесетін мәселелерді нақтылау жүзеге асырылады.
Үшінші-өзіндік шешім қабылдауға ықпал ету - оқушының әрекетке
өзіндік тұжырым жасауынан көрініс табады.
Төртінші кезеңде, оқушы әрекетті бағалауды және қорытындылауды
қажет еткенде, оған көмек түрін таңдау мүмкіншілігін беру қажет. Бұл
көмекті ерікті түрде ұсыну, қиыншылыққа ұшыраған жағдайда, қосымша
тапсырма беру түрінде жүзеге асырылады.
Психологтардың зерттеуі бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа
баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен. Орта
210
буынның шығармашылық дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары
сыныпқа келгенде, көбінің шығармашылық, ғылыми-зерттеушілік мүмкіндігі
шектеліп, тоқырап қалады.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың ғылыми-зерттеу
жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін қажетті алғышарттар:
-
мұғалім ең алдымен, оқушыларға таңдап алған ғылыми
жұмыстарының маңыздылығын түсіндіріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізу әдіс-тәсілдерін көрсетуі керек.
- ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары, көлемі, күрделілік
деңгейі оқушылардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына, білім деңгейіне
үйлесуі керек;
- шығармашылық үшін психологиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтық,
бостандықты қамтамасыз ету керек;
- оқушы ғылыми ізденісінің нәтижесі өмірге келгенге дейін ұстаз
шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуға тиіс. Оқушы
ізденісі үнемі мұғалім, сынып ұжымы, басқа да мұғалімдер тарапынан қолдау
тауып отыруы керек.
Сабақта ғылыми-зерттеу жұмысы оқу жоспары мен оқу пәнінің
бағдарламасы арқылы анықталып, оқу кестесімен реттеледі, мұғалімнің
тікелей жетекшілігімен жүргізіледі.
Сабақ барысында ұйымдастырылатын ғылыми-зерттеу жұмысының
бір түрі - рецензия жаздыру.
Рецензия. «Латынның Recensіо- қарастыру, тексеру» - көркем өнер
немесе әдебиет сынының жанры, көркем шығарманы талдап, баға беру, пікір
қорыту. Рецензия - оқушыларды ғылыми-зерттету ізденісіне баулитын сыни
бағыттағы талдау жұмысы. Басқа жұмыстардан ерекшелігі: талдау, пікір
айту, сынау, ұсыныс жасау сияқты іс-әрекеттермен ерекшеленеді. Ол
оқушыларды әділдікке, тазалыққа баулиды. Рецензия біреулердің еңбегіне
жазылады.
211
Рецензия жаздыру үшін көбінесе үйге жұптық тапсырма беріледі. Әр
жұп бір-бірінің рецензияларын тексеріп, оған пікір жазады. Бұл әдіс -
оқушыларды ғылыми-зерттеу ізденісіне жетелеудің ұтымды жолы. Қазақ
әдебиеті сабағында рецензия жаздыру:
- қазақ әдебиетінен беріліп жатқан материалдарға;
- әдебиетші ғалымдар ізденісі, зерттеулеріне;
- оқушылардың шығармашылық жұмыстарын бір-біріне талдатуға
бағыттай жазылады.
Жалпы рецензия жазғызудың ұтымдылығы мынада:
- сыни көзқарастарын жетілдіру үрдісі жүреді;
- пікірталасы арқылы сөйлеу тілдерін дамыту іс әрекеті жалғасады;
- ғылыми ізденіс қабілеттерінің қалыптасуына, түрткі жасайды;
- өзін-өзі оқыту, өзін-өзі таныту үрдісі жүреді;
- ғылыми тақырыпты талқылау, бағалау дағдылары жетіледі;
- өз беттерімен проблемаға жауап іздейді, салыстырады, қорытынды
жасайды;
- іздену, зерттеу жұмысына төселе бастайды.
Қазақ әдебиеті сабағында Абайдың тіл туралы айтқан ойлары берілген.
Рецензия «Абай және тіл өнері» тақырыбында жазылды.
Бірінші кезеңде үйге төмендегідей тапсырма берілді:
-
Абай өлеңдерін оқып, тіл туралы айтқандарын теріп жазыңдар да,
түсінік беріндер. Түсінік қысқа, тұжырымды түрде берілсін.
-
үзінділер Абайдың қай өлеңнен алынғанын анықтаңдар.
Ақынның өлеңдер жинағынан іздеңдер, оқытушының көмегіне сүйенуге
болады.
-
Тапсырманы төмендегі үлгіде орындаңдар:
Өлеңнің
аты
Тіл
туралы
айтқандары
Түсінік–аннотация
Сегізаяқ
Толғауы
тоқсан
қызыл тіл.
Тілдің
байлығын,
қолданудағы
шексіздігін білдіреді. Ол - өнер.
Достарыңызбен бөлісу: |