Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы



жүктеу 5,79 Mb.
Pdf просмотр
бет54/102
Дата29.01.2020
өлшемі5,79 Mb.
#27579
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   102

177 
 
Оқушыны  көшбасшы  рөліне  ендіру  –  оқушының  өз  –  өзіне  деген  сенімін 
ұялатады, сынып ішіндегі беделін көтеруге, ашылмай жүрген кейбір қасиет, 
қабілеттерін ашуға көмектеседі.  
Осы  бағытта  атқарылатын  іс  –  шаралардың  бірі  -  «Жас  дарын  –  2017» 
жобасы.  Жобаның  мақсаты:  мектеп  оқушыларының  интеллектуалдық, 
білімдік  әлеуетін  көтеру,  түрлі  бағыттағы  дарынды  және  талантты 
балаларды, көшбасшыларды анықтау,оқушылардың әлеуметтік белсенділігін 
арттыру. Сайыс 2 кезеңнен тұрады:  
I  кезең  –  Сырттай  кезең.  Сынып  жетекшісі  сынып  белсенділерімен 
бірге  сыныптың  рейтіингілік  картасын  толтырады  да,  тоқсан  сайын 
ұйымдастыру комитетіне тапсырады. Оқушы рейтингісі- бұл оқушының жыл 
бойы оқудағы, қоғамдық өмірдегі, спорттағы жетістіктері қамтылған «табыс 
деңгейін»  көрсететін  сандық  көрсеткіш.  Рейтинг  жеке  оқушылардың 
жетістіктерін салыстырып, алға болжам жасауға көмектеседі.  
 
II кезең – «Бетпе - бет» кезеңі. Мамыр айында өткізіледі. Бұл кезеңге әр 
сыныптан  жоғары  рейтинг  көрсеткен  оқушылар  қатысады.  «Оқушылардың 
портфолиосы» түрінде өткізіледі. 
Номинациялар: 
1. 
«Жас  ғалым-2017»  номинациясына   (5-7  сынып  оқушылары) 
республикалық  және  облыстық  «Зерде»  ғылыми  жобалар  жарыстарының 
жеңімпаздары ие болады. 
2. «Жыл оқушысы-2017 » номинациясы (5-11 сынып оқушыларының ішінен 
рейтинг бойынша бірінші шыққан оқушыға беріледі. 
3. 
«Жас 
дарын-2017»номинациясын 
(8-11 
сынып 
оқушылары) 
республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, республикалық әртүрлі 
пәндік олимпиадалардың (ағымдағы оқу жылының) жеңімпаздары иемденеді. 
Жарыстардың  жеңімпаздары  мен  жүлдегерлері,  халықаралық  және 
республикалық 
ғылыми 
жарыстардың, 
республикалық 
пәндік 
олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, тек қана «5»-ке немесе «4-
5»-ке үлгеруші оқушылар ие болады. 


178 
 
Оқушылармен қатар мұғалімдерді де ынталандыру шаралары өтеді. Мысалы 
айтсақ, 
 
 1. «Ғылым жолына жетелеуші»- оқушыларды ғылыми жобада жетелеп, 
жеңімпаздарды шығарған  мұғалімдер иеленеді. 
2.   «Жыл мұғалімі» - бұл номинацияны педагогикалық еңбек өтілі жоғары
әртүрлі олимпиадаларда, мұғалімдерге арналған сайыстарда дипломмен 
марапатталған және оқушылары арасынан жеңімпаздар дайындаған 
(облыстық, республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалар, ғылыми 
жарыстар), рейтинг бойынша бірінші орын алған  мұғалімдер иеленеді. Бұл 
номинация «Соңғы қоңырау» мерекесінде беріледі. 
3. «Олимп шыңына жетелеуші» - мектепте істейтін профессорлар мен 
олимпиададан жеңімпаздарды дайындаған шығармашыл және нәтижелі 
жұмыс істейтін мұғалімдер ие болады. 
4. «Үздік сынып жетекші»- Рейтинг бойынша өзінің де тәрбие жұмысы 
бойынша үздік зерттеу нәтижелері бар, сынып оқушыларының көпшілігі 
белсенді болатын жетекші иеленеді.
 
 
Дарынды  оқушылардың  шығармашылық  әлеуетінің  даму  тәжірибесі 
арнайы шығармашылық бағдарлама мен оқу материалдарының жоспары мен 
іске  асырылуын  шамалайды.  Дарынды  балаларды  оқытудың  болашақта 
шығармашыл  тұлғаның  әлеуметтік  іске  асырылуына  ықпал  ететін 
шығармашылыққа,  қарым-қатынас  жасай  білуге,  көшбасшылық  және  басқа 
тұлғалық  сапаларды  қалыптастыруға  ықпал  ететін  арнайы  бағдарламалар 
жоспарланды. 
 
Интеллектуалдық  жағынан  дарынды  және  талантты  оқушыларды 
анықтау  мен  қолдау,  ғылым  саласында  білімін  жалғастыруға  ынталандыру 
мақсатында  мектепте пән олимпиадаларының өткізілуі дәстүрге енген.  
 
Жалпы  мектептік  олимпиадалық  резерв  мектебі  «Жас  дарын»  деп 
аталады. Бұл мектеп құрамына пәндер бойынша белгілі бір жетістіктерге қол 
жеткізген  оқушылар  еніп,  мектептік  олимпиадалық  командасын  құрайды. 
Әрбір пәнді пән мұғалімдері жетелейді. 


179 
 
 
ОРМ  жұмысы  келесі  бағыттар  бойынша  ұйымдастырылды:  қоғамдық-
гуманитарлық,  жаратылыстану-математикалық.  Осы  бағыттардағы  барлық 
пәндер  бойынша  сабақтар  жүргізіледі.  Әр  бағыт  және  әр  пән  өзінің  оқу 
бағдарламасын іске асырады, барлық пәндік тәртіптерді біріктіретін мақсат – 
пән  олимпиадаларының  жүлдегерлерін  дайындау  ғана  емес,  сонымен  қатар, 
әр оқушының  жеке  қабілеттері  мен  шығармашылық  потенциалын  ашу  үшін 
максималды жағдай жасау. 
Біріншіден, оқыту үдерісі мектепте нәтижеге жету барысындағы мұғалім мен 
оқушының  қарым-қатынасын  қамтамасыз  ететін  дамыта  оқыту  теориясы 
негізінде ұйымдастырылады. 
Екіншіден, оқыту мазмұны мектептік курс бағдарламасын қайталамауы тиіс, 
бірақ,  сол  бағдарламаға  негізделіп,  мазмұнды  жалпылау,  жүйелі  деңгейде 
ашуы қажет. 
Үшіншіден,  оқыту  технологиясы  мұғалімнің  жеке  қызығушылығымен, 
мазмұнның ерекшелігімен, ОРМ мақсаттық ұстанымымен таңдалуы қажет. 
Төртіншіден,  таңдалған  технология  мен  мазмұнға  қарамастан,  өз  білімін  іс-
жүзінде,  белгілі  бір  өмірлік  жағдайларда  қолдана  алатын  еліміздің  болашақ 
азаматтарының сауаттылығын қалпытастыру қажет. 
ОРМ пирамида принципімен құрылады: 
-  негізін 
құрайтын  5-6-сыныптар  (мұғалімдер  оқушыларды  жеке 
маршруттары  бойынша  жетелейді,  балалардың  қабілеттерін  анықтайды, 
коррекция жұмыстарын жүргізеді. 
-  Ортаңғы буыны – 7-8 сыныптар: дарынды оқушылармен жұмыс жүргізетін 
пән мұғалімдері – сабақ барысында және жеке құрылған кесте бойынша. 
-  Пирамиданың  жоғары  сатысы  –    ОРМ  жүйелі,  ұйымдасқан  түрде, 
мазмұнды деңгейде танытатын – 9-11 сынып оқушылары. 
ОРМ  оқушылар  мектепішілік  пән  олимпиадасы  қорытындылары  негізінде 
қабылданады.  ОРМ  ұйымдастыру  түрі  әрдеңгейлі:  ерекше  құрылған  кесте 
бойынша  жүргізілетін  оқу  сағаттарынан  бастап,  зертханалық,  семинарлық, 
экскурсиялық,  кездесу,  конференция,  форум,  дебат  сабақтар  түріне  дейін. 


жүктеу 5,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау