Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы



жүктеу 5,79 Mb.
Pdf просмотр
бет50/102
Дата29.01.2020
өлшемі5,79 Mb.
#27579
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   102

164 
 
Summary 
The purpose of education in the education system is to develop the learner's 
ability  to  understand  the  subject  in  depth,  and  to  use  effectively  the  knowledge 
they are gained in. This material describes the methods and techniques used by the 
teacher  in  practice  for  realizing  the  learning  goal.  A  pupil  and  teacher,  a  student 
and students-cooperation are one of the ways of learning in the modern educational 
process.  The  nature  and  style  of  interaction  between  the  teacher  and  the  student 
should assume democratic, open, dialogical nature. 
Therefore, new approaches in teaching and learning are a definite innovation 
in the practical activity in the process of mastering the teaching material, focused 
on  the  upbringing  of  the  students,  who  is  capable  to  solve  in  an  unconventional, 
initiative, and competent manner the arising problems. 
 
       Оқыту  үдерісін  жақсартуға  байланысты  бірнеше  инновациялық 
технологиялар  қолданып  жатқаны  бәрімізге  мәлім.  Осының  бірі,  Қазақстан 
Республикасының  оқыту  жүйесіне  Кембридж  оқыту  бағдарламасын  кеңірек 
қолдану.  Бағдарламаның  негізгі  мақсаты:  оқыту  үдерісін  жақсарту  мен  оқу 
нәтижелерін  жетілдіру.  Яғни,  білім  беру  жүйесінде  оқытудың  мақсаты  - 
оқушының  пәнді  терең  түсіну  қабілетін  дамыту,  алған  білімдерін  сыныптан 
тыс  жерде,  кез  келген  жағдайда  тиімді  пайдалана  білуді  қамтамасыз  ету. 
[МАН,  6  бет].  Осы  мақсатты  іске  асыру  үшін  өзімнің  әдістемелік 
тақырыбымды  жоғарыда  аталғандай  алдым.  Бұл  тақырыппен  мен  2016-2017 
оқу  жылы  жұмыс  жасадым  және  одан  әрі  жалғасын  табады  деген  ойдамын. 
Өз тәжірибеме келетін болсам сабақ барысында, сабақтан тыс оқушылармен 
бірге  ынтымақтастықта  жұмыс  жасай  отырып  біршама  қадам    мақсатыма 
жеттім.  Ол  үшін  ең  біріншіден  оқушыға  бұйрық  жасамай  ұсыныс  жасауды 
дұрыс көріп,  ал екіншіден күнделікті сабағымда тиімді әдіс-тәсілдерді яғни 
белсенді  оқыту  ,саралап  оқыту  әдістерін  және  бағалау  үшін  емес 
ынталандыру  үшін  бағалауды  қолдандым.  Сонымен  қатар  оқу  үдерісіне 
талдау жүргізу үшін кері байланыс жасап отырдым.  


165 
 
           Ынтымақтастық  технологиясы  –  оқушы  мен  мұғалімнің  арасындағы 
қарым  –  қатынастың  тең  дәрежеде  жүзеге  асуы,  бірлік  одақта  қызмет  етуі, 
мұғалімнің  оқушыға  басымдылық  көрсетпеуі.  Мақсат,  талап  ету 
педагогикасынан  қарым  –  қатынас  педагогикасына  өту;  оқушыға  ізгілік 
тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиелеуді ұштастыру. 
Ынтымақтастық  –  бір  мақсатқа  жетуге  бағытталған,  бірлескен  іс  -  әрекет. 
Оған керекті жағдайлар: 
• 
мақсаттың бір екенін анық сезіну; 
• 
ынтымақтасушы жақтардың қызметін дәл белгілеу; 
• 
мақсатқа  жету  үшін  мұғалім  мен  оқушылардың  т.б  педагогикалық 
үрдіске қатысушылардың бір – біріне көмек беруі. 
Өзімнің дәстүрлi сабақтарымда оқушылардың сыныптағы оқу үдерiсiне 
түгел  қатыспайтындығы  байқалатын.    Күнделiктi  сабақта      түсiнбей  қалған 
тақырыптар    көлемi  ұлғайып,  үлгерiмi  орташа  балалар    сабаққа  құлықсыз 
қатысты.  Бұл  тығырықтан  шығу  жолын  iздестiргенiммен,  нәтиже  көңiлге 
қонымсыз  болды.    Осы  тұста  Бағдарлама  модульдерi  оқу  нәтижесiне 
түбегейлi  өзгерiс  енгiзетiнiне  сенiмдi  болдым.  Сондықтан  өз  сабағымның 
әдiстемесiн  өзгерте  отырып,  оқушылардың  пәнге  деген  белсендiлiгiн, 
қызығушылығын  арттыру және  бiлiм деңгейлерiн көтеру  үшiн балалардың 
көңiлдерiне  қаяу  түсiрмейтiндей  етiп,  тапсырмаларды  бағалау  критерийлерi 
арқылы  өзiн,  сыныптасын,  тобын    дұрыс  бағалай  бiлуге  баулу    мақсатын 
көздедiм. Сабақ барысында мен Александрдiң мына теориясын басшылыққа 
алдым: 
     Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсiл емес. Мұғалiмдер жазбаша 
немесе  ауызша  түрде  баға  қою  жолымен  бағалайды.  Олар  қолданатын  кез 
келген нысанның артында объективтi немесе жеткiлiктi дәрежеде объективтi 
емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сонда  – ақ баланың дамуы, оқуы 
және  ынтасы  туралы  түсiнiк,  сонымен  қатар  өзiн  –  өзi  бағалау,  қабiлеттiлiк 
және  күш–жiгер  сияқты  ұғымдарға  қатысты  құндылықтар  жатады. 
(Александер, 2011)  


166 
 
     Сонымен қатар оқытуды жақсартатын бес басты факторға сүйендiм. Олар: 
1.Оқушылармен тиiмдi керi байланысты қамтамасыз ету
2. Оқушылардың өзiндiк оқуға белсендi қатысуы
3. Бағалау нәтижелерiн ескере отырып, оқытуды өзгерту; 
4. Бағалаудың оқушылардың өзiн –өзi бағалауы мен қызығушылығына едәуiр 
ықпал  ететiндiгiн  мойындау,  бұл  өз  кезегiнде  бiлiм  алуға  түбегейлi  түрде 
ықпал етедi.  
5. Оқушылардың өздерiн –өздерi бағалай алуы және өздерiнiң оқуын  қалай 
жақсартуға болатындығын түсiнудiң қажеттiлiгi. 
    
Сыныптағы  бiрлескен  жұмыс    бiлiм  берумен  ғана  шектелмей, 
мұғалiмнiң  сыныпта  ынтымақтастық  атмосферасын  қамтамасыз  етуiне 
бағытталады. Оқу мен оқытуда  жетiстiкке жету үшiн  оқушы өзiн еркiн және 
қауiпсiз  сезiнуiне  мұғалiм  сабақта  жағдай  жасауы  керек.  Бағалау  әдiл  болу 
үшiн оқушылармен бiрлесе отырып   бағалау критерийлерiн жасап алу керек. 
Оқушының  әрбiр  жауабы,  ұсынысы,  идеясы,  шешiмi  құнды  болып 
есептелетiнiн  және  бағаланатынын  ескерту  керек.  Әр  сабақта  жаңа  
тақырыпты  өздерi  оқып,  жұбымен,  одан  соң  топта  талдап,  мысалдар 
келтiредi.  Топта  әрқайсысы  өз  ойын,  идеясын  ортаға  салып,  шешiм 
қабылдауды  үйренедi.  Бұл  жерде  Барнстың  «Оқыту  мұғалiмдi  селқос 
тыңдағанда  емес,  сөйлеу,  талдау,  дәлелдеу  нәтижесiнде  iске  асады»  деген 
пiкiрiн басшылыққа алдым.  
Жұппен  жұмыс  істеу  кезінде  сыныптастарды  бағалау  және  өзін-өзі 
бағалау – бұл балалардың бір-бірінің жұмыстарына немесе өз жұмысына жай 
баға  қоюдан  біршама  өзгеше.  Оқыту  үдерісін  жақсарту  үшін  бұл  әрекет 
балаларды  өз  жұмыстарының  сапасына  қатыстыруы  және  оны  қалай 
жақсартуды ұғынуына көмектесуі тиіс.  
Сыныптастарын  бағалау  балаларға  бір-біріне  құнды  кері  байланыс  ұсынуға 
мүмкіндік  береді,  осылайша,  олар  бір-бірінен  үйренеді  және  бірін-бірі 
қолдайды.  Бұл  оқыту  үдерісінің  бағалы  өлшемін  ашады:  қарым-қатынас 
жасау,  талқылау,  түсіндіру  және  бір-бірін  тартысқа  шақыру  мүмкіндігі 


жүктеу 5,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау