170
Маған не қиын болып көрінді? Не күрделі болды? Мен енді нені үйренгім
келеді? Бұл сұрақтар оқу үдерісіне талдау жасауға мүмкіндік береді.Сонымен
қатар ынталандыру үшін бағалау қажет. Мұғалім өзінің әр сабағына
рефлексия жасауы қажет, ол үшін мынадай сұрақтарға жауап жазу керек.
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу
мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс
жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ
жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? Осындай өзіңіз маңызды
деп санайтын сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ бойынша рефлексия
жасау тиімді. Ынтымақтастқта бірін-бірі оқыту арқылы оқушылардың өзін-
өзі реттеуді үйренгенін байқадым. Ынтымақтастықта бірін-бірі оқытудың
белсенді әдістерінің бірі «Қарлы кесек» ойыны. Бұл ойынды белгілі бір
тақырыпты өту үшін қолдануға болады. Нәтижесінде бірін-бірі оқытады.
Қорыта келгенде, сабақтарды осындай әдіс – тәсілдермен өткізу
арқылы мен оқушылардың білімді өз бетімен оқып-үйрене алатынына,
өзінің оқуы үшін өзі жауапты екендігін сезінетіндігін, қызығушылықтары
оянып,
белсенділіктері
артатындығын,
олардың
ой
еркіндігі
дамитындығына көзім жетті. Қазіргі сабақ барысын заманауи
технологиясын қолдана отырып, балаларды білім нәрімен сусындатсақ,
алдымыздан «Ұстаздан шәкірт озар» -дегендей небір білімді шәкірттер
шыға берсе, олардың білімді, білгір азамат қылып шығарсақ, нұр үстіне
нұр болар еді.
Әдебиеттер
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІ- деңгей, 6-бет.
2.Үлестірмелі материалдар екінші апта.
3. Математика пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру
курсының білім беру бағдарламасы.
171
КРЕАТИВТІ НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ДАРЫНДЫ
БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
Кожагельдинова Гульназы Нигиметовна,
директордың ғылыми-әдістемелік
жұмыс жөніндегі орынбасары
«Жас дарын» мамандандырылған мектебі,
Павлодар қ.
Резюме
В статье освещается система работы с одаренными детьми, нацеленная на
креативный результат. Теоретические доводы основаны на практических
примера, доказаны конкретными достижениями. Материал может быть
рекомендован для учителей.
Summary
In this work the author's opinion about the system of work directed to the creative
achievement of gifted children has been clarified.The theory was proved by the
results of experiment and examples.Generally,this work can be used by teachers.
Дарынды оқушылармен жұмыс жасау мәселесі қазіргі қоғам үшін өзекті
болып отыр. Бүгінде мектепке жоғары талаптар қойылып жатыр. Дарынды
балалар – ұлттың зияткерлік күшінің стратегиялық артықшылығы, оның
шығармашыл өндірістік-экономикалық потенциалы. XXI ғасырдағы
экономика, адам капиталының экономикасы, білім беру жүйесі өндіріс
саласынан гөрі басым болып барады. Сондықтан да дарынды балалармен
жұмыстың мәні, күші күннен-күнге арта түспек. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың:
«Мемлекетке
бүгін
жаңа
формациядағы
адамдар,
кәсіби
мамандар,шығармашыл, стандарттан тыс ойлайтын тұлға қажет». Яғни
басқаша айтқанда, елімізді ары қарай дамытуға жауапкешілігі мол «Элита»
қажет. Біздің мектептің алдында шешуге жоспарланған мәселе: дарынды
172
балаларға арналған арнайы мектептің бағдарлы дайындығының ерекшелігін
айқындауда мектеп өмірінің жүйесін құраушы факторы – шығармашылықты
дамыту жолдарын іздестіру. Мектеп 2015-2020 жылдарға арналған даму
жоспарымен жұмыс атқаруда. Жалпы 5-жылдыққа арналған мектепшілік
тақырып «НЗМ тәжірибесіне бағытталған дарынды балаларға арналған
мамандандырылған мектеп жүйесінің моделі» болса, мақсаты «Креативті
менеджмент принциптеріне негізделген мұғалім мен оқушы үшін өзін-өзі
дамыта оқыту моделі» болып табылатын «Оқу-тәрбие үрдісіндегі мұғалім
мен оқушының өзін-өзі дамыта оқытуы: мұғалімнің, оқушының жеке
менеджменті» әдістемелік тақырыбы оқу-тәрбие, ғылыми-тәжірибелік
жұмыстарының өзектілігі мен мазмұндылығы мектеп менеджментінің
құрылым компоненттерінің өзара байланысы – ол ұжым іс-әрекетінің
әдістемелік негіздері мен креативтік педагогика мәселелеріне тіреледі.
Мақсаты: Жан жақты білімді іскер өздік ойлау жүйесі дамыған,
адамгершілігі жоғары, дені сау, барынша қабілетті жанды қалыптастыру.
Бала дарынының ашылуын өз қабілетіне сәйкестендіре дамыту, жетілдіру.
Дарынды балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.
Міндеттері: Оқушылардың ақыл ой қабілеттерін жетілдіру. Шәкірттердің
шығармашылық жеке дарындылығын дамыту. Дарынды оқушының
шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі
жарнамалауына көмек көрсету.
Күтілетін нәтижелер
1. Рухани зияткерлік және шығармашылық дарыны бар балалар санының
артуы.
2. Біздің мектеп жастарының әлеуметтік құндылық өлшемін «білім»
категориясы секілді мағынада көтеруге өзгерту.
3. Креативті нәтижеге бағытталған дарынды балалармен жұмыс істеуде
заманауи әдістермен қаруланған педагог санының өсуі.
4. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға арналған іс-шаралар
ауқымын кеңейту.
Достарыңызбен бөлісу: |