Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы



жүктеу 5,79 Mb.
Pdf просмотр
бет51/102
Дата29.01.2020
өлшемі5,79 Mb.
#27579
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   102

167 
 
балаларға  дербес  оқу  шегінен  шығатын  әрекетке  қол  жеткізуге  мүмкіндік 
береді.  Сыныптастарын  бағалау  өзін-өзі  бағалау  қабілетін  дамытуға 
көмектеседі,  ол  балаларға  өз  прогресі  үшін  үлкен  жауапкершілік  алуға 
көмектесе отырып, тәуелсіз оқуға ықпал етеді. Сыныптастарды бағалау және 
өзін-өзі  бағалау  мүмкіндіктерін  ойластырыңыз,  мысалы,  жауап  алу  кезінде 
«жұппен 
талқылау 
және 
қалғандарымен 
бөлісу» 
оқушылар  
ынтымақтастықта  бiрлесе  жұмыс  жасап,  бiлiмдi    бiрге  меңгердi,  сыни 
тұрғыдан  ойлауға,  еркiн  сөйлеуге,  ой  бөлiсуге,  өзiн  және  сыныптасын 
шынайы бағалауды үйрендi.  Бұл жетiстiк бағдарламаның нәтижесi.  
             Қазіргі заманғы мұғалімнің басты мақсаты- оқушыны терең білім алу 
мен  сапалы  ойлауды  дамытуға  жетелеу  болып  есептеледі.  Бірлескен  топ 
жұмысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, 
алынған  ақпаратты  топ  болып  түсініп,  талдап,  синтездейді,  салыстырып 
болжамдар жасай отырып ортақ шешімге келеді. Оқыту мен оқудың жаңаша 
әдіс-тәсілдерін  ойдағыдай  меңгерген  мұғалім  шәкіртін  білім  алуға 
қызықтыра  алады  және  жеке  іздеуге  дағдыландырады.  Нәтижесінде  оқушы 
еркін,  өзіндік  дәлелдемелерін  анық  жеткізе  білетін  сенімді,  сыни  ой-пікірі 
мен  көзқарастары  дамыған  болып  қалыптасады  .  Топтық  жұмыс  арқылы  ой 
қозғай отырып, өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін топ 
ішінде  талдап,  салыстырып,  реттеп,  сұрыптап,  жүйелеп,  білмегенін  өзі 
зерттеп,  дәлелдеп,  тұжырым  жасауға  бағыттау  өз  бетімен  және  бірлесіп 
шығармашылық  жұмыс  жасау  екені  мәлім.  Осылайша  оқытудың  жаңа 
мазмұнын  жасауға  бетбұрысты  әрбір  мұғалім  өзінен  бастағаны  жөн.  ҚР 
«Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және 
азаматтық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке 
адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған,  білім  алу  үшін 
қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім 
беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге 
шығу»  деп,  білім  беру  жүйесін  одан  әрі  дамыту  міндеттері  көзделді.  Бұл 
міндеттерді  шешу  үшін  мұғалімнің  күнделікті  ізденісі  арқылы  барлық 


168 
 
жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады . Сабақ беруде мұғалім 
оқушылардың  жас  ерекшелігін  негізге  алуы  керек.  Тапсырамаларды  да 
меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек. 
Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді. 
1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек. 
2.  Оқыту  үрдісі  кезінде  сабақтағы  басты  тұлға  білім  беретін  мұғалім 
емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс. 
3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек 
4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет. 
5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, 
қасиетін дер кезінде айқындау керек. 
Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы 
жүргізу  -  оқушының  өзін-өзі  дамытуына,  өз  біліміндегі  олқылықтарды  өзі 
тауып,  өз  сұрағына  өзі  жауап  іздеп  жан  –жақты  білім  алуына  көмектеседі. 
Біріккен  жұмыс  арқылы  оқушылардың  үнемі  бір-бірімен  және  мұғаліммен 
байланыста болуының маңызды екенін байқадым. Мысалы жаңа тақырыпты 
игеру  барысында  бағдарлама  бойынша  оқыту  мақсаты  санның  жуық  мәні 
ұғымын  меңгеру  болсын.  Осы  материалды  түсіндіру  үшін  мен  жұптық 
жұмысты  қолданамын.  Әр  қолданылған  тапсырманың  мақсаты  болу  керек 
және сол тапсырманы орындау барысында мұғаліммен оқушының іс-әрекетін 
төмендегідей айқындап алған жөн. 
Мақсаты.  Оқулықпен  жұмыс жасау  дағдыларын қалыптастыру  арқылы  оқу 
мақсатына  жетуге  бағыттау.  Проблема  тудырған  сұрақтарға  өз  беттерімен  
жауап алу. Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылардың жұмыстарын қадағалайды. 
Тапсырманың  орындалу  барысын  бақылайды.Сұрақ  жауап  арқылы  диалог 
құрады. Оқушылардың іс әрекеті: Оқулықпен   жұптық талқылау жасайды 
жаңа  материалды  өз  беттерінше  игереді.  Жуықтау  белгісімен  танысады, 
жуықтаудың  маңыздылығын  түсінеді,  артығымен  жіне  кемімен  жуықтауды 
біледі.Ереже  негізінде  санды  түрлі  разрядтарға  дейін  жуықтап  үйренеді. 
Қысқаша тұжырымдық жазба жазады.   


169 
 
  Жуық мән деген ұғымға синоним айта аласыз ба? 
  Егер қарбыздың  салмағы 5,112кг болса шамамен қанша дейсіз? 
  Уақыт айтқанда пайдаланасыз ба? 
1,0,2,3,4,5,6,7,8,9  цифрларын  санды  дөңгелектегенде    қалай  пайдаланамыз? 
Ережеде  не  айтады?  деген  жетекші  сұрақтар  арқылы  ой  түйіндеуге  болады. 
Мұғалім осы тақырыпты өту барысында топтық жұмысты да ұйымдастырса 
болады.  Мысалы  сыныпты  топқа  бөліп  әр  топқа  практикалық  тапсыраны 
орындату  арқылы  белсенді  оқытудың  «Мен  өзім  жасаймын,Мен  өзім 
түсінемін» ұғымын іске асыруға болады. Бұл тапсырманың  мақсаты: Жаңа 
ұғымды  қоршаған  ортамен  байланыстырады.  Шығармашылық  тапсырманы 
орындату арқылы тақырыпты меңгеруін қадағалау. 
Мұғалімнің  іс-әрекеті:  Оқушылардың  жұмыстарын  қадағалайды.Топқа 
бөледі.Топ ережесін сақтауды еске түсіреді. 
Оқушылардың іс әрекеті: Қоршаған ортамен байланыстырып практикалық 
тапсырманы  орындайды.  Орындаған  өлшеу  жұмыстарының  нәтижесін 
айтады және 1, 2, 4 – топтардың орындаған өлшеу жұмыстарының мәні жуық 
шама,  3-топтың  есептеген  100  қораптағы  1200  қарындаштың  нақты  мән 
екенін  айтады.Шыққан  нәтижелерді  ондық  үлеске  дейін  дөңгелектейді.  Топ 
тапсырмаларын төмендегідей үлгіде болуы мүмкін.  
1 -топ. Партаның ұзындығын өлшеп, нәтижесін жазу; 
2-топ. Сынып бөлмесінің ұзындығын өлшеу, нәтижесін жазу; 
3-топ.  Әр  қорапта  12  қарындаш  бар,  осындай  100  қорапта  неше  қарындаш 
бар? 
4-топ. Кез келген бұрыш салып, бұрыштың шамасын транспортирмен өлшеп, 
нәтижесін жазу. 
Дескриптор:   Білім алушы: 
  Өлшеу нәтижесін жазады 
  Шыққан мәнді дөңгелектейді 
Топтық кері байланыс жасаудыда ұмытпаған жөн .Мен нені үйрендім?  


жүктеу 5,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау