Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы



жүктеу 5,79 Mb.
Pdf просмотр
бет47/102
Дата29.01.2020
өлшемі5,79 Mb.
#27579
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   102

155 
 
әдістемелік  білім  мен  қабілеттерге  ие  болу  керек.    Бұл  әдістемелік 
ұсынымдар қазіргі уақытта үлкен сұранысқа ие. 
 2016-17  оқу  жылынан  бастап  мектепшілік  педагогикалық  «Тілашар» 
журналы  шыға  бастады,  ол  жерде  үштілділік  мәселесі  бойынша  мұғалімдер 
өздерінің жұмыстарын жариялайды – ол авторлық бағдарламалар, мақалалар, 
сабақ  жоспарлары,  сабақтан  тыс  және  сыныптан  тыс  іс-шаралар 
сценарийлері. Бұл журнал – үштілді оқыту бойынша шығармашылық жұмыс 
істеп  жатқан  мектеп-интернат  мұғалімдерінің  инновациялық  қызметінің 
жақсы дәлелдемесі.  
Британ  мектептерінің  тәжірибесінің  бір  элементі  болып  15  минуттық 
көркем  әдбиет  оқу  –  оқушылардың  академиялық  және  функционалды 
сауаттылығының  негізі  болып  табылады.  Оқушыларды  кітап  оқуға  баулу 
және  функционалды  оқу  сауаттылығын  дамыту  мақсатында  2013  жылдың 
қыркүйек  айынан  бастап  күнделікті  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдеріндегі 
15  минуттық  көркем  әдебиет  оқу  енгізілді.  Бұл  инновацияның  мониторингі 
оқушылардың  үш  тілде  кітап  оқуға  деген  қызығушылығының,  оқу 
техникасының жақсаруының, мектеп кітапханасындағы кітап алуды ұлғайту 
және  балалардың  бос  уақытында  кітап  оқуды  жалғастыруға  деген 
ынталарының дамуына септігін тигізгенін көрсетеді.   
Үштілділік  идеясы  сыныптан  тыс  тәрбие  жұмыстарында  да  жүзеге 
асырылады,  яғни  оқушылардың  орыс  және  ағылшын  тілдеріндегі 
тақырыптық  үйірме  және  жобалық  қызметі  ұйымдастырылады[5].  Мектеп-
интернат  оқушылары  жыл  сайын  ғылыми  жарыстарда  жетістікпен 
қорғалатын  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерінің  мәселелрі  бойынша  ғылыми 
жобалар  дайындайды.  Оқушылардың  зерттеу  жұмыстарының  ішінен 
келесілерін  атап  айтуға  болады:«Изучение  английского  языка  молодежью: 
модная тенденция или веление времени», «Язык и время», «Сложная игровая 
форма  в  призме  полиндрома»,  «Исследование  происхождений  и  значений 
магических  слов  и  выражений  на  английском  и  русском  языках  в 
произведении Дж.Роулинг «Гарри Поттер» және тағы басқалары. Вокал, хор, 


156 
 
домбыра,  хореография  үйірмелерінде  шығарманың  тақырыбы  мен  мазмұны 
арқылы  оқушыларды  қазақ,  орыс  және  ағылшын  мәдениетіне  араластыру 
жұмысы  жүргізіледі.  Кез  келген  халықтың  рухани  мұрасының  негізі  болып 
тілі  саналады.  Тіпті  бір  шығарманың  тақырыбын  білу  арқылы  оқушы  әр 
тілдегі өзінің лексикалық сөздік қорын молайтады.  
Үлкен  оқу  және  тәрбие  потенциалына  «Пікірталас»  зияткерлік 
ойындары ие болып отыр. Мектеп-интернатта пікірталастан қазақ лигасынан 
басқа  орыс  және  ағылшын  лигалары  да  құрылған.  Біздің дебатерлар  мектеп 
намысын  орыс  және  ағылшын  тілдерінде  қорғай  отырып,  облыстық  және 
республикалық байқауларға қатысып жүр.  
Бүгінгі  күні  мемлекеттің  үштілділік  саясатын  жетістікті  жүзеге 
асырудың  факторы  педагог  мамандардың  сапасы  екені  жасырын  емес. 
Қазақстандық  мектептердегі  жаратылыстану-ғылыми  пәндерді  оқыту  үшін 
ағылшын тілін меңгерген педагогтардың пайызы, өкінішке орай жеткіліксіз. 
Үштілді  білім  беруді  енгізу  жағдайларында  мектеп-интернаттың  педагог 
мамандармен қамтамасыз етілуінің талдауы мұғалімдердің 5% ағылшын тілін 
еркін  меңгерген  (және  бұл  ағылшын  тілі  пәні  мұғалімдері)  және  15% 
ағылшын тілін біршама меңгергендігін көрсетті. Бұл мұғалімдердің көпшілігі 
педагогикалық жоо-ны енді ғана аяқтаған жас мамандар. Пәндерді ағылшын 
тілінде оқытуды енгізе отырып, осы мұғалімдерге мол сенім артылады.  
Қазіргі  уақытта  мектеп-интернатта  ағылшын  тілін  меңгерген 
жаратылыстану-ғылыми  циклдағы  пән  мұғалімдеріне  деген  қажеттілік 
туындап  отыр,  бұл  мәселені  шешудің  жолдары  көп  болмаса  да,  біз  бұл 
сұрақты  өз  күшімізбен  былайша  шешіп  жатырмыз,  яғни  биология,  физика, 
химия,  информатика  пәндері  мұғалімдері  оқуға  дайын,  ең  қуантарлығы 
олардың  ағылшын  тіліндегі  базалық  білімдері  бар.  2017  жылдың  сәуір 
айынан бастап химия пәні және информатика пәні мұғалімдері тоғыз айлық 
тілдік курста өндірістен қол үзбей оқып жатыр.  
Дүниежүзі  тарихы  мен  географияны  орыс  тілінде  оқытуды  енгізу 
жағдайы  бірқалыпты  болып  табылады,  себебі  біздің  тарих  және  география 


157 
 
пәндері мұғалімдері орыс тілін функционалды деңгейді меңгерген, яғни олар 
орыс тілінде сөйлей алады және түсінеді, сондықтан оардың алдында тұрған 
міндет  –  тілді  мағыналық  деңгейде,  яғни  сол  тілде  оқып,  жазып,  ойлай  алу 
үшін үйрену.  
 
Қазіргі  кезеңде  мектеп-интернаттың  дарынды  балаларды  оқыту  мен 
тәрбиелеуде  үштілді  оқытуды  ұйымдастыру  бойынша  өз  болжамдары  бар, 
бұл бағытта нақты жұмыстар мен жоспарлар да бар, келешегі мен ресурстары 
да  бар.  Жинақталған  тәжірибе,  педагогтардың  кәсіби  және  жеке 
ұмтылыстары,  ресурстар,  сонымен  қатар  уақыт  ресурсы  2019  жылдың 
қыркүйек  айына  мектеп-интернатта  үш  тілде  сапалы  білім  беру  үрдісі  іске 
қосылады деп пайымдауға мүмкіндік береді.  
Әдебиеттер тізімі. 
1. Назарбаев Н.А. «Взгляд в будущее: модернизация общественного 
сознания». 
www.akorda.kz/ru
  
2. Елбасының 100 нақты қадамын жүзеге асыру бойынша ұлт жоспары. 
Білім беру жүйесіндегі ағылшын тіліне кезеңімен көшу – жоғары мектеп пен 
жоо-да (79 қадам). 
www.adilet.zan.kz  
3.  Үштілді  білім  берудің  дамуы  бойынша  іс-шаралар  жоспары  (ҚР 
Мемлекеттік  хатшысының  Бұйрығымен  бекітілген  30  қазан  2015  ж.  №11). 
www.zakon.kz/mon-rk
 
4.  2016-2019  жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасының  білім 
беру ісін дамыту бағдарламасы.
 www.zakon.kz/mon-rk
 
5. 2015-2020 жылдарға арналған үштілді 2015-2020 жылдарға арналған 
үштілділі  беруді  дамытудың  жол  картасы  («2015-2020  жылдарға  арналған 
үштілді  білім  берудің  жол  картасын  бекіту  туралы»  білім  және  ғылым, 
мәдениет  пен  спорт,  инвестициялар  министрлігінің  біріккен  бұйрығы). 
www.control.edu.gov.kz/kk/kazakstan
 
6.  2011-2020  жылдарға  арналған  тілдерді  дамытудың  мемлекеттік 
бағдарламасы.
 www.adilet.zan.kz
  
7. Хрипко А. Как учить чужой язык. М., Скифия-принт, 2004.  


жүктеу 5,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау