Лекция 1
Тақырыбы: Сандық талдауға кіріспе.
Жоспар
Сандық талдауға кіріспе. Талдаудың түрлері.
Сандық талдаудың қолданылуы
3. Сандық талдау әдістерінің жіктелуі
1.Сандық талдауға кіріспе. Талдаудың түрлері.
Аналитикалық химия- заттың құрамын анықтау туралы ғылым. Оның басты мәселесі химиялық талдаудың теориясының мәселелерін шешу, бұрыннан қалыптасқан теорияны жетілдіру және нақты және жылдамырақ жасалатын жаңа талдау әдістерін жасау мәселелерін қарастыру болып табылады.
Аналитикалық химияның міндеті - ғылыми зерттеудегі талдаудың химиялық және физика-химиялық әдістерінің теориясын, процестерін және іс-әрекетін жетілдіру.
Зерттеу нысандарына байланысты аналитикалық химияны бейорганикалық және органикалық талдау деп бөлуге болады.
Сандық талдау - талданатын сынамадағы заттардың сандық құрамын анықтауға бағытталған.
Алдымен сапалық талдау жасалады, ол талданатын үлгінің құрамына қандай элементтер (элементтер, иондар, молекулалар) кіретіндігі анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |