42
1. Білім алушыларға олардың білім сапасы туралы;
2. Мұғалімдерге оқушылардың оқу жетістіктері туралы;
3. Ата-аналарға балаларының оқу мақсаттарына қаншалықты жеткендігі
туралы.
Сондай-ақ білім беру бағдарламасы критериалды бағалау жүйесін
енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың
тиімділігін арттыруды талап етеді. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана
тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім
іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Критериалды
бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлер
бойынша кезеңдердің нақты жиынтығымен қалыптастырушы бағалау және
жиынтық бағалау арқылы өлшеніп, екшеліп барып қойылады. Оқушыларды
осылайша бағалау әрекеті – баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады.
Бұл – бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып,
ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау
күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және
тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз
жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты
қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға
мүмкіндік береді.
Мен, мектеп үйлестірушісі ретінде критериалды бағалау бірінші
сыныпта енгізілумен қатар, жалпы гимназия осы бағытта жүргізіліп жатқан
жұмыстардың нәтижелерін бағалау, реттеу , даму динамикасын көру үшін
гимназияда облыстық семинар ұйымдастыруға қатысып, өз тәжірбиеммен
бөлістім. Облыстық мектептердің үйлестірушілері және мектеп тренерлері
мен практик мұғалімдердің тәжірбиелері мен танысу мақсатында. «Алматы
облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинетімен бірлесіп
семинардың жүргізілу барысы мен күн тәртібін құрастырдық. Семинардың
тақырыбы «Қалыптастырушы бағалау - оқыту тәсілі»
43
Тәжірибелік дискуссиялық бөлім «Іс-әрекеттегі зерттеу» үдерісін тәжірибеге
ықпалдастыру жолдары атты коучинг арқылы жүргізілді, коучинг
жүргізушісі, Қазығұлова Гаухар Ясынқызы – Талдықорған қаласының
«НЗМ» аға менеджері.
«Қалыптастырушы бағалаудың пәндік білім сапаны арттыруға
ықпалы» атты шебер –сыныпты мен мектебіміздің тренер-мұғалімі Арынов
Бақытнұр Тохтиярұлымен бірлесіп жүргіздім.Семинар барысында
гимназиямыздың бастауыш сынып мұғалімдері критериалды бағалау
бойынша ашық сабақтар көрсетіп, өз іс-тәжірбиелерін тарқатты. Мұғалімдер
сабақтарының барысында мынандай нәрсеге көңіл аударып отырды:
Оқушыларды сабақтың әр кезеніңде бағалап отыруы
Дарынды оқушы мен үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл
бөлу
Сабақта әр оқушыға үнемі қолдау көрсету.
Семинардың соңында мұғалімдер, қонақтар, тренерлер арасында кері
байланыс жүргізілді, критериалды бағалау туралы әр түрлі пікірлер берілді.
Сабақта дескрипторды 1-4 сыныпта қолдану дұрыс, қажет делінсе, 5-7
сыныпта барынша азайтып, 8-9 сыныпта тек тапсырмалар мен
қалыптастырушы бағалау жүргізу арқылы заманымызға сай ұрпақ
тәрбиелейміз деген ұсыныстар айтылды.
Қорыта келгенде осы оқу жылы үйрену және тәжірибе алмасу болса, келесі
оқу жылында мен мектеп үйлестіруші ретінде жоспарланған іс-әрекеттерімді
яғни: «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында қолданылатын критериалды
бағалау туралы» семинарлар, дөңгелек үстелдер,ата -аналарды критериалды
бағалау жүйесімен таныстыру, мұғалімдердің сабақтарына қажеттілігіне
қарай кеңестер беріп, әдістемелік қолдау көрсетуді жалғастырамын.
Оқыту мен оқудың озық тәсілдерін меңгермей оқушыға сапалы білім беру
мүмкін еместігі дәлелденуде.Үйренсем, білсем, қолдансам деген мақсат тек
оқушыда ғана емес, ұстаздарда да болу керек. Ұдайы оқу болмаса жан-
жақты, сапалы маман болу мүмкін емес.Табыстың жоғары деңгейіне ойлау
44
арқылы жетуге болады. Біздегі оқыту ойланудан гөрі механикалық жаттауға,
өзіндік пайымдалмаған дайын жауаптар берумен шектеледі. Бұл бағыттан
өзгеру үшін мұғалімдерден үздіксіз оқуын жалғастыруларын талап
етемін.Неге үйретсек, нені талап етсек соны көре білуге дағдылану қажет деп
ойлаймын.Сөзімнің соңын атақты педагог Сухомлинский Владимир
Анатольевичтің сөзімен аяқтағым келеді: «Мұғалім шыншыл, батыл,
төзімді, оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білетін әділ
адамдар».«Баға бұл тәрбие берудің ең бір нәзік құралы. Баға аз болсын,
бірақ оның әрбірі салмақты, маңызды болсын».
Пайдаланылган әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған үлестірме материалдар (Астана -2016ж)
2. Оқытудың
нәтижесін қалыртастырушы және жиынтық бағалау
«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ (Астана-2014)
3. Сыныпта оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау. Оқу -әдістемелік құрал.
«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ (Астана-2104 ж)
4. Оқыту үшін бағалауды жүзеге асыру. «Назарбаев зияткерлік мектептері»
ДББҰ (Астана -2015ж)
45
БІЛІМДІ ҰРПАҚ – БІЛІКТІ ҰСТАЗ БЕЙНЕСІ
Алпыспаева Салтанат Амантаевна,
жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі,
дарынды балаларға арналған № 3 облыстық
мамандандырылған мектеп-интернаты
(қазақ тілінде оқытылатын)
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы
Елдің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздың қолында.
Н .Ә. Назарбаев
Резюме
Учитель - человек, сеющий семена доброго, разумного, прекрасного,
вечного. Воспитатель, наставник, проводник в мир знаний. Полагаю, что
обучая других, он и сам должен стремиться к безупречности, духовно
обращаться, анализировать и свое поведение по отношению к другим.
Обучая детей ему необходимо самому учиться не только из обычных
источников, но и у детей. Их чистота, миропонимание, мировоззрение,
способность удивляться казалось бы, самым обычным вещам - святые
чувства. Учителем стремится быть также каждый родитель, ведь уже в семье
ребенку накладываются основы воспитания, его взаимоотношения и
понимание окружающего мира, общества в котором он живет.
Summary
A teacher is a man, sowing seed kind, reasonable,wonderful, eternal. Educat
or, tutor, explorer in the world ofknowledge. I suppose that teaching other, he and
mustaspire to the blamelessness, spiritually to apply, analyse thebehavior in relatio
n to other. Teaching children he needs tostudy not only from ordinary sources but a
lso for children.Their cleanness, attitude, world view, ability to be surprised itwoul
Достарыңызбен бөлісу: |