әдісі және білімді адамдық және техникалық ресурстарды ескере отырып игеру және білім
берудің ең тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың ӛзара ынтымақтастығы.
Соңғы жылдары біздер отандық білім беру кеңістігінің барған сайын жаһандана түсу
процесінің куәгері болып отырмыз. Ал бұл процестің шын мәнісінде оны
орындаушыларды күтпеген тосын жағдайларға тап қылатын ӛте күрделі процесс екендігі
дау тудырмаса керек. Оқу орындарының білім беру стандарттары жағдайына кӛшуі, яғни
стандарттау процесі ӛкінішке орай, кажетті әдістемелік дайындықсыз, педагогикалық
технологияның рӛлі мен қызметін толық түсінбеушілік жағдайында басталды. Сонымен,
педагогикалық технология дегеніміз – ұстаздың кәсіби қызметін жан – жақты қамтамасыз
ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың бдасты кепілі бола алатын
технологиялық іс шаралар жиынтығы.
Адамзат қоғамының қай кезеңінде болмасын, жаңалыққа жаны құмар,
шығармашылықпен жұмыс істейтін ағартушы ұстаздар болған. Егер әлемдік педагогика,
психология, әдістеме ғылымдарының озық ойларын ӛз тәжірибелерінде шебер
пайдаланып, шәкірт құрметіне бӛленген. Мысалы, ұлы педагог Я.А. Коменскийдің
кластық-сабақтық жүйесі, халқымыздың тұңғыш ағартушысы Ы. Алтынсариннің қазақ
балаларын сауаттандыруға арналған хрестоматиясы, орыс ойшылдары К.Д Ушинский мен
А.С. Макаренконың педагогикалық толғаныстары, кейінгі жаңашыл әдіскер ғалымдар
В.Т. Шаталовтың, С.Н. Лысенкованың, Н. Таызинаның, П. Гальпериннің, Қ.
Қабдықадырұлының, Ж. Қараевтың және тағы басқалардың әдістемелік жаңалықтары қай
кезде де ӛз ӛміршеңдіктерін дәләлдеп келеді. «ҚР Білім туралы заңында» оқыту
формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда кӛпнұсқалық қағидасы бекітілген. Бұл ӛз
кезегінде білім беру мекемелері қызметкерлеріне ӛзіне ыңғайлы әдісті қолдануға,
педагогикалық процесті кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік
береді.Олай болса, жаңашыл ұстаздар ұсынған оқытудың жаңа технологиялары еліміздің
білім беру жүйесінің басты заңдылықтарына сәйкес келетін, тиімділігі практикада
дәлелденген әдіс-тәсілдер жиынтығы екені анық.
Ӛткен ғасырдың 90-жылдарындағы педагогикалық технологиялар оқу- тәрбие
үрдісінде информациялауды, яғни ақпараттандыруды ұсынып, оқушы мен мұғалімнің
ӛзара қолайлы да тиімді іс-әрекетінің модельдік жүйесін жасауға ден қойса (в. Монахов,
Т. Назарова, М. Кларин, т.б.), 2000 жылдардан бастап, оқушының дербес қабілеттерін
ескеру, оның логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру мақсатын орындауға талпынады.
(Ж. Қараев, Ш. Таубаева, М. Жанпейісова, т.б.)
Жалпы «Технология» сӛзі латынның «техно»- ӛнер, шеберлік, кәсіп және «логос»-
ғылым деген сӛздерінен алынған. Қазақ тілінің түсіндірме сӛздігінде «Технология» сӛзіне
тӛмендегідей түсінік берілген: «Технология – техника туралы ғылым. Техника дегеніміз –
шығармашылық, білім, біліктілік, жұмыс тәсілдері мен оларды істе пайдалану». Ӛндіріс
жағдайында технология – алдын-алуа кӛзделген белгілі-бір нәтижеге жеткізетінғылыми
алгоритмдердің тәсілдер мен құралдардың жүйесі.
Білім теориясы мен практикасына арналған зерттеулерде «Технология» терминінің
тӛмендегідей мәндері кӛрсетілген «алдын –ала жоспарланған мақсатқа жетуге
бағытталған білімдегі оқушылар әрекеті тізбегінде қалыптасқан әртүрлі құралдарды
пайдалану арқылы білім үрдісін нақты ұйымдастыру»- норматив, тәртіп және білім
үрдісіне
қатысушылардың
ӛзара
қарым-қатынас
принциптері,
педагогикалық
коммуникация жүйесі және оқу мен тәрбие үрдісін басқаруды кӛрсететін және реттейтін
анықталған құжат.
Жалпы уақыт ӛте заман талабына сай оқу үрдісіндегі дәстүрлі әдіс-тәсілдердің қайта
қаралып, оларға елеулі жаңалықтардың енгізілуі – заңды құбылыс. Сондықтан,
дидактикадағы жаңа технологияларды, инновацияларды ғылымдағы жетекші бағыттарға,
әлемдік педагогика мен психологияның дәстүрлі классикалық қағидаларына сүйену және
белгілі-бір уақыт аралығында дәстүрлі педагогикалық идеяларды қайта қарау, жаңғырту
деп түсінуге болады. Бұдан әдістеме ғылымының қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан
әдіскер-ғалымдардың ғылыми ізденістерінің үздік тұстары заман ӛте келе қайта қаралып,
түрлене түсетінін кӛреміз.
Анықтамалар:
- технология - сӛзі латынның «техно»- ӛнер, шеберлік, кәсіп және «логос»-
ғылым
деген сӛздерінен алынған
- педагогикалық технология – практикада іске асырылатын белгілі бір
педагогикалық жүйенің жобасы.
- Инновация ( «новация» - жаңа, жаңашылдық; «ин» «қайталанатын» процесс,
құбылыс, оқиға, т.с.с. білдіретін жұрнақ) бар, әрекет етуші нәрсенің ішінде
жаңаның пайда болуын, дамуын білдіреді.
- Педагогикалық
инновация (жаңаны ендіру) – жаңашылдықты (жаңа
құралдарды, әдістерді, әдістемелерді, технологияларды, бағдарламаларды және
т.с.с.) меңгеру процесі.
- оқыту технологиясы – оқу - әрекеті мен оқытуды ұйымдастырудың амал, әдіс,
тәсілдерін қолдану теориясы.
Біздің пайымдауымызша, оқу процесін жобалаудың технологиялық дәрежеге шығуы
және бұл жобаның ойдағыдай орындалуы ұстаздың кәсіби деңгейін одан әрі арттыра
түседі, оның тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, оқытушының оқу прцесіндегі
рӛлін күшейтіп, оқытушының шығармашылық жағынан дамуына мүмкіншіліктер
тудырады. Ал бұл оқытушының жаңа рӛлі мен қызметі болып табылады.
Негізгі әдебиеті:
1.Құлмағамбетова Б. Айтжанова П, т.б. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –Алматы, 2000
2.Нұржан Ж. Қазақ тілін оқыту технологиясы. –Алматы, 2003
№2. Дәріс тақырыбы:
Білімдегі инновациялық процестер
Қаралатын мәселелер: 1 Білімдегі инновациялық процестің ұғымы мен мәні
2. Инновациялық білім процесінің негізіндегі педагогикалық проблемасы
Әлеуметтік ӛмірдің барлық саласында ең басты ӛзгерістері ғылымдағы және
мәдениеттегі процесс, педагогикалық қызметтің ортасындағы жаңа қажеттіліктер, білім
жүйесңін жаңашалау (модернизациалау) қажеттігіне әкеледі. Бұл саланы әрі қарай
дамуының, мүмкін жолдарының бірі инновациялау,яғни құрудың атқару процестері,
қабылдауы, бағалары педагогикалық жаңа тәртіптерді меңгеру және қолдану. Бұл білімнің
оқытудың және тәрбиенің әдісі мен түрлерінің, білім орындарының жұмыстарын
ұйымдастырудың және атқаруының және т.б. барысында қатысы бар.
“Инновация” термині, ағылшын тілінің innovation сӛзінен шыққан, аударғанда
“жаңашылдықты енгізу” (жаңа тәртіп). 50-жылдың аяғында Германияда, АҚШ-та және
басқа елдерде педагогикалық жаңа тәртіптерді оқу және талдап қорыту жӛнінде
орталықтар құрыла бастады, білім саласындағы жаңашылдықты енгізуге арнайы мерзімді
басылымдар шығара бастады.
Біздің елімізде тура сол процестер ӛтіп жатты, бірақ олар басқа түрде аталды. Мәселе,
сайлау енгізуі туралы, педагогикалық тәжірибені тарату, оны практикалық
қызметкерлермен үлгі алу дайындығы мен мүмкіндігі оның бағасының тәсіліне және
ұсынылған жаңа тәртіптің жаңалығы туралы болады.
Әдетте, жаңа тәсілмен дәстүрлі проблеманы шешіп кӛру нәтижесінде , фактілерді
жинақтау мен зерделеудің ұзаққа созылған процесінің нәтижесінде жаңашылдардың
мәнін алып жүретін жаңа сапаның туған кезінде инновациялар пайда болады.
Казіргі заман инновацияларының кӛшпелігі тарихи тәжірибемен сабақтас және
ӛткенмен ұқсастықта. Инновациялық процесті-бұл даму жағынан, мақсатты бағытталған
және құрылуы жағынан саналы процесс казіргі заманның идеаларын (ойларын)(теориялар,