Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет15/31
Дата28.12.2019
өлшемі0,85 Mb.
#25314
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31

жеделдете оқыту; оқу үрдісін оқушының сезінуі; барлық білім алушылардың дамуы үшін 

жүйелі  жұмыс  істеу  тәрізді  ұстанымдарды  басшылыққа  алады  [11].  Ғалымдардың 

зерттеулері  оқу  әрекеті  және  оның  субъектісін  қалыптастыруға  бағытталған.  Аталған 

технология  білім  алушыны  бағдарлама  бойынша  тапсырманы  орындай  білуге,  берілген 

тапсырманы  жаттап  алуға  емес,  оның  мазмұны  мен  мағынасына  мән  беруге  үйретуді 

кӛздейді.  Тапсырманы мұғаліммен бірігіп орындауға, бір-бірімен пікір алмасуға, бірлесіп 

қорытындылап,  бағалай  білуге  дағдыландыруды  мақсат  етеді,  олардың  ӛз  бетімен 

ізденуіне  жол  кӛрсетеді.  Бұл  технология  ‹‹оқушы  мұғалімнің  оқыту  әрекетінің  объектісі 

емес,  оқудың  ӛзін-ӛзі  ӛзгерте  алатын  субъектісі  болады››  деген  қағиданы  негізге  алады. 

Субъектісі  болу  дегеніміз  −  ол  ӛзін-ӛзі  ӛзгертуге  қажеттілік  болу  және  оған  оқу  арқылы 

қол  жеткізу.  Яғни,  оқығысы  келу,  оқуды  ұнату  және  оқи  алу.  Бұл  жерде  білімді  игеру, 

іскерліктері  мен  дағдыларының  қажеттіліктері  жоққа  шығарылмайды,  алайда  тек  мақсат 

ретінде  емес,  оқушыны  дамытудың  ӛзіндік  құралы  ретінде  ғана  қарастырады.  Мұғалім 

оқушының  ӛз  бетімен  ізденуіне  жол  кӛрсетуі  қажет.  Дамыта  оқыту  технологиясы  жеке 

тұлғанының ӛзін-ӛзі  дамытуына және оның ӛзіндік шығармашылық  қабілетін арттыруға, 

қажетті  іскерліктері  мен  дағдыларын  қалыптастыруға  баулиды,  ӛз  мүмкіндіктерін 

пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.  

       Бұл  технологияда  баланың  ізденушілік,  зерттеушілік  әрекетін  ұйымдастыру  басты 

назарда  болады.  Ол  үшін  оқушы  осы  уақытқа  дейін  ӛзінің  алған  білімінің  жеткіліксіз 

екендігін  сезінетіндей  болуы  қажет.  Содан  барып  оның  білім  алуға  деген  ынтасы  мен 

қызығушылығы  артады.  Сабақ  оқу  мақсатының  қойылуы,  оны  шешудің  жолдарын 

бірлестіре  қарастыру,  шешімнің  дұрыстығын  дәлелдеу  тәрізді  бӛліктерден  тұрады.  

Оқушы  теориялық  материалды  жалаң,  жаттанды  түрде  емес,  қарапайым  бақылаулар 

жасау,  зерттеулер  жүргізу  арқылы  меңгеруі  керек.  Дамыта  оқытуда  қойылатын  сұрақтар 

ойлауды,  пайымдауды  қажет  ететіндей  проблемалы  сұрақтар  болуы  қажет.  Дамыта 

оқытуда сабақта жаңа материалды талдауға кӛп кӛңіл бӛлінеді. Талдау ізденістен тұрады. 

Талдау жасау барысында мұғалім баланың ой-пікірін бақылауға мүмкіндік алады. Дамыта 

оқыту  жүйесінде  мұғалім  оқушыларды    «жақсы  оқитындар»,  «жаман  оқитындар»  деп 

бӛлмей, барлық балардың дамуы үшін жағдай туғызуды мақсат етіп қояды. Мұғалім мен 

оқушы арасындағы қатынас ынтымақтастыққа, ӛзара сыйластыққа негізделеді.  

       Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінде  дамыта  оқытудың  ғылыми-әдістемелік  негізін 

зерттеп,  оны  теориялық  ойлаумен  жаңа  бағытта  қарастырған    Н.Құрманова  қазақ 

мектептерінің  5-11  сыныптарында  сӛз  тіркесін  дамыта  оқытудың  әдістемесін  ұсынды. 

Әдіскер «Дамыта оқыту технологиясының негізінде  теориялық білім басты орында болуы 

керек деген болжам жатыр. Оқушының біліктілігін (интелект) қалыптастыруда теориялық 

білім  мен  соны  оқыту  барысында  мазмұндық  топтастыру    жасай  алу  қабілетін  дамыту 

үлкен  орынға  ие  бола  алады.  Яғни,  оқушының  оқу  процесі,  дәстүрлі  оқытудағы 

эмпирикалық-индуктивтік    типтен  қызығушылығын    дамытып  отыратын  теориялық-

дедуктивтік  типке  қарай  ӛседі.  Олай  болу  үшін,  осы  мақсатқа  сәйкестендіріліп  арнайы 

жасалған білім мазмұны болуы керек және ол білім мазмұнын оқытуды  дәстүрліден тыс 

арнайы  әдістер  арқылы  ұйымдастырылуы  керек.  Соның  негізінде  ғана  оқушылардың  

теориялық  ойлауы  дамиды»  деп  тұжырымдайды.  Дамыта  оқытуда  «оқушы  құбылысты 

танудың  принциптерін»  меңгеретінін,    «дағдыларды  игеру  үшін  оқушы  берілген 

жаттығуды  орындаудың,  тапсырманы  орындаудың  шарттарын  зерттеп  тани  алатын 

дәрежеде»  болуы  керектігін,  «қарастырып  отырған  құбылыстың,  нәрсенің  бойындағы 

белгілерді бар қылып тұрған ішкі қасиеттерді, заңдылықтарды және олардың арасындағы 

тұтас  қылып  тұратын  байланыстар  мен  қатынастарды  зерттеп  тани  алатын  дәрежеге 

жеткен оқушы  - дамыта оқыту технологиясының күтетін нәтижесі» болып табылатынын 

айтады  [12, 5]. 

       Л.В.Занковтың  педагогикалық  жүйесі    оқушылардың  ӛзіндік  дамуы  мен  оқыту 

барысының  құрылуы  арасындағы  байланыстың  сипаттамасын  ашып  кӛрсетуге 

бағытталған.  Оны  қызықтырған  ең  басты  сұрақ  –  даму  механизмі  болды.  Ғалымды 



баланың  қандай  болмасын  жетістікке  ӛз  күшімен  жеткендігі  толғандырды.  Л.В.Занков 

Оқытудың күші жете ме, Ішкі факторлар баланың дамуына әсер ете ме деген сұрақтарға 

жауап табуға тырысты. 

       Эксперимент  жасау  кезінде  Л.В.Занков  оқушыларды  психологиялық  тұрғыдан 

зерттеуге баса мән берді. Осының нәтижесінде ғалым оқытудың дамуға айтарлықтай әсер 

ететінін дәлелдеді [13]. Оқытудағы ӛзгерістер оқушының психикалық сұлбасын ӛзгертуге, 

баланың  ішкі  ерекшеліктеріне  әсер  ететініні,  бірқалыпты  оқыту  барысында  баланың 

ӛзіндік  даму  сатысы  болатыны  айқындалды.  Ғалым  ұсынған  жүйеде  психикалық  даму 

басты орын алады. Психикалық даму дегеніміз ақылдың, еріктің, бала сезімдерінің дамуы, 

сонымен қатар, білімді, біліктілікті, ептілікті меңгерудің негізі ретінде қарастырылды. 

       Мұғалім  оқушының  кӛрген  заттарын  қалай  қабылдайтынына  да  ерекше  мән  беруіне 

жіті кӛңіл аударады. Оқушыға мектеп бағдарламасын жақсы немесе нашар қабылдайтын 

адам  ретінде  ғана  емес,  ӛзіндік  арманы,  қызығушылығы,  ой-толғамы  бар,  мектепке  тек 

білім алу үшін ғана емес, оқушылық жылдарын толық және бақытты ӛткізу үшін келетін 

жан ретінде қарау керек.  

       Л.В.Занковтың  жүйесі  бойынша,  сабақ  –  оқытуды  ұйымдастырудың  жетекші 

қызметін  атқара  отырып,  басқаша  сипатқа  ие  болады.  Формалар  сол  күйінде  қалып, 

мазмұны  ӛзгереді.  Сабақ  құрылымы  қалыптасқан  сабақ  кезеңдерінен  тұрмайды 

(ұйымдастыру,  үй  тапсырмасын  сұрау,  жаңа  сабақты  түсіндіру,  бекіту,  үйге  тапсырма 

беру,  бағалау).  Сабақ    қиындық  дәрежесіне  қарай  жаңа  материалды  ӛз  бетінше  немесе 

мұғалімнің  кӛмегі  арқылы  бірте-бірте  қиындата,  ӛткенді  қайталай  отырып,  ӛтілмеген 

тақырыптарға да шолу жасалып ӛтіледі. 

       Сабақта  мұғалім  мен  оқушының  сӛйлеу  ара  қатынасы  алмасады.  Дәстүрлі  оқыту 

кезінде  уақыттың  кӛп бӛлігі  мұғалімнің  сӛзімен  ӛтсе  (сұрақты  қайталауы,  оқушылардың 

жауаптарын  қайталау,  жауапты  есіне  түсіруге  кӛмектесу),  яғни  оқушылардың  сабаққа 

белсенділігін  арттыру  үшін  керексіз  сӛздерді  (ойланыңдар,  тезірек,  т.с.с.)  айтып, 

түсіндіріп,  ӛзі  қорытқан  оймен  аяқталады.  Л.В.Занков  жүйесінде  мұғалімнен  үлкен  ӛнер 

талап  етіледі.  Мұғалім  ӛзінің  жетекші  қызмет  атқаратынын  ұмытып,  баланың  ӛз-ӛзін 

кӛрсетуіне  мүмкіндік  жасап,  алғашқы  кезден  бастап  баланы  сабақта  шала  болса  да,  ӛз 

ойын,  танымын,  кӛзқарасын  жеткізуге  жетелеуі  қажет.  Сондықтан  балаларға  бір  ғана 

жауап  емес,  түрлі  жауаптары  болуы  мүмкін  сұрақтар  қойылады.  Сонда  әр  оқушы  ӛз 

түсініктерін, ойларын айтуға мүмкіндік алады. 

       Сабақта  балалардың  белсенділігі  артқанда  жұмыстық  шу,  қарама-қайшылықтар, 

күлкі,  әзіл  де  туындайды.  Ӛйткені  сабақта  ӛзара  қарым-қатынас,  шынайы  сӛйлесу,  пікір 

алмасу болады. 

       Бұл жүйенің тағы бір ерекшелігі – экскурсиялар ұйымдастыру. Егер мұғалім сабақтан 

тыс шараларды бағаламайтын болса, Л.В.Занков жүйесін іске асырған боп есептелмейді, 

Экскурсия балаларға танымның қайнар бұлағы тек кітапта мұғалімнің сӛзі емес екендігін 

танытуға кӛмектеседі. Мұғалім қоршаған орта, табиғат, тұрмыстық мәдениет, әлеуметтік 

ортаның бала танымына әсер ететіндігін ескеру керек. 

       Ал  үй  тапсырмасы  оқытуды  ұйымдастырудың  маңызды  формасы  ретінде 

қарастырылады.  Ӛйткені  үй  тапсырмасы  жазуды,  оқуды  үйретіп,  дамытып  қана  қоймай, 

түрлі  объектіні  бақылауға,  қандай  да  бір  сұрақтардың  жауабын  анықтауға      жетелеуі   

шарт.   Ғалым   үй   тапсырмасы   жан-жақты  болса, білім алушыны жалықтырмайды деп 

есептейді. 

       Н.А.Оразахынованың  сатылай  кешенді  талдау  технологиясы  –  қазіргі  заман 

дамуының  заңдылықтарын  ескере  отырып  жасалған  талдау  жүйесі.  Сатылай  кешенді 

талдау технологиясы әр сабақты оқушыларға ғылыми негізде сатылай, жүйелі меңгертуге 

негізделеді [14]. Бұл технологияның ең басты ерекшелігі – әр оқушының ӛз алдына жұмыс 

жасап,  ӛз  алдына  ізденуіне  ойластырылып  жасалған  алгоритимнің  тиімділігі.  Сондай-ақ, 

бұл  технологиямен  сабақ  беру  барысында  ақпараттық  технологияның  кез  келгенін 

қолданып,  әр  сабақтың  жоғары  деңгейде  ӛткізілуіне  түрлі  тәсілдердің  ойластырылуы. 



жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау