Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет14/31
Дата28.12.2019
өлшемі0,85 Mb.
#25314
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31

танымдық  күшін  дамыту  мен  қалыптастыруды,  білім  мен  қабілетті  тереңдететін  және 

кеңейтетін  жағдайлар  жасауды,  ӛзін-ӛзі  тәрбиелеуді  мақсат  етеді[9].  Танымдық  оқуды, 

жазбаша  сӛйлеу  қызметін  дамытуды,  лингвистикалық  сезімді,  қызметін  жоспарлауды, 

шетел  тілінде  сӛйлеуді,  рухани  дүниесін    байытуды,  әлемнің  сұлулығын  танытуды 

кӛздейтін  бұл  технология  барлық  жағдайлар  арқылы  ізгілендіре  оқытуды  негізге  алады. 

Ш.А.Амонашвилидің технологиясы оқушының қызметін бағалауды бірінші орынға қояды. 

Сандық бағалаудан гӛрі сапалық бағалауға (білім алушының істеген әрекетіне мінездеме 

беру, нәтижесін шығару, ӛзін-ӛзі бағалау мен сыйлауға үйрету) айрықша мән береді.  



       Дальтон технологиясы оқушының жеке дамуын қамтамасыз етуді кӛздейді. Аталған 

технологияда материалдық-техникалық база негізгі рӛл атқарады. Себебі теориялық және 

практикалық  тапсырмаларды  орындауға  белгілі  бір  шарттар  қойылады.  Кез  келген 

мекеменің  материалдық-техникалық  базасы  аталған  талапқа  сай  келе  бермейді.  Бұл 

технологияның  кемшілігі  болып  саналса  да,  Дальтон  технологиясы  бойынша  оқитын 

оқушылар  уақыттарын  жоспарлап  үйренеді.  Белгілі  бір  уақыттарға  кітапханаға  барып, 

материал  жинақтау  арқылы  білімдерін  тереңдете  алады.  Теориялық  білімдерін 

лабораторияларда 

іс-тәжірибеден 

ӛткізу 


арқылы 

практикалық 

дағдыларын 

қалыптастырады.  



       Ф.Ш.Оразбаеваның қатысымдық тұрғыдан оқыту технологиясы – қазіргі білім беру 

үдерісінде  ең  жиі  қолданыста  жүрген  технология.  Бұл  технология  тілді  сӛйлесім 

әрекетінің  түрлері  арқылы  меңгерту  кӛздейді.  Әдіскер  «сӛйлесім  әрекетінің  барлық 

түрлеріне  тән  ең  басты  кӛрсеткіш:  ол  –  түсіну.  Бір  адам  екінші  адамның  айтқанын 

түсінбесе,  ұқпаса,  онда  пікірлесу  мен  сӛйлесу  де  жүзеге  аспайтынын»  айта  келіп,  тілдік 

қатынасқа  байланысты  іске  асатын  сӛйлесім  әрекетінің  бес  түрін  ғылыми  айналымға 

енгізді. Бұл технология тіке байланыс, адамның жеке қабілетін ескеру, сӛйлеуге үйретуде 

жүргізілетін  жұмыстардың  түрлерін  айқындау,  сатылап  даму,  динамикалық  ӛзгеру, 

ӛзектілік  ұстанымдарын  басшылыққа  алып,  қатысымдық  әдіс  арқылы  тілді  меңгертуді 

мақсат етеді[10]. 

       Оқушының   айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы – маңызды  факторлардың 

бірі.  Зерттеуші  ғалымдар  субъект  әрекетінің  ішкі  қозғаушы  күштері,  яғни  уәждері  оның 

қоғамдық  қатынастары  арқылы  да  қалыптасатынына  айрықша  назар  аударады.  Қарым-

қатынас  арқылы  оқушылар  арасында  ынтымақтастық,  сенім  ахуалы  қалыптасып,  ӛзара 

сыйластық орнайды. Сӛзді жетесіне жеткізе сӛйлей білудің ӛзі – ӛнер. Сӛйлеу әрекеті тек 

қарым-қатынас  жүйесінде  ерекше  мәнге  ие  болады.  Себебі  тіл  сӛйлеу  әрекеті  арқылы 

танылып,  іске  асады,  студенттің  ойлау  дағдысын  дамытады.  Қатысымның  мақсаты  мен 

міндеттерін  анықтайтын  тілдің  әлеуметтік,  танымдық  қызметтері  іске  асырылады. 

Сӛйлесім  әрекеті  ойды  дәл,  анық,  әсерлі  беруге  септігін  тигізетін  барлық  элементтердің 

жиынтығынан  тұратын  дұрыс  жазу  мен  дұрыс  айта  білу  дағдыларының  нәтижесі 

болғандықтан, ол әрі күрделі, әрі айқын құбылыс.  

       Сӛйлесім  әрекетінің  түрлерін  (тыңдалым,  оқылым,  айтылым,  жазылым,  тілдесім) 

қатысымдық  бағытта  ӛзара  сабақтастыра  оқыту,  тілдік  материалды  жүйемен  іріктеп, 

ыңғайлап меңгерту негізге алынады. 



       Тыңдалым бойынша оқушы мұғалімнің сӛзін, сабақты түсіндіруін және оқушылардың  

әртүрлі хабарламаларын тыңдап, оның мазмұнындағы негізгі және қосымша ақпараттарды 

түсіне  алады.  Мысалы,  мәтінмен  жұмыс  кезінде  мәтінге  баға  беріп,  мәтінді  қолдау, 

ризашылығын  (қарсылығын)  білдіру,  таңданысын,  қызығушылығын,  мақтаныш  сезімін, 

ӛкінішін,  қуанышын,  ренішін,  қорқынышын,  үмітін  білдіру,  т.б.  әрекеттерді  жүзеге 

асырады. 



       Оқылым бойынша оқушы  берілген тапсырмаға  қатысты мәліметтерді алуға болатын 

әдебиеттерді,  материалдарды  және  ұсынылған  тапсырмаларды  оқып,  мазмұнын  және 

негізгі  тақырыбын  түсінуге  дағдыланады.  Оқушы  түсінгенін  ауызша  айтып,  берілген 

сұрақтарға  жауап  беруге,  сұрақ  қоя  білуге,  ӛз  ойын  айта  білуге,  түсінгенін  ӛз  сӛзімен 

әңгімелеп беруге жаттығады.  



       Айтылым бойынша сұқбат құру, мәлімдеме, баяндама, т.б. жасау, баяншыны қоштау, 

т.б.  бағыттағы  тапсырмаларды  жүзеге  асыра  алады.    Монологтік  сӛйлеуде  оқушы  

берілген тақырып бойынша пікір айтып, оқыған немесе тыңдағаны бойынша жаттығулар 

орындайды.  Мәтінде  берілген  тұжырым,  пікірлерге,  т.б.  қатысты  ӛз  кӛзқарасын  айта 

білуге  дағдыланады.  Диалогтік  сӛйлеуде  оқушы  баяншының  ақпаратының  мазмұнын 

түсіну, ӛткен тақырыптар бойынша пікір алысу, сӛйлеушінің репликасына жауап қайтару, 

диалогті аяқтай білу, ӛзінің ойын айта білу және т.б.  тәрізді жұмыстарды атқарады.  

        Жазылым  бойынша  оқушылар  тапсырма    мазмұнын  терең  түсініп,  оны  ӛз  сӛзімен 

жазбаша  баяндай  білуге,  осы  тақырып  бойынша  жеке  кӛзқарасын,  тұжырымын  жазбаша 

сауатты  жеткізуге,  жиналған  ақпараттар  туралы  ӛзінің  пікірін  хабарлап,  қортындылауға, 

реферат, баяндама, т.б. жазуға үйренеді. 



       Тілдесім  бойынша  адамдармен  қарым-қатынас  жасауға,  топ  алдында  сӛйлеуге,  ӛз 

пікірін  дәлелдеуге,  білім,  білік,  дағдысын  түрлі  жағдаяттарда  дұрыс  қолдануға,  т.б. 

дағдыланады.  

       Белл-Ланкастерлік  жүйе  ӛзара  қарым-қатынаста  оқыту  тәсіліне  негізделген. 

Мұғалімнің  басшылығымен  ересек  оқушылар,  оның  ішінде  жақсы  оқитын  оқушылар 

сабақ ӛткізеді. Бұл әдіс жалпы сауаттылықты ашудың  қажеттілігінен туындап, 1791 жылы 

алғаш  рет  Белл  Индияда,  Ланкастер  1801  жылы  Ұлибританияда  қолданған.  Осы  әдісті 

пайдаланып,  сабақ  жүргізген  балалар  ӛз  ата-аналарына  сабақ  берген.  Бұл  әдіс  бойынша 

негізінен 10 оқушыға сабақ беру тиімдірек болған. Үлкен залдарда 100-500 адамға дейін 

білім  алатын  болған.  Бірінші  үлкен  балалар  білім  алып,  алған  білімдерін  кіші  балаларға 

үйреткен.  Одан  осы  балалардың  ішіндегі  ересектері  таңдалып,  олар  кішілерді  оқытқан. 

Оларды  монитор  деп  атаған.  Мұғалімнен  мониторлар  бағыт-бағдар,  тапсырмалар  алып 

отырған. Басқа жүйелерге қарағанда осы әдісті оқушылар тез қабылдайтын болған. 

       Қазіргі таңда бұл жүйе қайтадан қаралып, қолданыла бастады. «Монитор» қызметіне 

ие  болған  оқушыдан  білімінің  тереңдігі,  топты  ұйымдастыра  алу  қабілеті,  сӛйлеу 

мәдениеті,  ӛз  ойын  еркін  жеткізі  білуі,  т.б.  қасиеттер  талап  етіледі.  Кейде  оқушыға 

мұғалімнің  түсіндіргенінен  гӛрі,  қатарлас  баланың  түсіндіргені  анағұрлым  тиімді 

болатыны  да  рас.  «Монитор-оқушы»  ӛз  бетімен  білімін  жетілдіруге  талпынса,  басқалар 

соның дәрежесіне жетуге тырысады. Ал мұғалім бүкіл  топты еркін бақылауға мүмкіндік 

алады.  Бұл  мұғалімге  ӛзінің  кейбір  жіберген  қателігін  түзетуге  мүмкіндік  береді. 

Монитор-студент топ алдында ұятқа қалмау үшін мұғалім берген тапсырмаларды ерекше 

қызығушылықпен орындауға талпынады.  

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  Смирнов С.А. Технология как средств обучения второго поколения. – Москва, 2005 

2.   Бітібаева Қ .Әдебиетті  оқытудың инновациялық технологиясы. -Ӛскемен, 2002 

3.  Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас негіздері: Оқулық, - Алматы: 2005.- 147 б 

 

 

№15-18 Дәріс тақырыбы: 

 

Дамыта оқыту технологиялары



 

 

Жоспары: 

1.

 

Дамыта оқыту жүйесі 



2.

  

Л.В.Занковтың педагогикалық жүйесі



  

 

3. Н.А.Оразахынованың сатылай кешенді талдау технологиясы 



4. В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы 

5.  В.Ф.Шаталовтың  оқу  материалдарының  белгі  және  сызба  үлгілері  негізінде 

қарқынды оқыту технологиясы 

 

      

       

Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған ‹‹Дамыта оқыту жүйесі›› жоғары 

деңгейдегі  қиындықта  оқыту;  теориялық  білімнің  жетекші  рӛлі;  оқу  материалын 



жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау