Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет18/31
Дата28.12.2019
өлшемі0,85 Mb.
#25314
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31

Интерактивтік  оқыту  технологиясы  –  ұжымдық  түрде    ӛткізілетін,  барлық 

қатысушылардың ӛзара әрекетіне негізделген технология. Сонымен бірге бұл технология 

оқу  үрдісіне  бүкіл  оқушылардың  қатысуын  талап  ететін  технология  болып  саналады. 

Интерактивтік  оқыту  технологиясы  бойынша  орындалатын  жұмыстарды  әдіскер-

ғалымдар тӛмендегідей жіктейді: 

1. 


Жұптасып жұмыс істеу.  

2. 


Ротациялық (ауыспалы) үштік.  

3. 


Карусель – Айналмақ.  

4. 


Шағын топтармен жұмыс.  

5. 


Аквариум.  

6. 


Аяқталмаған сӛйлем.  

7. 


Миға шабуыл (Мозговой штурм).  

8. 


Броундық қозғалыс.  

9. 


Есептеу ағашы (Дерево решений)  

10. 


 Ӛз атынан сот (Суд от своего имени)  

11. 


 Азаматтық тыңдау.  

12. 


 Рӛлдік (іскерлік) ойын.  

13. 


 Сығымдау әдісі (Метод пресс).  

14. 


 Ӛз позицияңды ұстан.  

15. 


 Пікірталас. 

16. 


 Ойбӛліс (дебат).  

 

Интерактивті  оқыту  технологиясын  мұғалімдер  сыныптағы    оқушылардың  білімі 



мен  деңгейіне,  қабілетіне  байланысты  түрлендіріп  қолдана  алады.  Оқушылар  жұптасып 

та,  топ  болып  та  жұмыс  істей  алады.  Ең  бастысы,  мұғалім  жақсы  ұйымдастырушы  бола 

білуі  керек.  Аталған  технологияда  оқушы  мен  оқушы  немесе  оқушы  мен  мұғалім  үнемі 

сұқбаттасып  отырады.  Бұл  оқушылардың  тілін  дамытуға,  логикалық  ойлау  қабілетін 

жетілдіруге,  танымын  кеңейтуге  септігін  тигізеді.  Оқушылардың  тілдік  дағдысын 

жетілдіруге мүмкіндік береді.  

Әдіскер-ғалымдар  интерактивті  оқыту  технологиясын  танымдық  әрекетті 

ұйымдастыруға  ықпал  етеді  деп  есептейді.  Себебі,  интерактивті  оқыту  технологиясы 

оқушыны  ӛздігінен  ізденуге,  ӛзінің  жетіспей  жатқан  жақтарын  жетілдіруге,  қатесін 

зерделеуге  итермелейді.  Оқушылардың  барлығы  ӛздері  білетін,  ойлайтын  нәрселері 

туралы  ойлауға,  оны  қарай  дамытуға  мүмкіндік  алады.  Интерактивті  оқыту 

технологиясында  оқушы  жаңа  білім  алып  қана  қоймайды,  сонымен  бірге  оны  үздіксіз 

жетілдіріп отырады.  

Мысалы, ойбӛліс оқушы ізденісіне жол ашады. Оқушы мұғалімнің  түсіндіргені мен 

айтқанын  ғана  меңгеріп  қоймай,  мұғаліммен    тікелей  пікірталасқа  түсіп  үйренеді. 

Пікірталасты  сауал,  сұрақ,  мәселені  талдау,  талқылау,  т.б.  тәсілдер  арқылы  іске  асыруға 

болады.  Пікірталас  тақырыптары  әртүрлі  кӛзқарасты  қамтып,  бірыңғай  пікірге  келмеген 

мәселелерді  қамтуы  тиіс.  Оқушы  белсенді  рӛл  атқарушы  емес,  жетекші  позицияға  ие 

болады.  Ол  әлемді  тануға,  белгісіздікті  анықтауға  ұмтылады.  Берілген  проблеманың 

жауабын іздеп, шешімін табуға тырысады. Әр мәселе туралы пікір, кӛзқарастарды талдау 

арқылы  салыстыра  білуге,  ӛзіне  баға  беруге,  сын  айтуға,  кӛзқарасын  білдіруге,    пікірін 

нақтылап,  ӛз  сӛзімен  айта  білуге  дағдыланады.  Оқушы  мен  мұғалімнің  арасында  тығыз 

байланыс орнайды. Дебат оқушы ӛз бетімен ізденуге, топ алдында еркін пікір айтуға, тілін 

дамытуға  кӛмектеседі.  Тілдік  қарым-қатынас  жасау  қабілетін  жетілдіріп,  тұлға  ретінде 

қалыптасуына  әсерін  тигізеді.  Оқушылардың    қатысымдық  дағдысы  мен  қабілетін, 

біліктілігін мен құзіреттілігін жетілдіруге кӛмектеседі. 

Интерактивті 

оқыту 


технологиясы 

бойынша 


орындалатын 

тапсырмалар 

оқушылардың    пікірін    іркілмей  айтуын,  ӛз  ойын  дәлелді  түрде  жеткізе  білуін, 

шығармашылық  белсенділігінің  жоғары  болуын,  ӛзіндік  кӛзқарасын  білдіруін,  сӛйлеу 




мәдениетінің  жоғары  болуын,  қажетті  материалды  ұтымды,  дәлелді  қолдануын    қажет 

етеді.  Оқушылар  айтылған  пікірдің  ақиқаттығын  тілдік  фактілерге  негіздеп,  дәлелдеуге 

тырысады. Құрғақ сӛзге толы, дәлелсіз пікірлерге ешкім сенбейтінін түсінеді.   

Ойбӛліс (дебат) – оқушы  тілін дамытудың бір жолы. Оқушы  ойбӛліс кезінде түрлі 

тақырыпта  сӛйлеуге,  пікір  таластыруға,  ӛз  ойын  дәлелдеуге,  басқаның  пікірінің  қате 

екенін  дәлелдеуге  жаттығу  арқылы  шебер  сӛйлеуге  тӛселеді.  Оқушыны    дұрыс  ойлауға 

тӛселдіріп, терең мағыналы пайымдаулар жасауға жетелейді.  

Карл  Поппердің  дебат  технологиясы  тілдік  тұлғаның  дамуына  кӛмектеседі.  Бұл 

технология  оқушының  шығармашылық  белсенділігін  арттырады,  сонымен  бірге 

зерттеушілік,  ізденушілік  қасиеттері  қалыптасады.  Дебат  технологиясына  құрылған 

зерделік ойынға екі топ қатысады /бекітуші топ және даттаушы топ/. Әр топтың құрамы 

да шектеулі болады /3-5 оқушы/. Дебат техникасы белгілі бір уақытты мӛлшерлейді. Пән 

бойынша  сабақ  немесе  сыныптан  тыс  шара  осы  уақытқа  сәйкестендіріледі.  Ойын 

топтардың бағытын анықтау үшін жеребе тартудан басталады. Бағыттары анықталған соң 

әр  топтың  дайындығына  15  минут  уақыт  беріледі.  Тақырып  күрделі  болса,  мұғалім 

тақырыптарды  алдын-ала  беріп  қоюына  болады.  Бұл  топ  мүшелерінің  кӛп  материалдар 

жинауына, зерттеу жұмыстарын жүргізуге септігін тигізеді. 

Әр  топқа  дауыс  беру  үшін  сыныптағы  балаларды  да  екі  топқа  бӛлуге  болады.  Топ 

мүшелерінің ӛз бағытын қорғай алуын бақылау үшін  бір оқушы бақылаушы болады. Әр 

топ  басшысы  ӛзін  және  топ  мүшелерін  таныстырғаннан  кейін  әр  топқа  ӛз  бағыттарын 

қорғауға 5 минут уақыт беріледі. Қарама-қарсы сұрақтарға 3 минут беріледі. Бұған бүкіл 

сынып  оқушылары  қатысуға  болады.  Бұл  кезеңнің  мақсаты  –  оппоненттердің  сӛзіндегі 

түсініксіз  жайттарды  нақтылау,  қарсы  топты  қандай  да  бір  сұрақтармен  бағытынан 

жаңылдыру, кейін талдау  кезінде осыны пайдалану. Оппонент сӛзінен, тілінен, пікірінен 

кемшілік  табу.  Топтарға  қосымша  дайындыққа  8  минут  уақыт  беріледі.  Ең  соңында 

бақылаушы  екі  топтың  ӛз  бағыттарын  қалай  қорғағандарына  талдау  жасайды.  Жеңімпаз 

топ айқындалады.  

Дебат  технологиясын  қолдану  кезінде  оқушылардың  сӛйлеу  мәдениеті  артады. 

Мұғалім  бұған  баса  назар  аударуы  қажет.  Мысалы,  Нұрлан  мырза,  Айгүл  ханым  тәрізді 

тіркестерді қолдану, қарсы топтың пікірлерін байсалдылықпен тыңдау.  

Дебат  технологиясы  баланың  ойлау  стилінің    бес  түрін  де  /синтезатор,  идеалист, 

прагматик,  аналитик,  реалист/  дамытады.  Сӛйлесім  әрекетінің  түрлерін  жетілдіреді. 

Жалпы  мәдениеттен,  пәннен  терең  білімділігін  дамытады.  Оқушы  ӛзінің  ойын  жинақы 

түрде дәл, анық, түсінікті, дәлелді жеткізуге тырысады. Пәнге қызығушылығы мен ойлау 

қызметінің  белсенділігі  артады.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  дағдысы  қалыптасады.  Тарихи 

құжаттармен,  статистикалық  мәліметтермен,  қосымша  әдебиеттермен  жұмыс  істеуге 

дағдыланады.  Мұғалім  кез  келген  тақырыпты  дебат  технологиясы  бойынша  ӛткізуге 

болмайтынын ескергені жӛн.  

Деңгейлеп  саралап    оқыту  технологиясы      дегеніміз  –    әр  оқушыны  оның  қабілеті 

мен  мүмкіндік  деңгейіне  қарай  оқыту,  тәрбиелеу  бағытында    жүзеге  асатын  

технологияның    түрі.    В.П.Беспалько  деңгейлеп,  саралап  оқытудың  жаңа  жолдарын 

ұсынып, оны тӛмендегідей деңгейлерге жіктеді:  



Бірінші - оқушылық деңгей. Аталған деңгейде ұсынылатын тапсырмалар бағдарлама 

талабына сәйкес беріледі.   



Екінші  -  алгоритмдік  деңгей.  Бұл  деңгейде  тапсырмалардың  мазмұны 

күрделендіріле ұсынылады.   



Үшінші  -  ізденушілік  деңгей.  Аты  айтып  тұрғандай,  бұл  деңгейде  ұсынылатын 

тапсырмалар  оқушыны  ізденушілікке  жетелейтіндей  болуы  шарт.  Олар  ӛзара 

сабақтастыққа, жүйелілікке негізделіп, оқушылардың танымдық қабілетін мен танымдық 

құзіреттілігін жетілдіруге бағытталады.        



Тӛртінші  -  шығармашылық  деңгей.  Бұл  деңгей  оқушының  шығармашылық 

қабілетін, дарындылығын, талантын ұштауға, оның жеке қабілетін дамытуға кӛмектесетін 




жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау