Сатылай кешенді талдау – тілдік материалды оқушыға ғылыми негізде меңгертудің бір
жолы. Бұл талдауда тілдік материалды белгілі бір жүйемен орналастырған сызба
басшылыққа алынады. Талдауды жақсы меңгерген оқушылар қазақ тілінен
грамматикалық ұғымдарды анық ажырата білуге дағдыланады. Сатылай кешенді талдау
оқушылардың сӛйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, тілдік талдауды жасауға кӛп
кӛмегін тигізеді, олардың жылдам әрі жүйелі талдау дағдыларын қалыптастыруда, ӛз
ойын жинақтап айтуға, алған білімін дұрыс пайдалануға, дәл, нақты жауап беруге, қандай
орта болсын ӛзін еркін сезінуге мүмкіндік береді.
Бұл технология дидактиканың табиғилық, түсініктілік, ғылымилық, жүйелілік,
бірізділік, кӛрнекілік, саналылық пен белсенділік, жас ерекшеліктерін есепке алу,
теорияның практикамен байланысы ұстанымдарын басшылыққа алады.
Сатылай талдау технологиясы бірнеше деңгейлер арқылы жүзеге асырылады: Бірінші
деңгей – тілдік материалдарды толық жазылым бойынша сатылай кешенді талдау. Бұл
деңгей Ф.Оразбаеваның жазылымға берген анықтамасын басшылыққа ала отырып
орындалады. Бірінші деңгейдегі талдау үлгісі соңғы деңгейлердің барлығына тірек, негіз
болады. Жазылым бойынша тілдік материалдарды сатылай кешенді талдауда бірнеше іс-
әрекет қатар жүзеге асады. Мұғалім де, оқушы да жазады, дауыстап айтады, естиді,
кӛзімен кӛреді, естіген нәрсені есінде ұзақ сақтайды.
Бұл деңгейде мұғалім тіл білімі салаларының әр түріне негіз етіп алынатын
сызбаларды басшылыққа ала отырып, тілдік анықтамаларды оқушының ұғымына сай,
түсінігіне жеңіл дәлелдемелер түріңде қатесіз жазбаша түрде ұсынады. Мұнда жаңа
сабақты меңгерту мен практикалық жұмыс қатар жүреді. Дәстүрлік оқытуда ережелерді
құрғақ жаттап, мұнан соң жаттығулар орындалса, мұнда түсіндіру де, жаттығу жұмысы да
қатар жүргізіледі. Сондықтан балаға берілетін білім ұғынықты болады. Жаңа материалды
жете меңгерген оқушы кез келген тапсырманы ӛте сауатты орындайды. Бірінші деңгейде
мұғалім кӛбірек күш жұмсайды. Ӛйткені бұл деңгейде оқушыға теориялық білім беріледі,
талдау машықтығын қалыптастырады, сауатты жазуға, мысалдарды іріктеп алуға, оның
мазмұнының жан-жақты болуына ерекше кӛңіл бӛледі.
Екінші деңгей – тілдік материалдарды қысқаша жазылым бойынша талдап, айтылым
бойынша толық ауызша сатылай кешенді талдау.
Тілдік материалдарды қысқаша жазылым бойынша талдап, айтылым бойынша толық
ауызша сатылай кешенді талдау - айтылым, тындалым, жазылым түрінде жүзеге асады.
Сатылай кешенді талдау технологиясының бұл деңгейіңде оқушы талдауды ауызша
толық баяндап, жазуда талдаудың қысқа түрін қолданады. Дұрыс баяндауға қажетті толық
талдау үлгісі алдыңғы сатыда үйретілген. Сондықтан оқушы кез келген сӛзді кӛрсетілген
жүйе бойынша баяндауға машықтанады. Сондай-ақ, алдыңғы деңгейде де, бұл деңгейде
және кейінгі деңгейлерде үнемі тыңдалым арқылы жүзеге асып отырады. Тыңдалым
арқылы баяндаушы оқушының жауабын сыныптағы барлық оқушы мұқият тыңдайды,
талдау барысында жіберілген кемшілікті байқайды, оны түзетуге әрекет жасайды.
Тыңдалымды дұрыс жолға қою арқылы мұғалім оқушыны мұқият тындауға, тез шешім
қабылдауға, дұрыс жауапты іркіліссіз айтуға баулиды. Осы арқылы оқушыларды бірте-
бірте іскерлік қарым-қатынасқа үйретеді.
Үшінші деңгей – тілдік материалдарды жазылым бойынша ықшамдау принципімен
ӛрнектеу, айтылым бойынша ауызша толық сатылай кешенді талдау.
Бұл деңгейде де тілдік қатынастың бірінші – айтылым; екінші – жазылым; үшінші –
тыңдалым әрекеттері қатар іске асады. Бұл талдау – күрделілігімен ерекшеленеді. Мұнда
бірнеше сӛз немесе сӛйлем алынып, әр саты бойынша ұқсас ұғымдар жинақталып, талдау
арқылы дәлелдеме жұмысы жүргізіледі. Сондай-ақ талдаудың бұл деңгейіндегі кӛзделетін
мақсат – оқушыларды ой ұшқырлығына баулу, танымдық дүниесін байыту.
Тӛртінші деңгей –тілдік бірліктерді жазылым бойынша символдар арқылы
ықшамдау принципімен ӛрнектеу, айтылым бойынша ауызша толық талдау.
Бұл деңгейде оқушылардың алдыңғы игерген білім-білік, дағдыларын жинақтап,
сауатты баяндау, әңгіме әдісі қолданылады.
Бесінші деңгей – диалог арқылы талдау.
Бұл деңгейдегі талдау үлгілері кӛбінесе ауызша орындалады. Оқушылар бұл талдау
арқылы анғарымпаздыққа, әріптесінің жауабын мұқият тындауға, ойын әрі жалғастырып
кетуте машықтанады. Әрі мұндағы іс-әрекет кӛбіне ойын түрінде жүргізіледі. Ойын
арқылы баланы ой ұшқырлығына, танымдық дүниесін байытуға машықтандырады. Мұнда
ұлттық ойындарымыз орамал тастамақ, арқан тарту, жалғастыр ойындары білімді
меңгертудің құралы болып табылады.
Алтыншы деңгей – жат жазу.
Бұл деңгейде оқушылардың сатылай кешенді талдау арқылы меңгерген теориялық
білімдерін жатқа жаздыру арқылы: а) теориялық білімді меңгеру деңгейін; ә) талдауды
сауатты жүргізу машығын; б) орфографиялық сауаттылығын; в) тыныс белгілерді дұрыс
қою дағдысын байқаймыз, қорытынды шығарамыз. Мұндағы мақсат – келесі сабақтарда
қате жібермеуге баулу. Осы арқылы мұғалім әр оқушының тілдік материалдарды талдау
деңгейін байыптап, кез келген тақырыпты меңгерудегі әр оқушының деңгейін байыптап,
олармен жүргізілетін қосымша жұмыстардың бағытын айқындайды. Ес бастысы, келесі
уақытқа таддау деңгейіне берік негіз қаланады. Ӛйткені уақытқа талдаудың негізгі
қағидаларының бірі – сауатты талдау.
Жетінші деңгей – уақытқа талдау:
а) ӛте жылдам талдайтын оқушы – 3 минутта;
ә) жылдам талдайтын оқушы – 5 минутта;
б) баяу талдайтын оқушы – 7 минутта.
Егер алдыңғы деңгейлерде жұмыс тиянақты, ширақ, жігерлі жүргізілетін болса, бұл
деңгейдегі талдау ӛз нәтижесін береді. Тез әрі қатесіз талдап үйренген бала уақытқа
талдау кезін қызыға орыңдайды. Бұл деңгейге жету үшін мұғалімнен үлкен
жауапкершілікті, уақытты тиімді пайдалануды, талдауды жүйелі жүргізіп отыруды талап
етеді. Соңда ғана жоғарыда кӛрсетілген уақыт мерзімінен шыға алады. Бала тестіге білім
арқылы қол жеткізеді. Бүгінгідей жаттау арқылы емес.
Сегізінші деңдей – компьютерлік талдау. Мұнда бүгінгідей ақпараттық
технологияның кез келген түрін тиімді пайдаланып, оқушыларды ақпараттық
сауаттылыққа баулу қажеттілігі жүзеге асады.
Сатылай кешеңді талдаудағы тест жұмысы оқушылардың игерген білімін тексеру
мен бағалау, танымдық әрекетін, ізденімпаздық деңгейін, оқу әрекетіндегі әдістер мен
тәсілдердің тиімділігін анықтау жолы ретінде қарастырылады. Бұл – оқушының білімін,
біліктері мен дағдыларын тексеріп, бағалауда, сондай-ақ олардың шығармашылық
қабілеттерін анықтаудағы ең тиімді әдіс. Соңдықтан да сатылай кешенді талдауда біз
кӛбіне ашық тест үлгісін қолданамыз.
Оныншы деңгей – шығармашылық жұмыс. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа
баулуда тілдік талдаудың оныншы шығармашылық деңгейі басшылыққа алынады.
Шығармашылық деңгейде оқушыларға берілетін тапсырманың мақсаты кӛрсетіліп, оны
әрі қарай жетілдіріп орындау оқушыдан талап етіледі. Оқушы шығармашылық деңгейде
алдына қойған мақсатына жету үшін ӛз бетінше іздене отырып, ой-қиялын дамытады,
шығармашылық деңгей -оқушының интеллектуалдық ойлау дәрежесін дәлелдейтін
деңгей.
Мұнда оқушылар тілдік әңгімелер, шығармалар, қойылымдар жазып, оны сабақтан
тыс уақыттарда, тілдік жұмыстарда тиімді қолданады.
Аталған технологияның тек қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда ғана емес басқа, тарих,
орыс тілі, ағылшын тілі, математика, информатика, биология, т.б. пәндерді оқытуда
қолданылып жүргені сатылай кешенді талдау технологиясының тиімділігін танытады.
В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы оқу үрдісінде үш нысананы қамтиды.
Технологиялық карта, білім алушының дамуын кӛрсететін ақпараттық карта және
сабақтың ақпараттық картасы.