Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет21/31
Дата28.12.2019
өлшемі0,85 Mb.
#25314
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31

 

Саданова  Ж.К.,  Саданова  С.К.  сын  тұрғысынан  оқыту  жобасының    мынандай 

кезеңдерін атап кӛрсетеді:  

 

Бірінші кезең – қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа 

білімді  ұштастырудан  тұрады.  Үйренуші  жаңа  ұғымдарды,  түсініктерді  ӛзінің  бұрынғы 

білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы 

тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы 

арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы 

кезеңге  қызмет  ететін  «Топтау»,  «Түртіп  алу»,  «Ойлану»,  «Жұпта  талқылау»,  «Болжау», 

«Әлемді шарлау» тағы басқа деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. 

 

Екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен 

танысады,  тақырып  бойынша  жұмыс  істейді,  тапсырмалар  орындайды.  Оның  ӛз  бетімен 

жұмыс жасап, белсенділік кӛрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша 

жұмыс жасауға кӛмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша 

оқушыға  оқу,  тақырыппен  танысу  барысында  «V»  -  «білемін»,  «-»  -  «білмеймін»,  «+»  - 

«мен  үшін  жаңа  ақпарат»,  «?»  -  «мені  таңқалдырады»  белгілерін  қойып  отырып  оқу 

тапсырылады.  INSERT  –  оқығанын  түсінуге,  ӛз  ойына  басшылақ  етуге,  ойын  білдіруге 

үйрететін ұтымды құрал.  

 

Тақырып  туралы  ой  толғаныс  –  бағдарламаның  үшінші  кезеңі.  Күнделікті  оқыту 



процесінде  оқушының  толғанысын  ұйымдастыру,  ӛзіне,  басқаға  сын  кӛзбен  қарау,  баға 

беру назардан тыс қалып жатады. Одан гӛрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою 

сияқты  шараларға  уақыт  жіберіп  аламыз.  Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту 

бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл 

осы  кезеңде  үйренуші  не  үйренгенін  саралап,  салмақтап,  оны  қандай  жағдайда,  қалай 

қолдану  керектігін  ой  елегінен  ӛткізеді.  Белсенді  түрде  ӛз  білім  үйрену  жолына  қайта 

қарап,  ӛзгерістер  енгізеді,  яғни  нағыз  білім  шыңына  кӛтеріледі,  үлкен  әлемге  енеді.  Сол 

білім арқылы ӛзінің ӛзгергенін сезінеді, ӛзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. 

Толғануды  тиімді  етуге  лайықталған  «Бес  жолды  ӛлең»,  «Венн  диаграммасы»,  «Еркін 

жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, 

ауыр-жеңілдігіне  қарай  лайықтала  қолданылады.  Олар  оқушылардың  бір-бірімен  ой 

алмастыруын,  ой  түйістіруін  қамтамасыз  етеді.  әр  оқушы  ӛз  шығармашылығын  кӛрсете 

алады [25]. 

 

Бүгінгі  жаңашыл  педагогтар  білім  сапасының  мәнін  айқындауда  іс  жүзінде  білім 



сапасы  шартты  түрде  қарастырылмайды,  тек  оны  жүйеде  ғана,  қандай  да  бір  қиын 

деңгейдегі  тапсырманы орындауда  ғана ескеру  керек деген тұжырымдар ұсынуда.  Олар  

білімнің  сипаты  деңгейлер  бойынша  алынған  ақпаратты  меңгеру  және  қолдана  алу 

заңдылықтарына,  ойлау  үрдісі  заңдылықтарына  жауап  беретін  сӛз  етеді.    Оқушылардың 

білім  сапасын  үйрену  мен  бағалау  репродуктивті,  конструктивті,  шығармашылық 

деңгейлер арқылы іске асады. 

 

Репродуктивті  білім  деңгейі  –  бұл  айғақтар,  құбылыстар,  оқиғалар  және  ережелер 



туралы білімнен тұрады да, ойлау үрдісі репродуктивті сипатта болады. 

 

Конструктивті  білім  деңгейі  –    бірінші  деңгейдегі  білімдерді  қайтадан  ой  елегінен 



ӛткізу  арқылы    алынған  білімдер.  Әдіскерлер  бұл  деңгейге  оқытудың  эвристикалық 

әдістерімен қол жеткізуге деп санайды.  

 

Шығармашылық білім деңгейі – оқушылардың ӛз бетімен іздену іс-әрекетінде пайда 



болатын  білімдер,  біліктіліктер  мен  дағдылар.  Шығармашылық  деңгейдегі  білімдерге 

оқушылардың  бойындағы  шығармашылық  қабілеттерін  оятатын  эвристикалық  және 

зерттеу  әдістері  арқылы  қол  жеткізуге  болады.    Бұл  деңгейде  оқушылар  жұмыстың 

тақырыбы  мен  міндеттерін  айқындайды,  болжамын  және  іздену  жоспарын  дайындайды, 

іздену және зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 

 

Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясының    қазіргі  таңдағы  талаптарға  сай  білімді 



жеке  тұлға  тәрбиелеу  мақсатында  алатын  орны  ерекше.  Сын  тұрғысынан  ойлау 

технологиясы  оқушыны  болжам  жасатуға,  алдыға  қойған  мақсатқа  сын  тұрғысынан 




қарауға үйретеді.  

 

Ғалым-әдіскерлер  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясының  тӛмендегідей  тиімді 



жақтарын атап кӛрсетеді:  

 

Оқушылардың ӛз бетімен  жан-жақты білім алуы;   



 

Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану;  

 

Оқушылардың ӛзара пікір алмасуы;  



 

Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілік қарым-қатынастардың орнауы. 

 

Оқушының  үлгерімі,  оқу  сапасының  жоғары  болуы  мұғалімінің  шеберлігіне 



байланысты.  Мұғалім  ӛз  міндетін  тек  оқыту,  түсіндіру  деп  қана  түсінбей,  оқу  үдерісін 

сауатты ұйымдастыра білуі шарт. 

 

Сыни  тұрғыдан  ойлау  технологиясы  оқушыны      саналы  түрде  ізденуге,    ӛзінің 



кӛзқарасын  қалыптастыруға,  басқалардың  да  пікірімен  санасуға,  ӛзіндік  қате 

тұжырымынан  бас  тартуға  кӛмектеседі.  Аталған  технология    ойлаудың  жаңа  идеяларды 

ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді кӛруге  қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызды 

рӛл 


атқарады.  

      Әдіскер-ғалымдар аталған технологияның  тӛмендегідей сұраққа жауап іздеуге ықпал 

ететінін айтады:  

 

Мен не білемін?   



 

Мен жаңаша нені білдім?  

 

Менің білімім қалай ӛзгерді?  



 

Мен осы біліммен не істей аламын? 

 

Жалпы сыни  тұрғыдан оқыту ойлау технологиясы жан-жақты қолданылып жүр. Ол 



ӛзінің  тиімділігін  дәлелдеді.  Сонымен  сыни  тұрғыдан  оқыту  технологиясы  оқушының 

ӛзіндік және жеке ойлауын қалыптастырады.  Оқушы ӛз ойлары  мен пікірлерін білдіруге 

дағдыланады.  Яғни  оқушы  үшін  басқа  біреу  ойлай  алмайды,  сондықтан  ол  ӛз  пікірін 

айтуға  үйренеді.  Оқушы  үшін  ақпарат  ойлаудың  ең  бастапқы  межесі  болып  табылады. 

Оқушы  үшін  фактілер  мен  идеялар,  мәліметтер  мен  тұжырымдамалар  және  т.б.  терең 

ойлауға  қажет  материалдар  болып  саналатындықтан,  ол  оны  ӛңдеуден  ӛткізеді.  Яғни 

оқушы ақпаратты сұрыптауға дағдыланады. Аталған технология оқушыны сыни тұрғыдан 

ойлау  сұрақтарын  қоюға  жетелейді.  Сол  арқылы  ол  айналамыздағы  құбылыстар  мен 

ӛзгерістерді білуге ұмтылады.  

 

С.Н.Лысенкованың  оза  оқыту  технологиясы  қиын  материалды  әр  сабақта  үзік-үзік 

түрде  беру  арқылы  меңгертуді  мақсат  етеді.  Бір  оқушы  берілген  тапсырманы  қалай 

орындайтынын дауыстап айтып отырып жасайды. Қалғандары да осы тапсырманы тыңдап 

отырып, орындайды[26]. Тапсырманы бұлай орындату нашар оқитын оқушыға  қиындық 

тудырмайды  деп  есептеледі.  Бұл  технологияны  сӛйлемге  талдау  жасау  барысында  іске 

асыруға  болады.  Сӛз  тіркесін  немесе  сӛйлемді  талдауда  оқушы  оның  әрбір  мүшесіне 

сипаттама  беріп  отырады.  Мысалы,  Жылқы  мінезіне  қарай  да  қазақ  тілінде  тұрақты 

атаулар қалыптасқан (Х.Арғ). Сӛйлемде жылқы мінезі, қазақ тілінде, тұрақты атаулар, 

тілінде  қалыптасқан  тәрізді  сӛз  тіркестері  бар.  Атаулар  қалыптасқан  сӛйлемнің 

бастауышы мен баяндауышы және  қиыса байланысып тұр. Сӛз тіркесі болмайтындықтан, 

талдамаймыз.  Тұрақты  атаулар  есімді  сӛз  тіркесі,  себебі  басыңқы  сӛз  атау  зат  есімнен 

жасалған;  аналитикалық  тәсіл  арқылы  жасалған,  себебі  тұрақты  және  атаулар  сӛзі 

ешқандай  қосымшасыз,  қатар  тұрып  байланысқан;  қабысу,  себебі  орын  тәртібі  арқылы 

байланысып  тұр;  атрибуттық  қатынас,  себебі  қандай  атау?  деген  сұраққа  жауап  беріп, 

бағыныңқы сӛз анықтауыштың қызметін атқарып тұр.  

Әрбір  сӛз  тіркесін  осылайша  айтып,  толық  талдау  оқушының  ӛткен  материалды 

саналы түрде есте сақтауына кӛмектеседі.  

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  Смирнов С.А. Технология как средств обучения второго поколения. – Москва, 2005 

2.  Бітібаева Қ .Әдебиетті  оқытудың инновациялық технологиясы. -Ӛскемен, 2002 

3.  Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас негіздері: Оқулық, - Алматы: 2005.- 147 б 



жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау