Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет26/31
Дата28.12.2019
өлшемі0,85 Mb.
#25314
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

бағалайды.  Себебі  мәтін,  әсіресе  кӛркем  және  публицистикалық  мәтін,  ұлттық 

мәдениеттің  ақиқаты  болып  табылады,  ал  екінші  жағынан,  мәтін  арқылы  ел,  оның 

мәдениеті,  тарихы,  салт-дәстүрлері  жайлы  маңызды  мәліметтермен  танысуға  болады. 

Мәтін  тілінде  адам  факторына  байланысты  қолданылатын  сан  ғасырлық  кӛркемдік 

ойлаудың жүйесі сақталады. Мәтін арқылы халықтың арман-мұратын, рухани қажеттілігін 

және  мәтін  тілінің  танымдық  қырларын  (кейіпкердің  психологиялық  уәжін,  тілегін, 

талабын, эмоциясын, сезімін, т.б.) танимыз.  

       Мәтінмен  жұмыс  оқушыға  ұлттың  болмысын,  даналығын,  дүниетанымын  танытады. 

Мәтін бойынша жұмыс оларға кейіпкерлер тілінің сӛз қолданысындағы ерекшеліктерімен 

танысып,  қажетті  жағдаятта  оны  ұтымды  қолдануға  жетелейді.  Мәтіннен  кез  келген 

ақпаратты  алғаннан  кейін  оқушыда  сол  мәліметке  қатысты  ӛзіндік  кӛзқарас  туындайды. 

Яғни,  мәтін  адамның  ішкі  жан  дүниесінде  сезімдік,  эмоционалдық  із  қалдырады. 

Сондықтан  мұғалім  берілетін  ақпараттарды  ерекшелеп,  сұрыптап  таңдап  алуы  қажет. 

Лингвомәдени  құзіреттілік  дегеніміз  –  оқушының    ұлттық-мәдени    мағынадағы  сӛйлеу 

және  тілдік  бірліктерді  білуі,  мәдени-тарихи  және  ерекше  ұлттық  ақпараттарды  тілдік 

қарым-қатынаста пайдалана алуы. 

       Лингвомәдени  құзіреттілік  оқушының  әлеуметтік  және  қоғамдық  ортада  ӛз  орнын 

таба білуіне, ӛзгелермен тіл табысу арқылы белгілі бір мақсат үшін бірлесе еңбек етуіне 

қажетті дағдыларды дамыту нәтижесінде қалыптасады. 

 Әлеуметтік-тұлғалық құзіреттілік.Оқушының әлеуметтік-тұлғалық құзіреттілігін 

қалыптастыру – бүгінгі заман сұранысынан туындап отырған мәселе. Әлеуметтік-

тұлғалық құзіреттілік оқушының әлеуметтік шындықты құндылық ретінде түсінуінің және 

белгілі бір әрекетті басқарудағы нақты әлеуметтік білімінің сапалық қасиетін кӛрсетеді.

 

Оқушының  топ алдында рефератын қорғауы, баяндама жасауы, пікірталас, ойталқы, 



ойбӛлісте ӛз ойын еркін, ұялмай жеткізе білуі оның әлеуметтік-тұлғалық құзіреттілігін 

жетілдіруге игі әсерін тигізеді.  

       Г.Ж.Меңлібекова  болашақ  мұғалімнің  әлеуметтік  құзіреттілігінің  қалыптасуына 

үлкен  мән  береді.  Оның  пікірінше,  әлеуметтік  құзіреттілік  -  адамның  әлеуметтік 

шындықты құндылық ретінде түсінуінің, әрекетті басқарудағы нақты әлеуметтік білімінің, 

ӛзін  анықтаудағы  субъективтік  қабілетінің,  әлеуметтік  технологияны  жүзеге  асыру 

біліктілігінің бірігуі ретіндегі кіріктірілген сапалық қасиеттері.  

       Қазіргі  таңда  теледидардағы  әртүрліхабарлардан  жастардың  да,  үлкендердің  де  ӛз 

ойларын дұрыс жеткізе алмайтынын байқап жүрміз. Жақсы, ұтымды, шешен сӛйлей білу – 

тек филологтарға немесе жалпы мұғалімдерге ғана қажет нәрсе емес, ол осы қоғамда ӛмір 

сүретін барлық адамдарға қажет дүние

.   


       

Оқушы  ӛзі   ӛмір сүріп   отырған   кезеңнің  қажеттілігін терең сезіне білуі қажет. Ол 

әлеуметтік  мұрағаттар  мен  құндылықтарды  игеру  негізінде  жеке  тұлғалық  қасиеттерін 

қалыптастыратынын  сезіне  білуі  керек.  Оқушының    әлеуметтік-тұлғалық  құзіреттілігі 

оның  қоғамда,  кӛпшілік  арасында  сӛйлей  білу  дағдысы,  тұлғаның  қоғамда  ӛз  мәдени 

деңгейін, адами сапалық қасиеттерін таныта алуы, қарым-қатынастың ұлттық және жалпы 

адамзаттық  әдеп  нормаларын  ұштастыра  білуі,  интелектісі  мен  парасатын  үйлесімде 

таныта  алуы,  ӛзгермелі  дүние  жағдайына  бейімделе  білуі,  ӛмір  бойы  білім  алу 

парадигмасына  сай  ӛз  әлеуетін  жетілдіре  алуы,  кӛпшілік  алдында  сӛйлеу  мен  пікірталас 

мәдениетін жетік меңгеруі; ӛзіндік кӛзқарасын шешендік сӛздің тектеріне сәйкес ұтымды 

жеткізе  алу  шеберлігі;  қоғамдық  қарым-қатынаста  тұлғаның  ӛзіндік  кӛзқарасын  айтуы, 

ӛзіндік позициясын ұстануы,  қоғамдық пікірталаста ӛз пікірін қорғай алуы, топ алдында 

сӛйлей алуы, т.б. арқылы кӛрінеді.  

       Сонымен  «құзірет»  және  «құзіреттілік»  терминдері  ӛзара  сабақтас,  мағыналас. 

«Құзірет»  кең  мағынадағы  ұғым  да,  «құзіреттілік»  –  осы  құзіретті  қолдана  білуі,  іске 

асыруы, білімі, білігі, дағдысы: 

  білім жүйесінің іске асуы; 

  тұлғаның ӛзіндік ерекшелігі мен тұлғалық сапасы; 




  кез келген қызметке даяр болу критерийі; 

  қажетті міндеттерді шешу мен белгілі нәтижеге жету жолындағы  

қабілеттілігі; 

  білім, білік, дағдылар жүйесінің бірлігі; 

  адамның практика жүзінде ӛзінің құзіретін жүзеге асыратын  

қабілеттілігі; 

  міндеттерді шешудегі білімі мен тәжірибесінің кӛрсеткіші; 

  кез келген практикалық жағдаятты шешуі мен іске асырудағы ӛзіндік  

әлеуеті; 

  әлеуметтік және кәсіби ортада кез келген қызметтің әлеуметтік мәнін  

түсініп, ӛзінің жауапкершілігін сезініп, шығармашылықпен жүзеге асыруы. 

       Жалпы  оқушының  құзіреттілігін  қалыптастыру  бір  күнгі  жұмыс  емес.  Ол 

оқытушыдан  шеберлікті,  ізденісті  қажет  етеді.  Оқушының  құзіреттілігі  белгілі  бір  іс-

әрекетке  қатысты  жинақталған  білім,  білік,  дағдысы  мен  тәжірибесін  ұтымды  қолдана 

білуінен кӛрінеді.  

       Құзіреттілік  үнемі  дамып,  жетіліп  отырады.  Құзіреттілікті  бір  пәнді  меңгертудің 

аясында  қалыптастыра  алмаймыз.  Тек  белгілі  бір  кӛлемде  ғана  игерте  аламыз.  Ол  үнемі 

толықтырып, дамытып отыруды қажет етеді.          

       Құзіреттіліктің  қалыптасуына  оқушының  қоршаған  ортасы,  адамдармен  қатынасы, 

игерген  білімі,  қабілеті  мен  дағдысы,  іскерлігі  мен  біліктігі  әсер  етеді.  Осылардың 

барлығын  бір  арнаға  тоғыстырғанда  синтаксисті  қатысымдық-танымдық  тұрғыдан 

меңгертуде  оқушының  құзіреттілігін  белгілі  бір  дәрежеде  қалыптастыруымыз  ықтимал. 

Құзіреттілік  оқушының  білім  мазмұнын  сапалы  меңгеруін,  білім,  білік,  дағды, 

тәжірибесін,  тұлғалық  даму  деңгейін  және  игерген  білім,  білік,  дағдысының  түпкі 

нәтижесін  кӛрсетеді.  Сондықтан  да  білімді  құзіреттілік  тұрғысынан  игерту  бүгінгі  таңда 

ӛзекті болып отыр.  



 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  Жапбаров  А.  Қазақ  тілін  оқыту  арқылы  тіл  дамытудың  әдіснамалық  және 

әдістемелік негіздері (Ү–ІХ сыныптар): пед. ғыл. докт. ... автореф. - Алматы, 2004. 

–  46. 

2.  Зеер  Э.Ф.,  Павлова  А.М.,Сыманюк  Э.Э.  Модернизация  профессионального 



образования: компетентностный подход. – М.: психолого-соц. инст.,  2005. – 216. 

 

 



Практикалық сабақтардың жоспары 

 

№ 1-4. Тақырыбы:  Қазақ тілін оқытудың инновациялық технологияларының бастау 

кӛздері.  

Мақсаты: Қазақ тілін оқытудың қазіргі заманға сай технологияларының, оның 

жетекші  идеяларының, негізгі  

даму бағыттары     мен тенденцияларының маңызын 

айқындау; тұлғаға бағыттылығы тәсілінің қазақ тілін оқытудың инновациялық 

технологияларының негізгі принципі  екенін дәлелдеу. 

Жоспар: 

1. Қазақ тілін оқытуды ізгілілендіру тұжырымдамасы. (Әбу Насыр Әл-Фараби, Абай 

Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов және басқалары.) 

2.Қазақ  тілін   тұлғаны   дамыта   оқыту   (Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов,Ж.Аймауытов  

және басқалары) теориясы. 

4.Қазақ  тілін  оқушыны  іздендіре  оқыту  (Ы.Алтынсарин,  М.Жұмабаев  және  басқалары) 

теориясы. 



жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау