Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет19/31
Дата28.12.2019
өлшемі0,85 Mb.
#25314
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31

тапсырмалардан  тұрады.    Аталған  деңгей  тапсырмалары  оқушының  бүкіл  қабілетін 

дамытып, жетілдіруге ықпал етеді.  

 Деңгейлеп  оқытуда  мұғалім  ақпарат  беруші  және  ұйымдастырушы,  кеңес  айтушы 

қызметін  ғана  атқарады.  Деңгейлеп    саралап  оқыту  технологиясының    алдына  қойған 

мақсаты  –  оқытуды  оқушының  әртүрлі  топтарына,  ерекшеліктеріне  сай  бейімдеу, 

ыңғайлау.  Оқушылардың  ӛзіне  деген  сенімділіктерін  қалыптастыра  отыра,  деңгейлік 

шығармашылық тапсырмалар және жазба жұмыстарын орындау арқылы шығармашылық 

деңгейге  кӛтерілуін   анықтау.  Деңгейлеп  оқыту  технологиясы    оқушылардың 

шығармашылық  қабілеттерін  арттыру  мүмкіндік  береді.  Оқушылар  оқушылық, 

алгоритмдік,  ізденімдік  және  шығармашылық  деңгейдегі  тапсырмаларды  орындау 

арқылы  белгілі  бір  жетістіктерге  жетеді.  Деңгейлік  тапсырмалар  оқушылардың  білімге 

деген ынтасын арттыруға ықпал етеді.  

Кеңестік  педагогикада  деңгейлік  оқыту  мәселесін  О.Б.Лошкова  (деңгейлік  саралап 

оқыту),  В.В.Фирсов  (міндетті  нәтижеге    негіздеп  деңгейлеп  оқыту),    В.П.Беспалько 

(тапсырмалардың  «қиыншылығын  есепке  алу»  әрекетінің  тӛрт  деңгейі),  –  т.б.  ғалымдар 

қарастырған болатын.        

Қазақстанда  деңгейлеп  оқыту  технологиясын  қазақ  мектебінде  оқытуды  жүзеге 

асырған – Ж.Қараев.  Ол «Оқытудың үш ӛлшемді әдістемелік жүйесін»  ұсынды. Қазіргі 

таңда деңгейлеп оқыту технологиясы оқу үрдісіне дендеп енді. Оны кӛптеген ұстаздар ӛз 

тәжірибелерінде  қолданып  жүр.  «Оқытудың  үш  ӛлшемді  әдістемелік  жүйесі» 

педогогикалық  технологиясын  қолданып  жүрген  мұғалімдер  аталған  технология  

бойынша  әр  тақырыпта  міндетті  түрде  кері  байланыс  жүргізіліп  отырылатынын  айтады. 

Үш  деңгейлік,  қосымша  шығармашылық  деңгей  тапсырмаларын  барлық  оқушы  бірінші 

деңгейден  бастап  орындайды.  Сынып  оқушылары  деңгейлік  тапсырмаларды  біртіндеп 

орындау  арқылы    ӛздерінің  орындаған  деңгейлеріне  байланысты  топтасады,    білім 

сапасының  кӛрсеткіштері  бойынша  тиісті  бағасын  алады.  Мысалы,  деңгейлеп  оқытуды 

кӛптеген мұғалімдер тӛмендегідей жолмен қолданады:  



Ӛткенді пысықтау. Үй тапсырмасын сұрау. 

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау.   

Жаңа тақырыпты меңгерту.  

Деңгейлік тапсырмаларды орындау. 

Оқушыларға үш деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. 

1-ші деңгей (репродуктивтік) – стандартты ең аз қажетті кӛлемін қамтиды. 

2-ші  деңгей  (алгоритімдік)  –  1-ші  деңгей  тапсырмаларын  тереңдетіп  олардың 

нәтижелерінің себеп-салдарын анықтайтын тапсырмалар. 

3- деңгей (эвристикалық) – 2-ші деңгейдің нәтижелерінің басын қосып, жалпылауға, 

қорытынды шығаруға арналған тапсырмалар. 

Аталған  технология  бойынша  жұмыс  жасайтын  мұғалім  тӛмендегідей  құжаттарды 

дайындауы қажет: 

 

Пән бойынша оқу бағдарламасы; 



 

Күнтізбелік жоспар (технология бойынша); 

 

Әр модуль бойынша оқушының білім-білік дағдыларына  қойылатын талаптар; 



 

Оқушылардың  бақылау жұмыстары бойынша білім сапасының монитрингі; 

 

Бақылау, тест және ӛзіндік жұмыстардың тапсырмалары; 



 

Диагностика материалдары. 

Деңгейлеп  оқыту  технологиясы  қазіргі  таңда  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінде  де 

кеңінен қолданыла бастады. Қазақ тіл білімінің салаларын деңгейлеп оқытуға байланысты 

ғылыми  еңбектер  жарық  кӛрді.  Атап  айтқанда,  Н.Шадиева  лексиканы  деңгейлік 

тапсырмалар арқылы оқытудың әдістемелік жолдарын ұсынды [18].  

 

Деңгейлеп  оқыту  технологиясын  қолдана  отырып  жетістіктерге  жету  үшін  ең 



алдымен оқушылардың білім дәрежесін, ынтасын, ақыл-ой, еңбек дағдысын, ӛз жұмысына 

деген жауапкершілігін назарға ұстау қажет.  Оқушыларға баға деңгейлік тапсырмаларды 




орындай алу біліміне  қарай қойылады. 

 

Деңгейлеп  оқыту  технологиясының  ұтымдылығы  бұл  технология    оқушының  да, 



мұғалімнің  де  белсенді  шығармашылық  қызметін  дамытуға  арналған.  Бірінші  деңгейдегі 

тапсырма  мемлекеттік  стандарттық  деңгей  болғандықтан  мұны  оқшылардың  барлығы  

орындауға міндетті. Екінші-үшінші деңгей бірте-бірте күрделене түсетіндіктен  оқушылар 

бұл  тапсырмаларды  құқылы,  ал  тӛртінші  деңгей    тапсырмаларын  шығармашылықпен 

жұмыс істей алатын оқушылар ғана орындайды. Әрине,  барлық оқушы 4-деңгейді түгел 

орындап  шыға  алмауы  мүмкін.    Бірақ  1-2  деңгейді  оқушылардыңы  барлығы  дерлік 

орындай алады, ал білімді, алғыр оқушылар 3-4-деңгей тапсырмаларын орындап алға озып 

кетуі ықтимал.  

 

Қазіргі таңда деңгейлеп оқыту технологиясы тек тапсырмаларды ғана қамтымайды, 



бұл  термин  қазақ  тілін  үлкен  ауқымды  деңгейлерге  бӛліп  оқытумен  де  байланысты 

қолданыла  бастады.  Осымен  байланысты  қазақ  тілін  үш  деңгей  немесе  бес,  алты  деңгей 

арқылы оқыту әдістемелері де ұсыныла бастады. Бұл аталған технологияның ауқымының 

кеңейгенін, дамығанын байқатады.  



 

Витагендік оқыту технологиясы мұғалім мен оқушы арасындағы қарым қатынасты 

«субъект    объект»  тұрғысынан  емес,  «субъект    субъект»  тұрғысынан  ұйымдастыруды 

мақсат етеді. Оқушы пен мұғалімнің ӛзара сеніммен, ынтымақтасып бірігіп жұмыс істеуін 

қажет  етеді.  Витагендік  технология  сӛзінің  мағынасы  ӛмірге,  шеберлікке  бейімделу 

дегенді  білдіреді.  Витагендік  технология  оқушының    білімді  ӛз  бетімен  жинақтауын, 

меңгеруін, ізденуін кӛздейді.  

М.Әлібаева  «витагендік  оқыту  технологиясында  оқушылардың  ортақ  мақсатқа 

бірлесе  қол  жеткізуі  қамтамасыз  етіліп,  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  қарым-

қатынастың  тең  демократиялық  жағдайы»  қалыптасатынын,  «оқушылардың  басты 

проблеманы  бірігіп  шешуіне,  бірлесе  тәжірибе  жинақтауларына  және  әр  оқушының  ӛз 

тарапынан  нәтижелі  шешімге  жетуіне  мүмкіндік»  тудырылатын  айтады.  Бұл  жүйеде 

тапсырманы  оқушылардың  бірігіп  шешуіне,  бірігу  арқылы  ортақ  мақсат  қою  және  сол 

мақсатқа жетудегі бірлескен ӛздік тәжірибе жинақтау маңызды болып табылады [19].  

 

Этномәдени  технология  –  қазіргі  заман  талабынан  туындап  отырған  технология. 

Педагогтар  ӛмір  ағымына  байланысты  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастың  ӛзгеріп 

жатқандығын,  ұлт  пен  ұлт  арасындағы  қақтығыстың,  әке  мен  бала,  үлкен  мен  кіші 

арасындағы  сыйламаушылықтың  туындап  жатқандығын  этнопедагогикаға  жете  мән 

бермеушілікпен  байланыстырады.  Әр  халықтың  тұрмыс-тіршілігіндегі,  ұлттық  салт-

дәстүріндегі  бала  тәрбиесі,  ұлт  болашағы,  т.б.  мәселелерді  оқу  материалына  енгізіп, 

болашақ  ұрпақты  ізгілікке  тәрбиелеуді  қолға  алудың  қажеттігін  сӛз  етеді.  Қазақ 

этнопедагогикасындағы білім оқушылардың ішкі дүниесін, рухани-адамгершілік келбетін 

қалыптастыруға  бағытталуы  тиіс.  Қазақ  этнопедагогикасының  оқушылардың  танымын 

кеңейтіп, рухани дүниесін байытуда ерекше мүмкіндіктері бар. Ӛйткені оның мазмұнында 

ұлттық құндылықтар жарасымды үйлесім тауып жатады. Мұның ӛзі қазақ халқының ӛзіне 

тән  ұлттық  ерекшелігін  терең  танып,  кӛре  білуге  мүмкіндік  береді.  Ұлттық 

қасиеттеріміздің  ұрпақ  бойында  қалыптасуы  қоғам  үшін  маңызды.  Оқушыларға  қазақ 

тілін  оқыта отырып, ұлттық  тәрбие беру заман талабынан туындап отыр. Ұлттық тәрбие 

ғаламдағы құндылықтарды бойына сіңіріп, ӛз құндылықтарын арттыра беретіні мәлім.  

 

Ж.А  Қараев  пен    Ж.У  Кобдикованың  оқытудың  үшӛлшемді  әдістемелік  жүйесі  

технологиясының    1-бӛлімінде    дамыта  оқытудың  түрлі  интерактивті  әдіс-тәсілдерін 

қолдана отырып, оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай ӛз бетімен жүйелі 

меңгеруіне  ыңғайлы  жағдайлар  жасалады.  2-нәтижеге  бағытталған  бӛлімінде  оқу  үдерісі 

жарыс  түрінде  ұйымдастырылады.  Кез  келген  мазмұнды  толық  меңгерудің  түпкілікті 

нәтижесіне  жету  –  оқытудың  шағын  мақсаттары  арқылы,  яғни  американдық  ғалым 

Б.Блумның  таксономиясында  кӛрсетілген  алты  мақсаттарға  сәйкес  дайындалған 

тапсырмаларды  біртіндеп  орындау  арқылы  жету  кӛзделеді.  Міндетті  түрде  әр  шағын 

мақсаттың нәтижелері (аралық нәтижелері) алынып отырады және олардың әрқайсысына 



жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау