оқытуды жаңаша ұйымдастыру, сабақтың ғылымилығына кӛңіл бӛліп, білім деңгейін
кӛтеру. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуына байланысты оқушылардың ой-ӛрі-
сінің, ойлау қабілетінің жоғарылап келе жатқаны белгілі. Инновациялық технологиялар
оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне бағыт беріп, ӛз бетінше қорытынды
жасап, жүйелі білім алуына негіз болады. Оқытудың ақпараттық технологиялары
дамытушы, тәрбиелеуші мұғалімдердің әдістемелік тәжірибесін жинақтап,
шығармашылықпен жұмыс жүргізуіне, оқушылардың жауаптарын тежемей, «екілік»
қоймай, «ұпаймен» есептеп,сенім артып,белсенділігін арттыруға негізделеді. Мүғалімнің
айтқанын бұлжытпай қайталаудан гӛрі оқушыларды іздендіре отырып, ой-пікірін тайсал-
май айтуға ұмтылдыру баланың ойлау қабілетін дамытады. Оқушы санасына сәуле
себер, түсінік пен күрделі ұғымды жеткізуде, қабілетін дамытуда М.М.
Жанпейісованың модульдік оқыту, Ж.А. Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту
технологиясын сабақта қолданудың білім деңгейін кӛтерудегі маңызы зор. Деңгейлеп-
саралап оқытуда оқушылардың қабілетіне қарай білім беру ескеріледі. Анықтаманы нақты
мысалмен дәлелдете отырып, білімін тереңдету мақсатында М. Қараев, С. Исаев, А.
Ысқақов т.б. ғалымдардың анықтамаларын салыстырып, қорытынды жасату тиімді. Сӛз
таптары - тіліміздегі сӛздердің лексика-грамматикалық мағыналарына қарай саралануы
(Г. К. Рысбаева.Қазақтілі.Грамматикалықанықтагыш. - А., 2000) деп, анықтаманы
проблемалық әдіс арқылы тұжырымдатамыз. Сӛз таптары - тілдегі сӛздердің жалпы
грамматикалық мағыналарының (семантикалық сипатының), түрлену жүйесінің
(түрленуінің), синтаксистік қызметінің (сӛйлем мүшесі, сӛз байланысы мен сӛз тіркесін
құрауының) ортақтығына қарай топталуы (Қазақ тілі энциклопедиясы. - А., 1998).
Талантты балалар қабілетін, икемділігін арттырып, әлсіздер сенімсіздіктен арылады.
Олардың оқуға деген ынтасының артуы, білім дәрежесінің жоғарылауына әсер етеді. Үз
дік оқушылар терең білім алып, үлгермеуші оқушыларға кӛмектесуге мүмкіндік
жасалады. Деңгейлері бірдей оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде қиындық кездеспейді.
Білім берудің жаңа мазмүнын оқу үрдісіне енгізуде қазақстандық ғалым Ж. Қараевтың
технологиясына сүйенсек, деңгейлеп-саралап оқытуда оқушыларды екі үжымға немесе екі
топқа бӛліп, топ басшыларын тағайындаймыз. Әр деңгей бойынша орындалған жұмыстың
нәтижесін топ басшылары мұғалімнің кӛмегімен бақылайды. Оқушылардың білім
деңгейін анықтайтын кестені интерактивті тақтада есептеп, ұпай санын есептеп,
қорытындылаймыз. Бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіби даярлығын жетілдірудің бір
жолы –жоғары мектептің оқу процесінде инновацияляқ педагогикалық технологияларды
пайдалану болып табылады. Инновциялық педагогикалық технологиялар негізінде
бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жоғары оқу орнының қабырғасында
жетілдіру оқу процесін жобалау арқылы іске асырылады. Бастауыш сынып
мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық даярлығын қамтамасыз ететін барлық оқу пәндері
үшін оқу процесін жобалаудың бірегей алгоритмі жаңа оқу мақсатын құрып, соған сәйкес
оқу пәндерінің жаңа мақзмұнын, оқытудың инновациялық технологияларын жасауды
кӛздейді. Инновациялық педагогикалық технологиялар кез келген пәнді оқыту барысында
болашақ мұғалімдердің ой-ӛрісін кеңейтіп, кәсіби даярлық деңгейін кӛтеріп,
шығармашылықпен жұмыс істеуге, жаңашыл тәжірибелер мен әдістемелерді кеңінен
пайдалануға және студенттерге білім беруді жаңашылдық тұрғысынан жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдердің даярлығын жетілдіруде инновациялық
педагогикалық технологиялар ерекше орын алады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу
процесіне сәйкес келетін инновациялық технологияларды тиімді таңдап алу мен
пайдаланудың негізгі принциптеріне тоқталайық:
- технологияның білім беру мақсатына қол жеткізу үшін атқаратын қызметін анықтау;
- студенттерге тән ұлғалық сапаларға, нақты пәнге, оның мақсаты мен мазмұнына
сәйкестігін есепке алу;
- технологиялардың ерекшеліктерін, мазмұнын, пайдалану жолдары мен іске асыру
шарттарын жетік меңгеру;
- технологиялырдың ӛзара байланысын игеру.
Инновациялық технологины іске асырудың қажетті шарты ретінде ғалымдар
(Қ.Қабдықайырұлы, В.М.Монахов, т.б.) мынадай әдіснамалық принциптерді міндетті
түрде орындауға баса кӛңіл аудару аса мыңызды деп есептейді:
1. Мұғалімнің педагогикалық кәсіби қабілетіне сену принципі.
2. Оқытудың кез келген уақыт арлығында берілген пәннен студенттің кепілді
дайындағы болу принципі.
3. Оқу процесінің модульдік жобалау принципі.
4. Жоғары оқу орындарындағы кері тартпалық пен шек қойып тежеушілікті жойып,
бұрынғы дәстүрлі оқыту кӛздерін дұрыс ара қатынаста үйлесімді пайдалану
принципі.
5. Ұйымдастыру мен оқыту технологияларын қолдану мен қалыптастырудағы
педаогтік мәліметтердің дұрыстығы мен шындыққа сәйкестік принципі.
6. Жоғары оқу орындарының мұғалімдері мен студенттерінің оқу процесіндегі
арақатынасының жарасымды даму бірлігі принципі.
7. Студенттердің жалпы біліктілігінің нәтижесінде пәндік біліктілік әдісін меңгертуді
жүйелі түрде үйлестіру принципі.
8. Жаңа технологияны жобалаудағы мазмұндық, бірізділік, мотивациялық жақтарының
бірлігі принципі.
9. Әр студенттің жалпы білі бойынша дайындығының базалық деңгейге міндетті түрде
жету принципі.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау барысында
пайдалануға ұсынылатын инновациялық педагогикалық технологиялардың жіктемесін
ұсынуға болады. Ұсынылған жіктемені пайдалана отырып, әрбір оқытушы
технологияларды ӛз пәніне сәйкестендіре алады.
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда пайдалануға ұсынылатын инновациялық
педагогикалық технологиялар:
1. Кәсіби – бағдарланған
2. Интеграциялық
3. Ойын
4. Тренинг
5. Ақпараттық
6. Проблемалық оқыту
7. Жобалау әдістерін қолдану арқылы.
Жоғарыда кӛрсетілген нновациялық педагоикалық технологиялардың түрлері қазіргі
жағдайда жоғары оқу орнының оқу процесінде қолдануға неғұрлы тиімді.
Негізгі әдебиеті:
1.Құлмағамбетова Б. Айтжанова П, т.б. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –Алматы, 2000
2.Нұржан Ж. Қазақ тілін оқыту технологиясы. –Алматы, 2003
Қосымша әдебиеті:
1. Балақаев М., Әміров Р. Қазақ тілі. 3-сынып. –Алматы, 1983
2. Асқарбаева А., Ботабаева Ұ. Ана тілі. 1-класс. –Алматы, 1986
3. Асқарбаева А., Ботабаева Ұ. Ана тілі. 1-класс. –Алматы, 1986
№ 13-14. Дәріс тақырыбы: Тұлғалық-бағдарлы білім беру технологиялары
Жоспары:
1.
Ш.А.Амонашвилидің тұлғалық-ізгілендіру технологиясы
2.
Дальтон технологиясы
3. Ф.Ш.Оразбаеваның қатысымдық тұрғыдан оқыту технологиясы
Ш.А.Амонашвилидің тұлғалық-ізгілендіру технологиясы оқушының жеке тұлғалық
қабілеттерін аша отырып, тәрбиелеу мен дамытуды, оның жүрегіне жол табуды,