Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы n 6-i заңы


-2-бап. Орындаушыларға және фонограмма шығарушыларға



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет13/16
Дата15.05.2018
өлшемі0,51 Mb.
#13875
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

      40-2-бап. Орындаушыларға және фонограмма шығарушыларға

 

                 берiлетiн сыйақының ең төмен ставкалары 



 

      Орындауларды немесе фонограммаларды пайдалану сипатына (жұртшылық алдында, оның 

iшiнде радиода және теледидарда орындауға, туындыны механикалық магниттiк немесе өзге де 

жазба арқылы қайта шығаруға, көшiрмелеуге, автордың және фонограмма шығарушының 

келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығаруға және басқа да жағдайларға) байланысты мүлiктiк 

(айрықша) құқықтарды жеке тәртiппен iс жүзiнде жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайда, 

Қазақстан Республикасының Үкiметi орындаушылар мен фонограмма шығарушыларға сыйақының ең 

төмен ставкаларын белгiлейді.

 

      


Ескерту. 40-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.10. 

№ 179-IV


 Заңымен, жаңа 

редакцияда - ҚР 2012.01.12 

№ 537-IV

 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он 

күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

      41-бап. Орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк

 

               немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының құқықтарын



 

              шектеу 

 

      1. Орындаушылықты, қойылымды, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының 



хабарларын және олардың жазбаларын орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк немесе 

кабельдiк хабар тарату ұйымының келiсiмiнсiз және сыйақы төлемей пайдалануға, сондай-ақ 

фонограмманы көшiрмелеуге: 

 

        1) орындаушылықтан, қойылымнан, фонограммадан, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар 



тарату ұйымының хабарларынан шағын үзiндiлердi ағымдағы оқиғалар туралы шолуға қосу 

үшiн; 


 

        2) тек қана оқыту немесе ғылыми зерттеу мақсаттарында; 

 

      3) дәйектеме ақпараттық мақсатта жүзеге асырылатын жағдайда, орындаушылықтан, 



қойылымнан, фонограммадан, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарынан шағын 

үзiндiлер түрiнде дәйектеме келтiруге жол берiледi. Бұл ретте, эфирлiк немесе кәбiлдiк 

хабар тарату ұйымының коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмма даналарын эфирге 

беру, жалпы жұрттың назарына кәбiл арқылы хабарлау үшiн немесе жалпыжұрттың назарына 

жеткiзу үшiн пайдалануының қандайы болса да осы Заңның 39-бабындағы ережелердi сақтаған 

жағдайда ғана мүмкiн болады; 

 

      4) осы Заңның 18-26-баптарының ережелерiнде белгiленген ғылым, әдебиет және өнер 



туындылары авторының мүлiктiк құқықтарын шектеуге қатысты өзге де жағдайларда жол 

берiледi. 

 

      2. Осы Заңның 37-40-баптарының ережелерiнен тыс орындаушының, фонограмма 



жасаушының, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының келiсiмiнсiз хабарлар мен 

эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарларын және олардың жазбаларын 

таратуға, сондай-ақ фонограмманы тек қана жеке мақсат үшiн қайта шығаруға жол берiледi. 

Осы Заңның 26-бабына сәйкес сыйақы төленген жағдайда фонограмманы көшiрмелеуге жол 

берiледi. 

 

        3. Егер қысқа мерзiмге пайдаланылатын жазба немесе көшiрме эфирге хабар тарату 



ұйымының өз жабдықтары көмегiмен және өзiнiң жеке хабары үшiн жүзеге асырылса, 

орындаушының, фонограмма жасаушының және эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының 

орындаушылықты, қойылымды немесе хабарларды қысқа мерзiмге пайдалануға жазып алуды 

жүзеге асыруға, мұндай жазбаларды көшiрмелеуге және коммерциялық мақсатта жарияланған 

фонограммаларды көшiрмелеуге рұқсат алуына қатысты осы Заңның 37, 38, 40-баптарындағы 

ережелер мынадай жағдайларда: 

 

        1) эфирге хабар тарату ұйымы осы тармақ ережелерiне сәйкес қысқа мерзiмде 



пайдалануға жасалатын жазбаны немесе сондай жазбаның фонограммасын көшiрмелеудi жүзеге 

асыруға қатысты қойылымның өзiн, орындаушылықты немесе хабарды эфирге беруге алдын-ала 

рұқсат алғанда; 

 



      2) эфирге хабар тарату ұйымы осы Заңның 25-бабының ережелерiне сәйкес ғылым, 

әдебиет және өнер туындыларының қысқа мерзiмге пайдалануға жасайтын жазбасына қатысты 

белгiленетiн мерзiм iшiнде, оның тек құжаттық сипатының негiзiнде ресми мұрағаттарда 

сақталуы мүмкiн жазбасын қоспағанда, оны жойғанда қолданылмайды. 

 

        4. Осы бапта көзделген шектеулер фонограмманы, орындаушылықты, қойылымды, 



эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарын және олардың жазбаларын, сондай-ақ 

соларға енгiзiлген ғылым, әдебиет және өнер туындыларын қалыпты пайдалануға зиянын 

тигiзбей, сондай-ақ орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк немесе кабельдiк хабар 

тарату ұйымының және аталған туындылар авторларының заңды мүдделерiне нұқсан келтiрмей 

қолданылады. 

 

      Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



№ 586

2005.11.22. 



№ 90 

(қолданысқа енгізілу тәртібін 

2-баптан 

қараңыз) Заңдарымен. 

 

      42-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмi 

 

      1. Осы тарауда көзделген орындаушыға қатысты құқықтар алғашқы орындалудан немесе 



қойылымнан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды. Осы Заңның 37-бабында белгiленген 

орындаушының есiмiн, орындаушылықты немесе қойылымды кез-келген бұрмалаудан немесе 

орындаушының ар-намысына және қадiр-қасиетiне нұқсан келтiруi мүмкiн өзге де қол 

сұғушылықтан қорғау құқықтарының қорғалуына шек қойылмайды. 

 

        2. Осы тарауда көзделген фонограмманы жасаушыға қатысты құқықтар фонограмма 



алғаш жарияланғаннан кейiнгi жетпiс жыл бойына, егер осы мерзiм iшiнде фонограмма 

жарияланбаған болса, ол алғаш жазылып алынғаннан кейiнгi елу жыл бойы күшiн сақтайды. 

 

        3. Осы тарауда көзделген эфирде хабар тарату ұйымына қатысты құқықтар мұндай 



ұйым эфирде алғашқы хабар таратуды жүзеге асырғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн 

сақтайды. 

 

        4. Осы тарауда көзделген кабельдiк хабар тарату ұйымына қатысты құқықтар мұндай 



ұйым кабель арқылы жалпы жұрттың назарына арналған алғашқы хабарлауды жүзеге асырғаннан 

кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды. 

 

        5. Заңды түрде жария болған немесе жасалған кезiнен бастап, егер олар 



жарияланбаған болса, осы Заң күшiне енген күннен бастап жетпіс жыл мерзiм өтпеген радио 

және телехабарлар (эфирге хабар тарату) қалған мерзiмде сабақтас құқықтар объектiсi 

ретiнде қорғалады. 

 

        6. Осы баптың 1, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген мерзiмдердi есептеу оның 



басталуына негiз болатын заңды жәйт орын алған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан 

басталады. 

 

        7. Егер орындаушы қуғын-сүргiнге ұшырап, қайтыс болғаннан кейiн ақталған 



жағдайда, осы бапта көзделген құқықтарды қорғау мерзiмi ол ақталған жылдан кейiнгi 

жылдың бiрiншi қаңтарынан бастап күшiне енедi. 

 

        8. Осы баптың 1, 2, 3, 4-тармақтарында аталған орындаушылықты, қойылымды, 



фонограмманы, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын пайдалануға 

рұқсат ету және мерзiмдердiң қалған бөлiгi шегiнде сыйақы алу құқығы орындаушының, 

фонограмма жасаушының, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының мұрагерлерiне 

(заңды тұлғаларға қатысты - құқық мұрагерлерiне) ауысады. 

 

        9. Орындаушылыққа, қойылымға, фонограммаға, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату 



ұйымдарының хабарына сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмiнiң өтуi олардың қоғам 

игiлiгiне айналғанын бiлдiредi. 

 

      Қоғам игiлiгiне айналған сабақтас құқықтар объектiлерiне қатысты осы Заңның 34-42-



баптарының ережелерi ескерiле отырып, осы Заңның 29-бабының ережелерi қолданылады. 

 

      Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



№ 586

2005.11.22. 



№ 90 

(қолданысқа енгізілу тәртібін 

2-баптан 

қараңыз) Заңдарымен. 

 

   IV ТАРАУ. МҮЛIКТIК ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҰЖЫМДЫҚ БАСҚАРУ  



жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау