Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы n 6-i заңы



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет9/16
Дата15.05.2018
өлшемі0,51 Mb.
#13875
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

енгiзуге, ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның немесе деректер базасының жұмыс iстеуiне қажеттi 

оның мақсатына сәйкес кез-келген iс-әрекеттi, соның iшiнде ЭЕМ-нiң (бiр ЭЕМ немесе 

жүйенi бiр пайдаланушы) зердесiне жазу мен сақтауды, сондай-ақ автормен жасалған шартта 

өзгеше көзделмесе, көрiнеу қателердi түзетудi жүзеге асыруға; 

 

        2) ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның немесе деректер базасының көшiрмесiн тек қана 



архивтiк мақсатқа және ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның немесе деректер базасының 

түпнұсқасы жоғалып, жойылып кеткен немесе пайдалануға жарамай қалған жағдайларда заңды 

түрде алынған дананы ауыстыру үшiн ғана жасауға немесе жасауды тапсыруға құқылы. Бұл 

орайда ЭЕМ-ге арналған бағдарлама мен деректер базасының көшiрмесiн осы тармақтың 1)-

тармақшасында көрсетiлгеннен басқа мақсаттарға пайдалануға болмайды және ЭЕМ-ге арналған 

бағдарлама мен деректер базасының данасын иелену заңды деп тану тоқтатылған жағдайда ол 

жойылуға тиiс. 

 

        2. ЭЕМ-ге арналған бағдарлама данасын заңды түрде иеленетiн адам автордың немесе 



өзге де айрықша құқықтар иесiнiң келiсiмiнсiз және қосымша сыйақы төлемей объект кодын 

көшiруге және бастапқы мәтiнде өзгертуге (ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны керi жазып 

шығуға) немесе, егер олар осы адамның ЭЕМ-ге арнап өз бетiнше жасаған бағдарламасының 

керi жазылып шыққан бағдарламамен өзара iс-әрекет жасай алатын өзге бағдарламалармен 

өзара iс-әрекет жасау қабiлетiне жету үшiн қажет болса, мынадай шарттарды сақтаған 

жағдайда ол бұл iс-әрекеттi жүзеге асыруды өзге адамдарға тапсыруға құқылы: 

 

        1) өзара iс-әрекет жасау қабiлетiне жету үшiн қажеттi, бұл адам бұрын басқа 



деректерден ала алмаған ақпарат; 

 

        2) аталған әрекеттер ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның керi жазылып шыққан, өзара 



iс-әрекет қабiлетiне жету үшiн қажеттi бөлiктерi жөнiнде ғана жүзеге асырылады; 

 

        3) керi жазып шығу нәтижесiнде алынған ақпаратты ЭЕМ-ге арнап өз бетiнше 



жасалған бағдарламаның өзге бағдарламалармен өзара iс-әрекет жасау қабiлетiне қол 

жеткiзу үшiн ғана пайдалануға болады, ЭЕМ-ге арнап өз бетiнше жасалған бағдарламаның 

басқа бағдарламалармен өзара iс-әрекет жасау қабiлетiне қол жеткiзу үшiн қажет болатын 

жағдайларды қоспағанда, оны өзге адамдарға беруге болмайды, сондай-ақ оны өзiнiң түрi 

жағынан ЭЕМ-ге арнап керi жазылып шыққан бағдарламаға едәуiр ұқсайтын ЭЕМ-ге арналған 

бағдарламаны әзiрлеу үшiн немесе авторлық құқықты бұзатын басқа да кез-келген әрекеттi 

жүзеге асыру үшiн пайдалануға болмайды. 

 

        3. Бұл баптың ережелерiн қолдану ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны немесе деректер 



базасын қалыпты пайдалануға орынсыз залал келтiрмеуге тиiс және автордың немесе ЭЕМ-ге 

арналған бағдарламаға немесе деректер базасына айрықша құқықтың өзге де иесiнiң заңды 

мүдделерiне негiзсiз қысым жасамауға тиiс. 

 

      Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



№ 

586 


Заңымен. 

 

      25-бап. Туындыларды қысқа мерзiмге пайдалану үшiн эфирге

 

               хабар тарату ұйымдары жүзеге асыратын жазбалар 



 

      Эфирге хабар тарату ұйымы автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз 

және қосымша сыйақы төлемей осы ұйым эфирге беруге құқық алған туындыны қысқа уақытқа 

пайдалану үшiн жазбасын мынадай жағдайларда: 

 

        1) жазбаны эфирге хабар тарату ұйымы өз жабдықтарының көмегiмен және өз 



хабарлары үшiн дайындаған; 

 

        2) егер жазылған туынды авторымен немесе өзге де құқық иеленушiсiмен неғұрлым 



ұзақ мерзiмге келiсiлмесе, мұндай жазбаны ол әзiрленгеннен кейiнгi алты ай iшiнде 

жойылған жағдайларда жазуға болады. Егер жазбаның құжаттық мәнi ерекше болса, мұндай 

жазба туынды авторының немесе өзге де құқық иеленушiсiнiң келiсiмiнсiз-ақ ресми 

мұрағаттарда сақталуы мүмкiн. 

 

      Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



№ 586

2009.07.10. 



№ 179-IV 

Заңдарымен. 

 



      26-бап. Туындыны авторлық сыйақысын төлеп, автордың

 

               келiсiмiнсiз жеке мақсатта көшiрмелеу 



 

      1. Туынды авторының, орындаушының, дыбыс-бейнежазу туындысын шығарушының және 

фонограмма жасаушының келiсiмiнсiз, бiрақ оларға сыйақы төлеп, дыбыс-бейнежазу туындысын 

немесе туындының дыбыстық жазбасын жеке мақсатта және табыс алмай көшiрмелеуге жол 

берiледi. 

 

        2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қайта шығару үшiн сыйақыны осындай қайта 



шығару үшiн пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткiзгiштердi дайындаушы немесе 

импорттаушы тұлғалар төлейдi. 

 

      Осындай жабдық пен материалдық жеткiзгiштердiң тiзбесiн уәкілетті орган бекiтедi.



 

      3. Бұл сыйақыны жинау мен бөлудi авторлардың, фонограмма жасаушылардың және 

орындаушылардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың бiреуi осы 

ұйымдар арасындағы келiсiмге сәйкес жүзеге асырады (осы Заңның 43-бабы). 

 

        4. Егер бұл келiсiмде өзгеше көзделмесе, аталған сыйақы мынадай шамада бөлiнедi: 



авторларға - қырық процент, орындаушыларға - отыз процент, фонограмма жасаушыларға - 

отыз процент. 

 

      5. Сыйақының мөлшерi және оны төлеудiң шарттары, бiр жағынан аталған дайындаушылар 



мен импорттаушылардың және екiншi жағынан авторлардың, фонограмма жазушылардың және 

орындаушылардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдар арасындағы 

келiсiмде белгiленедi, ал тараптар мұндай келiсiмге келе алмаған жағдайда - Қазақстан 

Республикасының уәкiлдiк берiлген органы белгiлейдi. 

 

        6. Осы баптың 2-тармағында аталған, экспортқа шығаруға болатын жабдықтар мен 



материалдық жеткiзгiштер, сондай-ақ үй жағдайында пайдалануға арналмаған кәсiптiк 

жабдықтарға сыйақы төленбейдi. 

 

      Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. 



№ 586

, 2005.11.22. 

№ 

90 


(қолданысқа енгізілу тәртібін 

2-баптан 

қараңыз); 29.09.2014 

N 239-V


 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 

Заңдарымен.

 

      27-бап. Туындыларды жеке мақсатта шет елге шығару 

 

      Шетке шығарылған жағдайда республиканың ұлттық мүдделерiне зиян келтiрiлетiн, 



тiзбесi белгiленген тәртiп бойынша анықталатын туындыларды қоспағанда, туындының данасын 

автордың немесе өзге де құқық иесiнiң келiсiмiнсiз және сыйақы төлемей тек қана жеке 

адамның өз мақсаттары үшiн шет елге шығаруына жол берiледi. 

 

      28-бап. Авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi 

 

      1. Авторлық құқық автордың бүкiл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейiн жетпiс 



жыл бойы күшiн сақтайды. 

 

        2. Авторлық құқығын, оның есiмнiң құқығын және автордың беделiн қорғау құқығын 



қорғауға шек қойылмайды. 

 

        3. 



Алып тасталды - ҚР-ның 2009.07.10. 

№ 179-IV 

Заңымен. 

 

        4. Жасырын немесе бүркеншiк атпен жарияланған туындыға авторлық құқы ол туынды 



заңды түрде жарияланған күннен кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды. Егер аталған мерзiм 

iшiнде жасырын немесе бүркеншiк атпен шығарылған туындының авторы өзiнiң шын есiмiн 

немесе оның кiм екенi ендiгi жерде күмән туғызбаса, осы баптың 1-тармағының ережесi 

қолданылады. 

 

        5. Тең авторлар жасаған туындыға авторлық құқық өмiр бойы және басқа тең 



авторлардан ұзақ өмiр сүрген ең соңғы автор қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн 

сақтайды. 

 

        6. Автор қайтыс болғаннан кейiн отыз жыл iшiнде бiрiншi рет жарыққа шығарылған 



туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан 

есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды. 

 



жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау