Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы n 6-i заңы



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет16/16
Дата15.05.2018
өлшемі0,51 Mb.
#13875
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды акредиттеу жөніндегі комиссияның 

қорытындысы негізінде (бұдан әрі - аккредиттеу жөніндегі комиссия) уәкілетті орган 

жүзеге асырады. 

 

       3. Акредиттеу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені уәкілетті 



орган бекітеді. 

 

       Аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күн туралы ақпаратты уәкілетті 



орган Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа 

басылымдарында және оның интернет-ресурсында аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы 

өтетін күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей орналастырады. 

 

      4. Аккредиттеуден өту үшін өтініш беруші уәкілетті органға жазбаша түрде өтініш 



жібереді. Өтініш аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күнге дейін он жұмыс 

күнінен кешіктірілмей жіберілуге тиіс. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын 

ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін уәкілетті 

орган белгілейді. 

 

       5. Уәкілетті орган өтінішті қабылдайды және өтініштерді тіркеу журналында нөмір 



беріп әрі қабылдау күнін көрсетіп, олардың есебін жүргізеді. 

 

       6. Аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысы, егер отырысқа оның мүшелерінің кемінде 



жартысы қатысса, қорытынды қабылдауға құқылы. Аккредиттеу жөніндегі комиссия қорытындысы 

отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің басым даусымен қабылданады. Егер дауыстар тең 

болса, аккредиттеу жөніндегі комиссия төрағасы шешуші дауысқа ие болады. 

 

       Аккредиттеу жөніндегі комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруді жүргізу арқылы 



шешім қабылдауына және өз өкілеттіктерін басқа адамға беруіне жол берілмейді. 

 

      7. Аккредиттеу жөнiндегi комиссия отырысының қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган 



отырыс аяқталған күннен кейiн бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде аккредиттеу туралы 

шешiм қабылдайды және өтiнiш берушiге бес жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк бередi.

 

      Аккредиттеу туралы қорытынды шығарған кезде аккредиттеу жөніндегі комиссия 



мыналарды:

 

      1) заңды тұлға ретінде тіркелген кезден бастап осы салада қызметін кемінде екі жыл 



жүзеге асырғанын;

 

      2) жиналған сыйақыны кемінде сегіз рет бөлу және төлеу жөніндегі жұмыс 



тәжірибесінің болуын;

 

      3) авторлардың және пайдаланушылардың ұйым қызметі туралы оң пікірлерінің болуын;



 

      4) басқа мемлекеттердің құқық иеленушілердің мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару 

жөніндегі осындай ұйымдарымен өзара мүдделілік білдіру туралы қолданыстағы шарттардың 

болуын;


 

      5) ұйымның осы Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді тиісінше орындауын;

 

      6) басқа мемлекеттердің мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарына 



мүдделерді өзара білдіру туралы қолданыстағы шарттардың негізінде сыйақының тиісті 

сомаларының аударылғаны туралы растайтын құжаттардың болуын;

 

      7) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қызметтік 



міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге 

де талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерін назарға алуға 

тиіс.

 

      Уәкiлеттi орган:



 

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттар ұсынылмаған;

 

      2) ұсынылған құжаттарда қамтылған мәлiметтер толық болмаған;



 

      3) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қызметтік 

міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге 

де талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;

 

      4) ұйым осы Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді орындамаған және (немесе) 



тиісінше орындамаған жағдайларда аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

 



      8. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымды аккредиттеуден бас тарту 

туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым 

берілуі мүмкін. 

 

       9. Аккредиттелген ұйымдар туралы ақпаратты уәкілетті орган өзінің интернет-



ресурсында орналастырады. 

 

       10. Қайта тіркелген не қайта ұйымдастырылған жағдайда, аккредиттелген ұйымдар 



көрсетілген мәліметті растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қайта тіркеу не қайта 

ұйымдастыру туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлайды және аккредиттеу туралы куәлікті 

он жұмыс күні ішінде қайтарады. 

 

       Уәкілетті орган өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап он 



жұмыс күнінен кешіктірмей аккредиттеу туралы куәлікті береді. 

 

       11. Аккредиттеу туралы куәлік жоғалған жағдайда уәкілетті орган мүліктік 



құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның жазбаша өтініші бойынша он жұмыс күні 

ішінде аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді. 

 

      


Ескерту. 46-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.10. 

№ 179-IV


 Заңымен, өзгерістер 

енгізілді - ҚР 2012.01.12 

№ 537-IV

 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он 

күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 

№ 300-V


 (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

      47-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын

 

               ұйымдардың қызметiн бақылау 



 

      1. Авторлардың, орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың немесе өзге де авторлық 

және (немесе) сабақтас құқықтарды иеленушілердің мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде 

басқаратын ұйым уәкiлдiк берiлген орынға жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 15 

сәуірінен кешіктірмей өз қызметi туралы мынадай ақпарат беруге мiндеттi:

 

      1) мұндай ұйымның жарғысына және өзге де құрылтай құжаттарына енгiзiлген 



өзгерiстер;

 

      2) мұндай ұйымның осыған ұқсас құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымдармен жасасқан 



екiжақты және көпжақты келiсiмдерi;

 

      3) жалпы жиналыстың шешiмдерi;



 

      4) талап етiлмеген сыйақылар туралы мәлiметтердi қоса алғанда, осындай ұйымның 

жылдық балансы, жылдық есебi, сондай-ақ аудиторлық есебі;

 

      5) мұндай ұйымды білдіруге уәкілеттік берілген адамдардың тектерi.



 

      2. Уәкiлетті орган мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардан ұйым 

қызметiнiң осы Заңға, Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар 

туралы заңнамасына немесе өзге де заңнамаға, сондай-ақ мұндай ұйымның жарғысына 

сәйкестiгiн тексеру үшiн қажеттi қосымша ақпаратты және құжаттарды талап етуге құқылы.

 

      



Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.10 

№ 179-IV


, 2012.01.12 

№ 537-


IV

 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 

енгiзiледi); 07.04.2015 

№ 300-V


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он 

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

      


47-1-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын

 

                ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті кері



 

                қайтарып алу 

 

      Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу туралы 



куәлікті уәкілетті орган: 

 

       1) аккредиттеу туралы шешім қабылдауға негіз болған құжаттарда дұрыс емес 



мәліметтер анықталған; 

 

       2) аккредиттелген ұйымның қызметі туралы жыл сайынғы есеп уәкілетті органға 



белгіленген мерзімде ұсынылмаған

 

      3) уәкілетті органға аккредиттелген ұйымның қызметі туралы көрінеу жалған мәліметі 



бар жыл сайынғы есеп ұсынылған;

 



      4) коммерциялық қызметті жүзеге асырған;

 

      5) осы Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді орындамаған;



 

      6) авторлық сыйақыны уақтылы төлемеген;

 

      7) жиналған авторлық сыйақыны аудару үшін авторларды, орындаушыларды және 



фонограмма шығарушыны іздеу жөнінде шаралар қолданбаған;

 

      8) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қызметтік 



міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге 

де талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайларда кері 

қайтарып алуы мүмкін.

 

      



Ескерту. 47-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.10 

№ 179-IV


 Заңымен, өзгерістер 

енгізілді - ҚР 2012.01.12 

№ 537-IV

 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он 

күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 

№ 300-V


 (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

      47-2-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын



 

                ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің

 

                қолданылуын тоқтату 



 

        1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу туралы 

куәлік өзінің қолданылуын мынадай жағдайларда: 

 

       1) аккредиттеу туралы куәліктің берілген мерзімі біткенде; 



 

       2) аккредиттеу туралы куәлікті өз еркімен уәкілетті органға қайтару туралы шешім 

қабылданғанда; 

 

       3) аккредиттеу туралы куәлік қайтарып алынғанда; 



 

       4) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым таратылғанда тоқтатады. 

 

       2. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу туралы 



куәліктің қолданылуы тоқтатылған кезде куәлік осы баптың 1-тармағында көрсетілген 

жағдайлар басталған күннен бастап бір ай мерзім ішінде уәкілетті органға қайтарылады. 

 

      


Ескерту. 47-2-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10. 

№ 179-IV 

Заңымен. 

 

   V ТАРАУ. АВТОРЛЫҚ ЖӘНЕ САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ  



      48-бап. Авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы 

 

      1. Осы Заңда көзделген авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзғаны үшiн 



Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылық туындайды.

 

       2. Туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты: 



 

       1) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз туындыларды немесе 

сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды 

қорғаудың техникалық құралдарын қолдану арқылы белгіленген шектеулерді алып тастауға 

бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруға; 

 

       2) егер мұндай іс-әрекеттер нәтижесінде авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды 



қорғаудың техникалық құралдарын пайдалану мүмкін болмаған не осы техникалық құралдар 

аталған құқықтардың тиісті қорғалуын қамтамасыз ете алмаған жағдайларда кез келген 

құрылғыны немесе оның компоненттерін дайындауға, таратуға, прокатқа беруге, уақытша 

пайдалануға беруге, импорттауға, жарнамалауға, оларды пайда табу мақсатында пайдалануға 

не қызмет көрсетуге; 

 

       3) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз авторлық құқықтарды 



басқару туралы ақпаратты жоюға немесе өзгертуге; 

 

       4) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз мүліктік құқықтарды 



басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертілген туындыларға немесе сабақтас құқықтар 

объектілеріне қатысты оларды қайта шығаруға, таратуға, тарату мақсатында импорттауға, 

көпшілік алдында орындауға, жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлауға немесе 

эфирде беруге, жалпы жұрттың назарына жеткізуге жол берілмейді. 

 

      


Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.10. 

№ 179-IV


 Заңымен, өзгеріс 


енгізілді - ҚР 2012.01.12 

№ 537-IV


 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он 

күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

      48-1-бап. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар

 

                 объектiлерiн пайдаланатын жеке және заңды



 

                 тұлғалардың қызметiне бақылау жасау 

 

      1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдаланатын жеке және заңды 



тұлғалардың қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 

 

        2. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар уәкiлеттi органның сұратуы бойынша 



пайдаланылған туындылар немесе сабақтас құқықтар объектiлерi, авторлық құқық немесе 

сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалану нәтижесiнде түскен табыстар туралы мәлiметтер, 

сондай-ақ авторлық сыйақы төлемдерiне қатысты мәлiметтер мен құжаттар беруге мiндеттi. 

 

      Ескерту. 48-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



№ 

586 


Заңымен. 

 

      49-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау 

 

      1. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды сот: 



 

        1) құқықтарды тану; 

 

        2) құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру; 



 

        3) құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауiп төндiретiн әрекеттердi тыю; 

 

        4) айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың орнын толтыру; 



 

      5) құқық бұзушы авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу салдарынан тапқан 

табысты өндiрiп алу;

 

      6) соттың қарап шешуі бойынша айқындалатын бір жүз айлық есептік көрсеткіштен он 



бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомада немесе туынды даналары құнының екі 

еселенген мөлшерінде немесе салыстырмалы мән-жайлар кезінде әдетте туындыны құқыққа 

сыйымды түрде пайдаланғаны үшін алынатын бағаға негізделе отырып айқындалатын, туындыны 

пайдалану құқығы құнының екі еселенген мөлшерінде өтемақы төлеу арқылы жүзеге асырылады. 

Залалды өтеудің немесе кірісті өндiрiп алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот айқындайды;

 

      7) олардың құқықтарын қорғауға байланысты заң актiлерiнде көзделген өзге де 



шаралар қолдану арқылы жүзеге асырады. 

 

      Осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген шаралар құқық иеленушінің 



таңдауы бойынша қолданылады.

 

      1-1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған 



авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар субъектісі осы құқықтарды пайдаланушыға немесе 

басқа тұлғаға өтініш білдіргеннен кейін талап қою сотқа беріледі.

 

       2. Iс қаралғанға дейiн судья авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар 



объектілерінің контрафактiлiк деп жорамалданған даналарын жауапкердiң дайындауына, 

көшiрмелеуiне, сатуына, пайдалануына тыйым салу туралы жеке-дара ұйғарым шығаруға 

құқылы. Судья авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің 

контрафактiлiк деп жорамалданған даналарын, сондай-ақ оларды дайындау мен көшiрмелеуге 

арналған материалдар мен жабдықтарды пайдалануға тыйым салу және алып қою туралы ұйғарым 

шығаруға да құқылы. 

 

        3. Сот авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің 



контрафактiлiк даналарын, сондай-ақ оларды көшiрмелеуге пайдаланылатын материалдар мен 

жабдықтарды тәркiлеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Авторлық құқық және (немесе) сабақтас 

құқықтар объектілерінің контрафактiлiк даналары оның талап етуi бойынша авторлық немесе 

сабақтас құқықтардың иесiне берiлуi мүмкiн не соттың шешiмi бойынша жойылуға тиiс. 

 

       Оларды көшiрмелеуге пайдаланылған материалдар мен жабдықтар соттың шешiмi бойынша 



жойылуға не мемлекет кiрiсiне берiлуге тиiс. 

 

      Ескерту. 49-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.11.22 



№ 90

 (қолданысқа енгізілу 

тәртібін 

2-баптан 

қараңыз), 2009.07.10 

№ 179-IV


, 2012.01.12 

№ 537-IV


 (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 

№ 



300-V

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі); 31.10.2015

 № 378-V 

(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

      Қазақстан Республикасының 

 

      Президентi

 

 



 

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ 



РМК 

жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау