немесе
бейнежазбаны дайындау, екi өлшемдiк немесе үш өлшемдiк туындының бiр немесе одан
да көп даналарын дайындау, сондай-ақ туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн
кез келген материалдық нысанда, оның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде кез
келген тұрақты немесе уақытша сақтау болып табылады;
20) құқық иеленуші - авторлық құқыққа қатысты автор (оның мұрагерлері), сабақтас
құқықтарға қатысты орындаушы (оның мұрагерлері), фонограммаларды жасаушы, эфирлік немесе
кәбілдік хабар тарату ұйымы, сондай-ақ шарт бойынша немесе осы Заңда көзделген өзге де
негіз бойынша туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға айрықша
құқық алған өзге де жеке немесе заңды тұлғалар;
21) құқықтарды басқару жөніндегі ақпарат - туындыны, туынды авторын, орындаушыны,
орындаушының орындаушылығын, фонограмма жасаушыны, фонограмманы, туындыға,
орындаушылыққа не фонограммаға не туындыны, орындаушылықты немесе фонограмманы пайдалану
шарттары туралы ақпаратқа қайсыбір құқық иеленушіні бірдейлендіретін ақпарат. Ақпараттың
кез келген элементі туындының, жазып алынған орындаушылықтың немесе фонограмманың
данасына қоса берілетін, не жалпы жұрттың назарына туындыны хабарлауға немесе жазып
алынған орындаушылықты немесе фонограмманы хабарлауға және (немесе) жеткізуге байланысты
пайда болатын кезде осындай ақпарат берілген кез келген цифрлар немесе кодтар да
құқықтарды басқару жөніндегі ақпарат деп ұғынылады;
22) құрамдас туынды - материалдарды іріктеп алу және (немесе) орналастыру бойынша
шығармашылық қызметтің нәтижесін білдіретін туындылар мен басқа да материалдардың жинағы
(энциклопедия, антология, деректер базасы);
23) орындау - туындыны, фонограмманы, орындаушылықты, қойылымды тікелей
орындалатын ойын, ән, би арқылы немесе қандай да бір техникалық құралдардың (телерадио
хабарлары, кәбілдік телевизия және басқалары) көмегімен көрсету, сондай-ақ дыбыстау-
бейнелеу туындысының кадрларын реті бойынша дыбыспен сүйемелдеп немесе сүйемелдемей
көрсету;
24) орындаушы - актер, әнші, музыкант, биші немесе рөлде ойнайтын, ән салатын,
оқитын, мәнерлеп оқитын, музыкалық аспапта ойнайтын, интерпретациялайтын немесе әдебиет
және (немесе) өнер туындыларын (соның ішінде эстрадалық, цирк немесе қуыршақ нөмірлерін)
немесе халық шығармашылығы туындыларын өзгедей жолмен орындайтын басқа адам, сондай-ақ
спектакльді қоюшы-режиссер және дирижер;
25) пайдаланушы - авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануды
жүзеге асыратын немесе ұйымдастыратын жеке немесе заңды тұлға;
26) прокатқа (жалға) беру - туындының немесе фонограмманың данасын тікелей немесе
жанама коммерциялық пайда табу мақсатында уақытша пайдалануға беру;
27) сабақтас құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлік және
кәбілдік хабар тарату ұйымының мүліктік құқықтары және орындаушының жеке мүліктік емес
құқықтары;
28) сәндік-қолданбалы өнер туындысы - көркем кәсіпшілік туындысын немесе
өнеркәсіптік әдіспен дайындалған туындыны қоса алғанда, іс жүзінде пайдаланылатын
заттарға көшірілген екі өлшемді немесе үш өлшемді өнер туындысы;
29) спектакльді қоюшы-режиссер - театр, цирк, қуыршақ, эстрада спектаклін немесе
өзге де спектакль (көрсетілім) қойылымын жүзеге асырған адам;
30) туындыны аудару - шығарманы түпнұсқа шығарманың тілінен басқа тілде білдіру.
Бұл ретте аударма дұрыс және түпнұсқа туындының мазмұнын да, стилін де бұрмаламайтын
болуға тиіс;
31) туындының данасы – туындының кез келген материалдық нысанда, оның ішінде ашық
ақпараттық-коммуникациялық желіде дайындалған көшiрмесi;
32) туындыны жариялау - туындыны жариялау, көпшілікке көрсету, көпшілік алдында
орындау, жалпы жұрттың назарына жеткізу арқылы және өзге де
әдістермен оған көпшіліктің
алғаш рет қолын жеткізетін іс-әрекетті автордың келісімімен жүзеге асыру;
33) туындыны өңдеу - түпнұсқа туындыны бір жанрдан екінші жанрға өзгерту. Бұл
ретте түпнұсқа туындыны сахналау, қою және аранжировка жасау туындыны өңдеу түрлері
болып табылады;
34) туынды шығарма - басқа туындыны шығармашылықпен өңдеу нәтижесінде жасалған
туынды;
35) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және авторлық
құқық және сабақтас құқықтар саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік
орган;
36) фонограмма - орындаушылықтардың немесе өзге де дыбыстардың дыбыстық жазбасы,
сондай-ақ дыбыстау-бейнелеу туындысына енгізілген жазбаны қоспағанда, дыбыстарды кез
келген нысанда беру;
37) фонограмманың данасы – фонограммадан тiкелей немесе жанама түрде дайындалған
және осы фонограммада жазылған барлық дыбыстарды немесе дыбыстардың бір бөлiгiн қамтитын
кез келген материалдық жеткізгіштегі, оның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық
желілердегі фонограмма көшiрмесi;
38) фонограмма шығарушы - қайсыбір орындаушылықты немесе өзге де дыбыстардың
тұңғыш дыбыс жазбасы үшін бастамашылық пен жауапкершілікті мойнына алған жеке немесе
заңды тұлға;
39) халық шығармашылығы туындысы - дәстүрлі көркемдік мұраларға (халық
ертегілері,
халық поэзиясы, халық әндері, халық аспаптық музыкасы, халық билері мен
пьесалары, халықтық салт-жоралғылардың көркемдік нысандары және басқалар) тән
элементтерді қамтитын туынды;
40) ЭЕМ-ге арналған бағдарлама - табиғатына орай ЭЕМ-ге арналған бағдарлама
олардың неғұрлым кейінірек кезеңдегі нәтижесі болып табылатын дайындық материалдарын
қоса алғанда, машинада оқылатын материалдық жеткізгішке жазу кезінде ЭЕМ-мен белгілі бір
міндеттерді орындау немесе нәтижеге қол жеткізу қамтамасыз етілетін сөздер, схемалар
немесе бейнелеудің өзге де кез келген түрінде бейнеленген командалар жиынтығы;
41) ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны қайта құрастыру - ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның
құрылымын зерттеу және кодын белгілеу мақсатында объектілік кодты бастапқы мәтінге
өзгертуді қамтитын техникалық тәсіл;
42) ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаны бейімдеу - ЭЕМ-ге
немесе деректер базасына арналған бағдарламаның пайдаланушының нақты техникалық
құралдарында немесе пайдаланушының нақты бағдарламаларының басқаруымен жұмыс істеуін
қамтамасыз ету мақсатында ғана жүзеге асырылатын ЭЕМ-ге немесе деректер базасына
арналған бағдарламаға өзгерістер енгізу;
43) ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаны түрлендіру (өңдеу) -
ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаның бейімделуге жатпайтын кез келген
өзгерістері;
44) эфирге беру - туындыларды, орындаушылықтарды, қойылымдарды, фонограммаларды,
эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (көрсетуді немесе орындауды
қоса алғанда) радио немесе телевизия арқылы (кәбілдік телевизияны қоспағанда) беру
жолымен жалпы жұрттың назарына хабарлау. Туындыларды, орындаушылықтарды, қойылымдарды,
фонограммаларды, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын жерсерік
арқылы эфирге беру кезінде жердегі станциядан жерсерікке сигналдар қабылдау және
жерсеріктен сигналдар беру эфирге беру деп түсініледі, солар арқылы туындыларды,
орындаушылықтарды, қойылымдарды, фонограммаларды, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату
ұйымдарының хабарларын көпшіліктің нақты қабылдауына қарамастан жалпы жұрттың назарына
жеткізу мүмкін болады. Егер көпшілікке кодты ажырату құралдарын эфирлік хабар тарату
ұйымы берсе немесе соның рұқсаты бойынша берілсе, код белгіленген сигналдарды беру
эфирге беру болып табылады;
45) эфирге кейінгі беру - бұрын эфирде берілген немесе кәбіл бойынша жалпы жұрттың