43-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқарудың мақсаттары
және саласы
1. Ғылым, әдебиет және өнер туындыларының авторлары, орындаушылар, фонограмма
шығарушылар немесе өзге де авторлық және сабақтас құқықтар иелері өздерінің мүліктік
құқықтарын іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде
басқаратын ұйымдар құруға құқылы.
2. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның коммерциялық қызметпен
айналысуға, сондай-ақ ұжымдық негізде басқару үшін алған туындыларды және сабақтас
құқықтар объектілерін пайдалануды жүзеге асыруға құқығы жоқ.
3. Әртүрлі құқықтар мен құқық иелерінің түрлі санаттары бойынша жекелеген
ұйымдар, не құқық иелерінің бір санатының мүдделеріне сай түрлі құқықтарды басқаратын
ұйымдар, не құқық иелерінің түрлі санаттарының мүдделеріне сай құқықтардың бір түрін
басқаратын ұйымдар құруға жол беріледі. Мұндай ұйымдарды тікелей авторлық және сабақтас
құқықтар иелері құрады және ұйымдар солардан алған өкілеттіктер шегінде жарғы негізінде
әрекет етеді.
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар, атап айтқанда, ұжымдық
басқарудың мынадай салаларында:
1) көпшілік алдында орындалуына, жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлау
немесе эфирде беру, оның ішінде ретрансляциялау арқылы хабарлауға қатысты жарияланған
(мәтіні бар немесе мәтіні жоқ) музыкалық туындыларға және музыкалық-драмалық
туындылардың үзінділеріне айрықша құқықтарды басқару;
2) дыбыстау-бейнелеу туындыларында пайдаланылған (мәтіні бар немесе мәтіні жоқ)
музыкалық туындылардың авторлары болып табылатын композиторлардың осындай дыбыстау-
бейнелеу туындыларын көпшілік алдында орындау немесе жалпы жұрттың назарына кәбіл
бойынша хабарлау немесе эфирде беру үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру;
3) бейнелеу өнерінің туындыларына қатысты қадағалау құқығын басқару;
4) авторлардың, орындаушылардың, фонограммалар және дыбыстау-бейнелеу туындыларын
шығарушылардың фонограммаларды және дыбыстау-бейнелеу туындыларын жеке мақсатта әрі
табыс алмастан қайта шығару үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру;
5) орындаушылардың коммерциялық мақсатта жарияланған фонограммаларды көпшілік
алдында орындау, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлау немесе эфирде
беру үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру;
6) фонограмма шығарушылардың коммерциялық мақсатта жарияланған фонограммаларды
көпшілік алдында орындау, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлау немесе
эфирде беру үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру;
7) жарияланған туындыларды көшіруге (репрографиялық қайта шығаруға) құқықтарды
басқару;
8) эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымының көпшiлiк алдында орындау үшін,
сондай-ақ жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлау немесе коммерциялық мақсаттарда
жарияланған өз хабарларын эфирде беру үшiн сыйақы алу құқықтарын жүзеге асыру
салаларында құрылуы мүмкiн.
4. Осы Заңның 46-1-бабының 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, мүліктік
құқықтарды ұжымдық басқаруға өкілеттікті тікелей авторлық және сабақтас құқықтар иелері
жазбаша шарттар негізінде ерікті түрде, сондай-ақ осындай құқықтарды басқаратын шетелдік
ұйымдармен жасалған тиісті шарттар бойынша береді.
5. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың жарғылары осы Заңның
талаптарына сай келетін ережелерден тұруға тиіс. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде
басқаратын ұйымды тіркеуден бас тартуға осы Заңның, сондай-ақ коммерциялық емес
ұйымдарды тіркеу тәртібін белгілейтін заңнаманың талаптары бұзылған жағдайда жол
беріледі.
6. Аталған ұйымның қызметіне басшылықты мүліктік құқықтары басқарылатын авторлық
және сабақтас құқықтар иелері жүзеге асырады. Сыйақының мөлшеріне және пайдаланушылармен
лицензиялық шарт жасасу ережесіне, жиналған сыйақыны бөлу және төлеу тәсіліне және
мұндай ұйым қызметінің өзге де принципті мәселелеріне қатысты шешімдер қабылдауды тек
қана авторлық және сабақтас құқықтар иелері жалпы жиналыста алқалы түрде жүзеге асырады.
Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.10.
№ 179-IV
Заңымен, өзгеріс
енгізілді - ҚР 2012.01.12
№ 537-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он
күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
44-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын
ұйымдардың қызметi
1. Кез келген автор, оның мұрагерi немесе осы Заңның III тарауына сәйкес
қорғалатын авторлық және сабақтас құқықтардың өзге де иесi өздерiнiң мүлiктiк құқықтарын
мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымға беруге құқылы, ал ұйым, егер
құқықтардың мұндай санатын басқару осы ұйымның жарғылық қызметiне жататын болса, бұл
құқықтарды ұжымдық негiзде жүзеге асыруды өз мойнына алуға мiндеттi. Аталған ұйымдардың
ұжымдық негiзде басқару үшiн алынған туындыларды және сабақтас құқықтардың объектiлерiн
пайдалануға құқығы жоқ.
2. Осы Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес алынған өкiлеттiктер негiзiнде
мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым туындыларды және сабақтас құқықтар
объектiлерiн пайдаланудың тиiстi тәсiлдерiне пайдаланушылармен лицензиялық шарттар
жасасады. Мұндай лицензиялық шарттардың талаптары бiр санаттағы барлық пайдаланушыларға
бiрдей болуға тиiс. Аталған ұйымдардың пайдаланушыға лицензиялық шарт жасасудан
жеткiлiктi негiздерсiз бас тартуға құқығы жоқ.
2-1. Пайдаланушылар мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымға авторлық
және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану туралы есепті, сондай-ақ сыйақыны жинау
және бөлу үшін қажетті өзге де мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға міндетті, олардың
тізбесі мен ұсынылу мерзімдері лицензиялық шартта айқындалады.
3.
Алып тасталды - ҚР 2012.07.10
№ 36-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң туындылар мен сабақтас құқықтардың
объектiлерiн осындай лицензиялық шарттар бойынша пайдалану мен байланысты
пайдаланушыларға қоятын барлық ықтимал мүлiктiк талаптарын лицензиялық шарттар жасасқан
ұйым реттеуге тиiс.
5. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым жиналған сыйақыны бөлу және
төлеу үшін шаралар қолдануға міндетті.
Жиналған сыйақыны пайдаланушылардың авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін
пайдалануы туралы есептерінің ұсынылмауына байланысты бөлу және сәйкестендіру мүмкін
болмаған жағдайда, мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым мұндай бөлінбеген
сыйақыны сақтауға, ал ұйым шотына келіп түскен күнінен бастап үш жыл өткеннен кейін оны
авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілердің жалпы жиналысында айқындалатын
тәртіппен бөлінетін сомаларға қосуға міндетті.
Авторлық және сабақтас құқықтардың нақты иеленушілеріне бөлінген және олардың
есебіне жазылған жиналған сыйақы сомалары мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын
ұйымның шотында сақталуға және ұйымның шотында мұндай сомалардың сақталу мерзіміне
қарамастан, тиісті авторға және (немесе) құқық иеленушіге мұндай тұлғалардың табылуына
немесе өтініш білдіруіне қарай төленуге тиіс.
Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09
№ 586
, 2009.07.10
№ 179-IV
,
2012.07.10
№ 36-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 07.04.2015
№ 300-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
45-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын
ұйымдардың атқаратын қызметтерi