Өзiн-өзi тану сабақ жоспары



жүктеу 108,57 Kb.
Дата19.02.2018
өлшемі108,57 Kb.
#10128
түріСабақ

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы «Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар № 22 жалпы орта білім беру мектебі» ММ Бастауыш сынып мұғалімі Енсегенова Күнзира
Өзiн-өзi тану сабақ жоспары
Мектеп: Ақтау қаласы, №22 орта мектебі

Күні: 10.10.2014жыл

Сыныбы: 4 «А» гимназия сыныбы

Тақырыбы: Ата-Баба өнері

Құндылықтар: оқушылардың "Өнер"құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Қасиеттер: өзін-өзі басқара білу, ұйымшылдық, ізденімпаздық, шеберлік.

Мұғалiм: К. Енсегенова


Сабақтың мақсаты «Өнер" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

-ата-баба өнері, соның ішінде ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-қазақ халқының ою-өрнек өнеріне қызығушылығын арттыру;

-қазақ халқының ою-өрнек өнерін бағалауға, сақтауға тәрбиелеу;



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу

Оқушылырдың сабаққа қатысуын тексеру.

(Ырғақты, жағымды музыка косылып тұрады).


Оқушыларды топқа бөлу(Зергер, Қылқалам, Домбыра)
2.Тыныштық сәті

ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап! Оны қалайша сүйетінімізбен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!




Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер,видеоролик)



Үй тапсырмасы:

1 топ. Дүрияның Ыдырысқа айтқан сөздері туралы қандай пікір айта аласыңдар?

2 топ. Әңгімедегі негізгі ой неде?

3топ. Ою ханның шеберлігі және оның тапқырлығын қай жерден байқауға болады?

Қазақ халқының ою-өрнек өнері көздің жауын алардай әсемдігімен адам жанына сұлулық сыйлап

қана қоймайды. Жазу-сызба пайда болмаған кезде халық ою-өрнек арқылы өз ойын, түйсік талғамын,тілек арманын жеткізіп отырған.





3.Дәйексөз

Еңбек-өнер өрісі,

Өнер –өмір жемісі.

Халық мақалы


Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

Біздің ата-бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою-өрнектермен безендірген. Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған «Орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан. Әр өрнектің астарында мағыны болады. Мысалы: жұлдыз өрнегі-аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбінесе кілемдерде жиі қолданылады.








3.Дәйексөз

Еңбек-өнер өрісі,

Өнер –өмір жемісі.

Халық мақалы


Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

Біздің ата-бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою-өрнектермен безендірген. Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған «Орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан. Әр өрнектің астарында мағыны болады. Мысалы: жұлдыз өрнегі-аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбінесе кілемдерде жиі қолданылады.







4. «Ақсақ құлан» қазақ ертегісі (әңгімелеу)

Баланың бойынан қандай өнер байқадыңыздар?
5 «Өнер күші» (видеоролик)

Қандай әсер алдың?







6. Шығармашылық жұмыс. Жай әуеннің ырғағын қою. 7 минут уақыт беріледі. Ырғақты, жағымды музыка қосылып тұрады.

1-топ. Берілген әріптерден зергерлік бұйымдардың атауын шығарып жаз.

2-топ. Ребусты шеш және одан шыққан сөзге шағын эссе жаз.

3- топ. «Ою-өрнек» сөзіне топтастыру





7.Топпен ән. «Құтты болсын» әні





8.Үй тапсырмасы. Кітаппен жұмыс (оқу, сахналау)

9. Соңғы тыныштық сәті







Балалардың топтық жұмыс сәтінен
жүктеу 108,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау