Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы n 6-i заңы



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет8/16
Дата15.05.2018
өлшемі0,51 Mb.
#13875
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

        2. Осы баптың 1-тармағының ережесi: 

 

       1) үйлер және солар сияқты ғимараттар түрiндегi сәулет өнерi туындыларын 



көшiрмелеуге; 

 

        2) деректер базаларын немесе олардың елеулi бөлiктерiн көшiрмелеуге; 



 

      3) осы Заңның 24-бабында көзделгендерден басқа реттердi қоспағанда, ЭЕМ-ге 

арналған бағдарламаларды көшiрмелеуге; 

 

        4) кiтаптарды (толығымен) және нота мәтiндерiн репродукциялауға (репрографиялық 



қайта шығаруға) қолданылмайды. 

 

      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



№ 586

2005.11.22. 



№ 90 

(қолданысқа енгізілу тәртібін 

2-баптан 

қараңыз), 2009.07.10. 

№ 179-

IV 


Заңдарымен. 

 

      19-бап. Туындыны автордың немесе өзге де құқық



 

               иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы

 

               төлемей пайдалану 



 

      Автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы 

төлемей, бiрақ туындысы пайдалынатын автордың есiмiн және қай деректен алынғаны мiндеттi 

түрде көрсетiле отырып, шығарманы пайдалануға мынадай жағдайларда жол берiледi: 

 

        1) заңды түрде жарияланған туындылардан түпнұсқа күйiнде және аударма түрiнде 



ғылыми, зерттеу, пiкiрталас, сыни және ақпараттық мақсатта, баспасөзге шолу ретiнде 

газеттер мен журналдар мақалаларынан алынған үзiндiлерiн қоса алғанда, дәйексөз алу 

мақсатына сай көлемiнде дәйексөз алу; 

 

        2) заңды түрде жарияланған туындыларды және олардан алынған үзiндiлерiн оқыту 



сипатындағы басылымдарда, радио және телехабарларда, дыбыс-бейнежазуларда алға қойған 

мақсатқа сай көлемде пайдалану; 

 

        3) ағымдағы экономикалық, саяси, әлеуметтiк және дiни мәселелер бойынша 



газеттерде немесе журналдарда заңды түрде жарияланған мақалаларды немесе эфирге берiлген 

осындай сипаттағы туындыларды жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн, автор тарапынан 

мұндай көшiрмелеуге, эфирге беруге немесе хабарлауға арнауы тыйым салынбаған 

жағдайларда, газеттерге көшiрiп басу, эфирге тарату немесе кабель бойынша хабарлау

 

        4) көпшiлiк алдында сөйленген саяси сөздердi, үндеулердi, баяндамаларды және 



басқа осы сияқты туындыларды ақпараттық мақсатқа сай көлемде жалпы жұртшылық назарына 

жеткiзу үшiн газеттерге көшiрiп басу, эфирге тарату немесе кабель бойынша хабарлау. Бұл 

орайда автордың мұндай туындыларды жинақтарда жариялау құқығы сақталады; 

 

        5) ағымдағы оқиғалар барысында көрiнген немесе естiлген ағымдағы оқиғаларды 



суретке түсiру немесе кинематография құралдары, эфирге тарату немесе жалпы жұртшылық 

назарына жеткiзу үшiн кабель бойынша хабарлау арқылы ақпараттық мақсатқа сай көлемде 

шолуларда көшiрмелеу немесе көпшiлiк назарына арналған хабар. Бұл орайда автордың мұндай 

туындыларды жинақтарда жариялау құқығы сақталады; 

 

      6) заңды түрде жарияланған туындыларды бедерлi-нүкте жазумен немесе зағип 



адамдарға арналған басқа да арнайы тәсiлдермен, осылайша көшiрмелеу үшiн арнайы жасалған 

туындыларды қоспағанда, пайда таппай көшiрмелеу;

 

      7) кітапханалардың және мұрағаттардың туындының жоғалған немесе бүлінген даналарын 



ауыстыру мақсатында құқыққа сыйымды жарияланған туындыларды пайда алмастан цифрлық 

форматқа ауыстыру арқылы туындының жалғыз данасын қайта шығаруы, сондай-ақ өздерінің 

қорларынан туындыны қандай да бір себептермен жоғалтқан басқа да кітапханаларға 

туындының даналарын беру.

 

      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. 



№ 586

, 2009.07.10. 

№ 179-

IV

; 07.04.2015 



№ 300-V

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен 

соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

      20-бап. Туындыларды репродукциялау арқылы пайдалану 

 



      Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және сыйақы төлемей, бiрақ 

туындысы пайдаланылатын автордың есiмi мен қай деректен алынғаны мiндеттi түрде 

көрсетiле отырып, туындының жалғыз данасын: 

 

        1) заңды түрде жарияланған туындыны кiтапханаларда және архивтерде қалпына 



келтiру, жоғалып кеткен немесе бүлiнген даналарды ауыстыру, өз қорындағы туындыны 

белгiлi бiр себептермен жоғалтып алған басқа кiтапханаларға туындының даналарын беру 

үшiн; 

 

        2) кiтапханалар мен архивтердiң жинақтарда, газеттерде және басқа мерзiмдi 



басылымдарда заңды түрде жарияланған жеке мақалалар мен шағын көлемдi туындыларды, заңды 

түрде жарияланған жазбаша туындылардан қысқаша үзiндiлердi (суретпен немесе суретсiз) 

жеке тұлғалардың оқып-үйрену және зерттеу мақсатындағы сауалдары бойынша; 

 

        3) жинақтарда, газеттерде және басқа да мерзiмдi басылымдарда заңды түрде 



жарияланған жекелеген мақалалар мен шағын көлемдi туындыларды, заңды түрде жарияланған 

жазбаша туындылардың қысқаша үзiндiлерiн (суретпен немесе суретсiз) білім беру ұйымдары 

дәрiсханалардағы сабаққа пайдалану үшiн, пайда алмай репродукциялауына жол берiледi. 

 

      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



№ 586, 

2007.07.27. 

№ 320 

(қолданысқа енгізілу тәртібін 



2-баптан 

қараңыз) Заңдарымен. 

 

      21-бап. Еркiн кiрiп көруге ашық орындарға тұрақты



 

               қойылған туындыларды еркiн пайдалану 

 

      Туындыны бейнелеу қайта шығарудың, эфирге берудiң және (немесе) кәбiл бойынша 



жалпыжұрттың назарына хабарлаудың негiзгi объектiсi болатын немесе туындыны бейнелеу 

коммерциялық мақсат үшiн пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, еркiн кiрiп көруге ашық 

орындарға тұрақты қойылған сәулет, суретке түсiру, бейнелеу өнерi туындыларын автордың 

немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей қайта 

шығаруға, эфирге беруге және (немесе) кәбiл бойынша жалпы жұрттың назарына хабарлауға 

жол берiледi. 

 

      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



№ 586

2009.07.10. 



№ 179-IV 

Заңдарымен. 

 

      22-бап. Туындыларды ресми және өзге де рәсiмдер



 

               кезiнде көпшiлiк алдында орындау 

 

      Заңды түрде жарияланған музыкалық туындыларды ресми және дiни рәсiмдер, сондай-ақ 



өлiктi жерлеу кезiнде көпшiлiк алдында сол рәсiмдердiң сипатына сәйкес келетiн көлемде 

автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей 

орындауға жол берiледi. 

 

      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



№ 

586 


Заңымен. 

 

      23-бап. Туындыларды сот және әкiмшiлiк мақсаттар



 

               үшiн көшiрмелеу 

 

      Туындыларды сот және әкiмшiлiк iс жүргiзу үшiн осындай мақсатқа белгiленген 



көлемде автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы 

төлемей көшiрмелеуге жол берiледi. 

 

      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



№ 

586 


Заңымен. 

 

      24-бап. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды және деректер

 

               базасын еркiн көшiрмелеу. ЭЕМ-ге арналған



 

               бағдарламаларды керi жазып шығу 

 

      1. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның немесе деректер базасының данасын заңды түрде 



иеленетiн адам автордың немесе өзге айрықша құқықтар иесiнiң рұқсатын алмай және қосымша 

сыйақы төлемей туындыны пайдалануға: 

 

        1) ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға немесе деректер базасына оны пайдаланушының 



техникалық құралдарында жұмыс iстеу мақсатында ғана жүзеге асырылатын өзгерiстердi 


жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау